Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Интерферометрлер





Жұмыс істеу принциптері жарық интерференциясына негізделген оптикалық құралдарды интерферометрлер деп атайды. Интерферометрлердің көмегімен түскен жарықтың толқын ұзындығын, кейбір беттердің тегістігін, заттардың сыну көрсеткішін, жарық спектрінің құрамын және т.б. шамаларды өлшеуге болады.

 

Жарықтың дифракциясы

Жарықтың толқындық қасиеті көрінетін құбылыстардың біріне жарықтың дифракциясы жатады. Жарық толқындары оптикалық біртексіз ортада таралғанда байқалатын және геометриялық оптиканың заңдылықтарынан ауытқумен жүретін құбылыстардың жиынтығын дифракция деп атайды. Жеке жағдайда жарықтың дифракциясы деп жарық толқындарының жолында кездесетін бөгеттерді айналып өтуін айтады. Жарықтың дифракциясы байқалуы үшін жарық жолындағы бөгеттердің өлшемдері жарықтың толқын ұзындығымен шамалас болуы () керек.

Дифракцияның екі түрі кездеседі:

1. Тоғысатын немесе шашырайтын сәулелер дифракциясы, яғни Френель дифракциясы;

2. Параллель сәулелер дифракциясы, яғни Фраунгофер дифракциясы.

 

Гюйгенс – Френель принципі

Жарықтың жолында кездескен бөгеттерді айналып өтуін Гюйгенс принципімен түсіндіруге болады. Гюйгенс принципі бойынша кеңістіктің толқын жеткен кез-келген нүктесін екінші реттік толқын көзі деп қарастыруға болады.

Француз ғалымы Френель Гюйгенс принципін екінші реттік толқынның амплитудасын және интенсивтілігін ескеріп, толықтырды.

Френель-Гюйгенс принципі:

Кеңістіктің толқын жеткен нүктелері тек қана екінші реттік толқын көздері болып табылмай және олардың интерференциясының нәтижесі болып табылады.

Date: 2015-05-08; view: 1425; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию