Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






ЖҮКТЕРІ БАР ВАГОНДАРДЬІТІРКЕУДЩ ТӘРТІБІ





1. Ерекше абайлықты қажет ететін жүктері тиелген вагондар (цистерна-лар) поездарға тіркеген кезде кейбір жағдайларда локомотивтерден, адамда-ры бар вагондардан және өзара қалқалануы тиіс. Ерекше абайлықты қажет ететін жүктерді тасымалдаудың тәртібі, олардың тізімі мен қалқалаудың бе-кітілген нормалары Жүктерді тасымалдау ережелерінде келтірілген.

Аталмыш жүктің негізгі қасиеттерін сипаттайтын деректер, сондай-ақ қалқалаудың қажетті нормалары жүк жөнелтуші тасымалдау құжатгарында көрсетіледі.

2. Поездардың қүрамындағы жүруге жарамайтын, алайда жарамды жүрістік бөліктері бар жекелеген вагондар жөндеу пунктілеріне вагондық деполар немесе шаю-буландыру станцияларының белгіленген түрдегі жөнелту құжаттарын қүрастырғаннан кейін ғана жекелеген локомотивтер-мен жөнелтілуі тиіс.

3. Бүйірлік және 4, 5 мен 6-шы дәрежедегі астыңғы габаритсіздікке ие жүктері бар вагондар поездың басы мен соңынан габариттен аспайтын жүгі бар немесе бос вагоннан кем болмайтындай қалқаға ие болуы тиіс.

Бүйірлік және астыңғы габаритсіздікке ие (1-3 дәрежедегі габаритсіз-дікке ие жүктерді санамағанда) вагондарды ұзын құрамды поездарға қоюға тыйым салынады.

. Бақылау рамасы бар вагон поездың басқы жағына қойылады немесе жоғарғы өңірдегі бақылау рамасының көрінуін жақсарту үшін локомотив-тен бір бос платформамен бөлінеді.

Бүйірлік және 6-шы дәрежедегі асгыңғы габаритсіздікке ие және шекген тыс габаритсіз болып келетін жүкгері бар вагондар поездың құрамына бақылаулық рамасы бар вагоннан 20 вагоннан жақын болмайтын жерге тіркеледі.

Габаритсіз (шектен тыс габаритсіз) жүкті бақылаулық рамамен жеке локомотивы бар арнайы поезбен тасымалдау кезінде осы жүк тиелген вагон бақылаулық рамасы бар вагоннан 5 вагоннан жақын болмайтын жерде ор-наласуы тиіс. Мүндай жүгі бар вагон поездың соңынан габариттік жүгі бар немесе бос вагоннан кем болмайтын қалқаға ие болуы тиіс.

Поездардың құрамдарына мүшеленген типтегі ТСЧ-300М (3994 типін-дегі код) тасымалдағыштарын есепке алмағанда, жүк көтерімділігі 300 т дей-ін баратын жүк тиелген тасымалдағыштарды енгізуге рүқсат етіледі.

Жүк көтерімділігі одан да жоғары болып келетін тасымалдағыштардың, сондай-ақ ТСЧ-300М типіндегі тасымалдағыштардың тиелген, сондай-ақ бос қалпында қозғалу тәртібі аталмыш тасымалдағыштарды пайдаланудың техникалық шартгарымен немесе Достастыққа қатысушы-мемлекеттердің Темір жол көлігі жөніндегі кеңес дирекциясының жекелеген нұсқауларымен белгіленеді.

Поезға осьтерінің саны 12 және одан да артық жүк тиелген тасымалдағыштарды (жүк көтерімділігі 120 т тіркестік типіндегі тасымалдағыштардан басқа) қойған кезде олардың жанына әр жағынан салмағы 40 т-дан аспайтын жук тиелген төрт осьтік вагондардың кем де-генде төртеуі немесе кез келген типтегі бос вагондар қойылуы тиіс. Бір по-езда осындай бірнеше тасымалдағыш келе жатқан кезде олардың арасына қалқалау вагондарының кем дегенде үшеуі қойылады.

Жүк көтерімділігі 120 т төрт осьтік және тіркестік типтегі бос және жүк тиелген тасымалдағыштар поездарға қалқалаусыз қойылады.

Поездарға жүк көтерімділігі 120 т (3960 және 3961 типіндегі кодтар) және 240 т (3974 типіндегі код) тіркестік типіндегі тасымалдағыштарды қою және соларға тіркелген күйінде қозғалуының шарттары осы тасымалдағыштарды пайдаланудың техникалық шарттарымен белгіленеді.

Осьтерінің саны 8 және одан да көп болып келетін бос тасымалдағыштарды олардың салмағы 3 мың тоннадан асатын поездарда қозғалуы кезінде оларды поезд құрамының тек соңғы төрттен бір бөлігіне қоюға ғана рұқсат етіледі. Поездың салмағы одан аз болған кезде аталмыш тасымалдағыштарды поезд құрамының кез келген бөлігіне қоюга болады.

4. Хоппер-мөлшерлегіштердің жалпы қолданыстағы темір жол же-ліліері бойынша қозғалуына әр маршрутта қызмет көрсетуші персоналға арналған бір турлық вагонды ескерумен тек тұйық маршруттарда ғана рұқсат етіледі.

Әрбір маршруттағы хоппер-мөлшерлегіштердің саны олардың жүктерін түсірудің технологиялық талаптары мен шарттарына негіз-делумен белгіленеді. Балластық материалдарды өзге темір жолдарынан шығару, сондай-ақ оларды қысқы жинақтау базаларына кіргізу ісі, әдетте, қосарланған маршруттармен орындалуы тиіс.

Ұзындығы немесе салмағы қозғалыс кестесінде белгіленген көрсеткіштерден төмен болып келетін поездардың құрамында қатынап жүрген бос және жүк тиелген хоппер-мөлшерлегіштік маршруттарды аралық станцияларда ажыратуды қажет етпейтіндері мен маршруттардың қозғалыс жылдамдықтарын шектемейтіндерін думпкарларды есепке алмағанда (6ВС-60 және 7ВС60 типіндегілерін санамағанда), кез келген жыл-жымалы құраммен толықтыруға рұқсат етіледі. Бұл ретте ЦНИИ-2 және ЦНИИ-3 хоппер-мөлшерлегіштерден құралған маршураттар үшін жүк ти-елген құрамның жиынтық салмағы 2600 тоннадан аспауы тиіс.

Хоппер-мөлшерлегіштерден құралған маршруттың тиелген неме-се бос қалпында телім арқылы белгіленген шекті рүқсат етілген қозғалыс жылдамдықтармен қозғалуға даяр болғаны туралы хоппер-мөлшерлегіштік маршруттың машинисі тасымалдау құжаттарында маршруттың қозғалуға даяр болғаны, хоппер-мөлшерлегіштердің барлық түсіру-мөлшерлеу құрылғылары тексеріліп, толықтай көліктік жағдайға келтірілгені туралы жазба енгізуі тиіс. Жүк тиелген түрде қозғалу кезінде мүндай жазба жүк қағазында, ал бос қалпында қозғалған кезде - жөнелту ведомосінде жасала-ды.

Хоппер-мөлшерлегіштердің мөлшерлеуші құрылғыларын техникалық күтімге алу жұмысын хоппер-мөлшерлегіштерді күтімге алатын бригадалардың күшімен орындалады.

Хоппер-мөлшерлегіштер ілесіп жүруші жоқ кезде жүк поездарын-да тек бос қалпында ғана жасаушы-заводтардың, вагондық деполардың, жөндеу заводтарының, оларды тіркеу орнына өткізу қажет болған жағдайда жол шаруашылығы бөлімшелерінің өтінімдері бойынша жөндеуге және жөндеуден, реттеу тәртібімен және т.б. тасымалдауды станциялық есепті-лікті жүргізу мен ақаулы вагондардың болуын және жөнделуін есепке алу жөніндегі әрекеттегі нұсқауларға сәйкес жөнелтілуі мүмкін.

Хоппер-мөлшерлегіштерді жөнелтпес бұрын жөнелтуші оларды толықтай тасымалдау жағддайына келтіруі, ол оның жүруге дайын болғаны және рұқсат етілген қозғалыс жылдамдықтары туралы жөнелту станция-сында женелту құжаттарында тиісті жазба енгізуі тиіс.

Ақаулану себебінен зырылдауықтан ағытылған жүк тиелген хоп-пер-мөлшерлегіш жөндеуге жіберілмес бүрын жүктен босатылып, бүдан кейін толықтай көліктік жағдайға келтірілуі тиіс. Станция бастығы хоп-пер-мөлшерлегіштерді жөнелту туралы өтінім, жөнелту және тасымалдау қүжаттары болған жағдайда ғана жөнелтеді.

5. Қазақсган Республикасының темір жол желілері бойынша өзге минис-трліктер мен ведомствол ардың, және жекелеген өз бетінше шаруашыл ықтардың кәсіпорындары мен ұйымдарына жататын думпкарлардың қатынауы бұрында әзірленген және әрекетгегі нүсқауларына негізделумен Қазақстанның темір жолдары шектерінде - «ҚТЖ»¥К»АҚ басшылығы белгілейтін; ТМД-ның темір жолдарына шығумен қатынаған жағдайда -Достасгықтың қатысушы-елдерінің темір жол көлігі жөніндегі кеңес дирекциясы белгілейтін рұқсат етулер мен шарттары бойынша орындалады.

Қазақстан Республикасының темір жол желілері арқылы қатынауға рүқсат берудің алдында думпкарларды қүрамына ВЧД УРБВ және ДС кіре-тін комиссия тексеріп шығады, соңғысы олардың думпкарлардың қатынау туралы өтінімінде ескерілген шарттармен пайдалануға жарамдылығын тек-середі. Тексерудің қорытындылары туралы акт жасалады, онда вагондардың техникалық жағдайы және олардың Қазақстан Республикасының те-мір жол желілерінде, ТМД елдерінің темір жол желілерінде қатынауға жарамдылығын көрсетеді.

Қазақстан Республикасының темір жол желілерінде келесі көлік түрлерінің қозғалысы орындалады: 6ВС-60 және 7ВС-60 және ВС-60 думпкарларының жүк поездарына арнап белгіленген жылдамдықтармен, толыққұрамды маршруттармен және бос, сондай-ақжүктиелген қалпында толықтырумен ірілендірілген топтармен қүрастыру жоспарына сәйкес коз келген жылжымалы қүраммен; барлық өзге түрдегі думпкарлар думпкарлардың тиісті түрлеріне арнап белгіленген жылдамдықтармен, салмағы ары кеткенде 2600 т. жекелеген маршруттармен, бос қалпында бел-гіленген үзындыққа дейін, ал жүк тиелген қалпында - белгіленген салмаққа дейі кез келген жылжымалы құраммен толықтырумен.

Думпкарлық маршруттарды аралық станцияларда ағытуды қажет ет-пейтін және думпкарлық маршруттардың жылдамдықтарын шектемейтін-дей жылжымалы құраммен толықтыруға рұқсат етіледі.

Думпкарлардан құрылған маршруаттар және барлық типтегі думпкарлардың ірілендірілген топтарына думпкарлардың құрылысы мен оларды пайдаланудың әдістерін білетін машинист пен машинист көмекшісінен тұратын бригада ілесіп жүреді, соңғысын иегердің кәсіпкері және ұйымы тағайындайды.

Поездарда жөндеуге, жұмыс орнына бара жатқан немесе жөндеуден келе жатқан думпкарлардың жөнелтілуі тек бос қалпында жүк поездары-на арнап белгіленген жылдамдықтармен (ВС-100 және 2ВС-105 думпкарлар үшін ары кеткенде 80 км/сағ) орындалады, бұл ретте 6ВС-60 және 7ВС-60 думпкарлары поездың кез келген бөлігінде, ал қалғандары жүк поезының аяғында соңғы болып қойылады.

Вагон-думпкарларды олар Қазақстан Республикасының темір жол же-лілерінде тұрған кезінде техникалық күтімге алу ісі Қазақстан Республикасы паркінің вагондарын техникалық күтімге алумен бірдей түрде орындалады.

Техникалық және коммерциялық себептермен жүк тиелген думпкар-ларды маршруттан ағыту ісі Жүктерді маршруттармен және вагондар то-бымен тасымалдау ережелеріне сәйкес жүк қағазы бойынша ресімделеді. Қосымша жөнелтілген құжаттарда негізгі тасымалдау қүжаттарында бар ерекше белгілер көрсетіледі, бұл ретте міндетті түрде ВУ-23 нысанындағы хабарландыру қүрастырылады.

6. Ауыр типтегі жол машиналары (жол төсегіш, қиыршықтастазалағыш, қар тазалағыш және т.б.), темір жол жүрісіндегі крандар мен аранйы жыл-жымалы құрамның өзге бірліктері (жылжымалы электрқондырғылар; қазашүңқырлардықазуға,қадалықіргетастардытүйіспелітораптіректерінің астына батыруға және т.б. арналған машиналар) станциялардан жұмыстық емес қалпында (жүк поездарында немесе жекелеген локомотивтермен) аталмыш агрегаттарды иеленуші шаруашылық бірліктердің етінімдері бой-ынша ғана жүруге арнап жөнелтіледі.

Оларды жұмыстан тыс қалпында жөнелтуге әзірлеу жұмысын жүк жөнелтушілер соған сәйкес агрегаттарға арнап әзірленетін техникалық шарт-тарда (нүсқаулықтарда) ескерілген талаптарға сәйкес, немесе агрегаттың парпорттық деректеріне сәйкес жүргізіледі. Афегаттың көліктік жағдайға келтірілгені туралы жөнелтуші тасымалдау құжаттарында белгі жасауы тиіс.

Агрегаттың жүмыстан тыс қалпында жөнелтуге әзірлігі «ҚТЖ»¥К»АҚ басшылығы тағайындайтын комиссиясымен тексеріледі.

Агрегатты жүк поездарының құрамына қою ісі техникалық шарттарда (нүсқаулықтарда) немесе тиісті агрегатты пайдаланудың тәртібін белгілей-тін паспорттық мәліметтерде ескерілген ережелерге сәйкес орындалады.

Егер техникалық шарттарға (нұсқаулықтарға) немесе паспорттық де-ректерге сәйкес афегат жүк поездарына арналған жылдамдықтан төмен жылдамдықпен өткізілуі тиіс болса, онда агрегатты көліктік жағдайға келті-РУ туралы белгіде женелтуші сол жылдамдықты көрсетуі тиіс.

7. Әрекеттен тыс қалпындағы локомотивтер депо директорларының не-месе завод әкімшілігінің өтінімдері бойынша локомотивтердің техникалық жағдайын тексергеннен кейін жөнелтіледі, аталмыш техникалық тек-серу белгіленген нысан бойынша құрастырылатын актімен ресімделеді. Өтініммен бірге жөнелту станциясының бастығына ұсынылатын актіде локомотивтың рүқсат етілген қозғалу жылдамдығы көрсетіледі. Актінің екінші данасы локомотивтың жолсерігіне тапсырылады.

Әрекеттен тыс жағдайында жөнелтілетін электровоздар мен тепловоз-дар жүк поезында жетекші локомотивтың соңынан екі бір секциялық не-месе бір үш секциялық (екі секциялық) түрде, ал Қазақстан Республикасы темір жолдарының шектерінде «ҚТЖ»¥К»АҚ басышылығы белгілейтін мөлшерде қойылады.

«ҚТЖ»¥К»АҚ нұсқауы бойынша локмотивтердің көптеген санын жөнелткен кезде жүктемесі бір метрге 8Д т қүрайтын локомотивтерді саны 3-тен 10 дейін баратын екі секциялық, 7 үш секциялық немесе 20 бір секциялық локомотивтерден (жетекші локомотивты санамағанда) құралған тіркестер түріндегі жөнелтуге рұқсат етіледі, бұл ретте жетекші локомотив ретінде тіркестегі локомотивтердің бірі болуы мүмкін.

Жөнелту туралы нұсқауды Қазақстанның темір жол шектерін-де - «ҚТЖ»¥К»АҚ; Орта Азияның темір жолдарына шықан кезде - сол жолдардың бастықтарымен келісумен, ал Ресейдің темір жолдарына шыққан кезде - Ресейдің ҚЖМ-мен келісумен береді.

Жүк поездарында дизель-поездарды жөнелткен кезде соңғылары жүк поезының соңында қойылады.

Суық қалпында жөнелтілетін тендерлері бар паровоздар жетекші локомотивтың соңынан біреуден аспайтын мөлшерде, ал Қазақстанның те-мір жолдары шектерінде «ҚТЖ»¥К»АҚ басшылығы белгілеген мөлшерде қойылады. Суық паровозды қосарланған тартым кезінде поездың соңында қою ісі жолдың жоғарғы құрылыстары мен жасанды құрылыстарға байла-нысты қойылады және «ҚТЖ»¥К»АҚ басшылығымен рұқсат етіледі. Төрт-және алты осьтік тендерлері бар паровоздарды тендерлерін алдына қаратып жөнелтуге рұқсат етіледі, үш осьтік тендерлері бар паровоздар поезға тек мұржасын алдына қаратқан күйінде ғана қойылады.

8. Арнайы құрамдарды тасымалдау олардың бастықтарының өтінімдері бойынша Қазақстан темір жолдарының шектерінде - «ҚТЖ»¥К»АҚ басшылығының бұйрығы бойынша, ал ТМД және Балтық жағалауы елдерінің темір жолдарына шыққан кезде - Достастыққа қатысушы-елдердің Темір жол көлігі жөніндегі Кеңесі Дирекциясының бүйрығы бой-ынша орындалады.

Арнайы қүрамның сипаты мен жылжымалы қүрамның типіне байла-нысты бүйрықта қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жылжыту шарт-тары көрсетіледі.

9. Метрполитендердің вагондары метрополитеннің вагондарынан (12 вагонға дейін) және темір жолдың жүк паркінің екі қалқалау вагоны-нан құрастырылған тіркестер түрінде жөнелтіледі. Қалқалау вагондары

тіркестің екі жағынан әрбір жағында бір вагоннан тіркеледі. Бұл вагон-дар метрополитен вагондарымен тіркелген жағынан автотіркегіштердің типтік бастиектерінің орнына орнатылатын ауыспалы ілінісулермен жабдықталады.

Метрополитен вагондарына жөнелтуші оларға ілесіп жүруіне ар-нап жолсеріктерді тағайындайды, оларды тасымалдау үшін жаз кезін-де метрополитеннің бір вагоны, ал қыс кезінде өзіне арнап қалқалау вагондарының бірі пайдаланылатын - жылы вагон пайдаланылады.

Жөнелтілетін вагондардың қозғалуға дайын болғандығын белгі-леу үшін оларды жөнелтуші белгілейтін комиссия тексеріп шығады. Комиссияның құрамына жөнелту станциясының вагондарын техникалық күтімге алу пунктінің өкілі енгізіледі. Комиссия үш данада ТУ-25 нысаны бойынша жөнелтілетін вагондардың техникалық жағдайын тексерудің ак-тісін құрастырады, оның бірінші данасы вагондарды жөнелтетін депода не-месе заводта қалады, екіншісі жолсеріктер тобының басқарушысына тапсы-рылып, үшіншісі станцияның вагондарды жөнелтуге өтінім беруіне арнап қолданылады.

Даярланған тіркесті тасымалдау ісі жеке локомотивпен орындалады. Метрополитен вагондарын поездың қүрамына қоюға, сондай-ақ оларды сұрыптау дөңестерінен өткізуге жол берілмейді.

Метрополитен вагондарын темір жол арқылы өткізу ісі түзу және ра-диусы 300 м-ден асатын қисықтарда жүк поездарына арналған, алайда 75 км/сағ аспайтын жылдамдықтармен орындалады. Радиусы 300 м және одан кем болып келетін қисықтар бойынша қозғалыс жылдамдығы радиусы 60 м қисықтарда -15 км/сағ-тан, радиусы 100 м қисықтарда - 30 км/сағ-тан, радиусы 300 м қисықтарда - 60 км/сағ-тан аспауы тиіс.

Метрополитен вагондарының жүру маршруттары Достастыққа қатысушы-м£млекеттердің Темір жол көлігі жөніндегі кеңес дирекциясы-мен белгіленеді.


4-қосымша

Date: 2015-05-19; view: 724; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию