Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Сұрыптау жолдары мен тартым жолдарындағы маневрлер





11.43. Вагондарды сұрыптауға арналған дөңестік құрылғылары бар стан-цияларда маневрлер «ҚТЖ»¥К»АҚ басшылығы бекіткен нұсқаулықтарға сәйкес орындалуы тиіс, оларда сонымен қатар қүрамдарды ажырату про-цесін автоматтандыру құрылғыларын пайдалану тәртібі көрсетіледі.

Сұрыптау дөңестерінің жұмысы жөніндегі нұсқаулықтарда соны-мен қатар вагондардың сұрыптау жолдарына сұрыптау дөңесінің қарсы жағындағы қылтаға кетуін болдырмайтын шаралар (қоршағыш тежегіш табандықтарды төсеу, ажыратылған тіркестерді парктың түбінде тоқтату, сұрыптау дөңесі мен сұрыптау парк қызметкерлерінің арасындағы келісіл-гендік және өзге де шаралар) ескерілуі тиіс.

11.44. Вагондарды сұрыптау дөңесінен түсірмес бұрын дөңес кезекшісі келесі әрекеттерді орындауға міндетті:

а) дөңес жағындағы жолдардың бос болу дәрежесін және оларда өтпелердің болуын тексеріп шығуға;

б) алдағы тарқатудың жоспарымен, тіркестердің орналасу тәртібімен, орбір тіркестегі вагондардың санымен, тіркестердің жүрістік қасиеттерімен, іарқату кезінде ерекше абайлықты қажет ететін, ұзын базалық (осьтерінің орталықтары арасындағы арақашықтығы 11,3 м-ден асатын) вагондардың Оолуымен және басқа да қажетті деректермен танысып шығуға;

в) сол станцияда бекітілген тәртіп бойынша алдағы тарқатудың си-патымен вагондарды сұрыптау ісіне қатысатын озге қызметкерлердің (окімдік және атқару қосындарының операторларын, поездардың құрастырушыларын, вагондардың қозғалыс жылдамдығын реттеушілерді жоне т.б.) таныстырылуын қамтамасыз етуге;

г) сұрыптау жұмысын автоматтандыру құрылғыларын қосуға.

11.45. Дөңес кезекшісі, өкімдік және атқару қосындарының опе-раторлары, поездарды құрастырушылар, вагондардың қозғалыс жылдамдығын реттеушілер тарқату кезінде сұрыптау жолдарының то-луына байланысты, тіркестердің стрелкалық өңір мен дөңес астындағы жолдардан өту жағдайларына, тіркестердің шамасына, тіркестерді сұрыптау паркінің жолдары бойынша тағайындауды алмастыруға бай-ланысты жылжыту жылдамдығы мен вагондарды тежеу дәрежесін рет-теп отыруы тиіс.

Тарқату барысында дөңес кезекшісі, өкімдік және атқару қосындарының операторлары тіркестердің қозғалысын бақылап, олардың сұрыптау паркінің жолдары бойынша дұрыс жүруін, сұрыптау жұмысын автомат-тандыру құрылғыларының жұмысын бақылап отыруы және орын алған жағдайға сәйкес қажет болса олардың жұмысына түзетулер енгізіп отыруы тиіс.

11.46. Сұрыптау жолдарында 1 (ЖМ) кластық қауіпті жүктер тиелген вагондар немесе сұйытылған газдары бар цистерналар тұрған кезде манев-рлік диспетчерлер мен сұрыптау дөңестерінің кезекшілері өздерінде атал-мыш вагондар тұрған жолдардың дәл есебін жүргізіп отыруға міндетті.

Өздеріне қатысты тасымалдау құжаттарында «Дөңестен түсірілмесін» деген мөрқалып соғылған жарылғыш материалдары (ЖМ) бар вагон-дар, сұйытылған газдар құйылған цистерналар мен сұйытылған газдарды тасымалдауға арналған бос цистерналар сұрыптау жолдарына қойылғаннан кейін дереу түрде дөңес, жартылай дөңес немесе тартымдық жол жағынан екі күзету тежегіш табандықпен қоршалуы тиіс, соңғылары қоршалатын вагондардың сұрыптау дөесінен алғашқы болып орналасқан тежегіш табандығына дейінгі арақашықтық кем дегенде 50 метр болатындай етіп рельстіңекеуіне де бір бірінен25 метр арақашықтықтатөселеді. Осы жолдарға жіберілетін кейінгі тіркестер күзеткіш тежегіш табандықтары орналасқан жердің алдында кем дегенде 10 вагоннан тұратын топ жинақталғанша тоқтап тұруы тиіс. Вагондарды тарқатудың немесе итеру маневрлері кезінде оларды осындай жолдарға жіберудің қалыпты режимі қоршалған вагондар өздерімен алдын ала қосылған вагондар тобымен қалқаланған жағдайда ғана қалпына келтірілуі мүмкін. Өздеріне қатысты тасымалдау құжаттарында «Дөңестен түсірілмесін» деген мөрқалып соғылған қоршалатын вагондар-дан дөңес немесе тартым жағындағы парктік тежегіш жайғасымның аяғына дейінгі арақашықтық 50 метрден кем болса, кейінгі тіркестер бұл жолдарға шегіндіру әдісімен ғана жөнелтілуі тиіс.

Тарқату барысында дөңес кезекшісі, өкімдік қосын операторы неме-се дөңестік құрастырушы екі жақты парктік байланыс немесе өзге түрдегі байланыс арқылы атқару қосындарының операторларын, вагондардың қозғалыс жылдамдығын реттеушілерді, стрелкалық қосын кезекшілерін ерекше абайлықты қажет ететін тіркестер (1(ЖМ) кластық қауіпті жүктері бар, жолсеріктері, құстар мен т.б. бар вагондар) туралы үнемі түрде хабар-дар етіп отыруы тиіс.

Тарқатуға қатысатын қызметкерлердің барлығы, мұндай тіркестерді

дөңестерден түсірген кезде, сондай-ақ кез келген тіркестерді өзінде ерекше абайл ықты қажет ететін жүктер тиел ген вагондар тұрған жолдарға тарқатқан кезде айрықша абай болуы, жылжымалы құрамды тарқату қаупсіздігі мен сақтанымдылығын қамтамасыз етуі тиіс. Жылжыту жылдамдығын, сондай-ақ баяулатқыштардағы тежелудің күшін тіркестердің арасындағы қажетті арақашықтарды қалыптастыру және сол вагондардың өзге вагондармен соғылысқаны кезінде белгіленген жылдамдықтарды шартсыз түрде сақтау есебімен реттеп отыруға. Қызметкерлерді тарқатылатын құрамда және сұрыптау паркінің жолдарында Темір жолдар бойынша жүктерді тасымал-дау ережелері мен Темір жолдар бойынша қауіпті жүктерді тасымалдау ережелерінде аталған ерекше абайлықты қажет ететін жекелеген категори-ялы жүктері бар вагондардың болуы туралы хабардар етудің тәртібі жергі-лікті нұсқаулықтарда белгіленеді.

11.47. ТПЕ-нің 15.19-тармағына сәйкес төмендегілерді итермеле-умен маневрлер орындауға және оларды дөңестен тарқатуға тыйым салынады:

жүктерге ілесіп келе жатқан жолсеріктері (командалар) бар вагон-дарды есепке алмағанда, адамдары бар вагондарды;

Темір жолдар бойынша жүктерді тасымалдау ережелері мен Темір жолдар бойынша қауіпті жүктерді тасымалдау ережелерінде аталған жекелеген категориялы жүктері бар вагондарды;

жаны мен асты бойынша 4-ші, 5-ші және 6-шы дәрежедегі габарит-сіздікке ие габариттен тыс жүктер мен 3-ші дәрежедегі жоғарғы габа-ритсіздікке ие жүктер тиелген платформалар мен жартылай вагондар, жүк тиелген тасымалдағыштарды;

әрекетсіз қалпында тұрған локомотивтерді, моторвагондық жыл-жымалы құрамды, рефрижераторлық поездардың құрамдарын, жолау-шы вагондарын, темір жол жүрісіндегі крандарды;

Date: 2015-05-19; view: 893; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию