Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Визуалды диагностика_­қаз





$$$001

Науқас 17 жаста АҚҚ жоғарылауы алғаш анықталды, субьективті анықталмайды, АГ бойынша тұқымқуалаушылық жоқ. Шешуші диагностикалық әдісті таңдаңыз:

A)Тәуліктік АҚҚ мониторлау

B)Көз түбін зерттеу

C)бүйрек тамырларының ангиографиясы

D)Бүйректі УДЗ

E)коронарография

{Дұрыс жауабы} = C

{Күрделілігі} =1

{Оқулық} = (Внутренние болезни, Жаманкулов К.А., 2009 г.)

{Курс} = 7

{Семестр} = 14

$$$002

Коронароангиографияны тағайындау мынада тиімді:

А) СЖШ декомпенсациясы

В) ЖИА үдемелілігі

С) жүрек ырғағының бұзылысы

D) тұрақты стенокардияның I - II ФК

Е) тұрақты стенокардияның III—IV ФК

{Дұрыс жауап} = В

{Күрделілігі=1

{Оқулық}= (Клиникалық нұсқаулық. Кардиология. Беленков Ю.М., Оганов Р.Ф. ред. басқ. М., 2007ж)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$003

Қандай синдромға келесі симптомокомплекс тән: экспираторлы ентікпе, қатаң тыныс фонында құрғақ ысқырықты сырылдар, келесі көрсеткіштердің төмендеуі -ӨӨС, ФӨӨС, ТШФК1, ТЖШ, Тиффно индексі, МКЖ25, МКЖ50, МКЖ75.

A) Өкпелік қабыну

B) Бронхообструктивті

C) Өкпелік диссеминация синдромы

D) Тыныс жетіспеушілік синдромы

E) Қан‑тамыр жетіспеушілік синдромы

{Дұрыс жауап}=В

{ Күрделілік }=2

{Оқулық}=(Аллергология 2006, Хаитов Р.М., Ильина Н.И., 2006ж.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$004

55 жастағы әйелде миокардитті басынан кешкеннен кейін жүрек тұсында шалыс соғу сезімі, толып қалу сезімі, шамалы бас айналу пайда болды. Холтерлік мониторлау жүргізілді. Мониторға түсіру барысында кенет есінен танып қалды, тамыр соғысы және АҚҚ анықталмады. Жүргізілген реанимациялық шаралар нәтижелі болды. Мониторлауды оқу барысында синкопалды жағдай кезінде Р тісшелері тіркелгенмен, QRS кешені жоқ болып шықты. Науқасты жүргізу тактикасы қандай?

А) Дәрілік терапия

В) Дефибриллятор кардиовертерін құру

С) өңеш арқылы электрокардиостимуляция құру

D) Уақытша кардиостимуляция

Е) Тұрақты кардиостимуляция

{Дұрыс жауап} = Е

{Күрделілігі=2

{Оқулық}= (Клиникалық нұсқаулық. Кардиология. Беленков Ю.М., Оганов Р.Ф. ред. басқ. М., 2007ж)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$005

Күш түсу стенокардиясы бар науқаста ЭКГ-да Гис шоғырының сол жақ аяқшасының блокадасы анықталды. Коронарографияны жүргізу барысында патологиялық процесстің орналасуы жайында мағлұмат алынған жоқ. Коронарлы қантамырлардың зақымдалуының топикалық диагностикасында қай әдіс ақпаратты?

А) Стресс – доплерэхокардиография

В) ЭКГ-ні холтерлік мониторлау

С) миокард сцинтиграфиясы

D) Радионуклидтівентрикулография

Е) ӨАЭС

{Дұрыс жауап} = С

{Күрделілігі=2

{Оқулық}= (Клиникалық нұсқаулық. Кардиология. Беленков Ю.М., Оганов Р.Ф. ред. басқ. М., 2007ж)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$006

Ер адам 40 жаста тізе және толарсақ буынының ауырсынуына және ісінуіне шағымданады.Ауырғанына 10 жылдан асқан. Қарағанда құлақ қойнауларында ұсақ түйіндер бар. Қанда:ЭТЖ-30 мм/сағ, зәр қышқылы-0,56 ммоль/л. Толарсақ буынындағы БАРЫНША тән рентгенологиялық өзгерістерді атаңыз?

A) Буындық шелдердің тарылуы, пробойник белгісі

B) Буындық шелдердің субхондральды склероз

C) Буындық шелдердің кеңеюі, көптеген эрозиялар

D) Буындық шелдердің тарылуы, буынмаңайлық остеопороз

E) Буындық шелдердің кеңеюі, киста тәрізді ағарулар

{Дұрыс жауап} = A

{Күрделік} = 2

{Оқулық} = («Клинические рекомендации. Ревматология» п/р акад. Е.Л. Насонова - Москва «ГЭОТАР-Медиа» 2011г.)

{Курс} = 7

{Семестр} = 14

$$$007

Науқас., 57 лет әлсіздікке, бас ауруына, сүйектерінде ауырсынуға, жүдеуге шағымданады. Қан анализінде: эр-3,0 млн., Нв-92 г/л, ТК-0,9, лейк-6,1 мың., тромб-180 мың. ЭТЖ-67 мм/сағ. Жалпы белок-105 г/л, IgG-45 г/л. Миелограммада: плазматикалықклеткалар 27%. Науқастың сүйек R-графиясынан қандай өзгерістер көруге болады?

А) Сүйек тіндеріндегі көптеген деструкция ошақтарын

В) Сүйек деструкциясы склероз бен остеолиз зоналарымен араласып көрінген

С) Деструкция ошақтарының шеттері тегіс емес. Торшалар көрінісі

D) Сүйек тіндерінің тығыздалуы

Е) Сүйектердегі дистрофиялық өзгерістер

{Дұрыс жауап}=А

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}=(Руководство по гематологии, Воробьев А.И., 2005)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$008

Науқас А., 43 жаста терісінің құрғақтығына, іш қату мен, ұйқышылдыққа шағымданды. Анамнезінде созылмалы гайморит. Қарау кезінде бойы -168 см, салмағы -92 кг. Терінің жыртылуы жоқ, айқын гиперкератоз. Беті пастозды.ЖСЖ-60 р мин. АҚҚ- 80/60 мм сын. бағ.ҚЖА: Нв-75 г/л, қандағы қант -3,5 ммоль/л, сарысу белогымен байланысқан йод, -300 ммоль/л.Төменде аталған зерттеу әдістерінің қайсысы барынша ақпаратты?

A) Т3, Т4, ТТГ зерттеу

B) Реберг сынамасын жүргізу

C) Қандағы холестеринді зерттеу

D) Нечипоренко бойынша зәрді зерттеу

E) глюкозаға толеранттылық тестін жүргізу

{Дұрыс жауап} = А

{Күрделілігі} = 2

{Оқулық} = (Клинические рекомендации. Эндокринология. Под ред. И.И.Дедова, Г.А.Мельниченко, М., 2007)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$009

Ж атты науқас 66 жаста жағымсыз иісті 200мл.ге дейін бөлінетін қақырықты жөтелге шағымданады. Дене температурасының 40°С дейін жоғарылауы, қалтырау, әлсіздік, тершеңдік. Рентгенологиялық қандай өзгерістер күтеміз?

А) Сопақша формалы қуыс горизонтальды қалыптағы сұйықтықпен

В) Біркелкі емес ішкі контурлы қуыс, тамыр қасындағы түйіндердің кеңеюі

С) Жұқа қабырғалы қуыс горизонтальды деңгейдегі қабынулы емес инфильтрациясымен

D) сұйықтықтың горизонталды деңгейі фонында ішкі контуры толқын тәріздес жұқа қабырғалы киста

Е) Сопақша формалы гомогенді емес орақ тәрізді ағарумен қараю

{Дұрыс жауап}=A

{Күрделілік}=3

{Оқулық}=(Респираторная медицина. Руководство под ред.акад. РАМН Чучалина А.Г.. Медицина, 2007, в 2-х томах)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжам білімі}= NS

$$$010

Науқас 20 жаста. Перикардиалды аймақта стенокардиялық сипаттағы ауырсынуға, сол жерде кезеңді перебой сезімі, естен тану жағдайына шағымданады. Анамнезінде- туыстарындағы кенет өлім жағдайлары бар. Диагнозды нақтылау үшін қандай диагностика әдістері қажет?

А) Кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясы

В) Велоэргометрия

С) Тредмил – тест

D) ЭХОКС

Е) Стресс - ЭХОКС

{Дұрыс жауап} = D

{Күрделілігі=3

{Оқулық}= (Клиникалық нұсқаулық. Кардиология. Беленков Ю.М., Оганов Р.Ф. ред. басқ. М., 2007ж)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$011

Қабылдау бөліміне 44-жастағы науқас жеткізілген, ішінің жоғары бөлігінде қатты ауырсыну пайда болған, біраз уақыттан соң сарғаю қосылған, анамнезінен науқас көп жылдар бойы гастроэнтеролог бақылауында, периодты түрде емделеді,соңғы нашарлауын диета ұстаудағы қателіктерімен және ауыр физикалық еңбекпен байланыстырады. Пальпаторлы өт қабы анықталмайды. Тексеру барысында тікелей фракция әсерінен болған гипербилирубинемия анықталған, УДЗ кезінде:өт қабы тесігінде конкременттер және жалпы өт жолының кеңеюі. Науқасқа қандай қосымша зерттеу жасау керек, науқасты жүргізудің арғы тактикасы?

А) Эндоскопиялық ретроградты холангиопанкреатография, стационарлы емдеу

В) Пероральды холецистография, гастроэнтерологта ары қарай бақылауда болу

С) ЯМР-томография, диетаны тузеу.

D) Іштің және жамбас мүшелерінің компьютерлі томографиясы, осы күйге әкелген этиологиялық факторларды жою

Е) Биллиарлы радиоизотоптыгепатография, амбулаторлы емдеу.

{Дұрыс жауап}= А

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(Клиническая гастроэнтерология, Григорьев П.Я., Яковенко А.В., 2004г.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$012

Жасөспірім 15 жаста, фолликулярлы ангинаны баснан өткерген,дене қызуы 38º С дейін көтерілген; бет аймағында ісіктер пайда болған, белдегі ауырсынумазалаған, зәрінің түсі өзгеріп,басының ауруы, бас айналуы,әлсіздік байқалған. Қан анализінде: лейкоциттер - 5,4 мың., ЭТЖ - 35 мм/с.Зәр анализінде: түсі - «ет жуындысы», салыст тығ - 1025, эритроциттер- 30-35 к/а., белок - 1,5 г/л. УДЗ қандай көрініс көруге болады:

A)Үлкен шажырқайлы бүйрек

B)Тостағанша-астаушаның деформациясы, шамалы тығыздалу белгілері

C)бүйрек паренхимасының ісінуі

D)Екіншілік беріштенген бүйрек

E) Бүйрек – паренхима синусының анық дифференциясы жоқ

{Дұрыс жауабы} = C

{Күрделілігі} =3

{Оқулық} = (Внутренние болезни, Жаманкулов К.А., 2009 г.)

{Курс} = 7

{Семестр} = 14

 

Date: 2015-05-19; view: 931; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию