Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Азақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің қызметін ұйымдастыру





 

18. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігіне басшылық етуді Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігіне жүктелген міндеттердің орындалуына және өзінің функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Төраға жүзеге асырады.

19. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің төрағасын Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайды және қызметінен босатады.

20. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметінен босатылатын орынбасарлары болады.

21. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі төрағасының өкілеттіктері:

1) Қазақстан Республикасы Парламентінде, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің атынан өкілдік ету;

2) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қабылдау, келісу және қол қою;

3) стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту;

4) Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдау;

5) өзінің құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдау.

Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттігін орындауды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

22. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің төрағасы өзінің орынбасарларының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындайды.

23. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын жауапты хатшы басқарады.

 

Date: 2015-06-06; view: 633; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию