Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Компьютердің операциялық жүйелері (ОЖ). ОЖ-де файлдар жүйесін ұйымдастыру





Операциялық жүйе – компьютер іске қосылған кезде бірден жұмыс жасайтын программа. ОЖ қолданушымен сұхбат ұйымдастырады, компьютермен ж/е оның ресурстарымен (оперативті жад, дискіде орынды, т.б.) басқару жұмыстарын ж/е басқа қолданбалы программаларды іске қосу жұмыстарын орындайды. Операциялық жүйе қолданушымен, қолданбалы программалармен ж/е компьютер құрылғыларымен байланыс түрін (интерфейс) орнатуды қамтамасыз етеді. Ол адамға программаларды іске қосуға, барлық мүмкін деректерді оларға беруге ж/е олардан алуға, программаның жұмысын басқаруға, компьютердің параметрлерін ж/е оған қосылған құрылғыларды өзгертуге, ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік береді.

ОЖ-ның екі негізгі қызметі:

1) Барлық қолданбалы ж/е жүйелік программалардың жұмысын, оларды бір-бірімен ж/е аппаратық жабдықтармен байланыстыра отырып, қамтамасыз ету;

2) Әрбір адамға ЭЕМ-ді жалпы басқару мүмкіншілігін беру;

Дербес компьютерлерде кең тараған операциялық жүйелерге MS (PC) DOS, WINDOWS 95/98, WINDOWS 2000/ХР, OS/2, UNIX, т.б. жатады.

Кез келген ОЖ кем дегенде 3 бөліктен тұрады:

1. Ядро – командалық интерпретатор, ол ОЖ командаларын машина кодтарына айналдырады.

2. Драйверлер – құрылғыларды басқаратын программалар

3. Интерфейс – тұтынушыны компьютермен сұхбаттастыратын ыңғайлы орта. Графикалық интерфейс – шағын суреттермен көмкерілген көзге жылы орта. Алғашқы ОЖ-лер үшін тышқанмен шерту орнына сөз тізбегі енгізілетін. Мыс., Word программасын іске қосу үшін: winword.exe терілетін еді.

ОЖ түрлері:

Атқаратын жұмыстарына қарай екіге бөлінеді:

1. Біртапсырмалы (однозадачная) - DOS

2. Көптапсырмалы (многозадачная) - Windows

Тұтынушы санына қарай екіге бөлінеді:

1. Біртұтынушылы (однопользовательский) - DOS

2. Көптұтынушылы (многопользовательский) - Windows

Разрядтылығына қарай:

1. 16-разрядты (DOS, Windows 3.1)

2. 32-разрядты (Windows 98/ME)

Файл (file – бума, десте) белгілі бір атпен магниттік дискіде жазылған біртектес ақпараттар жиыны. Файлдарды ОЖ басқарады. Олардың құрылымы, аталуы, пайдаланылуы, қорғалуы толығымен ОЖ қарамағында. ОЖ файлдармен жұмыс істейтін бөлігі файлдық жүйе деп аталады.

Файлдық жүйе (ағ. File system) – компьютердегі ақпарат тасушылардағы мәліметтерді ұйымдастыру, сақтау ж/е атау әдістерін анықтайтын жүйе. Нақты ФЖ файл атының өлшемін, файлдың максималды мүмкін болатын өлшемін, файл атрибуттары жинағын анықтайды. Кейбір ФЖ сервисті мүмкіндіктерді көрсетеді, мысалы енуді шектеу немесе файлды шифрлеу.

Қызметі:

1. Файлға ат беру

2.Қосымшалар үшін файлдармен жүмыс істеудің программалық интерфейсі

3. ФЖ-ң логикалық моделін көрсету

4. Қоректену ақауларына, аппаратты ж/е программалық жабдықтардың қателіктеріне ФЖ-ң орнықтылығын ұйымдастыру

5. Жүйенің басқа объектілерімен дұрыс әрекеттесуі үшін қажетті файл параметрлерін қамту.

Түрлері: FAT32, HPFS, ext2, QIC, ISO9660, HFS, UDF, AEFS, NFS, CIFS, SSHFS, GmailFS т.б.

Файл атрибуттары деп дискіде сақталып тұратын файлдың сипаттамаларын айтады. Жалпы атрибут файл қасиеттерiн анықтайтын параметрлер, олар төртеу:

• Файл аты мен типі;

• Файлдың жазылған немесе соңғы өзгертілген мерзімі (дата мен уақыт);

• Файлдың байтпен берілген көлемі;

• Файлдың қорғаныс деңгейлері, маңыздылығы:

a. Архивтi (Archive) файл – өзгертуге, өшіруге болады;

b. Тек оқу үшiн (Read only) қолданылатын файл;

c. Жасырын (Hidden) сақталатын, көрсетілмейтін файл;

d. Жүйелік (System) тек оқылатын, әрі жасырын сақталатын файлдар, ОЖ файлдары.

 








Date: 2015-06-06; view: 1159; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию