Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Компьютерлік вирустар. Вируспен зақымданудың негізгі белгілері. Вирусқа қарсы программалар, олардың түрлері мен негізгі мүмкіндіктері





Компьютерлік вирус – «көбейтілуге» ж/е басқа программаларға жұғуға қабілетті, әдетте өлшемі шағын (200-ден 5000 байтқа дейін) арнайы компьютерлік программа (яғни ол кодын көп қайтара көшіреді де, оны басқа программалардың кодына қосады). Ол компьютерге пайдаланушының рұқсатынсыз, «зақымдалған» дискета немесе «зақымдалған» файлмен бірге түсуі мүмкін. Ішінде вирусы бар программа «зақымдалған» деп аталады.

Вирустардың пайда болуының келесі негізгі белгілері:

1. Ойдағыдай жұмыс істеп тұрған программалардың жұмысын тоқтатуы немесе жұмыс істемеуі;

2. компьютердің баяу жұмыс істеуі;

3.файлдар мен қапшықтардың жоғалуы н/е олардың құрамының бұрмалануы;

4. файлдар өлшемдерінің өзгеруі;

5. дискідегі файлдар санының кенеттен көбеюі;

6. бос жедел жад өлшемінің кішіреюі;

7. компьютер жұмысындағы жиі тұрып қалулар мен жаңылысулардың болуы.

Антивирустық программаларды үш негізі топқа бөлуге болады:

ü Файл мәліметтерін бақылауға арналған, олардың қосындыларын есте сақтауға негізделген программалар;

ü Программаға немесе операциялық жүйеге вирус жұққан сәтте, оларды анықтайтын резиденттік программалар.

ü Вирус/ жұқтырылғаннан кейін, олар-ң бар екенін анықтайтын программа/.

Вирустарды табуға ж/е жоюға мүмкіндік беретін программалар антивирустық программалар деп аталады.

ü Детектор программалар - тек бұрыннан белгілі вирус түрлерінен ғана қорғай алады, жаңа вирусқа олар дәрменсіз болып келеді.

ü Фагтар немесе доктор-программалар - вируспен зақымдалған файлдарды тауып қана қоймай, оларды «емдейді» де, программаны вируспен зақымдалғанға дейінгі қалпына келтіре отырып, файлдардан вирустарды жояды.

ü Ревизор программалар - компьютердің вируспен зақымдалмаған кезін есте сақтайды, содан кейін ағымдағы жағдайды алғашқы жағдаймен салыстырып отырады. Егер өзгеріс табылса, онда дисплейдің экранына хабарлама шығарады.

ü Доктор – ревизорлар программалар - файлдағы өзгерістерді анықтап қана қоймай, оларды автоматты түрде «емдеп», бастапқы қалыпты жағдайды түзейді.

ü Фильтр-программа/ н/е «күзетші/» - үнемі компьютер жадында болатын шағын резидентті программа/. Олар компьютердің операция/ын бақылайды ж/е компьютер жұмысының барысында вирус/ға тән күмәнді әрекет/ді табады. Қандай да бір программа осындай әрекет/ді орындамақшы болғанда, «күзетші» хабарлама жібереді, ал пайдаланушы тиісті операцияны орындауға рұқсат береді н/е тыйым салады.

ü Вакцина программалар - компъютердегі программалар жұмысына әсер етпей, оларды вирус «жұққан» сияқты етіп модификациялайды да, вирус әсерінен сақтайды, бірақ бұл программаларды пайдалану онша тиімді емес.


Date: 2015-06-06; view: 1637; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию