Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Неке қиюдың шарттары





Отбасы құқғының пәні,әдісі және қайнар көздері

Отбасы құқығының қағидалары

Отбасы ұғымы және оның функциялары

Неке қиюдың шарттары

7. Некеге тұру жасы. ҚР-ның «Неке және отбасы туралы» кодексінің 10-бабына сәйкес неке жасы:Неке жасы еркектер мен әйелдер үшін 18 жас болып белгіленеді.Мынадай дәлелді себептер болғанда: жүкті болған, ортақ бала туған кезде неке қиюды мемлекеттік тіркеу орны бойынша тіркеуші органдар неке жасынан екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетеді.Некеге отыруға тілек білдірушілер ж/е олардың ата-аналары не қамқоршылары белгіленген неке жасын төмендету қажеттігі туындайтын себептерді көрсете отырып, неке жасын төмендету туралы өтініш беруі мүмкін. Неке жасын төмендетуге тек қана некеге отырушылардың келісімімен жол беріледі.Неке жасына толмаған адамдар арасындағы немесе неке жасына толған адам мен неке жасына толмаған адам арасындағы некеге неке жасына толмаған адамдардың ата-аналарының не қамқоршыларының жазбаша келісімімен ғана рұқсат беріледі.

8. Араларында неке қиюға жол берілмейтін адамадар11 -бап:Некелесуге: бір жынысты адамдардың; олардың біреуі болса да басқа некеде тұратын дамадардың; жақын туыстардың; бала асырап алушылар мен асырап алынған балалардың, асырап алушылардың балалары мен асырап алынған балалардың; соттың заңдық күшіне енген шешімі бойынша олардың біреуі болса да псикихалық ауруы немесе ақыл-есі кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың арасында жол берілмейді.

9. Некені сот тәртібімен бұзу және оның салдары 13-бап: Неке некеге отыратын адамдардың тікелей қатысуымен тіркеуші органдарда не арнайы мемлекеттік неке сарайларында қиылады. Некеге тұруға тілек білдірген адамдардың біреуі тіркеуші органға келе алмайтын ерекше жағдайларда(ауыр науқастануы, қамауда н/е бас бостандығынан айыру орындарында болуы) некені қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу уйде, медициналық н/е өзге ұйымда тиісті ұйымның әкімшілігімен міндетті түрде келісе отырып, некеге отыратын адамдардың қатысуымен жүргізіледі. Неке қию некеге отыруға тілек білдірушілер тіркеуші органға өтініш берген күннен бастап бір ай мерзім өткен соң жүргізіледі. Неке қиюды мемлекеттік тіркеу орны бойынша тіркеуші орган құжаттамамен расталған дәлелді себептер болғанда, бұл мерзімді қысқартады немесе ұзартады. Айрықша мән-жайлар(жүктілік, баланың тууы, тараптардың бірінің өміріне тікелей қауіп төнуі және басқа да) болған кезде некені қиюды мемлекеттік тіркеу некеге отырушылардың қалауы бойынша өтініш берілген күні жүргізіледі. Некеге отыруға тілек білдіруші адамдар не олардың біреуі, сондай-ақ олардың заңды өкілдері тіркеуші органның неке қиюды мемлекеттік тіркеуден бас тартуына сотқа шағым жасауы мүмкін.

10. Некенің тоқталуы 14-бап: Некені тоқтату өздеріне байланысты емес мән-жайлар салдарынан(қайтыс болу,хабар ошарсыз кетті деп тану) не Кодексте белгіленген тәртіппен некені бұзу жолымен ерлі-зайыптылардың екеуінің де не біреуінің өз еркі бойынша іс-әрекеттер жасауы нәтижесінде ерлі-зайыптылар арасында заңдық қатынастардың тоқталуы болып табылады.Ерлі-зайыптылар арасында некенің тоқталуы ата-аналар мен осы некеде туған немесе асырап алынған балалар арасындағы құқықтық қатынастарды үзбейді, және тоқтатпайды. 15-бап. Ерлі-зайыптылардың біреуінің қайтыс болуы,соттың оны қайтыс болды деп жариялау немесе хабар-ошарсыз кеткен деп тану салдарынан некенің(ерлі-зайыптылықтың) тоқтатылуы. 1. Неке (ерлі-зайыптылық) ерлі-зайыптылардың біреуі қайтыс болуы, сондай-ақ сот оны қайтыс болды деп жариялауы немесе хабар-ошарсыз кеткен деп тануы салдарынан тоқтатылады.2. Сот қайтыс болды деп жариялаған немесе сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныған жұбайы келген және тиісті сот шешімдері күшін жойған жағдайда ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші бойынша тіркеуші орган некені (ерлі-зайыптылықты) қалпына келтіруі мүмкін.3. Неке қию (ерлі-зайыпты болу) кезінде тараптарға (немесе тараптардың біріне) хабар-ошарсыз кеткен деп танылған немесе қайтыс болды деп жарияланған жұбайы тірі екені белгілі болған жағдайларды қоспағанда, егер басқа зайыбы жаңадан некеге отырса (ерлі-зайыпты болса), некенің (ерлі-зайыптылықтың) қалпына келтірілуі мүмкін емес.


11. Некені бұзу тәртібі 16-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу.Неке (ерлі-зайыптылық) ерлі-зайыптылардың біреуінің немесе екеуінің өтініші бойынша оны бұзу жолымен, сондай-ақ сот әрекетке қабілетсіз деп таныған жұбайының қорғаншысының өтініші бойынша тоқтатылуы мүмкін.Некені (ерлі-зайыптылықты) зайыбының жүктілігі кезеңінде және бала туғаннан кейінгі бір жыл ішінде оның келісімінсіз бұзуға болмайды.

12. АХАЖ огандарында некені бұзу. 17-бап. Тіркеуші органдарда некені(ерлі-зайыптылықты) бұзу 1. Кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ ерлі-зайыптылардың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға өзара келісімі кезінде және бір-біріне мүліктік және өзге де талаптары болмаған кезде тіркеуші органдарда неке (ерлі-зайыптылық) бұзылатын болады. 2. Егер ерлі-зайыптылардың біреуи 1) сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныса; 2) сот әрекетке қабілетсіз деп таныса; 3) сот әрекет қабілеті шектеулі деп таныса; 4) қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға соттаса, неке (ерлі-зайыптылық) ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған ортақ балаларының болуына қарамастан, ерлі-зайыптылардың біреуінің өтініші бойынша тіркеуші органдарда бұзылады.3. Некенің (ерлі-зайыптылықтың) бұзылуын мемлекеттік тіркеуді осы Кодексте белгіленген тәртіппен тіркеуші орган жүргізеді.

13. Некені сот тәртібімен бұзу және оның салдары.19-бап. Егер сот ерлі-зайыптылардың одан әрі бірлесіп өмір сүруі және отбасын сақтауы мүмкін еместігін анықтаса, неке (ерлі-зайыптылық) сот тәртібімен бұзылады.2.Мынадай:1)осы Кодекстің 17-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда Тіркеуші органдарда некені(ерлі-зайыптылықты) бұзу. 2.Егер ерлі-зайыптылардың біреуін:1)сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныса;2)сот әрекетке қабілетсіз деп таныса;3)сот әрекет қабілеті шектеулі деп таныса;4)қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға соттаса, неке (ерлі-зайыптылық) ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған ортақ балаларының болуына қарамастан, ерлі-зайыптылардың біреуінің өтініші бойынша тіркеуші органдарда бұзылады.


Ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған ортақ балалары болған; 2)ерлі-зайыптылардың біреуінің некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға келісімі болмаған;3)егер ерлі-зайыптылардың біреуі өзінің қарсылығы болмауына қарамастан, өз іс-әрекеттерімен не әрекетсіздігімен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзудан жалтарған;4)ерлі-зайыптылардың бір-біріне мүліктік және өзге де талаптары болған жағдайларда, неке (ерлі-зайыптылық) сот тәртібімен бұзылады.3.Ерлі-зайыптылар некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы сотқа өтініш берген күннен бастап бір ай өткен соң неке (ерлі-зайыптылық) сот тәртібімен бұзылады. 4.Ерекше жағдайларда сот осы баптың 3-тармағында көрсетілген мерзім өткенге дейін некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға құқылы.

14. Некені бұзу туралы шешім шығару кезінде сот шешетін мәселелер. 22-бап. 1.Неке (ерлі-зайыптылық) сот тәртібімен бұзылуы кезінде ерлі-зайыптылар кәмелетке толмаған балалары өздерінің қайсысымен тұратындығы туралы, балаларды және (немесе) еңбекке қабілетсіз мұқтаж жұбайын күтіп бағуға қаражат төлеу тәртібі, осы қаражаттың мөлшері туралы не ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу туралы келісімді соттың қарауына ұсына алады. Неке (ерлі-зайыптылық) бұзылғаннан кейін ерлі-зайыптылар өзінің тегін таңдауды некенің (ерлі-зайыптылықтың) бұзылуын мемлекеттік тіркеу кезінде шешеді.2.Егер ерлі-зайыптылар арасында осы баптың 1-тармағында көрсетілген мәселелер бойынша келісім болмаған жағдайда, сондай-ақ, осы келісім балалардың немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің мүдделерін бұзатындығы анықталған жағдайда, сот:1)неке (ерлі-зайыптылық) бұзылғаннан кейін кәмелетке толмаған балалар ата-аналарының қайсысымен тұратындығын айқындауға;2)ата-аналардың қайсысы және қандай мөлшерде балаларды күтіп бағуға алименттер төлейтінін айқындауға;3)кәмелетке толмаған балалардың және (немесе) ерлі-зайыптылардың өздерінің мүдделерін ескере отырып, ерлі-зайыптылардың талап етуі бойынша олардың бірлескен ортақ меншігіндегі мүлікті бөлуге;4)жұбайынан ақша қаражатын алуға құқығы бар екінші жұбайдың талап етуі бойынша осы қаражат мөлшерін айқындауға міндетті.3.Егер мүлікті бөлу үшінші бір адамдардың мүдделерін қозғайтын болса, сот мүлікті бөлу туралы жеке іс жүргізуді талап етуге құқылы.


15. Некені тоқтау салдары.24-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) тоқтатудың салдары. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, некенің (ерлі-зайыптылықтың) тоқтатылуымен ерлі-зайыптылардың өздерінің неке-отбасылық (ерлі-зайыптылық-отбасылық) қатынастарынан туындайтын мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтары мен міндеттері тоқтатылады.







Date: 2015-05-23; view: 2333; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию