Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Сынып оқушыларымен әскери – спорттық ойындарды ұйымдастырып, жүргізу





Әскери – спорттық ойындар. Жастардың әскери – патриоттық тәрбиесі, оның Қ.Р.Қарулы Күштеріне қызмет етуге дайындығы – объективті қажеттілік болып табылады.

Ал жастардың патриоттық және интернациональдық тәрбиесі – сыныптың идеологиялық жұмыстың негізгі бағыттарының бірі болып табылады.

Жыл сайын біздің армиямыз толықтырыла түсуде. Жас әскерлер қысқа уақыттың ішінде мамандықты жақсы игеріп, бүкіл әскери қызметті де жақсы атқарады. Сонымен бірге, олар әскери тәрбиенің талаптарын өз еркімен орындап, бөлімшелердің қоғкамдық өміріне белсене араласуда. Олардың өмірдегі табыстары оқу орындарында жастармен жүргізілетін үлкен мақсатпен бағытталған әскери – патриоттық тәрбиемен түсіндіріле алады.

Әскери – патриоттық тәрбие Отанды қорғауға арналған қасиетті міндетті орындауға өте қажет үздіксіз және бағытталған жо,ғары психалогиялық және маральдық еркін сапаларды құратын процесс болып табылады.

Жоғары сыныптардағы қозғалмалы ойындар негізінен жалпы дене даярлықтарын жоғарылату, сонымен бірге жасөспірімдердің арнайы спорттық даярлықтары үшін қолданылады.

15-17 жастық кезеңде (Х-ХІ сыныптар) ағзаның өсуі және дамуы жалғасуда екенін есте ұстаған жөн. Қаңқаның сүйектену үрдісі, бұлшық ет күшінің өсуі және ішкі ағзалардың дамуы әлі аяқталмаған. Жүйке және жүрек-қан тамырлар жүйесі қызметінде кейбір ауытқулар, жоғары қозушылық байқалады. 15-17 жастағы жасөспірімдер мен қыздар ағзасының шыдамдылығы ересектерге қарағанда төмен.

Жасөспірім ұлдар денесінің салмағы бұлшық ет массасының ұлғаюы арқасында қосылады; салмаққа қатынасы бойынша бұлшық ет күштерінің дамуындағы кейін қалу оларда байқалмайды. Жасөспірім қыздардың бұлшықет жүйелері ұлдарға қарағанда баяу дамиды (атап айтқанда, иық белдеуі мускулатурасы әлсіз). Қыздар денесінің салмағы кеуде ұзындығы, жамбас белдеуінің дамуы есебінен еселенеді.

15-17 жастағы қыздар аяғы мен кеуде ұзындықтар қатынасын салыстырмалы бағалаудың көрсетуінше кеуде ұзындығы үлкейген сайын аяқтары ұлдарға қарағанда қысқа, сондықтан да олардың қадам жасаулары да қысқа. Ал дене салмағы мен өкпелердің өмірлік сыйымдылық салыстыруларының берілгендері бұл көрсеткіштердің қыздарда төмен екендігін көрсетеді.

Жоғары сынып оқушыларында абстрактілі ойлауға және өз әрекеті мен қоршаған орта әрекететін талдауға қабілеттіліктері айқын өседі. Көптеген бозбалар мен бойжеткендерде спорттың белгілі бір түрі бойынша сабақтарға қызығушылығы толығымен қалыптасады, сондықтан оларды спорттың таңдалған түрінде жетілуге мүмкіндік беретін қозғалмалы ойындар тартады.

Олар үшін қиындылығы бойынша маңызды, тәсілдер мен әрекеттерді орындауға құрылған қатысушылардың өзара қарым-қатынасы бойынша күрделенген қозғалмалы ойындар толығымен қол жетерлік және қызықты.

Дұрыс өткізлетін қозғалмалы ойындарды жүйелі ұйымдастыру айналысушылардың қозғалыс қабілеттерін жетілдіруге және дене даму динамикасына оң әсер етеді.

Бұл жастағылардың сүйек-бұлшық ет аппаратының дамуы әлі аяқталмағанын басты назарға ала отырып, ойындарда ұзақ бір жақты күш салуға жол берілмеуі тиіс. Сонымен бірге боз балалар мен бойжеткендер жүйке және жүрек-қан тамырлар жүйесіне зиян келтіретін жүгіруі, секіру және т.с.с бар ойындардағы жоғарылатылған жүктеме қарама-қарсы көрсетілген. Алайда жалпы дене дамуын жоғарылату және қозғалыс дағдыларын жетілдіру мақсатында жеткілікті ұзақ уақыт бойы қатысушылардың көп қайталанатын белсенді қозғалыстары бар ойындар өткізуге болады. Күш, жылдамдық, қозғалыс координациясы және шыдамдылық көрсетуді талап ететін ойын әрекеттеріндегі қыздардың дене мүмкіндіктері ұлдарға қарағанда төмен болатындығын ескерген жөн.

Жетекші жоғары сынып оқушыларының бойында қозғалмалы ойын сабақтарын шынайы іс ретінде қабылдайтындай қатынастарды тәрбиелеуі тиіс. Белгілі бір ойын сабаққа мақсатты бағыттылы түрде енгізілетінін және оқу-машықтандыру мәніне ие екендігін түсіндіріп өткен жөн. Ойын тапсырмаларын саналы орындай отырып, оқушылар қозғалмалы ойындарды үлкен қызығушылық пен үлгілі тәртіппен орындайды. Белгілі бір техникалық тәсілді, тактикалық әрекетті сәтсіз орындау жағдайында айналысушыларға қайталап жасауға мүмкіндік беру керек, осылайша жағымды нәтижеге қол жеткізудің тұрақты, бірбеткей машықтануға үйрету қажет.

Жастарды әскери-патиоттыққа тәрбиелеу, оны ҚР Қарулы Күштердегі қызметке дайындау- обьективті қажеттілік.

Жастарды патриоттық және интернационалды тәрбиелеу сыныптағы идеологиялық жұмыстың негізгі бағыттарының бірі.

Жыл сайын әскерге жақсы толықтырулар келеді. Жас жауынгерлер қысқа мерзім ішінде мамандықты және барлық әскери қызметті жетістікпен меңгереді, жауынгерлік уставтар талаптарын адал орындайды, бөлімшенің қоғамдық өміріне белсене қатысады.

Олардың өміріндегі қол жеткізілген жетістері оқу орындарында жастармен өткізілетін әскери-патриоттық тәрбие бойынша мақсаты бағытталған жұмыспен түсіндіріледі.

Әскери-патриоттық тәрбие Отанды қорғау бойынша қасиетті парызды орындау үшін қажетті жоғары психологиялық және моральды-жауынгерлік сапасын қалыптастырудың үздіксіз мақсатты бағыттылы үрдісі ретінде ұсынылады.

Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу формаларының бірі «Ұлан» әскери-спорттық ойын болып табылады.

«Ұлан» жастар әскери-спорттық ойын ҚР ҚК-дегі қызметке даярлауға, әскери істер негіздерін меңгеруге, идеялық және дене шынығуындағы қазақтар мен қазақстандықтардың жауынгерлік және еңбек дәстүрлерінде жастарды тәрбиелеуде үлкен мәнге ие. Ол оқушылардың алғашқы даярлық бойынша білімдерін бекітуге,ержүректілікке, солдат пен еңбекқорға қажетті сапаларды тәрбиелеуге ықпал етеді.

Ойын енгізілген мектептер, арнайы орта оқу мекемелері бозбалалар мен бойжеткендердің жүректері мен ақыл-ойларына жағымды әсер ететіндіктерін сезеді.

«Ұлан» ойыны біройналатын, жеке немесе құрама командаларға арналған элизодтық іс-шара емес, жүйелі қорғаныс-көпшіліктік және спорттық ойындардың көпшілік формасы.

«Ұлан» жастар әскери-спорттық ойынды құқық бойынша ерліктің, ержүректіліктің, патриотизмнің мектебі деп атайды. Ол жасөспірімдерді патриотизм рухында тәрбиелеп қана қоймайды, сонымен бірге оны морольды және денесін шынықтырады, әскери қызметке жақсы даярлыққа, АӘД бойынша білім мен дағдыларды мықты нығайтуға ықпал етеді.

Әскери бөлімшелер, әскери оқу орындары, әскери комиссариаттар, жоғары және арнайы орта білім беру оргындары, азаматтық қорғаныс және ТЖ штаптакры, «Отан» дене мәдениеті және спорт қорғаныс ұйымдары, қызыл крест және қызыл жарты ай қоғамдарының бұйрық ету күштерінде «Ұлан» әскери-спорттық ойын барлық оқу мекемелері мен жастар ұйымдарында кең қолдауға ие болды.

АӘД-пен бірге «Ұлан» ойын жасөспірімдерге жас салдатты дайындау көлемінде қажетті білімдер мен практикалық дағдыларды меңгеру және бекітуге көмектеседі, осылайша АӘД қоғамдық формасы жүйелі сыныптан тыс қорғаныс-көпшіліктік және спорттық әрекеттегі бозбалалар мен бойжеткендерді көпшілік тарту арқылы Отанды қорғауға жастарды даярлау бойынша жұмыстардың комплекстік формасы болып табылады.

4. Бақылау сұрақтар:

1. Әскери – спорттық ойындардың түрлері.

2. Ойын ережелерінің сақталуы.

3. Ойынындардың негізгі мақсаты.

4. Жастардың патриоттық және интернациональдық тәрбиесі.

5. Жастарды патриоттық және интернационалды тәрбиелеу бағыттары.

5.Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:

1. Сабақтың тақырыбы мен жоспарына сәйкес пікір-талас өткізу.

2. Студенттерді бағалау.

6. Студенттердің аудиторияда тапсыратын СӨЖ тақырыбы:

1. 9-11 сынып оқушыларымен әскери – спорттық ойындарды ұйымдастырып, жүргізу

7. Үй тапсырмасы: 9-11 сынып оқушыларымен әскери – спорттық ойындарды ұйымдастырып, жүргізу әдістерін үйрену.

8.Сабақ тақырыптарына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:

1. Министерство обороны РК «Методическое пособие по физической подготовке и спорту в ВС РК» Алматы 2002г.

2. А.А. Бурков В.И., В.И. Никитюк «Воин, будь сильным» М.-2005г.

3. В.Б.Спекторов «Военно- спортивные игры» М.-2015г.

4. П.Д. Лукашов «Военно- спортивные игры школьников на местности» М.-2008г.

5. Военно- спортивная игра «Алау»

http://mod.go.kz-Қорғаныс министрлігі. asker.kz-Қазақстан Әскері сайты

№9 СӨЖ сабақ

ақырыбы:" “Ұлан” әскери – спорттық ойыны."

1.Жоспары:

1.“Ұлан” әскери – спорттық ойыны

2.Сабақтың мақсаты: Студенттерге жоғары сыныптарда.“Ұлан” әскери – спорттық ойынын ұйымдастырып, жүргізу ережесін жеткізе білу.

3.Қысқаша мәтіні: Студенттерге“Ұлан” әскери – спорттық ойынның мақсаттары мен тапсырмаларын жеткізе білу.

Date: 2015-11-15; view: 975; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.01 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию