Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Дәріс. Ауыр ортада байыту





Ауыр ортада байыту процесі әртүрлі тығыздықты минералдар (не кен) кесектерінің екі аралық тығыздықты ортада бірінің батып, екіншісінің қалқуына негізделген. Мысалы, тығыздығы 1000 кг/м3-ден үлкен зат түйіршігі және тығыздығы 1000 кг/м3-ден кіші (органикалық зат) кесегі суға салынса түйіршік дереу батады да, ал органикалық кесек су бетінде қалқыйды. Яғни заттың суда батуы не батпауы олардың салмағына емес, тек тығыздығына тәуелді. Осы принциппен тек таза минералдар кесектері емес, тығыздықтарында айырмашылық бар кен кесектерінде бөлуге болады. Ол үшін тығыздығы екі аралықты орта болуы керек.

Кендерде өте көп кездесетін ең жеңіл минералдардың бірі- кварц (шақпақ тас). Оның тығыздығы 2650 кг/м3. Басқа, құрамына металдар кіретін барлық минералдардың тығыздығы кварц тығыздығынан көп үлкен. Сондықтан, ауыр ортада байыту үшін ол ортаның тығыздығы кварц тығыздығынан үлкен болуы қажет. Сонда ғана тау-жыныс минералдарының кесектері қалқиды да, ал құрамында бағалы зат бар кен кесектері батады.

Ауыр орта ретінде тығыздығы жоғары кейбір органикалық сұйық заттар, неорганикалық тұздардың су ерітінділері және суспензиялар қолданылады. Суспензия деп су мен қатты заттың түйіршіктерінің араласын атайды.

Органикалық ауыр сұйықтардың сипаттамалары бірінші дәрісте келтірілген. Олардың бағаларының өте жоғары және улы болуына байланысты өндірісте қолданудың мүмкіншілігі жоқ. Тұздардың су ерітінділерінде өндірістік мөлшерде қолдану тиімсіз. Себебі процесс кезінде олардың шығыны жоғары. Сондықтан, егер қолданылса, шығындалған бөлегінің қасиеттеріне қарай әр түрлі әдіспен қайта орнына келтіріп (регенерация), процеске қайтару қажеті туады. Ол үшін қосымша қондырғылар, қаражат шығару керек. Демек, оларда өндіріске өте тиімсіз. Сондықтан, бұл орта түрлері тек лабораторияларда ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізгенде ғана қолданылады.

Байыту фабрикаларында кеңінен қолданылып келе жатқан ауыр орта- ауыр суспензиялар.

Date: 2015-05-18; view: 2003; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию