Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Теория: Ауызша ілеспе аударма





Ілеспе аударма -аударманың барлық түрлерінің ең күрделісі және қиыны да, жауапты екендігі күмәнсіз. Осыған қарағанда аударманың әр-түрі түрлі қабілеттер мен мінезді талап етеді. Ауызша аудармашы жинақтала білуге тиіс: оның міндеті ақпаратты осы жерде және қазір барынша толық жеткізу. Оның сөздіктерді ақтаруға, мамандармен кеңесуге мүмкіндігі жоқ. Ол жоқтан бар жасауы тиіс. Ауызша аудармашыға қандай қасиеттер қажет: тапқырлық, дұрыс ақыл-ой және жалпы эрудиция көмегімен өз біліміндегі олқылдықтарды еңсере білу. Барлық ақпаратты тыңдаушыларға қиналмай жеткізу үшін артистизм де, баяндамашыға айнала білу де қажет.

Аударма қандай қоғамдық қажеттілікті өтейді дейтін сұрауға көп ойланбай-ақ меңгерген ортақ тілі жоқ адамдар арасында тұрақты түрде үзіліссіз туып отыратын қарым-қатынас қажеттілігін қанағаттандырады деп жауап беруге болатын еді. Алайда бұл үстірт жауап бізді қанағаттандырмаса керек.

Аударманың қоғамдығы қызмет аясын кеңейту мақсатында, коммуникативтік ықпалын күшейту мақсатында қазір филология ғылымында “языковое посредничество” деген ұғым пайдаланылып жүр. Біз оны қазақша “тілдік дәнекерлік” деп алдық.

Қажетт і машықтар: Реакцияның жылдамдығы; Аударманы айту мен келесі сөйлемді тыңдауды бір мезгілде атқара алу; Ақпаратты тұжырып айта білу; Тез ойлау, тез аудару, тез сөйлеу қабілетінің болуы; Психологиялық және физиологиялық төзімділігі; Сөз сөйленетін сала мәселелерінен хабардар болу; Терминдерді, атауларды, дайын баламаларды жартылай автоматты түрде қолдана білу; Бейтаныс сөз тіркестерін құбылтып аудару қабілетінің болуы.

Ілеспе аударма мәтіндік материалдардың берілуін тұспалдайды. Ілеспе аударманың жетістігі үшін талқыланып отырған мәселені алдын ала толықтай зерттеп алу қажет, бұл жерде импровизацияның қажеті болмайды, себебі ілеспе аударма кезінде аудармашының сөйлемдерді түзетуіне немесе естігенін ойлануына еш уақыты болмайды. Ілеспе аударманың кезекті аудармадан айырмашылығы да осы.

Ілеспе аударма пайда болғанға дейін халықаралық қатынастардағы тіларалық коммуникация кезектіаударма арқылыжүзеге асырылды. Өзара келісіп, аудармашы сөз сөйлеушінің сөзін: а) оның әр сөйлемінен кейін; ә) ол бірнеше сөйлем айтқаннан кейін немесе б) тұтас бір ойды айтып тоқтағаннан кейін аудара бастайды. Ал мұндай келісім жасалмаған болса аудармашының шешенді тоқтатуына, сөзін үзуіне құқығы жоқ.

Іле-шала аудару (последовательный) –аудармашы оратордың бүкіл сөзін сөйлеп болғаннан кейін, немесе сөзінің бір бөлігін айтып болғаннан кейін аудара бастайды.

Аударылатын сөздің мөлшері әр түрлі болады. Жеке сөлемдерден бастап оратордың 20-30 мин сөйлеуінен кейін аудару. Бұл аударма аудармашыдан айтылған сөздің мазмұнын ұзақ уақыт аударғанға дейін есте сақтап тұруын талап етеді. Егер оригиналдың көлемі жеткілікті мөлшерде көп болатын болса, онда аудармашы тыңдап тұрған кезде қысқартып жазып алуына болады. Ауызша аударма мен жазбаша аударманың айырмашылығы оларға берілетін уақытта.

Date: 2015-06-05; view: 2826; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.009 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию