Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Лекция №11
Тақырыбы: Өлшеуіш трансформаторлардың құрылыстары. Кернеу трансформаторларын таңдау. Конструкциялық ерекшеліктері.
Кернеу трансформаторларының құрылыстары Кернеу трансформаторы көп жағдайда кернеудің сол сатысына арналған шағын қуатты күш беретін трансформаторға ұқсас. Алайда бұл аппараттардың тағайындалуы мен жұмыс істеу жағдайларынан шығатын ерекшеліктері де бар. Мысал ұшін, күш беретін трансформатор жұмыс үстінде бөлініп шығатын жылудың айтарлықтай көлемін бұрып жіберуге есептелген болуға тиісті. Бұл орамалардың құрылысында, майдың мөлшерінде, қаптаманың орналасуында және т.б көрініс табады. Кернеу трансформаторында бөлініп шығатын энергияның саны өте аз. Сондықтан жылуды
бұрып жіберу талабы кернеу трансформаторының құрылысын анықтамайды. Кернеу трансформаторын құрастыру кезінде шешілуге тиісті негізгі мәселелер, өлшеу дәлділігінен тыс қатты қызуға төтеп бере алатын сенімді айырушыны жасауда, ең кіші көлемдер мен салмақтарды қамтамасыз етуде, аз күтім жасай отырып апатсыз жұмыс істеуде болып отыр. 6-35 кВ болатын нақтылы көрсетілген кернеуге арналған трансформаторларды соңғы уақыттарға дейін майға батырылған қағаз айырушылармен бірге жасап келді. Мысал ретінде НОМ-10 (бір фазалық майлы 10 кВ-тық кернеу трансформаторы) трансформаторын айтуға болады. Оның біршама үлкен көлемі мен салмағы бар: оның биіктігі 495 мм-ді және салмағы 36 кг-ды құрайды. Кернеу жоғарылаған сайын, мұндай құрылысты трансформаторлардың көлемдері, салмағы мен құны тез өседі. Бұл кемшіліктерді түзету үшін трансформатордың құрылысын өзгерту қажет. Nbsp; Екі қабатты айыру кезінде, мысалы қағаз бен майды пайдалану арқылы, электр өрісінің күштілігі орталардың электр өткізбейтін сіңімділігіне ері пропорционалды түрде бөлініп таратылады. Қағаздың электр өткізбейтін сіңімділігі майдың электр өткізбейтін сіңімділігіне қарағанда 2 есе көп болғандықтан қатты айырушы аз пайдаланылады. Ең соңғы құрылғыларда май толтырылған кабельдің айырушысына ұқсас, майға аунатылған, қағаздан жасалған біртекті айырушыны қабылдайды. Май түтіктері жойылды. Бұл айырушы қашықтығын, магнит өткізгіші мен қаптама көлемдерін күрт азайтуға мүмкіндік берді. Енгізбелерді айыру ораманы айырудың жалғасы болып табылады және айырушының фарфорына кіреді. Айырушылардағы май қаптамадағы маймен астасып жатады. Қақпақтың астында ауа кеңістігі болмайды. Май мөлшері күрт төмендеген. 39 сурет. 35 кВ бір фазалы трансформаторлар: а - НОМ-35-66 түріндегі екі енгізбесі бар; б - ЗНОМ-35 түріндегі бір енгізбесі бар; / - бірінші ораманы енгізу; 2 – екінші ораманың енгізбелерінің сауыты; 3 – үлкен ыдыс Суретте сызықтық кернеуді өлшеуге арналған НОМ-35-66, 35000/100 В түріндегі бір фазалы трансформатордың, ал 16.8,6 суреттерінде - өткізгіш пен жер арасындағы кернеуді өлшеуге арналған ЗНОМ-35, В түріндегі трансформатордың жалпы сұлбасы көрсетілген. ПО кВ және одан да жоғары кернеу трансформаторларын каскад түрінде дайындап жасайды. Оларбір-бірінен айырылған бірнеше сатылардан (трансформаторлардан) тұрады. Сатыларының саны әрбір сатыға орта есеппен 50 кВ есебінен алынған нақтылы көрсетілген кернеумен анықталады. Каскадтың әрбір трансформаторы 1/N бөлігіне айырылған. Date: 2015-05-23; view: 2226; Нарушение авторских прав |