Менеджмент
Осымша
Тәжірибелік сабақтардың жұмыс жоспары
1 сабақ
Тіл дамыту минуты: «Сауатты сөйлеу не үшін керек?» (пікір алмасу)
Лексикалық тақырып: Менеджмент туралы түсінік
Грамматикалық тақырып: Фонетиканы қайталау
Менеджмент
Менеджмент (ағылшынша мanage – басқару, меңгеру, ұйымдастыру) – ұйымда немесе кәсіпорында жұмыс істейтін адамдардың еңбегін басқара отырып, алға қойған мақсатқа жетуді ұйымдастыра білу, әлеуметтік, оның ішінде білім беру үрдістерін басқару принциптері, әдістері, құралдары мен нысандарының жиынтығы. «Менеджмент» ұғымының мәні мен мазмұны «басқар» түсінігіне ұқсас. Сонымен қатар менеджмент жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру, бақылау, ынталандыру сияқты қызметтерді атқарады. Ғылыми менеджменттің негізін салушы белгілі ағылшын ғалымы Фредрик Уинстоу Тэйлор (1856 – 1915). Оның еңбекті ұйымдастыру және өндірісті басқару жүйесі алғаш рет АҚШ-та 19 ғасыр мен 20 ғасыр тоғысында кең пайдаланыла бастады. Қазіргі замандағы менеджмент, негізінен, барлық экономикалық мектептердің тәжірибелері мен бағыттарының жетістіктерін қорытындылау арқылы дамуда. Менеджмент мақсат қоюға, жоспарлауға және саясатты қалыптастыруға міндетті. Ол үшін болжам жасайды. Менеджмент бойынша дәлелденген және жоспарланған операциялары бар ұйымдық құрылым жасау, адамдар арасында міндеттерді бөлу және жауапкершілік деңгейді белгілеу, нұсқау шығару мақсатында әр түрлі шешімдер қабылданады. Қазақстанда менеджмент қағидаттары, тәсілдері, амалдары нарықтық экономиканың өркендеуіне сай кеңінен таралған.
Нарықтық экономикада менеджмент фирманы басқарудың негізгі формасы болады. Менеджмент шешімдер қабылдап, оларды орындауға бағытталған жүйе. Материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын пайдалану варианттарының мүмкіндігінше ең жақсы оптималдығын жүзеге асыру кезделеді.
Тапсырмалар мен сұрақтар:
1. Мәтінді мәнерлеп оқып, негізгі ойды анықтаңыз
2. Мәтін бойынша жоспар құрыңыз.
3. Мәтін бойынша 10 сұрақ әзірлеңіз.
4. Үндестік заңына байланысты кестені толтыр:
Буын үндестігі
| Дыбыс үндестігі
|
| Ілгерінді ықпал
| Кейінді ықпал
| Тоғыспалы ықпал
|
|
|
| 5. «Фонетика» тақырыбы бойынша 10 тестік тапсырма әзірлеңіз.
Date: 2015-06-06; view: 785; Нарушение авторских прав Понравилась страница? Лайкни для друзей: |
|
|