Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Лттық бәсекеге қабілеттілік





Ұлттық бәсекеге қабілеттілік - қоғамдық қызметтің барлық салалары бойынша бір елдердің екіншілерінен артықшылықта болуына мүмкіндік беретін факторлардың жиынтығы; мемлекеттің сыртқы күйзелістерге бой бермей, тұрақты қалыпта қалу қабілеттілігі.

XX ғасырда ұлттық бәсекеге қабілеттілікті арттыру көптеген елдердің сыртқы экономикалық саясатында негізгі басымдықтарға, мемлекеттік реттеудегі сыртқы бағдарға айналды. Халықаралық бәсекелестік мәні бойынша әлемдік шаруашылық қатынастар жүйесінде өз орнын алу құралы болып табылады, оған тек ұлттық экономиканың тиімділігін арттыру арқылы қол жеткізуге болады. Экономикалық жаһанданудың басталуымен бәсекелік қатынастар шын мәнінде ғаламдық сипат алды. Әлемдік шаруашылық жүйе олардың әлемдік нарығын құратын ұлттық экономикалардың жиынтығы ретінде түсініледі. Сонымен қатар трансұлттық корпорациялар (ТНК) қатарымен бірнеше экономикаларға қатысады. Жекелеген ұлттық экономикалар өзара бәсекелесіп, бүл бәсекелестікке оны қашан да жаншуға тырысатын ТҰК еліктіретін қайшылықты жағдай туындайды.

Елдер арасындағы бәсекелестіктің ғаламдық процестеріне негізделген жағымсыз үрдістерді азайту үшін ұлттық экономикалар арасында валюталық, несиелік, салықтық қатынастарды реттеу мақсатында көптеген ұйымдар, комиссиялар, конвенциялар, тағы басқа институттар құрылған. 20 жылдан астам уақыт Бүкіләлемдік экономикалық форум қамқорлығымен бәсекеге қабілеттілік мәселелері бойынша ғылымизерггеу жобасы жұмыс істейді. Осы жобаның шеңберінде ұлттық бәсекеге қабілеттілік ретінде "жалпы халықтың жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімнің өсу қарқынымен есептелетін шынайы жан табысының өсу қарқынын тұрақты жоғары деңгейде ұстап отыру қабілеттілігі" түсініледі. Бүкіләлемдік экономикалық форум жобасында еларалық салыстырмалы талдау жасалады, сондай-ақ статистикалық өңдеудің көмегімен жинақ индексі шығарылады. Осы индекстер жиынтығы қарастырылып отырған елдердің бәсекеге қабілеттілігі деңгейін анықтап, сәйкесінше, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағдарламалары жасалып, қабылданады.

 

Тапсырмалар мен сұрақтар:

1. Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын айтыңыз.

2. Мәтінді қысқаша конспектілеңіз.

3. Салалас және сабақтас құрмалас сөйлемдер ойлап жазыңыз (әрқайсысына 5 мысалдан).







Date: 2015-06-06; view: 694; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию