Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Хром қосылыстарының ТТР–ы





Марганец сияқты хром да, әртүрлі тотығу дәрежесін көрсететін қосылыстар түзеді. Төмен тотығу дәрежелерде хром қосылыстары тотықсыздандырғыш, ал жоғары дәрежелерінде тотықтырғыш болып табылады. Салыстырмалы түрде тұрақты болатын тотығу дәрежелері: 0, +II, +III, және +VI (ең тұрақтысы +III). Хром қосылыстары, марганецке сияқты тотығу – тотықсыздану айналулар шарттарын келесі схемадағыдай көрсетуге болады:

 

 

Перманганат – ион қышқылды және негізді ортада тұрақты болса, хромат – ион тек негізді және нейтралды ортада ғана тұрақты болады. Қышқылды ортада хромат – ион дихромат – ионға келесі реакция бойынша айналады:

2CrO42- + 2H3O+ = Cr2O7- + 3H2O

Өз кезегінде дихромат – ион тек қышқылды және кейде нейтралды ортада тұрақты, ал негізді ортада – хромат – ионға айналады:

Cr2O72- + 2OH- = 2CrO42- + H2O

Сондықтан да, қышқылды ортадағы тотығу – тотықсыздану процесстері тек Сr2O72- ионы қатысымен ғана өтеді, ал негізді ортада – CrO42- ионы қатысуымен.Негізді ортаға қарағанда, қышқылды ортада оксоқышқылдардың қышқылдық қалдықтарының тотықтыру қасиеттері күштірек болатындықтан, дихромат – ионы хромат – ионына қарағанда күштірек тотықтырғыш болып табылады. Керісінше, негізді ортада ғана болатын гексагидроксохромат (III) – ионы хлор немесе сутек пероксиді сияқты күшті тотықтырғыштар әсерінен, хромат (VI) – ға дейін жеңіл тотығады. Металлды марганецте сияқты, хром тотықсыздандырғыш қасиеттерін оксонии иондарымен жеңіл тотыққанда көрсетеді (Cr2+ - ке дейін оттегі қатысуысыз, Сr3+ - ке дейін ауаның қатысуымен). Сr2+ ионы Mn2+ қарағанда өте қатты тотықсыздандырғыш; ауаның оттегісімен оңай тотығады, Fe3+ ионын Fe2+ - ке дейін тотықсыздандырады, және де басқа ТТР – сына қатысады.

Кристаллды хром триоксиді – өте күшті тотықтырғыш. Марганец (VII) оксиді сияқты, бұл қышқылды оксид, сумен оңай реакцияға түсіп, H2CrO4 хромды қышқылды түзеді. Осыдан шығатыны, ТТР–ға ол тек қатты күйінде қатыса алады. CrO3 – пен әрекеттескен органикалық заттар көмірқышқыл газға дейін тотығады, күкірттісутек SO2 – ге дейін, аммиак азотқа дейін тотығады.

Хром қосылыстарының ерітінділері қатысуымен құрылатын тотығу – тотықсыздану реакциялары, марганец қосылыстарының қатысуымен өтетін реакциялармен парапар, сондықтан бұл жағдайда, құрамында хром болатын жартылай теңдеулер ғана келтіріледі.

Cr2O72- + 14H3O+ + 6e- = 2Cr3+ + 21H2O

CrO42- + 4H2O + 3e = [Cr(OH)6]3- + 2OH

[Cr(OH)6]3- + 2OH- - 3e = CrO42- + 4H2O

Cr2+ - e = Cr3+

Date: 2016-02-19; view: 1346; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию