Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Биология. «Жалпы биологияны» 10-11-сыныптарда жалпы орта білім деңгейінде оқып білу 6-9-сыныптарда негізгі орта білім деңгейінде меңгерген





«Жалпы биологияны» 10-11-сыныптарда жалпы орта білім деңгейінде оқып білу 6-9-сыныптарда негізгі орта білім деңгейінде меңгерген материалды тереңдетіп қарастыруға бағытталған.

Оқытудың мақсаты тірі материя, оның биологиялық құрылым деңгейлері, жасушалық теорияның негізгі қағидалары, өсімдік және жануар жасушаларының құрылысы, органикалық және бейорганикалық заттардың рөлі туралы негізге алынатын түсініктерді, организмдердің жеке даму заңдылықтары туралы түсініктерді, органикалық дүниенің дамуы (эволюциясы) негізіндегі генетикалық заңдылықтар туралы білімді, адамның тұқым қуалаушылығына қоршаған орта факторларының жағымсыз әсері туралы негізге алынатын түсініктерді қалыптастыру болып табылады.

Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарда «Жалпы биология» курсын оқу пәні ретінде оқып білудің мақсаты барлық оқушыларды келесі жоғары мектепте оқуы үшін биология саласында биологиялық дайындықтың қажетті деңгейімен қамтамасыз ету: тірі материя, оның биологиялық құрылым деңгейлері туралы негізге алынатын түсініктерді қалыптастыру; оқушылардың өлі және тірі материяның жалпы белгілерін ұғынуы; жасушалық теорияның негізгі қағидалары туралы білім қалытастыру.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарда биологияны оқытудың міндеттерібылайша анықталған: органикалық табиғат туралы, оның өзгергіштігі және тұқым қуалаушылығы туралы білім жүйесін қалыптастыру; жасушадағы органикалық және бейорганикалық заттардың рөлі туралы білім қалыптастыру, биологиялық заңдылықтардың білімін қалыптастыруда өзбетінше жұмыс істеуге дағдылануды дамыту;организмдердің жеке жаму заңдылықтары туралы көзқарастарын кеңейту; генетикалық есептерді, молекулалық биологияның есептерін, экологиялық есептерді шығаруда ептілік пен дағдыны дамыту; түр және оның критерийлері түсініктерінің мәнін ашып көрсету, эволюциялық ілім негіздерінің білімдерін қалыптастыру.

Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағыттағы 10-11-сыныптарда «Жалпы биология» курсын оқу пәні ретінде оқып білудің мақсаты барлық оқушыларды келесі, жоғары мектепте оқуы үшін биология саласында биологиялық дайындықтың қажетті деңгейімен қамтамасыз ету: тереңдетілген деңгейде тірі материя, оның биологиялық құрылым деңгейлері туралы негізгі түсініктерді қалыптастыру; оқушылардың өлі және тірі материяның жалпы белгілерін ұғынуы; органикалық дүниедегі көбейу тәсілдерінің және жасушалардың бөліну типтерінің білімдерін қалыптастыру; жасушалық теорияның негізгі қағидаларының білімін қалытастыру; табиғатты қорғау бойынша Қазақстан Республикасы заңдарының білімін қалыптастыру.

Жаратылыстану-математика бағыттағы 10-11-сыныптарда биологияны оқытудың міндеттерібылайша анықталады: органикалық табиғат туралы оның өзгергіштігі және тұқым қуалаушылығы туралы білім жүйесін қалыптастыру; биологиялық заңдылықтардың білімін қалыптастыруда өзбетінше жұмыс істеуге дағдылануды дамыту; органикалық дүниенің дамуы негізінде жатқан генетикалық көзқарастарды кеңейту; қоршаған ортаны қорғау жұмыстарында және генетикалық есептерді, молекулалық биологияның есептерін, экологиялық есептерді шығаруда ептілік пен дағдыны дамыту; пәннің және экологиялық факторлардың рөлін ашып көрсету; экожүйе, биоценоз, биосфера түсініктерінің мәнін ашып көрсету; адам әрекетінің әсерін және осы әсердің нәтижесін ашып көрсету; табиғатты қорғау бойынша қазақ халқының салт-дәстүрлерін ашып көрсету; эволюциялық ілім негіздерінің білімін қалыптастыру; тұқымқуалаушылықтың негізгі заңдылықтарын ашып көрсету; өзгергіштіктің негізгі заңдылықтарын ашып көрсету; селекцияның және биотехнологияның негіздерін сипаттау; биосферадағы тұрақты тепе-теңдікті сақтауға қажетті адамның антропогендік әрекетінің нәтижесін бағалау үшін биологиялық білімді қолдана білуді қалыптастыру, өздігінен білім алу уәжін қамтамасыз ету.

10-11-сыныптардағы биология курсында «Жалпы биология» бөлімін оқытумен ерекшеленеді.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сыныптар үшін оқу материалының мазмұны болашақ ұрпақтың биологиялық сауаттылығын жетілдіруге бағытталған.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы сыныптар үшін оқу материалының мазмұны оқушылардың биологиялық мәдениетін дамытуға, алдыңғы сыныптарда меңгерген білімдерін тереңдетуге бағытталған.

Жалпы биологияны жаратылыстану-математикалық бағыт аясында оқыту бүгінгі күнде биологиялық ғылым дамуының негізгі бағыттарын бейнелейтін жуйелі оқытуды ұйымдастыруды ойластырады. Сонымен қатар биология сабақтарында өзекті экологиялық пролблемаларды шешу де қарастырылуы тиіс.

Биология пәнінің мазмұны оқытудың бағытына байланыссыз оқушылардың дүниетанымдық принципін дамытуды және олардың өздігінен кәсіби бағытын таңдай білуін дамытуды көздейді.

Биологияны оқыту арнайы жабдықталған сынып бөлмесінде және жалпы қолданылатын оқу-көрнекілік құралдар мен жабдықтар, көрнекілік және зертханалық аспаптар мен құрылғылар, интернет ресурстар, техникалық оқыту құралдармен дұрыс жабдықталған жағдайда жүзеге асырылады.

Үлгілік оқу жоспарына сәйкес биология пәні бойынша оқу жүктемесінен көлемі:

қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11- сыныптарда, аптасына – 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарда аптасына – 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат.

 

Физика

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарға арналған «Физика» оқу пәнін оқытудың басты мақсаты – білім, білік және дағдыларды меңгеру негізінде әлемнің жаратылыстанымдық бейнесін біртұтас қабылдай алуды қалыптастыру.

Бұл мақсатқа жету келесі міндеттерді жүзеге асыру арқылы қамтамасыз етіледі:

– қазіргі «Жаратылыстану» білім саласындағы«Физика» оқу пәнінің маңызын түсіндіру және физика ғылымының әдістерін меңгерту негізінде ғылыми дүниетаным білімдерін меңгерту;

– оқушылардың ғылыми түсініктер жүйесі негізінде сын тұрғысынан ойлауын дамыту;

– оқуға жауапкершілікпен қарауға, қоршаған ортаны қорғау және табиғи қорларын ұтымды пайдаланауға дағдыландыруға; қоғам және адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін дағдыларды қалыптастыруға;

– базалық білім негізінде экономикалық және саяси, әлеуметтік, мәдени қызметтерге ат салысу дағдысына тәрбиелеу.

Қазіргі қоғамға бейімделу үшін базалық деңгей негізіндегі физикалық ұғымдар мен мен заңдарды меңгеру әрбір адамның тәжірибесіне қажетті.

Жалпы білім берудің құрамды бөлігі ретіндегі физиканың гуманитарлық мәні, ол оқушыны қоршаған дүние туралы объективті білім алуға мүмкіндік беретін ғылыми таным әдістерімен қаруландырады.

Пәннің мазмұнын анықтауға ықпал ететің факторлар болып оқытудың мақсаты, оқушылардың танымдық қызығушылығы мен қабілеті болып табылады.

«Физика» пәнінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы бiлiм беру мазмұнда тарихи материалдар мен айғақтарға айтарлықтай назар аударылады.

«Физика» пәнін 10-11 сыныптарда оқытқанда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламасындағы талаптардың ерекшелiктері, яғни оқушылардың өз бетінше жасайтын практикалық және жобалық жұмыстардың орындалуына мән беріледі.

Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру жобалық және iздену, зерттеушiлік іс-әрекетті ұйымдастыру арқылы ұсынылады.

Физикаға және оның қолданбалы аспектілеріне қызығушылық білдірген оқушыларға келесі қолданбалы курстар ұсынылады: «Физика және техника», «Медициналық техника», «Ғарыш физикасы», «Физика және экология», ««Биофизика», «Физика және Қазақстан энергетикасы», және т.б.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сынып физика курсының мақсаты оқушылардың әлемді диалектика-материалистiк тұрғыдан тану көзқарасын қалыптастыру.

Осы мақсатқа жету үшін мынандай міндеттерді шешу қамтамасыз етедi:

- қазіргі әлемнің бiртұтас физикалық бейнесін ұсыну; физикалық құбылыстарды әр жағынан және әр түрлі жағдайда қарастыру дағдысы;

- физикалық жүйені анықтау және олардың арасындағы байланыс орнату;

- физикалық құбылыс немесе пән туралы білімін салыстыру және ақиқатын ашу дағдысын қалыптастыру;

- физикалық құбылысты танудың теориялық және эксперименттік әдісін қолдану; физиканың заңдарын практикада қолдану;

- әр түрлі қиындық деңгейіндегі сапалық есептер мен қатар, мазмұнды физиканың есептерін шығару дағдысын дамыту;

- физиканың жетiстiгін адами өркениеттiң даму игiлiгіне пайдалану және табиғаттың заңдарын тану мүмкiндiгiне сену; қазіргі жаратылыстану ғылымының мазмұнының мәселелерiн талқылау кезінде оппоненттiң пiкiрiне орынды қатынас және тапсырмаларды бірлесе орындау үдерісінде ынтымақтастықтың тiлегi;

- қоршаған ортаны қорғауға жауапкершілік сезімі, жаратылыстану ғылымының жетiстiктерін пайдалануды бағалауға дайындық; ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы бiлiм беру мазмұнында адамзат қызметінің әр түрлі саласында қолдана алуы үшін теориялық және практикалық білімдерді органикалық үйлестіру, физикалық тәжiрибелерді орындағанда оқушылардың дағдыларын дамыту және қазiргi заманғы техникада қолданылатын физиканың ең маңызды жетiстiктерін таныстыру ескерілуі қажет. Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру жобалық және iздену, зерттеушiлік іс-әрекетті ұйымдастыру арқылы ұсынылады. Пән оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмысын жасау қабiлеттiлiктерiн дамытуға, бақылау жүргізу және эксперименттік тапсырмаларды орындау, жобалау жұмысын жасау дағдыларын қалыптастыруға бағытталады.

Физикаға және оның қолданбалы аспектілеріне қызығушылық білдірген оқушыларға келесі қолданбалы курстар ұсынылады: «Физика және техника», «Медициналық техника», «Физикалық есептерді компьютер көмегімен шешу», «Ғарыш физикасы», «Физика және экология», «Радиотехника және электроника негіздері», «Биофизика», «Физика және Қазақстан энергетикасы», «Физикалық процестерді компьютерлік модельдеу технологиясы», «Физикадан қиындығы жоғары есептерді шешу әдістері», «Физикадан эксперименттік есептер шешу» және т.б.

Мұғалімдерге көмек үшін дайындалған ««Жаратылыстану» білім саласы аймағы бойынша қолданбалы курстар мазмұнын жобалау және жүргізу» атты (академияның сайтынан танысуға болады (www.nao.kz)) әдістемелік құрал ұсынылады.

Физиканы оқығанда пәнішілік және пәнаралық байланыстарды, оқу процесінің логикасын, оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып бөлімдерді және тақырыптарды оқытудың сабақтастығы сақталуы қажет.

Оқытудың қолданбалы және практикалық сипатын нығайту үшін оқу уақытын төмендегідей тиімді бөлу ұсынылады (7-кесте).

 

7-кесте – Оқу уақыттарын бөлу

 

 

Бағыт Көрсетілім, практикалық және лабораториялық жұмыстар Оқушылардың білімдерiн тексеру Оқу уақытының бос қорынан Оқу процессiн ұйымдастыру
ҚҒБ 10% 5% 7%
ЖМБ 25% 10% 10%

 

10-11-сыныпта мұғалiм физика кабинетіндегі оқу жабдықтары, құрылғылар және электрондық оқу құралдарының мүмкіндігіне қарай өзі практикалық және зертханалық жұмыстарды, физикалық практикумды таңдауға құқығы бар.

Үлгілік оқу жоспарына сәйкес «Физика» пәні бойынша оқу жүктемесі:

қоғамдық-гуманитарлық бағыт: 10-сынып - аптасына 1 сағат, оқу жылында - 34 сағат; 11-сынып - аптасына 1 сағат, оқу жылында - 34 сағат.

жаратылыстану-математикалық бағыт: 10-сынып - аптасына 3 сағат, оқу жылында - 102 сағат; 11-сынып - аптасына 3 сағат, оқу жылында - 102 сағат.

 

Химия

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес «Химия» пәні, оқушылардың қоршаған әлем туралы базалық жаратылыстануғылыми білімдерін одан әрі дамыту, қоғамның әлеуметтік-экономикалық жетілуіндегі химия ғылымы мен технологиясының рөлін түсіну, оқу және тәжірибелік әрекеттерде химиялық білімдерін қолдану бойынша функционалдық сауаттылығын дамыту, тұтастай экология-ізгіліктілік дүниетанымға тәрбиелеуді қамтамасыз етуге міндетті.

10-11-сыныптардағы оқыту мазмұны химия ғылымы мен технологиясы дамуының қазіргі заманғы үрдісін ескеріп құрылған, тұлғалық-іс-әрекеттік бағыттылығымен және бағдарлану мен саралап жіктелуінің күшейтілуімен сипатталады.

Химия курсын оқыту жалпы, бейорганикалық және органикалық химия салаларында іргелі білім негіздерін және қоршаған дүниеге ғылыми көзқарас қалыптастыру, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту, химия ғылымы мен білімінің күнделікті практикалық өмірдегі, және қоғамның орнықты дамуындағы маңызын ұғындыруға бағытталады.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы оқыту мақсаты - химия бойынша оқушылардың ғылыми-теориялық білімін тереңдету, білігі мен дағдысын одан әрі дамыту, алған білімін болашақ өз кәсіби білім алуға және практикалық қызметіне қолдануға дайындау, химия өнеркәсібі мен технологиясы негіздерімен таныстыру және экологиялық мәдениетін дамыту.

Оқыту міндеттері:

- химия ғылымы және технологиясы саласындағы оқушылардың іргелі және қолданбалы білімі, практикалық білігін дамыту;

- күнделікті өмірде, химиялық лаборатория мен өндірісте, табиғатта болатын химиялық құбылыстарды бақылау және оларды ғылыми тұрғыда түсіндіруді игеру;

- қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, заттар мен зертханалық құралдарды қолданып, химиялық тәжірибелерді жасау мен түсіндіру дағдысын жетілдіру;

- эксперименттік жұмысты жүргізу барысында және өз бетінше алған білімді күнделікті өмірде қолдану мақсатында танымдық және зияткерлік қабілетін дамыту;

- химияға жаратылыстану мен жалпы адамзат мәдениетінің негізгі құрамдас бөлігі ретінде көзқарасын дамыту;

- адамзат алдында тұрған проблемаларды шешуде химияның қоғамдық мәні мен гуманистік бағыттылығын дамыту;

- оқушының химиядан алған білімі мен біліктілігін заттар мен материалдарды тұрмыста, ауыл шаруашылығында және өндірісте қауіпсіз пайдалануға, адам денсаулығы мен қоршаған ортаға кері әсерін тигізетін құбылыстардың алдын алуға қолдану.

Химия пәні мұғалімі жаратылыстану-математикалық сыныбындағы сабағына дайындалған кезде, химия материалының мазмұнындағы физика-математикалық аспекті, сондай-ақ кеңістіктік елестетуді, ойдың аналитикалық сапасын, белгілер мен сандарды абстракциялау және пайдалану қабілетін дамытатын, оқушылардың оқу-танымдық әрекеттерін ұйымдастыру тәсілдеріе қолданған орынды. Сонымен бірге, нақты ғылым ретінде химияның математикалық аппаратын күшейту маңызды.

Химиялық білім мазмұнының физикалық компоненті: химиялық материалды түсіндірген кезде физикалық заңдар мен теорияларды пайдалану; физикалық шамаларды қолдану және олардың арасындағы функцияналдық тәуелділікті айқындау; зерттеудің физикалық және химиялық әдістері арасындағы өзара байланысты орнатуды талап етеді.

Химиялық білім мазмұнындағы математикалық компонент: химиялық заңдар мен теорияларды негіздеуде математикалық дәлелдеу әдістерін; химиялық заңдылықтарды безендіріп көрсету үшін графиктерді; заттың қасиеттеріне молекулалардың кеңістіктік пішіні әсерін негіздеу үшін геомериялық ережелерді; химиялық есептерді шешу үшін математикалық теңдеулер мен теңсіздіктер жүйесін және т.б. пайдаланып жүзеге асырылады.

Химия курсы мазмұнының биологиялық компоненті: заттардың химиялық қасиеттерін және олардың биологиялық функцияларын түсіндіру кезінде химия және биология бойынша білімдердің кірігуі; биологиялық заңдылықтарды түсіндіру кезінде химиялық теорияларды пайдалану; табиғатта және адамның ағзасындағы биологиялық үдерісті моделдеу арқылы химиялық экспериментті жүргізу; пән аралық (химия-биологиялық) мазмұнды химиялық есептерді пайдалану жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.

 

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарға арналған «Химия» оқу пәнін оқытудың мақсаты әлемнің кешенді жаратылыстану-ғылыми сипаты туралы жалпы түсініктер қалыптастыру, шығармашылық және интеллектуалдық қабілетті, әмбебап коммуникациялық біліктілік пен функционалды сауаттылықты дамыту, денсаулық сақтау мен туған өлкенің табиғатын қорғауға деген экологиялық-гуманистік көзқарасты тәрбиелеу болып табылады.

Оқыту міндеттері:

- химияға жаратылыстану мен жалпы адамзат мәдениетінің негізгі құрамдас бөлігі ретінде көзқарасын дамыту;

- қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндермен интеграциялау арқылы оқушының химиялық білімі мен зерттеу мәдениетін қалыптастыру;

- күнделікті өмірде, химиялық лаборатория мен өндірісте, табиғатта болатын химиялық құбылыстарды бақылау және оларды түсіндіруді игеру;

- қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, заттар мен лабораториялық құралдарды қолданып, қарапайым химиялық тәжірибелерді жасау мен түсіндіру дағдысын жетілдіру;

- адамзат алдында тұрған проблемаларды шешуде химияның қоғамдық мәні мен гуманистік бағыттылығын дамыту;

- оқушының химиядан алған білімі мен біліктілігін заттар мен материалдарды тұрмыста, ауыл шаруашылығында және өндірісте қауіпсіз пайдалануға, адам денсаулығы мен қоршаған ортаға кері әсерін тигізетін құбылыстардың алдын алуға қолдану.

Теориялық және практикалық мәселелерді қарастыруда оқушылардың өзіндік іс-әрекеттеріне, алған білімдері мен дағдыларын қолдана алуларына басымдық беріледі. Химиялық эксперимент оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту және қолданбалық сипаттағы жаңа білімді алуы үшін, танымдық есептерді шешуге, жоспарлау және жобалау дағдыларын меңгеруге, химияны оқуға деген қызушылықтарын арттыруға пайдаланылады.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сыныптар үшін химиялық экспериментті таңдап алу кезінде оқушылардың танымдық қызығушылығы мен психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеру қажет – гуманитарилерде. Осыған байланысты оқушы-гуманитарилер үшін химиялық эксперимент:

- оқылатын материалға қызығушылықты қалыптастыру үшін тиімді болуы;

- оқылатын заттар мен химиялық үдерістер практикалық мәнділігін көрсетуі;

- табиғатта болып жатқан үдерістерді моделдеу (фотосинтез кезінде оттегінің бөлінуі және оны табу) немесе экологиялық күйреуден мүмкін болатын зардаптарын ұқсату;

- тарихи материал негізінде химиялық экспериментті еске түсіруі керек.

Химияны оқыту үдерісі арнайы жабдықталған кабинетте – химиялық реактивтер, зертханалық және демонстрациялық құралдар, баспа құралдары, мультимедиалық құралдар мен электрондық оқулықтар, диа-, кино- және бейнефильмдер, басқа да оқыту құралдарымен жабдықталған кабинетте жүзеге асырылады.

Сыныптан тыс жұмыстар төмендегідей түрде болуы мүмкін:

- зерттеу жобаларын ұсыну және қорғау;

- олимпиада, байқау, тақырыптық кештер өткізу;

- элективті курстар, таңдау бойынша курстар;

- химия ғылымы мен өндірісі орындарына танымдық саяхаттарды ұйымдастыру;

- алыс қашықтықтан оқыту, он-лайн сабақтар, олимпиадалар, тестілеуге қатысу.

Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мақсатында ұсынылады:

- дидактикалық және мультимедиялық ресурстарды қолданып оқу материалын меңгеруге бағыттап оқытуды ұйымдастыру;

- әртүрлі ақпарат көздерімен өздігінен жұмыс істей білуді дамыту: қосымша оқулық және анықтамалық әдебиетпен, мәліметтердің электронды базасы, каталог және картотекамен;

- диаграммалар, схемалар, аналитикалық және қорыту кестесін жасау, оқу материалын суреттеу, сипаттау, салыстыра, талдай білуді қалыптастыру;

- денсаулық сақтау мен экологиялық аспектіні ескеріп оқытуды өмірмен, химиялық өндіріс пен технология үдерістерімен байланысын күшейту;

- зертханалық тәжірибелерді, тәжірибелік және зерттеу жобаларын, шығармашылық тапсырмаларды өздігінен орындауды ұйымдастыру. Өздігінен орындалған оқушылардың жобаларын таныстыруды, әрбір тоқсан аяғында оқу жетістіктерін бағалау түрі ретінде өткізіп тұру ұсынылады;

- химиялық өнеркәсіп пен өндірістің аймақтық дамуы, химиялық ластанудан жергілікті табиғат ландшафтын қорғау мәселелерін оқыту үдерісінде пайдалану;

- оқушылардың сөздік және терминологиялық қорын байыту бойынша жүйелі түрде жұмыс жүргізу, қажетті дәлелдеулер жүргізіп, қорытынды және қорыту жасау. Өздігінен орындалған оқушылардың жобаларын таныстыруды, әрбір тоқсан аяғында оқу жетістіктерін бағалау түрі ретінде өткізіп тұру ұсынылады.

10-11-сыныптардағы алғашқы сабақ «Техника қауіпсіздігі бойынша алғашқы нұсқаулықтар» тақырыбында өткізіледі.

Үлгілік оқу жоспарына сәйкес «Химия» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

жаратылыстану-математикалық бағытында: 10-сыныпта оқу жылына 68 сағат, аптасына 2 сағаттан; 11-сыныпта оқу жылына 68 сағат, аптасына 2 сағаттан.

қоғамдық-гуманитарлық бағытында: 10-сыныпта оқу жылына 34 сағат, аптасына 1 сағаттан; 11-сыныпта оқу жылына 34 сағат, аптасына 1 сағаттан.

Date: 2015-11-14; view: 1675; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию