Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Шартты сөйлемдердің қолданылуы. Мысал келтіріңіз





Conditional sentences – шартты райлы сөйлемдер

Ағылшын тілінде шартты райлы сөйлемнің төрт түрі болады:

1. Zero Conditional

2. First Conditional

3. Second Conditional

4. Third Conditional

Жеке-жеке қарастыратын болсақ.

1. Zero Conditional –қашанда шындықты білдіретін жағдайды білдіреді.

Басыңқы, бағыныңқы сөйлем де осы шақта тұрады.

Мұндай сөйлемдердің шақ формуласы мынандай:

If + бағыныңқы сөйлем (Present Indefinite), басыңқы сөйлем (Present Indefinite).

If you heat ice, it melts. – Егер сіз мұзды қыздырсаңыз, ол ериді.

If people work hard, they usually go to bed early. – Егер адамдар қатты жұмыс істесе, олар әдетте ұйқыға ерте жатады.

If you know the subject, you need not be affraid. – Егер сіз пәнді білсеңіз, қорқудың қажеті жоқ.

Мынандай жағдайға көңіл бөлу керек, шартты сөйлемдерде бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемнен кейін тұруы мүмкін:

You need not be afraid if you know the subject.

Бұл жерде ережені білу керек: бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемнен кейін тұрса, арасына үтір қойылмайды.

2. First Conditional – болуы мүмкін шартты және оның келер шақтағы нәтижесін білдіреді.

Басыңқы сөйлем келер шақ, бағыныңқы сөйлем осы шақ формаларында болады.

Мұндай сөйлемдердің шақ формуласы мынандай:

If + бағыныңқы сөйлем (Present Indefinite), басыңқы сөйлем (Future Indefinite).

If it rains, I shall stay at home. – Егер жаңбыр жауса, мен үйде қаламын.

If you study hard, you will pass your examination. – Егер сен қатты дайындалсаң, емтиханды тапсырасың.

If I see Ann, I’ll ask her to call you. – Егер мен Эннді көрсем, саған қоңырау шалуын сұраймын.

3. Second Conditional – шындыққа келмейтін жағдайды және оның мүмкін болатын нәтижесін білдіреді.

Бұл сөйлемде бағыныңқы, басыңқы сөйлем де Indefinite Tenses тобындағы өткен шақтарда тұрады.

Алдыңғы (Sequence of Tenses) тақырыбында қарастырылған шақтардың үйлесуі ережесі сақталуы керек.

Мұндай сөйлемдердің шақ формуласы мынандай:

If + бағыныңқы сөйлем (Past Indefinite), басыңқы сөйлем (Future-in-the-Past Indefinite).

If we were rich, we would buy a big house. – Егер біз бай болсақ, үлкен үй сатып алар едік.

If people drove more carefully, there would be fewer accidents. – Егер адамдар мұқият машина жүргізгенде, азырақ жол апаты болар еді.

If I had enough time, I would fly to San Francisco. – Егер менде жеткілікті уақыт болса, мен Сан-Францискоға ұшып кетер едім.

4. Third Conditional – өткен уақытта болмай қалған жағдайларды білдіреді.

Бұл сөйлемде бағыныңқы, басыңқы сөйлем де Perfect Tenses тобындағы өткен шақтарда тұрады.

Тағы да шақтардың үйлесуі ережесі сақталады.

Мұндай сөйлемдердің шақ формуласы мынандай:

If + бағыныңқы сөйлем (Past Perfect), басыңқы сөйлем (Future-in-the-Past Perfect).

If I hadn’t fallen ill, I would have gone to the party. – Егер мен ауырып қалмасам, кешке барған болар едім.

If it had not rained last night, we would have visited our friends. – Егер кеше кешке жаңбыр болмаған жағдайда, біз достарымызға барған болар едік.

If you had given me more time, I should have made a better report. – Егер сіз маған көбірек уақыт берген жағдайда, мен баяндаманы жақсырақ жасаған болар едім.

Date: 2015-06-05; view: 2242; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию