Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Ақпарат түсінігі. Информатиканың пәндік аймағы және міндеттері





Информатика

1. Ақпарат түсінігі. Информатиканың пәндік аймағы және міндеттері.

2. ДК жұмыс істеу қағидалары (принциптері). Джон фон-Нейман қағидалары. Дербес компьютер архитектурасы. Негізгі блоктары мен олардың атқаратын қызметі.

3. Компьютердің операциялық жүйелері (ОЖ). ОЖ-де файлдар жүйесін ұйымдастыру.

4. ДК-дегі ақпаратты өлшеу және бейнелеу. Ақпаратты жіктеу (классификация) және кодтау.

5. Мәтіндік процессорлар (редакторлар) және олардың кешендік мәтіндерді форматтау тәсілдері.

6. Кестелік процессорлар (MS Excel), олардың графикалық, статистикалық және экономикалық мәліметтерді өңдеу мүмкіндіктері.

7. MS Access сияқты МҚБЖ-ң мәліметтер қорын қалыптастыру және өңдеу қызметі. Сұраныстард, формалар және қорытынды есеп (отчет) құру.

8. Компьютерлік вирустар. Вируспен зақымданудың негізгі белгілері. Вирусқа қарсы программалар, олардың түрлері мен негізгі мүмкіндіктері.

9. Программалық жабдықтамалардың (ПЖ) жіктелуі (классификациясы). Жүйелік және қолданбалы ПЖ.

10. Графикалық редакторлар. Векторлық және растрлық графика, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары.

Ақпарат түсінігі. Информатиканың пәндік аймағы және міндеттері.

«Ақпарат» ұғымы латынның іnfoіmatіo – түсіндіру, білдіру, баяндау деген сөзінен шыққан. “Ақпарат” ұғымы көп мағыналы, сондықтан оның нақты анықтамасы болуы мүмкін емес. Кең мағынада ақпарат – дыбыс және белгі түрінде берілетін нақты әлемнің бейнесі.

Информатика саласында “Ақпарат” ұғымы қоршаған ортадағы объектілер мен құбылыстар, олардың параметрлері, қасиеттері мен жағдайлары жайлы бар мәліметтерді толықтыру.

· тұрмыста ақпарат деп қажет болған кез келген мәліметті немесе хабарды айтады;

· техникада ақпарат деп таңбалар немесе сигналдар түрінде берілетін кез келген хабарларды айтады;

· кибернетикада ақпарат деп бағыт алу, екпінді түрде әрекет ету, басқару үшін пайдаланылатын, яғни белгілі бір жүйені сақтау, дамыту, жетілдіру мақсатында қолданылатын білім бөлігін айтады (Н. Винер).

Америка ғалымы Клод Шеннон ақпаратты белгілі бір нәрсе туралы біздің біліміміздің айқындылығын арттыру деп санайды.

Ақпараттың қазіргі ғылыми мағынасын дәлірек анықтаған кибернетика "атасы" – Норберт Винер болып саналады. Ол: Ақпарат — сыртқы ортадан сезімдеріміз бен оған бейімделуіміз арқасында алынған түсініктерді белгілеу деп түсіндіреді. Компьютер жадында сақталатын ақпараттың барлық түрлері – сөздер, сандар, суреттер, компьютер жұмысын басқару программалары – бәрі де екілік сандар тізбегі түрінде жазылады.

Ақпарат түрлері:

· мәтін, сурет, сызба, график;

· жарық немесе дыбыс сигналдары;

· радиотолқындар;

· электр және нерв импульстері;

· магниттік жазбалар;

· ымдау, қимылдау түрлері;

· иіс және дәм сезімдері;

· организм қасиеттері мен белгілерін есте сақтап, ұрпақ бойынша таратып отыра тын хромосомдар, т.б.

Ақпаратпен орындалатын іс-әрекеттер: дайындау; тасымалдау; қабылдау; пайдалану; есте сақтау; көшіру; формальдау; тарату; түрлендіру; араластыру (комбинировать); өңдеу (обрабатывать); бөліктерге бөлу; қарапайым ету (упрощать); жинау; сақтау; іздеу; өлшеу;бұзу, жою.

Ақпарат қасиеттері: анықтылық (достоверность); толықтық; дәлдік (точность);бағалылық; өзектілік (свое-временность); түсініктілік; қол жеткізуге, қолдануға болатындық (доступность); қысқалық.

" Информатика " термині француздардың informatique (ақпарат) және automatique (автоматика) сөздерінен шыққан, оның мағынасы - "ақпараттық автоматика". Ағылшын тілді елдерде оның орнына — "Сomputer science“ термині кең қолданылады, сөзбе-сөз аудармасы "Компьютерлік ғылым".

Информатика – компьютерді қолдануға негізделген, информация құрылымы мен оның жалпы қасиеттерін қарастырып, мәліметтерді дайындау, сақтау, іздеу, түрлендіру, жеткізу және оны әр түрлі қызмет баптарында пайдалану зандылықтары мен тәсілдерін зерттейтін жаңа ғылыми пән.

Информатика үш бөліктен тұрады:

· техникалық құралдар - компьютер аппаратурасы - Hardware (қатты бұйымы, сүйегі);

· программалық құралдар – мәліметтер мен программалар Software (жұмсақ бұйымы, еті).

· алгоритмдік құралдар – алгоритмдер мен оларды құрастыру тәсілдері brain-ware (brain — зерде, интеллект).

Информатиканың мағынасын толық ашатын болсақ, онда оны:

1. ақпаратты автоматты түрде жинау, сақтау, іздеу және тасымалдау,

2. ақпаратты өңдеу және түрлендіру тәсілдерін жасау (ойлап табу),

3. ақпаратты өңдейтін электрондық есептеуіш техника­сын дамыту жолдары деп түсіну керек.

 

Информатика – адам өмірінің әртүрлі салаларында ақпараттың құрылымы мен жалпы қасиеттерін, оны іздеу, жинау, сақтау, түрлендіру және қолдану мәселелерін зерттейтін жас ғылыми пән.

Информатика компьютер, компьютерлік жүйе және желілермен генетикалық байланысты және олардың өте үлкен көлемдегі ақпараттарды туғызуы, сақтауы және автоматтандыруы ақпараттық үрдістерге ғылыми қөзқарасқа мүмкіндік пен қажеттілікті туғызады. Бұл ерекшелік көбінесе информатиканы компьютермен жұмыс істеу әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы деген жалған түсінікті тудырады. Шындығында қазіргі замандағы информатика — өте көлемді, динамикалы, эмпирикалық материалдарды жинақтау және ойдан өткізу кезеңін кешіп отырған, бірнеше іргелі және қолданбалы пәндердің қиылысында қаланған ғылым. Қазіргі замандағы информатиканы 1978 жылы Халықаралық информатика конгресінде төмендегідей түрде анықтады:

Информатиканың кегізгі зерттеу объектісі қазіргі заман қоғамындағы адам іс-әрекетінің барлық салаларын қамтып келе жатқан ақпараттандыру және компьютерлендіру үрдісі болып табылады. Дәлдеп айтсақ, бұл – ақпаратты жинау, өндеу, беру және қолданудың арнайы технологиясына сүйенген автоматтандырылған ақпараттық жүйелер (АЖ) арқылы жүзеге асырылатын ақпараттық технологиялар (АТ). Ақпараттық технологиялар – ақпараттық ресурстарды (АР) қолдану үрдістерінің ауырлығын төмендету, АР сенімділігі мен оперативтігін арттыру мақсатымен ақпаратты жинау, өңдеу, тарату және бейнелеуді қамтамасыз ететін, технологиялық тізбекке біріктірілген әдістер, өндірістік үрдістер мен программа-техникалық құралдардың жиынтығы. Ақпараттық технологиялар материалды-техникалық қорлар, математикалық, программалық тұрғыдан қарастырылады.

Информатика ақпараттық жүйелер мен технологиялардың құру мен өмір сүруінің мазмұны мен мағыналық аспектісін олардың мәні, әлеуметтік үлесі, пайдалылығы, қоғамдық жүйелердегі алатын арны, радикальды прогресс пен қоғамның сапасы жоғары жаңа тарихи кезеңге көшіру факторы екендігімен тығыз байланыстыра отырып зерттейді. Ақпараттық технологиялар қазіргі қоғамда білімнің ақпараттық ресурсқа (АР) айналуының, тиімді қолданудың жаңа құралы, дамытушы факторы болып табылады. Ақпараттық ресурс адамзаттың негізгі ресурсына, қазіргі замандағы өркениеттің бас құндылығына айналды. Сонымен қатар, АР рөлі, өмір сүру механизмдері, қолданудың әлеуметтік салдарына байланысты күрделі мәселелер туды.

Информатиканың іргелі ғылым тұрғысынан пәнін төмендегідей ұғымдар құрады:

- ақпараттық ресурстар, олардың мәні, өмір сұру заңдары, қоғамның басқа ресурстарымен әсерлесу механизмдері, әлеуметтік прогресске көрсететін әсері. Ақпараттық ресурс білім мен ақпараттың симбиозы түрінде алынады. ИнформатикаАР-ды қоғамда алу, беру және қолданудың заңдарын зерттейтін ғылым тұрғысынан ақпараттық үрдістерді нығайтуға, АР қолдануға негізделген ЭЕМ-ді және автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді (АЖ) қолданудың теориялық негіздерін құрайды.

Практикалық(қолданбалы) информатика тұрғысынан пәндік аумақты келесі ұғымдар анықтайды:

- есетеу техникасы құралдарының аппараттық жасақтамасы;

- есептеу техникасы құралдарының программалық жасақтамасы;

- аппараттық және программалық жасақтамалардың өзара әсерлесуі;

- адамның аппараттық және программалық жасақтамалармен әсерлесу құралдары;

 


ДК жұмыс істеу қағидалары (принциптері). Джон фон-Нейман қағидалары. Дербес компьютер архитектурасы. Негізгі блоктары мен олардың атқаратын қызметі.

Буындары:

1. (1946-1950) электрондық шамдардан жасалған.

2. (1950-1960) жартылай өткізгіштерден тұрды.

3. (1960-1970) ннтегралдық схемалардан жасалған.

4. дербес компьютерлер заманының басталғанының белгісі болды.

5. (1990-2000) бесінші буын – электрондық-оптикалық элементтерден жасалған ЭЕМ -дер шығарыла бастады.

ДК – бір адамның басқаруымен жұмыс істеуге арналған жеке компьютер. ДК-ң барлық құрылғылары екі топқа бөлінеді, олар: негізгі құрылғылар – бұларсыз компьютерлер жұмысы жүргізіле алмайды және қосалқы құрылғылар – бұлар компьютерлердің жұмыс істеу мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Компьютерлердің жұмыс істеу негіздері олардың барлығына ортақ бірнеше қағидаларға (принциптерге) негізделген. Оларды алғаш рет 1945 ж. АҚШ ғалымы Джон фон Нейман ұсынған еді.

Date: 2015-06-08; view: 2679; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию