Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Бала асырап алуға заңды өкілдердің келісімі. Бала асырап алу - нәтижесінде шығу тегі





бойынша туыстарының құқықтары мен міндеттеріне теңестірілетін жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтар мен міндеттер туындайтын сот шешімі негізінде баланы (балаларды) отбасына тәрбиелеуге берудің құқықтық нысаны. Баланың заңды өкілдері - ҚРның заңнамасына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, білім, тәрбие беруді, оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын ата-аналар (ата-ана), бала асырап алушылар, қорғаншы немесе қамқоршы, патронат тәрбиеші және оларды алмастырушы басқа да тұлғалар.

93-бап 1. Егер ата-ана құқықтарынан айрылмаған болса, баланы асырап алу үшін оның ата-аналарының келісімі қажет. Кәмелетке толмаған, жасы он алтыға толмаған ата-аналардың баласын асырап алған кезде, сондай-ақ заңды өкілдерінің келісімі қажет.Кәмелетке толмаған ата-аналардың заңды өкілдері болмаған кезде немесе кәмелетке толмаған ата-аналар баланы туған кезде медициналық ұйымда қалдырған және үш айдан аса оның тағдырына ешкім қарайласпаған жағдайда, - қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның келісімі қажет.2.Бала асырап алуға ата-аналардың келiсiмi нотариалды куәландырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала тұратын ұйымның басшысы не бала асырап алған жердегі немесе ата-аналар тұратын жердегi қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган растаған өтініште көрсетiлуге тиiс, сондай-ақ бала асырап алу iсiн жүргiзу кезiнде сотта тiкелей бiлдiрiлуi мүмкiн.Бала асырап алу туралы сот шешiмi шығарылғанға дейiн ата-аналар бала асырап алуға өздерi берген келiсiмiнiң күшiн жоюға құқылы.3.Ата-аналар нақты адамның не нақты адамды көрсетпей-ақ бала асырап алуына келiсiм беруi мүмкiн. Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдар сотқа бала асырап алудың баланың мүдделерiне сай келетiндігі туралы қорытындыны ұсынады. Баланы оның өгей әкесi (өгей шешесi) асырап алған жағдайда мұндай қорытынды талап етiлмейдi.4.Қорғаншылықтағы немесе қамқоршылықтағы балаларды асырап алу үшiн олардың қорғаншыларының немесе қамқоршыларының жазбаша нысандағы келiсiмi қажет.5.Баланы патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шарт бойынша тәрбиеленiп жатқан балаларды асырап алу үшiн патронат тәрбиешiлерiнiң жазбаша нысандағы келiсiмi қажет.6.Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және білім беру ұйымдарындағы, медициналық және басқа да ұйымдардағы балаларды асырап алу үшін осы ұйымдар басшыларының жазбаша нысандағы келісімі қажет.7.Осы баптың 1, 4, 5 және 6-тармақтарында аталған адамдардың келісімінсіз, сот баланың мүддесінде оны асырап алу туралы шешім шығаруға құқылы.Ата-анасының екеуі не некеде (ерлі-зайыптылы) тұрмаған анасы бас тарту туралы өтінішті ҚРның заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімдеместен, медициналық ұйымда туған баладан бас тартқан жағдайда, сондай-ақ үш жастан аспаған тастанды (ата-анасы бас тартқан) бала табылған кезде, ол қалдырылғаннан немесе табылғаннан кейін үш ай өткен соң сот баланың мүддесінде ҚР азаматтарының бала асырап алуы туралы істі қарауға құқылы.

60. 94-бап. Баланы ата-аналарының келісімінсіз асырап алу.Егер ата-аналар:1) белгiсiз болған немесе сот оларды қайтыс болған деп жариялаған, хабар-ошарсыз кеткен деп таныған;2) сот оларды әрекетке қабiлетсiз деп таныған;3) сот оларды ата-ана құқықтарынан айырған; 4) баламен бiрге тұрмаған және сот дәлелсiз деп таныған себептер бойынша алты айдан астам уақыт бойы оны тәрбиелеу мен күтіп-бағудан жалтарған жағдайларда, олардың баланы асырап алуға келісімі талап етілмейді.Некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған) ананың ҚРның заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген, медициналық ұйымдағы баладан бас тарту туралы жазбаша өтініші болған кезде сот ата-аналардың баланы асырап алуға келісімін растайтын басқа да құжаттарды талап етуге құқылы емес.


61. 97-бап. Асырап алынған баланың аты, әкесінің аты және тегі 1. Асырап алынған баланың өз аты, әкесiнiң аты (егер бар болса) және тегi сақталуы мүмкін.2. Егер бұл баланың мүдделерiне қайшы келмесе, асырап алынған балаға бала асырап алушының өтiнiшi бойынша бала асырап алушының тегi, сондай-ақ ол көрсеткен аты берiледi. Егер бала асырап алушы ер адам болса, асырап алынған баланың әкесiнiң аты - асырап алушының аты бойынша, ал баланы әйел асырап алған кезде, ол асырап алынған баланың әкесi ретiнде көрсеткен адамның аты бойынша айқындалады.Егер бала асырап алушы ерлi-зайыптылардың тектерi әртүрлi болса, бала асырап алушы ерлi-зайыптылардың келiсiмi бойынша, асырап алынған балаға олардың бiреуiнiң тегi берiледi.3. Баланы некеде тұрмайтын (ерлі-зайыпты болмаған) адам асырап алған кезде, оның өтiнiшi бойынша бала асырап алуды тіркеуші органда мемлекеттік тіркеу кезінде бала асырап алушының көрсетуi бойынша тууды жазу кiтабына асырап алынған баланың әкесiнiң (анасының) аты, әкесiнiң аты және тегi жазылады. Бала асырап алушының тілегі бойынша әкесі (анасы) туралы мәліметтер көрсетілмеуі мүмкін.4. Бала асырап алу құпиясын талап ететін жағдайларды қоспағанда, он жасқа толған асырап алынған баланың аты, әкесiнiң аты және тегi оның келiсiмiмен ғана өзгертiлуi мүмкiн.5. Асырап алынған баланың атының, әкесiнiң аты мен тегiнің өзгеруі туралы оны асырап алу туралы сот шешiмiнде көрсетiледi.

62. 100-бап. Бала асырап алудың құқықтық салдары 1. Асырап алынған бала және оның ұрпағы - бала асырап алушылар мен олардың туыстарына қатысы бойынша, ал бала асырап алушылар мен олардың туыстары асырап алынған бала мен оның ұрпағына қатысы бойынша жеке мүлiктiк емес және мүлiктiк құқықтары мен мiндеттерінде шыққан тегi бойынша туыстарына теңестiрiледi.2. Асырап алынған бала жеке мүлiктiк емес және мүлiктiк құқықтарынан айрылады және өзiнiң туған ата-аналарына қатысты мiндеттерден босатылады.3. Баланы бiр адам асырап алған кезде, егер бала асырап алушы ер адам болса - анасының тiлегi бойынша немесе, егер бала асырап алушы әйел болса - әкесiнiң тiлегi бойынша жеке мүлiктiк емес және мүлiктiк құқықтар мен мiндеттердiң сақталуы мүмкiн.4. Бала асырап алушы асырап алынған баланың меншiгiндегi мүлiктiң сақталуы үшiн жауаптылықта болады. Бала асырап алудан бас тартылған жағдайда, осы мүлiктi қайтару жөнiндегi мiндет те бала асырап алушыға жүктеледi.5. Асырап алынған баланың ата-аналардың бiреуiмен немесе қайтыс болған ата-анасының туыстарымен қарым-қатынастарының сақталуы туралы бала асырап алу туралы сот шешiмiнде көрсетiледi.6. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген бала асырап алудың құқықтық салдары, осы баланың туу туралы актілер жазбалары кітабында бала асырап алушылардың ата-анасы ретiнде жазылуына қарамастан туындайды.


63. Бала асырап алу құпиясы және оны қамтамасыз ету. 102-бап.1. Бала асырап алу құпиясы заңмен қорғалады.2. Ата-аналары, туыстары, баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асырған ұйымдардың және (немесе) бала асырап алуды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырған мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары, бала асырап алу туралы шешiм шығарған судьялар, сондай-ақ бала асырап алу туралы өзгедей түрде хабардар болған басқа да адамдар бала асырап алу құпиясын сақтауға мiндеттi.

256-бап. Тіркеуші органдардың бала асырап алудың құпиясын қамтамасыз етуі. 1. Тіркеуші органдардың қызметкерлері бала асырап алушының келісімінсіз бала асырап алу туралы қандай да бір мәліметтерді хабарлауға және бала асырап алушылар асырап алынған баланың ата-анасы емес екені олардың мазмұнынан көрініп тұратын құжаттарды беруге құқылы емес. 2. Асырап алынған бала туралы мәліметтер ҚРның заңдарында белгіленген өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың сұрау салуы бойынша ғана беріледі.Бала асырап алу құпиясын талап ететін жағдайларды қоспағанда, он жасқа толған асырап алынған баланың аты, әкесiнiң аты және тегi оның келiсiмiмен ғана өзгертiлуi мүмкiн.Бала асырап алу құпиясын қамтамасыз ету үшiн бала асырап алушының өтiнiшi бойынша асырап алынған баланың туған күнi, айы, жылы алты айдан аспайтын мерзімге, сондай-ақ оның туған жерi өзгертiлуi мүмкiн.


64. 103-бап. Бала асырап алуды жарамсыз деп тану 1. Бала асырап алу:1) бала асырап алу туралы сот шешiмі жалған құжаттар негiзiнде қабылданған;2) Егер ата-ана құқықтарынан айрылмаған болса, баланы асырап алу үшін оның ата-аналарының келісімі қажет. Кәмелетке толмаған, жасы он алтыға толмаған ата-аналардың баласын асырап алған кезде, сондай-ақ заңды өкілдерінің келісімі қажет.Кәмелетке толмаған ата-аналардың заңды өкілдері болмаған кезде немесе кәмелетке толмаған ата-аналар баланы туған кезде медициналық ұйымда қалдырған және үш айдан аса оның тағдырына ешкім қарайласпаған жағдайда, - қорғаншылық аталған адамдардың келісімінсіз бала асырап алынған;3) некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) адам басқа жұбайының жазбаша келiсiмiнсiз бала асырап алған;

2. Мыналарды: 1.сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулі деп таныған адамдарды;2) сот біреуін әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлеті шектеулі деп таныған ерлi-зайыптыларды;3) сот ата-ана құқықтарынан айырған немесе сот ата-ана құқықтарын шектеген адамдарды;4) өзiне ҚРның заңдарында жүктелген мiндеттердi тиiсiнше орындамағаны үшiн қорғаншы немесе қамқоршы мiндеттерінен шеттетiлген адамдарды;5) егер сот олардың кінәсінен бала асырап алудың күшiн жойса, бұрынғы бала асырап алушыларды;6) денсаулық жағдайына байланысты ата-ана құқықтарын жүзеге асыра алмайтын адамдарды; Адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулар болған кезде, олардың тiзбесiн ҚРның Үкiметi белгiлейдi;7)тұрақты тұрғылықты жері жоқ адамдарды;8)дәстүрлi емес жыныстық бағдар ұстанатын адамдарды;9) бала асырап алу кезінде қасақана қылмыс жасағаны үшін соттылығы өтелмеген немесе алынбаған адамдарды;10)азаматтығыжоқадамдарды;11) анасының қайтыс болуына немесе оның ата-ана құқықтарынан айырылуына байланысты баланың кемінде үш жыл іс жүзінде тәрбиелену жағдайларын қоспағанда, тіркелген некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған) еркек жынысты адамдарды;12) асырап алған кезде асырап алынған баланы ҚРның заңнамасында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейімен қамтамасыз ететін табысы жоқ адамдарды;13) наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұратын адамдарды қоспағанда, кәмелетке толған адамдар бала асырап алушылар болуы мүмкін. көзделген ережелер бұзылған жағдайларда жарамсыз деп танылады..2. Бала асырап алуды жарамсыз деп тану сот тәртiбiмен жүргiзiледi.3. Бала асырап алуды жарамсыз деп тану туралы iстi асырап алушылардың, прокурордың және қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган өкілінің міндетті түрде қатысуымен сот қарайды.

65. 105-бап. Бала асырап алуды жарамсыз деп танудың салдары1.Бала асырап алу туралы сот шешiмi шыққан кезден бастап бала асырап алу жарамсыз деп танылады. 2 Бала асырап алу жарамсыз деп танылған жағдайда, егер бұл баланың мүдделерi үшін қажет болса, асырап алынған баланың және бала асырап алушылардың, бала асырап алушылардың туыстарының өзара құқықтары мен мiндеттерi тоқтатылады және бала мен оның ата-аналарының (оның туыстарының) өзара құқықтары мен мiндеттерi қалпына келтiрiледi.3.Егер олар асырап алу кезінде өзгерсе, ата-аналардың талап етуi бойынша балаға бұрынғы аты, әкесiнiң аты (егер бар болса) және тегi берiледi, сол сияқты бұрынғы туған күні, айы, жылы мен туған жері қалпына келтіріледі. 4.Бала асырап алуды жарамсыз деп тану туралы сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап сот үш күн iшiнде осы шешiмнiң үзінді көшірмесін бала асырап алуды мемлекеттiк тiркеу орны бойынша тіркеуші органға және қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарға жiберуге мiндеттi.

66. 106-бап. Бала асырап алудың күшін жою негіздері1.Егер бала асырап алушы:1) өзіне жүктелген ата-аналар міндеттерін атқарудан жалтарған;2) ата-ана құқықтарын теріс пайдаланған;3) асырап алынған балаға қатігездік көрсеткен;4) асырап алынған балаға күш қолданған немесе психикалық зорлық жасаған;5) асырап алынған баланың жыныстық тиіспеушілігіне қастандық жасаған;6) маскүнемдікпен, нашақорлықпен және (немесе) уытқұмарлықпен ауырады деп танылған;7) Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда белгіленген бала құқықтарын бұзған жағдайда бала асырап алудың күші жойылады.2.Сот баланың мүдделерін негізге алып және оның пікірін ескере отырып, басқа негіздер бойынша да баланы асырап алудың күшін жоюға құқылы

109-бап. Бала асырап алудың күшін жоюдың салдары1. Сот бала асырап алудың күшiн жойған кезде, егер бұл баланың мүдделерi үшін қажет болса, асырап алынған баланың және бала асырап алушылардың, бала асырап алушылардың туыстарының өзара құқықтары мен мiндеттерi тоқтатылады және бала мен оның ата-аналарының (оның туыстарының) өзара құқықтары мен мiндеттерi қалпына келтiрiледi.2. Бала асырап алудың күшi жойылған кезде бала сот шешiмi бойынша ата-аналарына берiледi. Ата-аналары болмаған кезде, сондай-ақ баланы ата-аналарына беру оның мүдделерiне қайшы келсе, бала қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның қамқоршылығына берiледi.3.Сот сондай-ақ баланың асырап алынуына байланысты оған берiлген аты, әкесiнiң аты (егер бар болса) және тегi сақталды ма, сондай-ақ бала асырап алу кезінде өзгерген туған күні, айы, жылы мен туған жері қалпына келтірілді ме деген мәселені шешеді.Он жасқа толған баланың аты, әкесiнiң аты немесе тегi оның келiсiмiмен ғана өзгертілуі мүмкiн.4.Сот баланың мүдделерiн негiзге ала отырып, осы Кодекстің 139 және 141-баптарында белгiленген мөлшерде бұрынғы бала асырап алушыны баланы күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуге мiндеттеуге құқылы.

139-бап. Кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға сот тәртібімен өндіріп алынатын алименттің мөлшері1. Алимент төлеу туралы келісім болмаған кезде сот кәмелетке толмаған балаларға олардың ата-аналарынан алиментті ай сайын мынадай мөлшерде: бір балаға - ата-анасы табысының және (немесе) өзге де кірісінің - төрттен бір бөлігін; екі балаға - үштен бір бөлігін; үш және одан да көп балаға тең жартысын өндіріп алады.2.Бұл үлестердің мөлшерін сот тараптардың материалдық немесе отбасылық жағдайларын және назар аударарлық өзге де мән-жайларды ескере отырып, кемітуі немесе көбейтуі мүмкін.

140-бап. Кәмелетке толмаған балаларға алимент ұсталатын жалақының және (немесе) өзге де кірістің түрлеріАта-аналардың алатын және алимент ұсталатын жалақысы және (немесе) өзге де кірісі түрлерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

67. 115-бап. Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау1.Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органына және өз өкілеттіктері шегінде басқа да мемлекеттік органдарға, сондай-ақ осы балалардың заңды өкілдеріне жүктеледі.2.Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалудың нақты мән-жайларын негiзге ала отырып, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке алу жөніндегі қызметті ұйымдастыру, балаларды орналастырудың нысандарын таңдау, сондай-ақ оларды күтіп-бағу, тәрбиелеу және оқыту жағдайларын одан әрi бақылау жергілікті атқарушы органдарға жүктеледі.3.Мемлекеттік органдардың өз құзыреті шегіндегі қызметін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды іріктеу, орналастыру, беру жөнiндегi қызметі бойынша делдалдық және кез келген өзге де қызметке тыйым салынады.Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың және жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау және орналастыру бойынша өздеріне жүктелген міндеттерді, балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды орындайтын басқа да ұйымдардың қызметі, сондай-ақ агенттіктердің осы Кодексте көзделген қызметі бала асырап алу жөніндегі делдалдық қызмет болып табылмайды.Осы бапта аталған жеке және заңды тұлғалар өз қызметінде коммерциялық мақсаттарды көздей алмайды.

68. 119-бап. Қорғаншылық немесе қамқоршылық белгіленетін адамдар1.Жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды күтіп-бағу, тәрбиелеу және оқыту мақсатында, сондай-ақ олардың мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн оларға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгiленедi.2.Сондай-ақ, әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулі кәмелетке толған адамдардың мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн қорғаншылық немесе қамқоршылық белгiленедi.3.Бұл мән-жайлар балалардың мүдделеріне сай келетін жағдайларды қоспағанда, бір отбасында тәрбиеленген бірге туған ағалы-інілер мен апалы-сіңлілерді әртүрлі адамдардың қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа алуына жол берілмейді.

122-бап. Қорғаншылар немесе қамқоршылар1.Мыналарды:1) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулі деп таныған адамдарды;2) сот ата-ана құқықтарынан айырған немесе сот ата-ана құқықтарын шектеген адамдарды; 3) өзiне Қазақстан Республикасының заңында жүктелген мiндеттердi тиiсiнше орындамағаны үшiн қорғаншы немесе қамқоршы мiндеттерінен шеттетiлген адамдарды;4) егер сот олардың кiнәсi бойынша бала асырап алудың күшiн жойса, бұрынғы бала асырап алушыларды;5) денсаулық жағдайына байланысты қорғаншы немесе қамқоршы мiндеттерін жүзеге асыра алмайтын адамдарды қоспағанда, тек қана кәмелетке толған адамдар қорғаншылар немесе қамқоршылар бола алады.2. Қорғаншы немесе қамқоршы тек қана оның келiсiмiмен тағайындалуы мүмкiн. Егер бұл қамқорлыққа алынушының мүдделерiне қайшы келмесе, жұбайы, ата-аналары, туыстары немесе қамқорлыққа алынушыға жақын басқа да адамдар қорғаншы немесе қамқоршы болып тағайындалуда басым құқыққа ие болады.Егер қамқорлыққа алынушылардың мүдделерiнiң арасында қайшылықтар болмаса, бiрнеше адам үшін бiр қорғаншы немесе қамқоршы тағайындауға жол берiледi.3.Әрекетке қабiлеттi және ата-ана құқықтарынан айрылмаған, бiрақ олардың тәрбиесін жүзеге асыра алмайтын ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларына қорғаншы немесе қамқоршы тағайындау кезінде, қорғаншылар немесе қамқоршылар ата-аналардың тiлегi ескерiле отырып тағайындалады.Балаға қорғаншы немесе қамқоршы тағайындау кезiнде қорғаншының немесе қамқоршының адамгершiлiк және өзге де жеке қасиеттерi, оның қорғаншылық немесе қамқоршылық мiндеттерiн орындауға қабiлетi, қорғаншы немесе қамқоршы мен баланың арасындағы қатынастар, қорғаншының немесе қамқоршының отбасы мүшелерiнiң балаға көзқарасы, сондай-ақ, егер бұл мүмкiн болса, баланың өз тiлегi ескерiледi.Егер кәмелетке толмаған балаға қорғаншы немесе қамқоршы болып тағайындалатын адам некеде тұрса (ерлі-зайыпты болса), оның жұбайының келiсiмi талап етiледi.4.Қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа мұқтаж және тиiстi білім беру, медициналық ұйымдардағы, халықты әлеуметтiк қорғау ұйымдарындағы адамдардың қорғаншылары немесе қамқоршылары осы ұйымдардың әкiмшiлiктері болып табылады. Қорғаншының немесе қамқоршының мұндай ұйымға баланы уақытша орналастыруы қорғаншының немесе қамқоршының осы балаға қатысты құқықтары мен мiндеттерiн тоқтатпайды.5.Қорғаншылар немесе қамқоршылар кез келген адамдарға қатысты, оның iшiнде сотта өкiлеттiктерін арнайы растамастан, өз қамқорлығына алынғандардың құқықтары мен мүдделерiн қорғайды.

69. 123-бап. Қорғаншылықтағы немесе қамқоршылықтағы адамдардың құқықтары

1. 60-бап.Баланың отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығы 2. 61-бап.Баланың ата-аналарымен және басқа да туыстарымен араласу құқығы 3. 62-бап. Баланың өз пікірін білдіру құқығы.4.67-бап. Баланың өз құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау құқығы. Сондай-ақ:1)өздерінің адамдық қадыр-қасиеттерінің құрметтелуіне;2) қорғаншы немесе қамқоршы тарапынан қамқорлық жасалуына;3)Қамқорлыққа алынушылар білім беру ұйымында немесе медициналық ұйымда тәрбиеленуде немесе емделуде болған жағдайларды қоспағанда, кәмелетке толмағандардың қорғаншылары немесе қамқоршылары өздерiнің қамқорлығына алғандармен бiрге тұруға мiндеттi. Бұл қамқорлыққа алынушының тәрбиесiне және оның құқықтары мен мүдделерiн қорғауға қолайсыздық туғызбайтын болса, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның рұқсатымен қамқоршының он алты жасқа толған қамқорлыққа алынушыдан бөлек тұруына жол берiледi.көзделген жағдайларды қоспағанда, онымен бірге тұруға;4) өздеріне тиесілі алиментке, жәрдемақыға және басқа да әлеуметтік төлемдерге;5) тұрғын үйге меншік құқығын немесе тұрғын үйді пайдалану құқығын сақтауға;6) қорғаншы немесе қамқоршы тарапынан жасалатын қиянаттан қорғалуға7) қорғаншының немесе қамқоршының отбасында тәрбиеленуге;8) өздеріне күтіп-бағу, тәрбиелеу, білім алу және жан-жақты даму үшін жағдайлардың қамтамасыз етілуіне;9) тұрғын үйі болмаған жағдайда оны Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес алуға құқықтары бар.

126-бап. Баланың қорғаншысының немесе қамқоршысының құқықтары мен міндеттері 4. Қамқорлыққа алынушылар білім беру ұйымында немесе медициналық ұйымда тәрбиеленуде немесе емделуде болған жағдайларды қоспағанда, кәмелетке толмағандардың қорғаншылары немесе қамқоршылары өздерiнің қамқорлығына алғандармен бiрге тұруға мiндеттi. Бұл қамқорлыққа алынушының тәрбиесiне және оның құқықтары мен мүдделерiн қорғауға қолайсыздық туғызбайтын болса, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның рұқсатымен қамқоршының он алты жасқа толған қамқорлыққа алынушыдан бөлек тұруына жол берiледi.

70. 125-бап. Қорғаншылардың немесе қамқоршылардың өз міндеттерін атқаруы 1.Қорғаншылар заң жүзiнде қамқорлыққа алынушылардың өкiлдерi болып табылады және олардың атынан және олардың мүддесінде барлық қажеттi мәмiлелердi жасайды 2. Қамқоршылар өздерiнiң қамқоршылығындағы адамдардың өз бетiнше жасауға құқығы жоқ мәмiлелердi жасауға келiсiм бередi, қамқорлыққа алынушыларға өз құқықтарын жүзеге асыруына және мiндеттерiн атқаруына жәрдем көрсетедi, сондай-ақ оларды үшiншi тұлғалардың тарапынан жасалатын қиянаттардан қорғайды.Қорғаншы немесе қамқоршы қамқорлыққа алынушыларды өз есебiнен күтіп-бағуға мiндеттi емес. Қамқорлыққа алынушыны күтіп-бағу қамқорлыққа алынушының алатын жалақысы, алиментi және басқа да әлеуметтiк төлемдерi есебiнен, сондай-ақ оған тиесiлi мүлiктің есебiнен жүзеге асырылады.Қамқорлыққа алынушыны күтіп-бағуға жеткiлiктi қаражат болмаған кезде, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдар оны күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындайды.Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау тәртібін және төлеу мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.3.Қорғаншылар немесе қамқоршылар өздерiнiң қамқорлығына алынғандарды күтіп-бағу, олардың күтімі мен емделуiн қамтамасыз ету, олардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау жөнінде қамқорлық жасауға мiндеттi. Көрсетілген мiндеттер сот әрекет қабiлетi шектеулі деп таныған кәмелетке толған адамдардың және әрекетке толық қабілетті деп жарияланған кәмелетке толмағандардың қамқоршыларына жүктелмейдi.4. Егер адам әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған негіздер жойылса, қорғаншы немесе қамқоршы қамқорлыққа алынушыны әрекетке қабілетті деп тану туралы сотқа өтініш беруге міндетті.

71.Баланың қорғаншысының немесе қамқоршысының құқықтары мен міндеттері. Баланың қорғаншысы немесе қамқоршысы қорғаншылықтағы немесе қамқоршылықтағы баланы тәрбиелеуге, оның денсаулығына, дене бітімі, психикалық, адамгершiлiк және рухани жағынан дамуына қамқорлық жасауға мiндеттi. Көрсетілген міндеттер сот тәртібімен әрекет қабілеті шектелген кәмелетке толған адамдардың қамқоршыларына жүктелмейді Қорғаншы немесе қамқоршы баланың пiкiрi мен қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның ұсынымдарын ескере отырып, сондай-ақ Неке және отбасы Кодексінің 72-бабында көзделген талаптар сақталған жағдайда, қорғаншылықтағы немесе қаоршылықтағы баланы тәрбиелеудiң тәсілдерін өз бетінше айқындауға құқылы. Қорғаншы немесе қамқоршы баланың пiкiрiн ескере отырып, баланың бiлiм алу ұйымын және оқу нысанын таңдауға құқығы бар және баланың міндетті орта бiлiм алуын қамтамасыз етуге мiндеттi.Қорғаншы немесе қамқоршы қорғаншылықтағы немесе қамқоршылықтағы баланы өздерiнде заңды негiздерсiз ұстап отырған кез келген адамдардан, оның iшiнде баланың жақын туыстарынан қайтарып алуды сот арқылы талап етуге құқылы.Мұндай араласу баланың мүдделерiне сай келмейтін жағдайларды қоспағанда, қорғаншы немесе қамқоршы баланың өз ата-аналарымен және басқа да жақын туыстарымен араласуына кедергі келтіруге құқылы емес. Қамқорлыққа алынушылар білім беру ұйымында немесе медициналық ұйымда тәрбиеленуде немесе емделуде болған жағдайларды қоспағанда, кәмелетке толмағандардың қорғаншылары немесе қамқоршылары өздерiнің қамқорлығына алғандармен бiрге тұруға мiндеттi. Бұл қамқорлыққа алынушының тәрбиесiне және оның құқықтары мен мүдделерiн қорғауға қолайсыздық туғызбайтын болса, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның рұқсатымен қамқоршының он алты жасқа толған қамқорлыққа алынушыдан бөлек тұруына жол берiледi Қорғаншылар немесе қамқоршылар қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарға тұрғылықты жерiнiң өзгергенi туралы хабарлауға мiндеттi. Қорғаншы кемiнде алты айда бiр рет қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға қамқорлыққа алынушының денсаулық жағдайы туралы және оны тәрбиелеу жөнiндегi, сондай-ақ оның мүлкiн басқару жөнiндегi жұмыс туралы есептер беруге мiндеттi.

72.Қамқорлыққа алынушының мүлкіне билік ету. Қамқорлыққа алынушының өз бетінше билiк етуге құқығы бар табыстарын қоспағанда, қамқорлыққа алынған адамның табыстарын, оның iшiнде қамқорлыққа алынушының мүлкiн басқарудан түскен оған тиесілі табыстарды тек қана қамқорлыққа алынушының мүддесінде және қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның алдын ала рұқсатымен қорғаншы немесе қамқоршы жұмсайды.Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның алдын ала рұқсатынсыз, қорғаншы немесе қамқоршы қамқорлыққа алынушының табысы ретiнде оған тиесiлi, қамқорлыққа алынушыны күтіп-бағу үшiн қажеттi сома есебiнен ең төмен күнкөріс шегінде шығыстар шығаруға құқылы. Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ұйымдарының басшылары тәрбиеленушілердің алименттен, жәрдемақылардан түскен қаражаттарын және басқа да әлеуметтік төлемдерін банк шоттарынан алуға құқығы жоқ.Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның алдын ала рұқсатынсыз қорғаншы қамқорлыққа алынушының мүлкін иеліктен шығару, оның ішінде айырбастау немесе сыйға тарту жөніндегі мәмілелерді жасасуға немесе оның атынан кепілгерлік, осы мүлікті жалға (жалдауға), өтеусіз пайдалануға беру немесе кепілге салу шартын, қамқорлыққа алынушының заң бойынша және өсиет бойынша мұрагерлікпен тиесілі құқықтарынан бас тартуына, оның мүлкін бөлуге немесе одан үлесті бөліп алуға әкеп соғатын мәмілелерді жасасуға, сондай-ақ қамқорлыққа алынушының мүлкін азайтуға әкеп соғатын кез келген мәмілелерді жасасуға, ал қамқоршы оларды жасасуға келісім беруге құқылы емес. Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган көрсетілген мәмiлелердің нәтижесiнде қорғаншы алған қаражаттың қалай жұмсалуға тиiс екенiн айқындайды.Қамқорлыққа алынушының мүлкiн басқару тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.Мүлiктi қамқорлыққа алынушыға сый ретiнде немесе өтеусіз пайдалануға берудi қоспағанда, қорғаншының немесе қамқоршының, олардың жұбайлары мен жақын туыстарының қамқорлыққа алынушымен мәмiлелер жасасуға, сондай-ақ мәмiлелер жасасу немесе қамқорлыққа алынушы мен қорғаншы немесе қамқоршының жұбайы және олардың жақын туыстары арасында сот iстерiн жүргiзу кезінде қамқорлыққа алынушының атынан өкiлдiк етуге құқылы емес. Қамқорлыққа алынушының қорғаншыға немесе қамқоршыға, оның жұбайына немесе туыстарына осы адам қорғаншы немесе қамқоршы болып тағайындалғанға дейін туындаған борыштары қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның рұқсатымен төленедi.

73.Қорғаншыларды немесе қамқоршыларды өз міндеттерін атқарудан босату және шеттет. Кәмелетке толмаған қамқорлыққа алынушы оның ата-аналарына немесе оны асырап алушыларға қайтарылған жағдайларда, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган қорғаншыны немесе қамқоршыны өз мiндеттерiн атқарудан босатады. Қамқорлыққа алынушы тиісті білім беру ұйымына, медициналық және медициналық-әлеуметтік ұйымға немесе басқа да арнайы ұйымға орналастырылған кезде, егер бұл қамқорлыққа алынушының мүдделерiне қайшы келмесе, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган бұрын тағайындалған қорғаншыны немесе қамқоршыны өз мiндеттерiн атқарудан босатады. Қорғаншы немесе қамқоршы дәлелдi себептер болған кезде (науқастануы, мүлiктiк жағдайының өзгеруi, қамқорлыққа алынушымен өзара түсiнiстіктің болмауы және басқалары) өз өтiнiшi бойынша немесе қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның бастамасы бойынша өз мiндеттерiн атқарудан босатылады. Қорғаншының немесе қамқоршының өз міндеттерін тиісінше атқармауына, оның ішінде қорғаншылықты немесе қамқоршылықты жеке басының мақсаттарына пайдалануына не қамқорлыққа алынушыны қадағалаусыз және қажетті көмексіз қалдыруына тыйым салынады. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган қорғаншыны немесе қамқоршыны осы міндеттерді атқарудан шеттетуге және қажетті шаралар қолдануға міндетті.

74. Қорғаншылықты немесе қамқоршылықты тоқтату. Қамқорлыққа алынушыны әрекетке қабiлеттi деп тану немесе қорғаншының немесе қамқоршының не қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның өтініші бойынша оның әрекет қабiлетi шектелуiнiң күшiн жою туралы сот шешiм шығарған жағдайларда кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық тоқтатылады.Қамқорлыққа алынған жас бала он төрт жасқа толған соң оған қорғаншылық тоқтатылады, ал қорғаншылық мiндетiн жүзеге асырған адам бұл туралы қосымша шешiмсiз кәмелетке толмаған баланың қамқоршысы болады. Қамқорлыққа алынушы он сегiз жасқа толған соң, сондай-ақ ол некеге отырған (ерлі-зайыпты болған) кезде кәмелетке толмаған балаға қамқоршылық ерекше рұқсатсыз-ақ тоқтатылады.

75.Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның шешімдеріне шағым жасау. Мүдделі тұлғалар барлық мәселелер бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың шешімдеріне сот тәртібімен шағым жасауы мүмкін.

76.Патронат. Патронат нысанындағы қорғаншылық немесе қамқоршылық кәмелетке толмаған жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, оның ішінде білім беру ұйымдарындағы, медициналық немесе басқа да ұйымдардағы балаларға белгіленеді. Баланы тәрбиелеуге алуға тілек білдірген адам мен қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган арасында жасалған баланы патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шарт патронаттың туындауына негіз болып табылады.

75. Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның шешімдеріне шағым жасау. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың кәмелетке толмағандарға қатысты қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі қызметін үйлестіруді және өзара әрекеттесуін ұйымдастыруды Қазақстан Республикасында баланың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады. Қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдар жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың және қорғаншылық пен қамқоршылықтың белгіленуін қажет ететін және қорғаншылықтағы және қамқоршылықтағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, сондай-ақ білім беру, медициналық және басқа ұйымдарда тәрбиеленетін балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғайды. Әлуеметтік жетімдіктің, балалармен қатыгез қарым-қатынастың, кәмелетке толмағандардың қараусыздығы мен қадағалаусыздығының алдын алу, сондай-ақ отбасылық қолайсыздықты ерте анықтау бойынша жұмысты жүргізеді.132-бап. Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның шешімдеріне шағым жасау Мүдделі тұлғалар барлық мәселелер бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың шешімдеріне сот тәртібімен шағым жасауы мүмкін.

76. Патронат түсінігі. Патронат – жетім балалар, ата-аналарының (ата-анасының) қамқорлығынсыз қалған балалар қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган мен баланы (балаларды) тәрбиеге алуға тілек бiлдiрген адам жасайтын шарт бойынша отбасыларға патронаттық тәрбиеге берілетін тәрбие нысаны.133-бап. Патронат.Патронат нысанындағы қорғаншылық немесе қамқоршылық кәмелетке толмаған жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, оның ішінде білім беру ұйымдарындағы, медициналық немесе басқа да ұйымдардағы балаларға белгіленеді.Баланы тәрбиелеуге алуға тілек білдірген адам мен қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган арасында жасалған баланы патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шарт патронаттың туындауына негіз болып табылады.Патронаттық тәрбие туралы ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

77. Патронат туралы шарт: түсінігі және мазмұны. 134-бап. Баланы патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шарт. Баланы патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шарт баланы күтіп-бағу, тәрбиелеу және білім беру жағдайларын, патронат тәрбиешілердің құқықтары мен міндеттерін, патронат тәрбиешілерге қатысты қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның міндеттерін, сондай-ақ мұндай шарттың тоқтатылу негіздері мен салдарларын көздеуге тиіс.Бала патронат тәрбиешіге көрсетілген шартта көзделген мерзімге тәрбиелеуге беріледі.Патронаттық тәрбиелеуге берілген әрбір балаға жеке шарт жасалады. Баланы патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шарттың мерзімі аяқталған жағдайда, оның отбасында болу мерзімін ұзарту жаңа шарттың негізінде жүргізіледі.Патронат тәрбиешілердің еңбегіне ақы және оларға ақшалай төлем төлеу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.3. Баланы патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шарт:1) дәлелді себептері (науқастануы, отбасылық немесе материалдық жағдайының өзгеруі, баламен өзара түсіністіктің болмауы, балалар арасындағы жанжалдар және басқалар) болған кезде патронат тәрбиешілердің бастамасы бойынша; 2) баланы күтіп-бағу, тәрбиелеу және білім беру үшін қолайсыз жағдайлар туындаған кезде қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның бастамасы бойынша;3) бала ата-анасына қайтарылған, туыстарына берілген немесе бала асырап алынған жағдайларда мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін.

78.Ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларын күтіп-бағу жөніндегі міндеттері.138-бап. 1. Ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын күтіп-бағуға міндетті. Кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағудың тәртібі мен нысанын ата-аналар дербес айқындайды.Ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын, сондай-ақ жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру жүйесінде, күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары бiлiм беру жүйесiнде оқитын кәмелетке толған балаларын күтіп-бағу туралы келісім (алимент төлеу туралы келісім) жасасуға құқылы.Егер ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларына, сондай-ақ жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру жүйесінде, күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары бiлiм беру жүйесiнде оқитын жиырма бір жасқа дейінгі кәмелетке толған балаларына күтіп-бағу қаражатын ерікті түрде бермеген жағдайда, бұл қаражат олардан сот тәртібімен өндіріп алынады.Ата-аналардың алимент төлеу туралы келісімі болмаған кезде, кәмелетке толмаған балаларға күтіп-бағу қаражаты берілмеген кезде және сотқа талап-арыз берілмеген кезде қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган кәмелетке толмаған балаларға олардың ата-аналарынан алимент өндіріп алу туралы талап-арыз беруге құқылы.

79.-84 Кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға сот тәртібімен өндіріп алынатын алименттің мөлшері. 139-бап. 1. Алимент төлеу туралы келісім болмаған кезде сот кәмелетке толмаған балаларға олардың ата-аналарынан алиментті ай сайын мынадай мөлшерде: бір балаға - ата-анасы табысының және (немесе) өзге де кірісінің - төрттен бір бөлігін; екі балаға - үштен бір бөлігін; үш және одан да көп балаға тең жартысын өндіріп алады. 2. Бұл үлестердің мөлшерін сот тараптардың материалдық немесе отбасылық жағдайларын және назар аударарлық өзге де мән-жайларды ескере отырып, кемітуі немесе көбейтуі мүмкін.

80. Кәмелетке толмаған балаларға алимент ұсталатын жалақының және (немесе) өзге де кірістің түрлері. Ата-аналардың алатын және алимент ұсталатын жалақысы және (немесе) өзге де кірісі түрлерінің тізбесінҚазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға алимент ұсталатын жалақының және (немесе) өзге де кiрiс түрлерiнiң тізбесі. 1. Кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға алимент ұстау осы тiзбенiң 2-тармағында көрсетiлген адамдардың кiрiстерiн қоспағанда, ата-анасы алатын ақшалай (ұлттық және (немесе) шетелдiк валютада) жалақының (ақшалай сыйақы) және өзге де кiрiстiң барлық түрiнен, оның iшiнде:1) қызметкерлерге нақты жұмыс iстеген уақыты үшiн немесе орындалған жұмыс үшiн еңбекке ақы төлеу жүйесiнде көзделген белгiленген лауазымдық жалақыларды (ставкаларды) негiзге ала отырып есептелген жалақыдан; 2) еңбекке ақы төлеу жүйесiнде көзделген қосымшаақылар мен үстемеақылардың барлық түрiнен, сондай-ақ еңбекке ақы төлеу қоры шегінде қаражатты немесе тиiстi мекеменi ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебiнен алынатын үстемеақылардан; 3) еңбекке ақы төлеу жүйесiнде көзделген сыйлықтардан (сыйақылардан), сондай-ақ материалдық көтермелеудiң өзге де нысандарынан; 4) «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының 98-бабында көзделген өтемақыларды қоспағанда, ақшалай өтемақылардан; 5) демалыс уақытында сақталатын жалақыдан, сондай-ақ тек бiрнеше жылғы демалыстарды қосқан жағдайда ғана пайдаланылмаған демалысқа төленетiн ақшалай өтемақыдан; 6) комиссиялық сыйақыдан (штаттағы сақтандыру агенттерiне, штаттағы делдалдарға және басқаларға); 7) азаматтық заңнамаға сәйкес жасалатын және бiр жолғы сипаттағы емес шарттар бойынша орындалған жұмыстар, ұсынылған қызметтер үшiн алынған сомадан; 8) авторлық сыйақы сомасынан; 9) зейнетақы төлемдерiнiң барлық түрiнен, «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының 98-бабында көзделген жәрдемақыны қоспағанда, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыдан, атаулы әлеуметтiк көмек сомасынан; 10) бiлiм беру ұйымдарында оқитындарға төленетiн стипендиялардан; 11) заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметпен айналысудан түскен кірістен; 12) мүлiктi жалға беруден түскен кірістен; 13) бағалы қағаздар бойынша түскен кірістен және заңды тұлғаның мүлкiн басқаруға қатысудан түскен басқа да кірістен; 14) Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтардың әсерiне ұшыраған аумақтарда және Арал өңiрiндегi экологиялық апат аймақтарында тұрғаны үшiн заңнамалық актілерде белгiленген еңбекке қосымшаақыдан жүргізіледі. 2. Әскери қызметшiлерден, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлерінен алимент ұстау қызметтiк мiндеттерiн орындауға байланысты олар алатын төлемдердiң мынадай түрлерiнен: 1) лауазымдық жалақыдан, әскери, арнайы атақ бойынша берiлетiн жалақыдан, арнайы атақ немесе сыныптық шен үшін қосымшаақыдан және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген қызмет өткерудiң ерекше жағдайлары үшiн үстемеақыдан; 2) Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтардың әсерiне ұшыраған аумақтарда және Арал өңiрiндегi экологиялық апат аймақтарында тұрғаны үшiн заңнамалық актілерде белгiленген еңбекке қосымшаақыдан; 3) еңбекке ақы төлеу жүйесiнде көзделген тұрақты және біржолғы сипаттағы және тиiстi органды ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебiнен алынатын сыйлықтардан (сыйақылардан); 4) тиiстi органды ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебiнен алынатын үстемеақылар мен қосымшаақылар сомасынан; 5) мертiккен жағдайда төленетiн бiр жолғы өтемақыны, зиянды немесе қысылтаяң жағдайлардағы жұмыс үшiн өтемақы төлемдерiн, сондай-ақ табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар салдарларын жою кезiнде экологиялық әсерден зардап шеккендерге төленетін ақшалай соманы және бір жолғы сипаттағы басқа сомаларды қоспағанда, ақшалай өтемақылардың барлық түрінен; 6) әскери-оқу орындары, арнайы оқу орындары курсанттарының (тыңдаушыларының) лауазымдық жалақысынан (стипендиясынан) жүргізіледі. Кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға алимент ұсталатын жалақының және (немесе) өзге де кіріс түрлерінің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 622 Қаулысы

81. Ерлі-зайыптылардың бірін-бірі күтіп-бағу жөніндегі міндеттері. 1. Ерлі-зайыптылар бірін-бірі материалдық жағынан қолдауға міндетті. 2. Мұндай қолдаудан бас тартқан және ерлі-зайыптылардың арасында алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда, алимент төлеуге қажетті қаражаты бар екінші жұбайдан:1) еңбекке жарамсыз мұқтаж жұбайының; 2) жүктілігі кезеңінде және ортақ баласы туған күннен бастап үш жыл бойы зайыбының; 3) ортақ мүгедек баланы он сегіз жасқа толғанға дейін бағып-күтуді жүзеге асырып отырған, сондай-ақ он сегіз жасқа толған соң ортақ мүгедек балаға I-II топтағы мүгедектік белгіленген жағдайда көмекке мұқтаж жұбайының алимент төлеуді сот тәртібімен талап етуге құқығы бар.

82. Еңбекке жарамды аға







Date: 2015-05-23; view: 2256; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.021 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию