Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Пилоттық орта білім беру ұйымдарында жан басына нормативтік қаржыландыруды іске асырудың ерекшеліктері





 

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында (бұдан әрі – БДМБ) орта білім беру ұйымдарын (шағын жиынтықты мектептерден басқа) жан басына нормативтік қаржыландыруға көшіру көзделген.

Жан басына нормативтік қаржыландырудың міндеттері:

– республикадағы мектептерде білім беру процесін іске асыруға мемлекет бюджетінің шығыстарын орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының (МЖМБС) бірыңғай талаптарына сәйкес мөлшерлеу;

– Білім беру қызметтеріне тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағдарланған қаржыландыру жүйесін жетілдіру.

Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыру білім беру процесіне (МЖМБС-ны іске асыруға) шығыстарды республикалық деңгейде орталықтандыруға және пилоттық мектептерге бюджет қаражатын бір жылға 1 оқушыға шаққандағы есеппен бөлуге негізделеді.

Бөлінетін бюджет қаражатының көлемі мектептердегі оқушылар санына байланысты.

Білім беру процесіне шығыстар мектеп қызметкерлеріне еңбекақы төлеумен, оқу шығыстарымен байланысты шығындарды, сондай-ақ мектептердің педагогикалық қызметкерлеріне олардың қызмет нәтижелері мен білім беру қызметтерінің сапасы бойынша сыйлықақылар мен ынталандыратын үстемеақыларды қамтиды.

Мектептердің білім беру ортасын қамтамасыз ету бойынша қызметтер (коммуналдық қызметтер, ағымдағы жөндеу жұмыстары, ғимаратты күту, оқушыларды тасымалдау және тамақтандыру, басқадай қызметтер) аймақтарда орта білім беру ұйымдары желілерінің жағдайы мен дамуына, материалдық базаны қолдау және мектептердің инфрақұрылымы үшін жауапкершілікті сақтау мақсатында жергілікті атқарушы органдардың құзыретінде қалады.

Жан басына нормативтік қаржыландыру еңбекақы төлеудің жаңа нысаны емес, бұл білім беру процесін іске асыру үшін мектептерге бюджет қаражатын бөлу тетігі болып табылады. Мектеп қызметкерлеріне еңбекақы төлеу саласындағы барлық кепілдіктер сақталады. Мектеп қызметкерлеріне еңбекақыны есептеу және төлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

Білім беру процесін жан басына қаржыландыру нормативінің мөлшерін (яғни 1 оқушыны оқыту құнын) ҚР Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – БҒМ) ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 30 қазандағы № 440бұйрығымен бекітілген Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыру әдістемесінің негізінде бір жылға есептейді.

 

1 оқушыны оқыту құны білім беру бағдарламасының түріне, деңгейіне және іске асырылу орнына қарай ерекшеленеді.

Жан басына шаққандағы нормативті және мектептердегі білім беру процесін қаржыландырудың жалпы көлемін есептеу кезінде БҒМ мыналарды ескереді:

– мектеп қызметкерлеріне жұмыс жағдайлары үшін төленетін барлық қосымша ақылар мен үстемеақылар;

– қалалық (24 адам) және ауылдық (20 адам) сыныптардың нормативтік толымдылығы;

– сыныптардың шекті толымдылығы (25 адам). Сыныптардың шекті толымдылығынан тыс оқушыларды оқыту құны азаяды.

Жан басына шаққандағы нормативтің мөлшері мен жергілікті атқарушы органдарынан сыныптар бойынша оқушылар саны туралы ұсынылған деректер негізінде БҒМ жан басына шаққандағы нормативті нақты мектептегі оқушылар санына көбейту жолымен әрбір мектепте жан басына қаржыландыруды іске асыруға (білім беру процесін қаржыландыруға) республикалық бюджет қаражатының жалпы көлемін (білімнің деңгейіне, білім беру бағдарламасының түріне байланысты) есептеуді жүргізеді.

Жан басына нормативтік қаржыландыру тетігі «ақша оқушының соңынан жүреді» қағидасының негізінде құрылған. Мектептерде жан басына нормативтік қаржыландыруды енгізудің нәтижесі мыналар болмақ:

– оқу орындары арасында бәсекелестік дамиды, өйткені оқушылар мен олардың ата-аналары ең жақсы мектепті таңдау мүмкіндігіне ие болады, ал мектепке ақша оқушымен бірге келеді;

– білім беру процесінің сапасы жоғарылайды, өйткені оқушылардың мектептен кетіп қалу мүмкіндігі мектеп әкімшілігі мен жергілікті билік органдарын мектептегі мұғалімдер құрамын, материалдық базаны және оқу жағдайын жақсартуға ынталандырады.

– мектептер арасындағы оқушылар мен жақсы педагогтар үшін талас білім беру сапасынжоғарлатуға маңызды талап болады. Жан басына нормативтік қаржыландыру жағдайында мектеп білім берудің сапасын арттыру үшін мыналарды ұсынады:

– педагогикалық қызметкерлерге: оқуға және өзінің біліктілігін арттыруға мүмкіндік; қызметінің нәтижелері мен білім беру қызметтерінің сапа көрсеткіштеріне қол жеткізуі бойынша сыйлықақы және үстемеақы алу;

– оқушыларға: әр түрлі, оның ішінде халықаралық деңгейдегі байқауларға және жарыстарға қатысуға мүмкіндік; сапалы педагогикалық құраммен, оқу материалдарымен, оқу құрал-жабдықтарымен және жаңартылған материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етілу.

Мектептер деңгейінде жан басына нормативтік қаржыландыруды сынақтан өткізуді ұйымдастыру және мониторингілеу «Қаржы орталығы» АҚ-ға жүктелді.

2013 жылғы 1 қыркүйектен республиканың 4 (Ақтөбе, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарындағы) облысындағы пилоттық 50 мектептің негізінде орта білім берудің жан басына нормативтік қаржыландырылуын сынақтан өткізу басталды.

2014 жылғы 1 қаңтардан бастап сынақ өткізілетін мектептер қатарына Ақмола облысынан тағы 13 мектеп қосылды.

Пилоттық мектептердегі оқушылардың жалпы контингенті шамамен 50 мың адамды құрайды.

Сондай-ақ, пилоттық мектептерде мектептерді басқарудың жаңа алқаластық органы ретінде қамқоршылық кеңестерінің жұмыс істеуін сынақтан өткізу жүргізілуде (3-қосымша).

Орта білім берудің жан басына нормативтік қаржыландырылуын сынақтан өткізуге және кейін оны іске асыруға дайындау мақсатында мынадай нормативтік құқықтық актілер әзірленіп, бекітілді:

1) «Білім беру ұйымдарындағы қамқорлық кеңестердің жұмыс істеуін сынақтан өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 573 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы (2013 жылғы 19 тамыз № 350);

2) «Орта білім беруді жан басына қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы (2013 жылғы 30 қазан № 439);

3) «Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы (2013 жылғы 30 қазан № 440);

4) «Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландырудың сынағын өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы (2013 жылғы 4 қараша № 447);

5) «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 мамыр № 598 қаулысы;

6) «Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыруды сынақтан өткізу мәселелері бойынша жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы (2014 жылғы 14 шілдеде № 279).

Пилоттық мектептерде білім беру процесін жан басына нормативтік қаржыландыру ҚР БҒМ мен жергілікті атқарушы органдарының арасында келісім жасасу арқылы республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттердің есебінен іске асырылады.

2013-2014 оқу жылы сынақтан өткізудің нәтижесі бойынша, пилоттық мектептердің директорлары педагогтардың әрбір оқушыға, оқыту сапасын жоғарылатуға мүдделерінің едәуір артқанын, «ұйқыдағы» мұғалімдердің жұмысқа ынта-ықыласы оянып, мұғалімдердің жеке және кәсіптік тұрғыда өсуге ынтасы жоғарылағанын байқаған.

 

Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыруды енгізудің басты мақсаты орта білім берудің сапасын жоғарылату болып табылады.

Бір-ақ жылда сынақтан өткізудің нәтижелеріне және жан басына нормативтік қаржыландырудың басты мақсатына жету деңгейіне дұрыс баға беру қиын. Алайда, сынақтан өткізудің аралық нәтижелерін талдау мынадай нәтижелер көрсетті.

Соңғы оқу жылы пилоттық мектептерде 13%-дан 21%-ға дейін өз біліктілігін арттырған қызметкерлер қатары көбейді.

2013-2014 оқу жылы пилоттық мектептердегі педагогикалық қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 72,0 мың теңгеден 105,0 мың теңгеге дейін, немесе инфляция деңгейін есептемегенде 33,0 мың теңгеге өсті.

Пилоттық мектептердегі балаларды дамытуға арналған үйірмелер мен секциялар 156 бірлікке көбейді. Мектеп үйірмелері мен секцияларының жұмысына қатысатын оқушылардың қатары да оқушылардың жалпы санынан 57% құрады.

2013-2014 оқу жылы пилоттық мектептерде оқитын және түрлі байқаулар мен жарыстардың жеңімпаздары, жүлдегерлері, лауреаттары атанған оқушылар қатары 17%-дан 22%.-ға дейін артты.

Жыл сайынғы оқушылардың үлгерімін бақылаудың нәтижелері де жақсарды: орташа алғанда, білімнің барлық деңгейлері бойынша орташа балл 54-тен 56-ға дейін. Ақмола облысында пилоттық мектептердегі оқушылар үлгерімінің ең жоғарғы орташа балы – 72.

Соңғы оқу жылындағы ҰБТ-ның орташа балы 71-ден 76-ға дейін көбейді. Оның ішінде, Ақмола облысындағы пилоттық мектептердің оқушылары бұл оқу жылын әлдеқайда сәтті аяқтады. Олардың ҰБТ-дағы орташа балы – 84.

Жан басына нормативтік қаржыландыруды іске асырудың негізгі қиындықтары мыналар:

1) мектептердің ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны («мемлекеттік мекеме»), қолданыстағы еңбекақы төлеу жүйесінде мектеп қызметкерлерінің лауазымдық еңбекақысының шекті мөлшері, мектептердің қаржыландырудың айлық жоспарын сақтауға тәуелділігі;

2) оқу орындарының тапшылығы, мұның салдары еңбекақы төлеу бойынша үнемдеуге әкеледі және пилоттық мектептердің ағымдағы нысаналы трансферттерді игеруі кезінде қиындықтар тудырады;

3) пилоттық мектептердің ағымдағы нысаналытрансферттерді жоспарлауы және жұмсауы барысында жан басына қаржыландыруды іске асыру процестерін қосымша реттеу қажеттілігі;

4) пилоттық мектептердің білім беру процесіне шығыстар тізбесін кеңейтужәнеоғанмектептердіңтолыққандыжұмысістеуі мен жабдықталуынқамтамасызетумен байланысты шығыстарды енгізу қажеттілігі;

5) мектеп директорларының басқару білімінің және іскерлік пен дағдысының, мектеп бухгалтерлерінің бюджеттік заңнама бойынша білімінің жетіспеушілігі;

6) мектептерде қамқоршылық кеңестерінің жұмысы, ағымдағы нысаналы трансферттердің жұмсалу процесі жеткілікті деңгейде ашық емес;

7) жан басына нормативтік қаржыландыру шарттарының бұзылуы: сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзу, республика бюджетінің қаражатын мақсатқа сай пайдаланылмаужағдайлары бар.

Жан басына нормативтік қаржыландыру тетігінің нәтижелілігін арттыру бойынша мәселелерді қараумен ҚР Білім және ғылым министрлігінің жанынан арнайы құрылған Жұмыс тобы айналысады.

2015 жылы орта білім берудің жан басына нормативтік қаржыландырылуын сынақтан өткізу 63 пилоттық мектепте жалғастырылмақ.

 

Date: 2015-11-14; view: 774; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию