Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Мобильді телефон





Мобильді телефон дыбыстық немесе дауыс арқылы қарым-қатынас жасауға арналған жылжымалы байланыс құралы. Мобильді байланыстың технологиялық негізі радиобайланыстан тұрады. Қазіргі кезде мобильді байланыстың ең кең тараған түрі ол ұялы байланыс, сондықтан адамдар мобильді телефонды ұялы телефон деп те атайды. Сонымен қатар, спутниктік телефондар, радиотелефон және магистральды байланыс аппараттары да мобильді телефон деп аталады. Мобильді байланыс табыстары 2008 жылы Вьетнамда өнертапқыштар салмағы 300 кг, биіктігі 3,2 метр, қалыңдығы 1,5 метр, GSM желісінде жұмыс істейтін мобильді телефон ұсынды. Аталмыш телефонның орындайтын қызметтері(SMS) хабарлама жеткізу, бейнекамераға түсіру, Bluetootn, 100Ватт қуаттылығымен динамик. Дисплейдің орнына 42 дюймді плазмалық теледидар. Бұл телефонды жинақтау үшін жарты жыл уақыт кеткен.

 

Сөздік

Қарым-қатынас-отношение

Байланыс-связь

Қуатты-мощный

Табыс-доход

Желі-сеть

Ұсыну-предложить

Құралы-средство

 

Тапсырма 1.Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру

 

Тапсырма 2.Септік жалғаулары бар сөздерді теріп жазыңыздар

 

Тапсырма 3.Берілген сөздерге сұрақ қойыңыздар

 

Мобильді, қазіргі, радиотелефон, табыстары, ұсынды, орнына, плазмалық, қалыңдығы, жеткізу, негізі, ұялы байланыс.

 

Тапсырма 4.Грамматиканы еске түсірейік

1.Модаль сөздер дегініміз қандай сөздер?

2.Қандай модаль сөздерді білесіздер?

 

Сөйлеушінің пікірін,оның сезімін, болып жатқан жағдайларға бағасын білдіретін сөздерді модаль сөздер дейміз.

Модаль сөздер екі топқа бөлінеді:

1. Болымды модаль сөздер: рас, әрине, шынында, әлбетте, керек, қажет, расында, бәсе, ғой, шынын айту керек, жасыратыны жоқ, әділіне келгенде, турасын айтқанда.

2. Болжаулық модаль сөздер: шығар, болар, тиіс, екен, тәрізді, секілді, сияқты, шамасы, көрінеді, қалай екені белгісіз.

Тапсырма 5. Модаль сөздермен тақырыпқа байланысты сөйлем құрастырыңыздар (6 сөйлем)

 

Тапсырма №6. Тест жұмысы.

1.«Мобильді» деген сөз қандай сұраққа жауап береді?

а) нені?

ә) қандай?

б) не істеу?

2.«Болжау» сөзінің аудармасы:

а) прогноз

ә) связь

б) информация

3.Біріккен сөзді табыңыз.

а) телевизиялық

ә) радиобасқару

б) қазіргі

4.«Биік мұнара» тіркесінің аудармасы:

а) большая башня

ә) высокая башня

б) огромная башня

 

4.«Байланыс» сөзінің аудармасы:

а) связь

ә) средство

б) срочный

 

Date: 2016-02-19; view: 664; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.009 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию