![]() Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
![]() Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
![]() |
Программалық жабдықтамалардың (ПЖ) жіктелуі (классификациясы). Жүйелік және қолданбалы ПЖ
Программалық жабдықтамалар – компьютерде қолданылатын барлық программалар жиыны және соларды дайындау, пайдалану әрекеттері. Программалық жабдықтамалар жіктелуі:
Жүйелiк жабдықтамалар ЭЕМ-нiң аппараттық жабдықтарын басқарып, оларды программалармен байланыстырады. 1. Операциялық жүйелер немесе системалар (ОС) – компьютердi басқаратын және құрылғыларды қолданбалы программалармен байланыстыратын программа. Драйверлер – ОС жүйелерін сыртқы құрылғылармен (принтерлермен, магниттік дискілермен, пернетақтамен, "тышқан" тәрізді қолтетікпен, т.б.) байланыстыратын программалар тобы. Утилиттер – ОС мүмкіндіктерін кеңейтіп, белгiлi бiр қосымша қызмет атқаруға керектi программалар тобы болып табылады және әрбiр адамның операциялық жүйемен жұмыс iстеуiн жеңiлдетеді. 2. Бақылау және диагностика құралдары компьютердiң жұмыс iстеу қабiлетiн (диагностика) тексеретiн программалар болып табылады, олар ақауы бар құрылғыларды анықтап, ол туралы экранға мәліметтер шығарады. Программалау жүйелері немесе құралдық (инструменталдық) жабдықтар – басқа программалар және автоматтандырылған жүйелер жасау үшiн қолданылатын программалар мен программалық кешендер. 1. Программалау тілдері – ФОРТРАН, ПАСКАЛЬ,СИ, СИ++, ТУРБО-ПАСКАЛЬ,ЯВА, т.б. белгілі бір ереже арқылы жазылған, компьютер жұмысын басқаруға арналған командалар жиынынан тұрады. 2.Tрансляторлар- ағылшын тіліне жақын жасанды тілде жазылған програмаларды машиналық кодтарға түрлендіріледі. Ол интерпретаторларға және компиляторларға бөлінеді. Интерпретаторлар әрбір команданы машина тіліне аудара салып, бірден орындайтын трансляторлар тобы, олардың артықшылығы – тұтынушымен диалог режимінде жұмыс атқарады, кемшілігі – жұмыс өнімділігі төмен болады. Компилятор – командаларды орындамай тұрып, машиналық кодтарға толық аударатын программа. Қолданбалы (кәделi) программалық жабдықтамалар – белгiлi бiр мамандық саласында нақты есептер шығара алатын программалар жиыны. 1. Арнаулы, белгiлi бiр мақсатта пайдаланылатын программалық жабдықтамалар әр адамның нақты есептерiн шығаруға арналған, сондықтан оны пайдалану аймағы да шектеулi. 2. Қолданбалы программалық жабдықтамаларының -дербес компьютерлердiң кең тарауына басты себеп болған, бұл программалар тек бiр есептi шығарып қана қоймай белгiлi бiр мамандық саласында есеп жұмыстарын түгел автоматтандыруды немесе информацияның белгiлi бiр түрлерiн өңдеудi түгел қамти алатын болды. Әр түрлi информацияларды өңдей алатын кәделі программалық жабдықтар мынадай түрлерге жiктеледi: – мәтін редакторлары; – графикалық редакторлар; – электрондық кестелер (таблицалар); – оқыту және ойнау программалары; – информациялық жүйелер т.б. Бiрiктiрiлген жүйелер (интегралданған) - әр түрлі программалық жабдықтардың дамуының арқасында күрделi жасалып шықты. Олар бiрыңғай командалар жүйесi арқылы бiр форматты пайдалана отырып мәтін редакторын, электрондық кестелердi, графикалық редакторды, мәлiметтер қоймасын басқару жүйесiн, калькуляторды және тағы басқаларды бiрiктiрiп бiр интерфейс арқылы осылардың барлығын да пайдалану мүмкiндiгiн бередi. Бiрiктiрiлген жүйелердiң iшiнде кең таралып белгiлi болғандарына QuadroPro, Works, Frаmework, Master, т.б. жатады. Программалар – әр түрлі оперцияларды орындауға арналған командалар тізбегі. Олар – алгоритмдердің компьютерге түсі-нікті түрде жазылған нұсқасы. Программалар жазу үшін үш тіл қажет: 1.Машиналық кодтар тілі – компьютерге түсінікті тіл (екілік және 16-лық кодтар түрінде жазылады). Ассемблер тілі осыған жақын. 2.Программалау тілі – программалаушыға түсінікті тіл (мәтін, сөз, команда түрінде жазылады). Бейсик, Паскаль, Си тілдері. 3.Бейнелер (образдар) тілі – тұтынушыға түсінікті тіл (мәтін және графика). Кітап тілі.
Date: 2015-06-08; view: 6620; Нарушение авторских прав |