Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Бап. Донор мен реципиенттің құқықтары





1. Донор осы Кодекстің 165-бабында көздел­ген құқықтардан басқа:

1) денсаулық сақтау ұйымдарынан тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) алу бойынша алдағы хирургиялық араласуға байланысты өзінің денсаулығында орын алуы ықтимал асқынулар туралы толық ақпаратты талап етуге;

2) тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) алу бойынша жүргізілген хирургиялық араласуға байланысты денсаулық сақтау ұйымында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ем алуға, оның ішінде дәрі-дәрмек емін алуға құқылы.

2. Реципиент:

1) денсаулық сақтау ұйымдарынан тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) транспланттау бойынша алдағы хирургиялық араласуға байланысты оның денсаулығында орын алуы ықтимал асқынулар туралы толық ақпаратты талап етуге;

2) жүргізілген хирургиялық араласуға байла­нысты денсаулық сақтау ұйымында тегін медици­на­лық көмектің кепілдік берілген көлемі шең­берін­де ем алуға, оның ішінде дәрі-дәрмек емін алуға құқылы.

3. Денсаулық сақтау ұйымдарының медицина және өзге де қызметкерлеріне донор мен реци­пиент туралы мәліметтерді жария етуге тыйым салынады.

 

 

28-тарау. Адамның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөліктерін),

қан мен оның компоненттерін әкелу, әкету

 

172-бап. Адамның тіндерін және (немесе) ағза­ларын (ағзаларының бөліктерін) әкелу, әкету үшін негіздер

1. Қазақстан Республикасының аумағына адамның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) әкелу:

1) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында және лицензияға сәйкес «трансплантология» мамандығы бойынша қызметін жүзеге асыратын, мемлекет қатысатын денсаулық сақтау ұйым­дарында транспланттау қажет болған кезде;

2) Қазақстан Республикасының аумағында ди­аг­­ностикалық зерттеулер жүргізу қажет болған кезде;

3) бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу кезінде жүзеге асырылады.

2. Қазақстан Республикасынан адамның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) әкету:

1) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі оның азаматына медициналық көмек көрсету қажет болған кезде;

2) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі Қазақстан Республикасы азаматтарының жақын туыстары мен жұбайына (зайыбына) медициналық көмек көрсету қажет болған кезде;

3) Қазақстан Республикасының аумағында жүргізілмейтін диагностикалық зерттеулер жүргізу қажет болған кезде;

4) бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу кезінде;

5) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.

3. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақша­сында және 2-тармағының 1), 2) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда, адамның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) әкелуге, әкетуге рұқсатты уәкілетті орган мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының және лицензияға сәйкес «трансплантология» мамандығы бойынша қызметін жүзеге асыратын, мемлекет қатысатын денсаулық сақтау ұйымдарының өтініші бойынша береді.

 

Date: 2015-05-08; view: 675; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.011 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию