Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жалпы ережелер. Азақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын





Азақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын

Орғау агенттігі туралы ереже

Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі тұтынушылардың құқықтарын қорғау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы, тұтынушыларға өткізілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша техникалық регламенттермен және нормативтік құжаттармен белгіленген талаптардың сақталуын бақылау және қадағалау саласында, сондай-ақ тағам өнімдерін өткізу сатысында оның қауіпсіздігі саласында басшылықты және реттеуді жүзеге асыратын (бұдан әрі – реттелетін сала), салааралық үйлестіруді, стратегиялық, реттеуші, бақылау-қадағалау, іске асыру және рұқсат ету функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында, аудандарда, қалаларда және қалалардағы аудандарда аумақтық органдары, сондай-ақ көліктегі аумақтық органдары бар.

3. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.



4. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі мемлекеттік мекеме ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.

5. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. Егер Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігіне заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапынан әрекет етуге құқығы бар.

7. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.

8. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан орны – 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8.

10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі» мемлекеттік мекемесi.

11. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттің есебінен жүзеге асырылады.

13. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігіне Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілермен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.



Егер Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген болса, онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

 






Date: 2015-06-06; view: 251; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2019 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию