Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Зертханалық жұмыс № 6





Тақырыбы:Топырақ температурасын өлшеу әдістемесі.

Мақсаты: Топырақ бетінің температурасын және топырақтың терең қабаттарының температурасын өлшеу әдістерімен танысу.

Жұмыстың барысы:

1.Топырақ бетінің температурасын өлшеу.

Топырақ бетінің температурасын өлшеу үшін сұйықтық пен толтырылған термометрлер:жедел,максимальді минимальді қолданады.

Жедел термометр (ТМ-3)берілген уақытта топырақ бетінің температурасын өлшеуге арналған құрал.Бұл цилиндрлік резервуары сынапта термометр.Ондағы шкалалар 0,50С –қа бөлінген.

Максимальді термометр (ТМ-1)ең жоғарғы температураны өлшеуге арналған.Максимальді термометрдің цилиндрлік резервуары бар,іші сынаппен толтырылған.Шкалалар 0,5 0Сбөлінген.Термометрдің жұмыс бағыты –горизонталь.Термометрдің максимальді көрсеткіші штифтің әсерінен сақталады.Температура артқан сайын сынап резервуардан капилярға қарай өтеді.Температура төмендегенде сынап капилярдан резервуарға өте алмайды.

Минимальді термометр (ТМ-2)ең төменгі температураны өлшеуге қолданады.Шкалалары 0,50С-қа бөлінген.Жұмыс істеу бағыты – горизантальді.Термометр резервуары цилиндрлі немесе вилка тәрізді.Оның минимальді көрсеткіштерін капилярдағы спирт ішіндегі штиф арқылы анықтайды.Штиф қоңыр шыныдан жасалады.

Құралдарды орнату. Топырақ бетінің температурасын өлшейтін термометрлерді беті ашық алаңдарда топырақ бетіне орнатады.Алаңнан алдын-ала өсімдіктерді алып,тастап,топырақты қопсытады.Барлық үш термометрді де алаң ортасына резервуарларын шығысқа қарай бір-бірінен 10-15 см қашықтықта орналастырады.кейін максимальді термометрдің көрсеткіштерін 0,1 С дәлдікпен алады.

2.Топырақтың терең қабаттарының температураларын өлшеу.

Сақиналы термометр (ТМ-5)жылы кезде 5 см-20 см тереңдіктегі топырақ температурасын өлшеуге арналған.Комплектке 4 термометр кіреді.Олар төменгі жақтарының ұзындықтарымен ерекшеленеді.Сақиналы термометрлер сыныпты шкала бөліндісі -0,5 С.Термометрлер резервуарлары цилиндрлі.Резервуардан жоғарғы жағында термометрлер 135 С-қа иілген.Резервуардан шкала басталған жерге дейін термометр жылуды өткізбейтін материалмен қапталған.Бұл термометр көрсеткіштерін дәл мүмкіндік береді.Сақиналы термометрді топырақ бетінің температурасын өлшеуге арналған термометрлермен бір алаңда орнатады.Термометрдің топырақ бетіне шығып тұрған бөліктерін бір-бірінен 10 см қашықтықта шығыстан батысқа қарай етіп қояды.

Тапсырмалар:

  1. Жедел минимальді,максимальді термометрлерді пайдаланып,топырақ бетінің температураларын өлшеңдер.
  2. 2.Сақиналы термометрді 15 см топырақ тереңдігіне орнатып,оның температурасын өлшеңдер.

Date: 2016-02-19; view: 1166; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию