Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Ресурстар. 2 page





A) Үшінші сатысында. B) Бірінші сатысында. C) Төртінші сатысында.

D) Екінші сатысында. E) Бесінші сатысында.

28. Өндіріс әдісі дегеніміз не?

A) Қоғам дамуының белгілі бір кезеңі үшін сипатталатын экономикалық жағдай.

B) Материалдық және материалдық емес мәдениеттің сатысы.

C) Қоғамдық-экономикалық формация.

D) Өндіріс қаражаттарының жиынтығы.

E) Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың бірлігі мен қарым-қатынасы.

29. Өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну – бұл ненің қозғалысы:

А) Қоғамдық өнімнің. В) Кез-келген жеке игіліктің.

С) Кәсіпорынның ішкі ресурстарының. D) Қоғамдық өндірістің.

Е) Өндірістік қатынастардың.

30. Өндіріс факторы мен шығарылатын өнім көлемінің арасындағы өзара байланыс қалай белгіленеді?

A) Өндірістік мүмкіндіктер қисығымен. B) Шығарылған өнімнің жалпы көлемінің қисығымен. C) Өндірістік функциямен.

D) Ұсыныстың икемділігімен. E) Жалпы шығындар қисығымен.

31. Жай ұдайы өндіріс дегеніміз – бұл:

А) Тұрақты көлемде жыл сайын жаңарып отыратын ұдайы өндіріс.

B) Алтын өндіруді ұлғайтумен байланысты ұдайы өндіріс.

C) Жаңа ресурстарды игерумен байланысты ұдайы өндіріс.

D) Қол еңбегіне негізделген ұдайы өндіріс.

E) Жеке тұтынуды арттыруға негізделген ұдайы өндіріс.

32. «Жіберіп алған мүмкіндіктер шығындарын» қандай шығындар деп атаймыз?

А) Шекті шығындар. B) Альтернативті шығындар. C) Тұрақты шығындар. D) Өзгермелі шығындар. E) Баламасыз шығындар.

33. Қажеттіліктер дегеніміз не?

А) Сатып алушылық қабілеттіліктер.

B) Бір нәрсеге немесе затқа деген мұқтаждық.

C) Сатушылар мен сатып алушылардың өзара қатынастары.

D) Пайда табуға деген құлшыныстар.

E) Тиімді сұраныс.

34. Өндіріс тиімділігі немен анықталады?

A) Тапқан пайда мөлшерімен. B) Алынған нәтижелер мен жұмсалған шығындардың арақатынасымен. C) Еңбек өнімділігімен.

D) Ресурстардың тиімді пайдаланылуымен. E) Өндіріс барысында дұрыс шешім қабылдаумен.

35. Қай кезде өндіріс мүмкіншіліктер қисығы екі тауардың түрлі комбинацияларын көрсетеді:

А) өндіріс ресурстарды толық пайдаланбаған кезде;

В) барлық қолда бар ресурстарды толық пайдаланған кезде;

С) пайдаланылған ресурстардың мөлшері өзгерген кезде;

D) өндіріс технологиясы өзгерген кезде;

E) барлық ресурстардың тиімсіз пайдаланылған кезде.

 

Экономикалық жүйелердің типтері.

Меншік қатынастары

 

Мақсаты: әртүрлі өлшемдеріне байланысты экономикалық жүйелердің типтеріне тоқталу, олардың артықшылықтары мен кемшіліктеріне тоқталу, меншік қатынастарын зерттеу және Қазақстанның өтпелі экономика жағдайындағы ерекшеліктеріне тоқталу.

 

Талқылау сұрақтары:

3.1 Экономикалық жүйелердің мәні, әртүрлі жіктелу өлшемдері, түрлері және ұйымдастыру үлгілері

3.2 Меншіктің мәні мен мазмұны, түрлері мен нысандары, объектілері мен субъектілері

3.3 Қазақстандағы мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру бағыттары

 

Негізгі ұғымдар: экономикалық жүйе, дәстүрлі экономикалық жүйе, жоспарлы экономикалық жүйе, нарықтық экономикалық жүйе, аралас экономикалық жүйе, постиндустриалдық қоғам, меншік, меншік құқығы, меншік нысандары, меншік субъектісі, жекешелендіру, мемлекет иелігінен алу, т.б.

 

3.1 Экономикалық жүйелердің мәні, әртүрлі жіктелу өлшемдері, түрлері және ұйымдастыру үлгілері

 

Кез-келген қоғам экономиканы ұйымдастыру және оның мәселелерін шешу үшін өз қарамағында әртүрлі құрылымдарды, тетіктерді және институттарды қолдана алады. Осындай механизмдердің бірсыпыра жиынтықтарын экономикалық жүйелер арқылы қарастыруға болады.

Экономикалық жүйелер – экономиканың өзара байланысқан элементтерінің жиынтығы. Экономикалық жүйелердің жіктелу өлшемдері бойынша әртүрлі сыныптамасы бар:

1. Ашықтылық дәрежесі бойынша:

1.1 Жабық экономикалық жүйе – бұл барлық іскерлік белсенділік операциялардың ел ішінде ғана жүргізілуі орын алатын экономиканың ұйымдастырылуы.

2.1 Ашық экономикалық жүйе – бұл экономиканың халықаралық экономикалық қатынастар жағдайында белсенді түрде жұмыс жасауы, бұл жерде ұлттық валютамен қатар шетел валютасы қолданылады.

2. Меншік қатынастары бойынша:

1.1 Дәстүрлі экономикалық жүйе – ғасырлар бойы сақталған салт-дәстүрлерге негізделген қатынастар.

Бұл жүйенің сипатты белгілері:

- өнімді өндіру, бөлу және айырбастау салттарға, дәстүрлерге

негізделеді;

- әлеуметтік-экономикалық артта қалушылық, ұдайы өндіріс қарқынының тым төмен болуы;

- техникалық прогресстің шектелуі;

- халық санының өсуінің өнеркәсіптік өндірістің өсу қарқынынан тұрақты түрде артып отыруы;

- сыртқы қарыздың маңызды түрде орын алуы;

- мемлекеттің және қарулы күштер құрылымының жоғары рөлі.

1.2 Әміршіл-әкімшіл экономикалық жүйе – орталықтанды-рылған жоспарлауға, өндірістің барлық факторларына мемлекеттік меншіктің орын алуына негізделген қатынастар.

Сипатты белгілері:

- өндіріс құрал-жабдықарына деген мемлекеттің меншіктің орын алуы;

- экономиканы орталықтан жоспарлау;

- өндірушілердің монополиялануы;

- ресурстардың орталықтандырылған қоры.

- ынталандырудың нарықтық жүйесінің болмауы.

1.3 Нарықтық экономикалық жүйе – жеке меншікке, жеке мүддеге, еркін бәсекелестіккке негізделген қатынастар.

Сипатты белгілері:

- өндіріс факторларына деген жеке меншіктің орын алуы;

- кәсіпкерліктің еркіндігі және таңдау мүмкіндігінің болуы;

- шаруашылық субъектілерінің дербестілігі;

- шаруашылық субъектілерді жеке мүдделеріне сай ынталандыру;

- өндірушілер арасындағы, тұтынушылар арасындағы бәсекелес-тік, бұл ешкім нақты экономикалық билікке ие болмауы тиіс.

1.4 Аралас экономикалық жүйе – нарықтық тетіктер мен экономиканы мемлекеттік реттеудің үйлестірілуі орын алатын қатынастар.

Сипатты белгілері:

- әміршіл экономика мен нарықтық экономиканың ұштастырылуы;

- көптүрлі меншіктің болуы;

- күшті кәсіподақ қозғалысының орын алуы;

- мемлекеттік реттеу мен түзету рөлі белсенді болып табылады.

3. Өнеркәсіптік төңкерістің және ғылыми-техникалық прогресс-тің даму деңгейі бойынша:

1.1 Индустриалдыққа дейінгі жүйе – қол еңбегіне негізделген натуралдық шаруашылық басым түрде орын алатын және ауыл шаруашылығына негізделген жүйе.

1.2 Индустриалдық жүйе – тауар-ақша қатынастарының дамуымен байланысты ірі машиналы өндіріске негізделген жүйе.

1.3 Постиндустриалдық жүйе басты саласы – экономикалық-өндірістік емес (қызмет көрсету) сала болып табылатын және ақпарат басты ресурс ретінде саналатын жүйе.

 

3.2 Меншіктің мәні мен мазмұны, түрлері мен нысандары, объектілері мен субъектілері

 

Меншік категориясы кез-келген экономикалық жүйені ұйымдастырудың іргетасы болып табылады. Меншік ұғымы тарихи категория ретінде алдымен, жермен, содан соң өндіріс құрал-жабдықтарын иемденумен, пайдаланумен және оларды жалға берумен байланыстырылады. Осы тұрғыда, меншікті молайтуда өндіруші-адамның еңбегіне және оның еңбек өнімділігінің басымдылық рөліне ерекше мән беріледі, өйткені ол барлық байлықтың және пайда табудың қайнар көзі ретінде саналады.

Меншік теориясына сүбелі үлесті У. Петти, Ф. Кенэ, А. Смит, Д. Рикардо, П. Прудон, К. Маркс, Р. Коуз және А. Алчиан сияқты ғалымдар қосты.

Маркс бойынша, меншік – бұл өндіріс құрал-жабдықтарын иемденумен байланысты қатынастар деп қарастырылады. Ал Коуздың пікірінше, кез-келген ресурстар өздігінен меншікке айнала алмайды, тек ресурстарды қолдану арқылы ғана меншіктің кешенді құқықтарын анықтауға болады. Бұл меншіктің мазмұнын білдіре отырып, осы меншік құқығына қатыстылардың барлығы сол меншіктің кімге қатысты екенін және өзара пайдалы іс-әрекетті орындауға қол жеткізу үшін сол адамдардың бір-бірімен қалайша келісе алатындығын сипаттайды.

Осындай көзқарастарға қарап, меншікті меншік объектілерінің қатыстылығы жөніндегі адамдар арасындағы экономикалық қатынастар деп түсінуге болады. Меншік нысаны меншік объектілерінің кімге тиесілі екендігін көрсетеді.

Кейбір отандық әдебиеттерде, меншік құқығы деп белгілі бір тұлғаларға материалдық және материалдық емес игіліктердің тиістілігін бекітетін және осы құқықтарды қорғайтын заң нормаларының жиынтығын айтады. Экономиканың негізгі үш іргелі мәселесі – не, қалай және кім үшін өндіреміз сұрақтарын шешу экономикалық агенттердің өндіріс құралдарына деген меншік құқығына тәуелді болып табылады. Осыған байланысты, кез-келген меншік иесі болып табылатын тұлға өз қалауы бойынша меншік объектісін иемденеді, пайдаланады және билік етеді. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде меншікке қатысты мынадай ұғымдар айтылады:

1) Иемдену – мүлікті іс жүзінде иелену мүмкіндігінің заңдық тұрғыдан қамтамасыз етілуі.

2) Пайдалану – белгілі бір игіліктен оның пайдалы қасиеттерін алудың және одан пайда таба алудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі.

3) Билік ету – мүліктің тағдырын айқындаудың заңмен қамтамасыз етілуі.

Ағылшын заңгері А. Оноре 1961 жылы алғаш рет меншіктің толыққанды кешенді құқықтарын ұсынды. Оны «бір буда құқық» немесе Оноре тізбесі деп атайды және ол 11 элементтен құралады:

1. Иемдену құқығы, қандай да бір игіліктің жағдайын бақылау құқығы.

2. Пайдалану құқығы, игіліктерден оның пайдалы қасиеттерін алуға деген құқығы.

3. Билік ету құқығы, игіліктерді пайдалануды кім және қалай шешетіндігі жөніндегі құқығы.

4. Табыс алуға деген құқығы, игіліктерді пайдаланудан қандай да бір нәтижеге жете алу құқығы.

5. Егемендік құқығы, игілікті шеттету, тұтыну немесе жою құқығы.

6. Қауіпсіздікке деген құқығы, яғни игілікті қанаудан және сыртқы ортаның зияндылығынан қорғау құқығы.

7. Игілікті мұрагерлікке беру құқығы.

8. Игілікті иеленудегі мерзімсіздіқ құқығы.

9. Сыртқы ортаға зиян келтіретін әдістерді қолдануға қарсылық жасау құқығы.

10. Жауапкершілікке жазалау түрін қолдану құқығы, яғни қарызды төлеуге игіліктермен жазалау мүмкіндігі.

11. Қалдықтық сипат құқығы, яғни бұзылған құқық шарала-рын қалпына келтіруді қамтамасыз ету институтының өмір сүру құқығы.

Сонымен, меншіктің экономикалық категория ретіндегі мәні мынаған келіп саяды, яғни меншік – бұл адамдар арасындағы материалдық және рухани игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну салаларындағы күрделі әлеуметтік-экономикалық қатынастар.

Меншік қатынастары меншік объектілерін иемдену жөнінде меншік субъектілерінің арасында қалыптасып отырады. Меншік субъектілері – бұл олардың арасында меншік қатынастары туындап отыратын тұлғалар, оларға жеке индивидтер, отбасы, әлеуметтік топтар, ұжым, халық, мемлекет және басқару органдары жатады. Меншік объектісі – бұл осылар арқылы меншік қатынастары туындап отыратын қандай да бір заттар немесе құралдар, т.б. Меншік объектілеріне мыналар жатады: жер, ғимараттар, табиғи ресурстар, өндіріс құрал-жабдықтары, мүлік, ақшалар, бағалы заттар, ақпарат, жұмыс күші, білім, құнды қағаздар, ұлттық құндылықтар, т.б.

Меншіктің 2 түрі ажыратылады: жеке меншік және мемлекеттік меншік. Олардың әрқайсысының бірнеше нысандары бар.

Жеке меншік – бұл бір тұлғаның немесе отбасының мүліктің немесе ресурстың иесі болып табылуы. Жинақтау сипаты бойынша жеке меншік еңбектік және еңбектік емес болып бөлінеді. Еңбектік жеке меншік жалақы есебінен және кәсіпкерлік қызметтен келіп түсетін табыс арқылы анықталады. Еңбектік емес жеке меншік мүлікті мұраға қалдыру есебінен, бағалы қағаздардан, депозиттерден алынатын табыстар және басқа да табыс көздері арқылы анықталады. Жеке меншіктің ерекше нысаны болып ұжымдық меншік табылады. Ұжымдық меншіктің мысалына кооперативтік меншік және акционерлік меншік жатады. 1) Кооперативтік меншік деп бірігіп қызмет істеуі үшін сол кооператив иелерінің еңбегі мен өндіріс құрал-жабдықтарын біріктіру жолымен қалыптасатын ұжымдық меншіктің бір түрін айтады. 2) Акционерлік меншік – бұл акцияларды сату нәтижесінде қалыптасатын меншік.

Мемлекеттік меншік – бұл субъектісі мемлекет болып табыла-тын меншіктің түрі. Меншіктің бұл түрін басқаруды және оған билік етуді мемлекеттік билік органдары жүзеге асырады. Мемлекеттік меншіктің басты ерекшелігі болып оның бөліске түспейтіндігі ретінде саналуы табылады.

Мемлекеттің меншіктің дамуы негізінен әміршіл-әкімшіл экономикалық жүйеде орын алады. Әдетте, оның үлесі меншік түрлерінің жалпы құрылымында 90%-ға дейін жетеді. Мәселен, бұрынғы КСРО-да мемлекеттік меншіктің үлесі 88%-дан асты. Алайда, нарықтық экономикасы дамыған елдерде мемлекеттік меншіктің үлесі 5%-дан 30%-ға дейін ауытқып отырады.

Экономикада мемлекеттік меншіктің басым болуы нақты өмірде жағымсыз жайттарға алып келуі мүмкін: мемлекеттік монополиялар-дың пайда болуы, мемлекеттік өндірушінің тұтынушыға деген үстемдігінің орын алуы, арзан тауарлар түрлерінің жойылып кетуі, тауар тапшылығының пайда болуы, сұраныстың қанағаттандырыл-мауы. Осыдан барып мынадай тұжырым жасалады, яғни бұл жерде мемлекеттік меншікті жою емес, оның монополиялық үстемдігін жою туралы әңгіме қозғау керек.

 

3.3 Қазақстандағы мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру бағыттары

 

КСРО ыдырағаннан кейін Қазақстан Республикасының әміршіл-әкімшіл жүйеден нарықтық экономикалық жүйеге көшуі меншік қатынастарын өзгертудің заңды қажеттілігін туындатты. Бұл үдеріс мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру арқылы жүзеге асырылды. Қазақстанда мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру үдерісінің басталуы – мемлекеттік меншіктің үлесін азайтуға, оның монополиялық үстемдігін жоюға бағытталады.

Мемлекет иелігінен алу – бұл мемлекеттік кәсіпорындарды тікелей шаруашылық жүргізуші субъектілерге шаруашылық жүргізу және оларға сәйкес өкілеттіліктерді беру арқылы түрлендіру.

Жекешелендіру – бұл заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттен мемлекеттік меншік объектілерін, сонымен қатар мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың өзгертілуі арқылы құрылған акционерлік қоғамдардың акциялар үлесін алуы.

Жекешелендіру экономиканы қайта құрудың аса маңызды элементі болып табылады. Өйткені, жекешелендірудің бірқатар артықшылықтары бар:

1. Микроэкономикалық артықшылықтары:

- капиталды инвестициялау;

- өзіндік құнды төмендету және тиімділікті көтеру;

- жаңа басшылық;

- жаңа технологиялар.

2. Макроэкономикалық артықшылықтары:

- бәсекелестіктің күшеюі;

- қаржылық тұрақтылық;

- капитал нарығының дамуы;

- әлеуметтік бағдарламалар;

- тікелей шетел инвестицияларын тарту.

3. Шетелдік инвесторлар үшін пайдалы болуы:

- жаңа нарықтар;

- тәуекелдің төмендеуі;

- нарыққа кірудегі ең төменгі тосқауылдардың болуы;

- тұтынушылар үшін пайдалылығы.

Жекешелендірудің түрлері:

1. Кіші жекешелендіру – жұмысшылар саны 200 адамға дейінгі мемлекеттік меншіктің шағын объектілерін жекешелендіру.

2. Жаппай жекешелендіру – жұмысшылар саны 200 адамнан асатын орта кәсіпорындарды жекешелендіру. Басқаша, бұл купондық жекешелендіру деп аталады.

3. Жеке жобалар жекешелендіру – жұмысшылар саны 5000 адамнан асатын ірі және стратегиялық маңызы бар мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру.

4. Жекеше жекешелендіру – мемлекеттік меншік объектілерін жекелеген бөліктерге бөліп жекешелендіру.

5. Қарапайым кездейсоқ жекешелендіру – мемлекет тарапы-нан бақылау орын алмайтын жекешелендірудің түрі.

Әлемдік тәжірибеде жекешелендірудің алғашқы үш түрі аса кең тараған деп жиі айтылады.

Жекешелендірудің әдістері:

1. Аукциондар, бұлар конкурстар жариялау арқылы қандай да бір мүлікті сату және сатып алу тәсілдерін қарастырады. Бұл жерде үміткерлер қатысатын ашық сауда коммерциялық конкурс арқылы жүргізіледі. Коммерциялық конкурс – максималды бағасы ұсынылып, сатып алушы қойылған шартты толық орындауға келіскен жағдайда мемлекеттік меншік объектілерін сату.

2. Акцияларды сату, яғни кәсіпорын капиталындағы үлестерді сату. Бұл жерде тендерлер жарияланып, үміткерлер қатысатын жабық сауда инвестициялық конкурс арқылы жүргізіледі. Инвестициялық конкурс – коммерциялық конкурсқа ұқсас, бірақ жеңіс өлшемдері жекешелендіру объектісінің инвестиция мерзімі мен мөлшері болып табылатын сауда-саттық.

3. Жалға берілген кәсіпорындардың мүлкін сатып алу. Бұл жерде кәсіпорындарды сату аукциондар арқылы ашық сауда тәсілдерімен жүргізіледі және сатып алушыға максималды баға қоюдың талабы ұсынылады.

Қазақстанда кең көлемді жекешелендіру 1991 жылы басталды. Бұл үдерістің негізгі бағыттары үш кезеңнен өтті. Үкіметтің бағдарламалары бойынша 31 мың кәсіпорынды мемлекетсіздендіру және жекешелендіру жоспарланды.

1991-1992 жылдарға арналған мемлекетсіздендіру мен жекешелендірудің алғашқы ұлттық бағдарламасы мемлекеттік меншікті басқа нысандарға айналдыруды, азаматтардың мемлекеттік кәсіпорындардың мүліктерін (акцияларын) сатып алуды мақсат етіп қойды.

1993-1995 жылдарға арналған екінші ұлттық бағдарлама кіші, жаппай және жеке жобалар бойынша жекешелендірудің түрлерін қарастырып, нарықтық экономикаға көшуге жағдай жасауды мақсат етті.

1996-1998 жылдарға арналған үшінші ұлттық бағдарлама негізінен жекешелендіру үдерісін аяқтау арқылы экономикада жеке сектордың басымдылығына қол жеткізіп, оны бекітуді мақсат етті.

Бірінші кезең. Кіші жекешелендіру 1991-1992 жылдары жүргізілді. Бұл кезеңде сауда, қызмет көрсету аясындағы кіші және орта кәсіпорындардың 50%-ы жекешелендірілді. Мемлекеттік меншіктің мөлшері мен құрамын белгілеу, меншік құқығын беру тетіктерін әзірлеу шаралары жүзеге асырылды.

Екінші кезең. Үлкен және жаппай жекешелендіру 1993-1996 жылдары жүргізілді. Бұл кезеңде орта және ірі кәсіпорындар жекешелендірілді. Бұл кезең кіші жекешелендіру бағдарламасының аяқталуын, жаппай жекешелендіру және жеке жобалар бойынша жекешелендіруді белсенді іске қосуды көздеді. Бұл жерде жаппай жекешелендірудің мынадай артықшылықтарын көрсетуге болады, біріншіден, жаңа жұмыс орындарын құру есебінен жұмысбастылықты көтеруге жағдайлар туындайды, екіншіден, жаппай жекешелендіру шаралары үлкен мемлекеттік шығындарды талап етпейді. Сонымен қатар, жаппай жекешелендіру мемлекеттің халыққа ұлттық мүлікті қайтару шарасын мақсат тұтып, кәсіпорындарды кең көлемде қайта құрылымдауды, оларды басқаруды жетілдіруді және қаражаттардың қосымша көздерін қамтамасыз етуді қарастырады. Республиканың жұмысқа жарамды халқының 17%-ның тағдыры жаппай жекешелендірудің нәтижелеріне тәуелді болып табылды.

Үшінші кезең. Жеке жобалар бойынша 1997-2000 жылдары жүргізілген жекешелендіру жекешелендірудің аяқталу кезеңі деп аталады. Күтілген оң нәтижелері: экономикалық тиімділіктің өсуі, кәсіпорындарды басқаруды жетілдіру, жекешелендірілген кәсіпорындардың және олардың өндірген тауарларының бәсекелік қабілеттілігін көтеру.

 

 

Өзін-өзі тексеру сұрақтары

 

1. Экономикалық жүйе дегеніміз не?

2. Экономикалық жүйелердің түрлері?

3. Экономикалық жүйеге тән сипатты белгілері қандай?

4. Меншіктің әртүрлі категориялары қандай?

5. Меншік нысандары мен субъектілері?

6. Меншіктің құқықтары қандай?

7. Өтпелі экономиканың заңдылықтарының қандай?

8. Жекешелендіру және мемлекет иелігінен алу дегеніміз не?

9. Қазақстандағы жекешелендірудің негізгі бағыттары қандай?

10. Жекешелендірудің Қазақстандағы нәтижелері қандай?

 

Студенттің өзіндік жұмыстары

1. Тақырып бойынша экономикалық сөздік жасау (глоссарий).

2. Тақырып бойынша логикалық схемалар құрастыру.

3. Мына сұрақтарға жауап беріңіз (конспект):

Date: 2015-05-09; view: 953; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию