Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Конусты сұрыптағыштар





Конусты сұрыптағыштар заттың ірілігіне қарай құм және шлам сұрыптағыштары болып бөлінеді. Құм сұрыптағыштары ірілігі 6 мм-ден жоғары болмайтын затты екі өнімге бөлу үшін және құмды сусыздандыру үшін қолданылады (3-сурет).

Сұрыптау процесі пульпа аппараттың ағызынды деңгейінің төменгі жеріне түскенде пайда болатын, судың өрлеу ағындысында жүреді. Зат төңкерілген қима конуска құбыр арқылы беріледі. Ірі зат төмен шөгеді де, белгілі бір уақыт өткен сайын немесе үздіксіз, конустың төбесіндегі тесік арқылы шығарылып тұрады. Майда түйіршіктер ағызынды түрінде конустың жоғарғы шеті арқылы сақина пішінді науаға түседі. Конусты сұрыптағыш 600-қа көлбей төңкерілген, козғалмайтын конус болып табылады. Сұрыптағыштың сырт қорабы (1) жазық болаттан пісіріліп дайындалады. Сұрыптағыштың табанының төменгі жағына ағаштан жасалған жағашасы (3) бар сақина пішінді ағызынды науашығы (2) бекітілген. Рамаға конустың орталық бойында (4) ішінде шайқалтпағышы (6) бар зат берілетін құбыр (5) орнатылған. Конустың қиылған бөлігіне екі түтікшесі бар конус басы (7) бекітілген. Түтікше (8) конус басы ластанған жағдайда, оны жуып тазалау үшін қолданылады. Түтікше (9) арқылы тұнған өнім арнайы құбырмен (10) шығарылып тұрады.

    3-сурет. Конусты сұрыптағыш

Конусты сұрыптағыштардың өнімділігі кең аралықта өзгеріп отырады және олардың қандай режимде жұмыс істеуіне байланысты, яғни бастапқы заттың алынатын өнімнің сұйықтық дәрежесіне, ағызынды түйіршіктерінің және бастапқы зат ірілігіне байланысты. Конусты сұрыптағыштардың өнімділігін төмендегідей формула арқылы табуға болады.

 

мұнда: Q - конустың табанының диаметрі, м;

υ - ағызындыға өтетін ең ірі түйіршіктің құлау жылдамдығы, мм/сек;

a - бастапқы пульпадағы сұйықтықтың қатты затқа масса бойынша қатынасы;

m - тұнбаға түсетін қатты зат мөлшері (бірлік, өлшеммен);

b - тұнба сұйықтықтың қатты затқа масса бойынша қатынасы;

γ - қатты зат тығыздығы, т/м3.

Конусты шлам сұрыптағышының құм сұрыптағышынан айырмашылығы, онда табанымен қосылған екі қиынды конус түрінде қалқыманың болуы.

4-сурет. Конусты шлам сұрыптағышы

Қалқыма (1) қойылтудың төменгі аймағындағы тартқышқа орнатылған. Сұрыптағышқа пульпа орталық құбырша арқылы (2) бөлгішке (3) түседі; бөлгіш пульпаның шектен тыс лайлануына кедергі жасайды. Заттың тұнып, тығыздығы ұлғайған кезде қалқыма көтеріледі, соның әсерінен иіндердің барлык жүйесі қозғалысқа түсіп, қақпақшаның (4) көмегімен өнім шығатын тесік ашылады да, қойылтылған өнім сыртка шығарылады. Қалқыманың тепе-теңдігі жүк (5) арқылы реттеледі. Конусты сұрыптағыштың негізгі артықшылығы - процестер жақсы автоматтандырылган және қозғалмалы механизмдері жоқ. Кемшіліктері: өнім үзіліссіз шығарылмайды, биіктігі біршама үлкен, конустың ішкі қабырғасына құм көп жиналатындықтан сұрыптау процесі жақсы жүрмейді.

10-кесте. Конусты сұрыптағыштардың техникалық сипаттамасы

Көрсеткіштері Сұрыптағыш түрлері
ККП-1 ККП-1,5 ККП-1,8 ККП-2,4 ККШ-2,4
Өнімділігі, т/сағ 1,6-4 3,6-9 5-12 9-22 4,45-11
Диаметрі, мм          
Ағызынды өткелі          
Өнім шығатын тесік 9,5;11;13;14; 16;17,5;19; 22;24;25,5 25;28;32;35; 38;42;45 25;28;32;35; 38;42;45 25;28;32;35; 38;42;45
Бетінің ауданы, м2 0,6 1,57 1,8 3,22 4,24
Конус көлемі, м3 0,26 0,92 1,625 4,15 4,15
Түсетін зат ірілігі, мм          
Сырт өлшемдері, мм          
Ұзындығы          
Ені          
Биіктігі          
Сұрыптағыш массасы, кг 161,5        
Жасаушы завод «Труд заводы»

Date: 2015-05-18; view: 1190; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию