Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Курстың қысқаша сипаттамасыСтр 1 из 3Следующая ⇒ Кредит саны – 2 Дәріс – 15 сағат Зертханалық сабақтар – 15 сағат СӨЖО – 15 сағат СӨЖ – 45 сағат Бақылау түрі – емтихан Барлығы – 90 сағат
«___»___________2015 ж кафедра отырысында талқыланды, №___ хаттама
Кафедра меңгерушісі ___________________________ Б.Г.Искакова
1. Оқытушы туралы мағлұмат: Тулеугалиева Жазира Калеловна - «Экономика және менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы 2. Өтетін уақыты және орны: Өтетін уақыты: 2015-2016 оқу жылының 3 семестрі Өтетін орны: Орал қаласы, Ыхсанов көшесі 44/1үй, уақыты: сабақ және СӨЖ кестесі бойынша. Пререквизиттер және постреквизиттер Пререквизиттер: талап етілмейді. Постреквизиттер: «Микроэкономика». Курстың қысқаша сипаттамасы «Экономикалық теория негіздері» курсы барлық мамандықтар мен бағыттарында оқытылатын міндетті компонент болып табылады. Бұл пән студенттерге жүйе түріндегі экономика туралы, негізгі түсініктер береді және келесі сұрақтарды қарастырады: экономикалық теорияның пәні және әдістері. Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі. Қоғамдық өндірістің негіздері. Меншік қатынастары және олардың экономикадағы орны. Қоғамдық өндірістің түрлері. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері. Жеке-дара ұдайы өндіріс теориясының негіздері. Кәсіпорын капиталының (қорларының) айналымы және толық айналымы. Кәсіпорынның (фирманың) шығындары мен табысы. Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстардың қалыптасуы. Ұлттық экономика жүйе ретінде. Макроэкономикалық тепе-теңдік. Экономикалық дамудың ауытқымалы болуы макроэкономика заңдылығы ретінде. Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде. Экономикалық саясаттың негізгі бағыттары, экономикалық өсу. Курстың негізгі мақсаты экономиканың кез-келген саласында талдау құралдары мен әдістерін қалыптастыруда студенттерге жеке қолдану тәсілдерін меңгеруді, экономикалық ойлауды, экономикалық үдерістерді үйрету болып табылады. Міндеттері: - экономикалық теорияның жалпы ережелерін, экономикалық заңдарын, нарықтық экономика жұмысының принциптерін білу; - мемлекеттің ақша-несие, салық, инвестициялық және әлеуметтік саясатын оқып меңгеру; - негізгі макроэкономикалық категориялары мен көрсеткіштерін оқып меңгеру; - макроэкономикалық көрсеткіштерін есептеу, экономикалық өсу қарқынын, инфляция және жұмыссыздық деңгейін білу; - нарық экономикасының маңызды заңдары мен механизмдерін меңгеру; - мемлекеттік реттеу тіртібін оқып меңгеру Пәнді оқу үрдісінде білуі тиіс: - экономикалық заңдар мен функцияларын; - қоғамдық өндіріс факторларын, өндірістік мүмкіншіліктер қисығын; - иелену түрлері мен формалары, меншік формалары және түрлерін; - экономикалық жүйелер түрлері және оның элементтер сипаттамасын; - нарық механизмінің элементтерін, түрлерін, принциптерін, және құрылымын; - өндірістік функция, ауыспалы және тұрақты функция және олардың бір-бірімен алмасуын. Істей білу керек: - алған білімді тәжірибеде қолдану; - экономикалық жүйелердің салыстырмалы талдауын жасау; - натуралды және тауарлық өндірісті салыстыра білу; - сұраныс және ұсыныс қисықтарын құрастыру; - икемді сұранысты икемсіз сұраныстан айыра білу; - жалпы және шекті пайдалылықты анықтау, - жиынтық және шекті өнімді анықтау; - өндіруші тепе-теңдігі, жалпы альтернативтік, тұрақты, ауыспалы шығындарды анықтай білу, - фирма кірісін анықтау, графикалық талдау жасау. Студенттің экономикалық теорияда алынған білімдерін, өзіндік бағалау мүмкіндігін ажыратып тәжірибелік жұмысқа дағдысы болуы керек. Құзыретті болу: - нарықтық экономика жағдайларындағы өмірдегі мәселелерді шеше білу қабілеттілігі, ғылыми мәселелерді ойлау; - алынған экономикалық білімдерін болашақта тәжірибеде қолдана білу; - рационалдық шаруашылықтың әдістері мен ұсынымдарын анықтау.
|