Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Бап. Қан мен оның компоненттерін әкелу, әкету үшін негіздер
1. Қазақстан Республикасының аумағына қан мен оның компоненттерін әкелу: 1) Қазақстан Республикасының аумағында медициналық көмек көрсету қажет болған кезде; 2) Қазақстан Республикасының аумағында диагностикалық зерттеулер жүргізу қажет болған кезде; 3) бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу кезінде жүзеге асырылады. 2. Қазақстан Республикасынан қан мен оның компоненттерін әкету: 1) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі оның азаматына медициналық көмек көрсету қажет болған кезде; 2) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі Қазақстан Республикасы азаматтарының жақын туыстары мен жұбайына (зайыбына) медициналық көмек көрсету қажет болған кезде; 3) Қазақстан Республикасының аумағында жүргізілмейтін диагностикалық зерттеулер жүргізу қажет болған кезде; 4) бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу кезінде; 5) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда жүзеге асырылады. 3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген жағдайлардан басқа, қан мен оның компоненттерін әкелу және әкету айырбастау тәртібімен жүзеге асырылуы мүмкін. Осындай айырбастау қажетті биологиялық қасиеттері бар қан мен оның компоненттері болмаған жағдайда ғана жүзеге асырылады. 4. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында және 2-тармағының 1), 2) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда, қан мен оның компоненттерін әкелуге, әкетуге рұқсатты уәкілетті орган лицензияға сәйкес «қан дайындау» мамандығы бойынша қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының өтініші бойынша береді.
Бап. Адамның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөліктерін), қан мен оның компоненттерін әкелудің, әкетудің тәртібі 1. Осы Кодекстің 172-бабының 3-тармағында және 173-бабының 4-тармағында көрсетілген денсаулық сақтау ұйымдары тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) не қан мен оның компоненттерін әкелуге, әкетуге рұқсат алу үшін уәкілетті органға: 1) тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін), қан мен оның компоненттерін әкелу, әкету туралы өтінішті; 2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесін; 3) тиісті лицензияның және оған қосымшалардың нотариат куәландырған көшірмесін; 4) әкелінетін (әкетілетін) тіндердің және (немесе) ағзалардың (ағзалар бөліктерінің), қан мен оның компоненттерінің биологиялық қауіпсіздігі туралы уәкілетті орган белгіленген тәртіппен берген қорытындыны; 5) тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін), қан мен оның компоненттерін алумен (жинаумен) байланысты рәсімдердің заңдылығы туралы шығаратын елдің уәкілетті органының құжатын; 6) тірі донордың немесе оның заңды өкілдерінің одан тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) алуға нотариат растаған жазбаша келісімін не донордың биологиялық өлімі немесе бас миының біржола семуі (мидың өлімі) жағдайында консилиумның қорытындысын; 7) осы Кодекстің 172-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында және 173-бабының 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жағдайларда, реципиент пен донордың туыстық жақындығы дәрежесін растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін; 8) қан мен оның компоненттерін айырбастаған жағдайда, қан мен оның компоненттерін айырбастау шартының жобасын, сондай-ақ әкелінетін елде қажетті биологиялық қасиеттері бар қан мен оның компоненттерінің жоқтығын растайтын құжатты; 9) тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін), қан мен оның компоненттерін тасымалдау үшін пайдаланылатын термоизоляциялық контейнерлердің техникалық сипаттамаларын жібереді. 2. Уәкілетті орган тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін), қан мен оның компоненттерін әкелуге және әкетуге рұқсат беру мәселелері жөніндегі комиссияны құрады және оның қызметі туралы ережені бекітеді. 3. Комиссия өтініш берушінің өтінішін жеті күн ішінде қарайды. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттарды өтініш беруші толық көлемде бермеген жағдайда, құжаттар қаралмай, үш күн ішінде өтініш берушіге қайтарылады. 4. Комиссияның оң шешімі уәкілетті органның бұйрығы түрінде ресімделеді. Комиссияның теріс қорытындысы болған жағдайда уәкілетті орган өтініш берушіге жазбаша дәлелді бас тартуды жібереді. 5. Әкелуге және әкетуге арналған тіндердің және (немесе) ағзалардың (ағзалардың бөліктерінің), қан мен оның компоненттерінің биологиялық қауіпсіздігін зерттеу, оларды консервациялау мен тасымалдау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
8-Бөлім. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру және ғылыми қызмет
29-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметі
175-бап. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметі 1. Денсаулық сақтау жүйесі үшін кәсіптік ғылыми-педагог, медицина және фармацевтика кадрларын даярлау, оладың біліктілігін арттыру және қайта даярлау денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметінің міндеттері болып табылады. 2. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметі Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдарында және білім беру ұйымдарының медициналық және фармацевтикалық факультеттерінде жүзеге асырылады. Клиникалық базалардың – медициналық білім беру ұйымдарының клиникалық бөлімшелерінің, сондай-ақ медициналық білім беру ұйымдарымен шарт бойынша медицина және фармацевтика кадрларын даярлау үшін тиісті жағдайлар жасайтын денсаулық сақтау ұйымдарының болуы медициналық білім беру бағдарламаларын іске асырудың міндетті шарты болып табылады. 3. Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттар мен медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша үлгілік кәсіптік оқу бағдарламаларын, сондай-ақ жоғары медициналық білім беру ұйымдарының клиникалық базалары туралы ережені, оларға қойылатын талаптарды уәкілетті орган бекітеді. 4. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын игерген адамдар үшін мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжат, ал клиникалық мамандықтар бойынша маман сертификаты да олардың медициналық ұйымдарда қызметке орналасуы үшін негіз болып табылады. 5. Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтикалық білім резидентураны, магистратураны және докторантураны қамтиды. Резидентура туралы ережені уәкілетті орган бекітеді. 6. Қосымша білім беру қосымша білімнің білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын медициналық білім беру және ғылыми ұйымдарда жүзеге асырылады. Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау қосымша білім берудің негізгі нысандары болып табылады. Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау тәртібін уәкілетті орган айқындайды. 7. Медицина және фармацевтика кадрларын даярлауды жоспарлауды уәкілетті орган, сондай-ақ денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары саланың қажеттіліктерін ескере отырып, өз өкілеттіктері шегінде жүзеге асырады.
Date: 2015-05-08; view: 641; Нарушение авторских прав |