Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






ІІ. ә) Мағыналық қатарлардың семантикалық топтарына негізделген фразеологиялық антонимдер





 

Айтылар ойдың әсерлілігі мазмұн тереңдігі сол көрініс, құбылыстың суреттілгіне, яғни образдылығына тығыз байланысты. Адамдардағы түолі эмоцияны, сезімдік қатынастарды айтушының зат, құбылыс туралы жеке көзқарасы, бағалауы сияқты жекелік, өзіндік пікірлерін тілдегі кез келген экспрессивті сөздер атқарады. Қазақ тілінің лексикалық қорында экспрессивті құралдардың қызметі айрықша. Мұндай экспрессивтік әсер көбінесе эмоцоналдық бағалаудан тұрады. Фразеологизмдер табиғатты бағалау, сипаттау десек, онда экспрессияның орны әсіресе мағыналас фразеологизмдерді жасауда тым жоғары. Кейде эмоцияның сан қырлы спектрлерін лексикалық антонимдер тап баса алмағанда айтушы, әрине, бейнелі сөздердің тіркесіне ұмтылады. Әдетте экспрессивті сөздердің семантикасын ғылыми жұмыста ашып көрсету қиын. Шын мәнінде адамдардың көңіл – күйін, эмоциясын, сезімдік қатыстарын жеке сөзбен өлшеп, пішу мүмкін емес. Әрбір жеке адамның өзіндік қабылдауынан туатын сезімдік «дүние суреті» әсерінің көрінісі лексикаға қарағада, фразеологизмдердегі эмоция мен экспрессия да анағұрлым көбірек қамтылады. Бұл ұғымдық қатыста ғана шоғырланатын тіркестер қатарында антонимдік фразеологизмдердің мағыналық, стилдік ренктерінен толық байқалады. Антонимдік фразеологизмдердің әрқайсысын эмоционалды – экспрессивті белгілерімен көрсетудің өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл ғылыми жұмыс барлық антонимдік қатарлардың семантикалық топтары түгелге жуық адам оның іс ірекеті, физиологиялық қалпымен жағдайы, түрлі сезімдерге қатысты психикалық процестерінен туатын ұнамды, ұнамсыз эмоция түрлеріне негізделеді. Осы негіздегі мағыналық топтарға байланысты фразеологиялық антонимдер төмендегідей:

1. Адамдардың жағымды және жағымсыз қимыл - әрекеттерін аңғартатын фразеологиялық антонимдер:

Аз ұйықтар – көп тыңдар

Іріткі салу – ұйытқа болу

Ілгері басты- кері кетті

Алауыз- ауызбірлік

Ақысын жеді – ақысын жібермеді

Азапқа салды – рақат көрсетті

Алакөз болды – ауыз жаласты

Ант ақтады – ант аттады

Ант ішті – ант бұзды

Арасынан қыл өтпестей – қырғи қабақ

Бет бақтырмады – ырқына көнді

 

2. Адамның түр- әлпет, мінезіне қатысты фразеологиялық антонимдер:

Ақ жүрек – қара жүрек

Ақпа құлақ – құйма құлақ

Ақыл тоқтатқан – ақыл толмаған

Ана сүті аузынан кетпеген – ата сақалы аузына біткен

Бармағы майысқан – көк инені көлденең түйрей білмейді

Бес биенің сабасындай – шыр бірпеген

Ер жүрек – қоян жүрек

Кең пейіл - тар пейіл

Оймақ ауыз – салпы ауыз

Салт басты, сабау қамшылы – үйлы баранды

Тоқ мойын – ақ жарқын

Уызы арылмаған – шыр бірпеген

Аузы аузына жұқпады – аузынан сөзі қойнынан бөзі түсті

3. Адамдардың сезім әрекетіне қатысты фразеологиялық антонимдер:

Ағынан жарылды – бүкпе сақтады

Абыройы асты – абыройын төкті

Аза бойы қаза тұрды – айылын жимады

Үнжырғасы түсті – көңілі көтерілді

Азап тартты – рақатқа батты

Айы оңынан туды – аяғы аспаннан келді

 

Date: 2015-05-23; view: 1421; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию