Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Биология





Негізгі орта білім деңгейінде «Биология» пәнін оқыту табиғат заңдылықтары туралы және адамның табиғатпен үйлесімді қарым-қатынасы туралы білім қалыптастыруға, экологиялық мәселелерді танып білуге бағытталған.

Оқытудың мақсаты органикалық дүниенің құрылысы мен тіршілік әрекеттерінің ерекшеліктері туралы алғашқы көзқарасты дамыту, органикалық дүниенің көптүрлілігі орта жағдайларына бейімділіктің нәтижесі екенін ұғындыру, эволюциялық теорияның және экологиялық ойлаудың негіздері туралы, тірі оганизмдердің жасушалық құрылысының негізге алынатын түсініктері туралы, организм және биоценоз тіршілік деңгейінің негізгі формалары екендігі туралы көзқарас қалыптастыру, Жер табиғатындағы биологиялық әртүрлілік оның тұрақты дамуының негізі екендігі туралы, тірі организмдердің жасушаға дейінгі құрылысы туралы негізге алынатын түсініктер қалыптастыру, тірі табиғаттағы көптүрлілік эволюцияның нәтижесі екендігін оқушыларға ұғындыру, өсімдіктер мен жануарларды жүйелеп жіктеу туралы ұғым қалыптастыру, тірі организмдердің өзара және тіршілік ортасымен қарым-қатынасын, өсімдіктер, жануарлар және адамның табиғаттағы рөлін жеке түсіну, өсімдіктер, жануарлар, микроорганизмдер, саңырауқұлақтар дүниесінің ерекшеліктерін, олардың табиғаттағы, адам өміріндегі және жалпы тіршіліктегі жоғары мәні туралы білімнің құндылығын ұғыну.

Оқытудың міндеттері:

- оқушыларда органикалық табиғатты оқып білуге танымдық қызығушылық дамыту;

- тірі табиғат туралы білімін тереңдету;

- «Өсімдіктер», «Жануарлар», «Адам», «Жалпы биология» бөлімдерін оқып білуге қажет тіректік білімдер мен негізге алынатын түсініктер қалыптастыру үшін жағдай туғызу;

- оқушыларда тіршілік құбылыстарының заңдылықтарын оқып білуге танымдық қызығушылық қалыптастыру;

- жаратылыстану ғылымдарын оқу барысында тірі табиғат туралы алған білімдерін дамыту;

- оқушыларда органикалық дүниенің біртұтас табиғи бейнесі туралы көзқарас қалыптастыру;

- өзінің білімін практикада қолдануға дағдылануды қалыптастыру;

- оқушыларда табиғатты тиімді пайдалану және қорғау, медицина, ауыл шаруашылығы, биотехнология салаларында еңбек ету дағдыларын дамыту.

6 сыныпта биология пәні «Өсімдіктер» бөлімін оқытумен ерекшеленеді. Оқу материалы «Өсімдіктер» дүниесінің маңызы және Жер бетіндегі өсімдіктер әлемінің көптүрлілігі, өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы, олардың жасушалық құрылысы туралы түсініктер қалыптастыруға бағытталған. Оқушылар ауылшаруашылығы өсімдіктерінің көптүрлілігімен, олардың экологияға әсерімен, сонымен қатар өсімдіктердің жүйелеуімен және жер бетіндегі органикалық дүниенің көптүрлілігімен- вирустар, бактериялар, саңырауқұлақтар, қыналармен танысады. Оқу материалын игеру барысында өсімдіктерді зерттеу бойынша бақылау және практикалық, зертханалық жұмыстар жүргізу арқылы оқушылардың зияткерлік, шығармашылық қабілеттері дамиды.

Биологиялық танымдылықтың теориясын, заңдары мен заңдылықтарын, түсініктерін, ғылыми және логикалық әдістерін меңгерген, салауатты өмір салты, экожүйелер мен түрлердің көптүрлілігін қорғау, сақтау туралы білімдерін тиімді пайдалана білетін жеке тұлғаны дайындау және тәрбиелеуді жетілдіру көзделеді.

7-сыныпта биология пәні «Жануарлар» бөлімін оқытумен ерекшеленеді. Мұнда жануарлар дүниесі, жануарлардың көптүрлілігі, олардың Жер бетінде таралуы; жануарлардың құрылысы және жүйеленуі; жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы оқылады. Оқушылар жабайы және үй жануарларын, олардың табиғаттағы өзара байланысын, жануарлардың табиғи бірлестіктердегі орны мен рөлін оқып біледі. Жануарлар тіршілігінің адамға тәуелділігін анықтап біледі. Жануарларға жағымсыз және жағымды қамқорлық жасаумен, жануарлар әлемін қорғаумен танысады. Қазақстан табиғатының ерекшеліктеріне сәйкес нақты жануар түрлеріне байланысты ақпарат қарастырылады. Оқушылар сонымен қатар өздерінің теориялық білімдерін практикада және зертханалық жұмыстар орындауда пайдалана алады.

 

8-сыныпта биология пәні «Адам және оның денсаулығы» бөлімін оқытумен ерекшеленеді. Алдымен ұлпа жасушасының, мүшелер және мүшелер жүйесінің, тұтас организмнің құрылысы туралы білімдерді қамтитын жалпы мәселелер қарастырылады, одан кейін организм қызметінің жүйкелік және гуморальдық реттелуі оқылады. Адамның биологиясын барлық қырынан қарап зерттеу анатомия, морфология, физиология, адам гигиенасы, салыстырмалы цитология және гистология арқылы жүзеге асырылады.

Оқушылар қоршаған ортада және адамның тіршілігінде жүріп жатқан заңдылықтар мен процесстер (зат және энергия алмасу, онтогенез) туралы білімді меңгеру, күрделі емес тәжірибе- эксперименттік мәселелер шешу; салауатты өмір салты түсінігін меңгеру, оқыған материалына талдау жасап, жіктеп, кесте құрып, сызбанұсқалар құрастырып үйрену; ақпаратпен жұмыс істеудің түрлі тәсілдерін оқып үйрену, алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін игеру және адамның жасушасы, мүшелер және мүшелер жүйесі туралы білімдерін қалыптастыру.

Негізгі орта білім деңгейінде оқушының жеке дамуы, табиғатты тиімді пайдалану және қорғау, медицина, ауыл шаруашылығы және биотехнология салаларында меңгерген білімдерін пайдалану жүреді. Оқушылар салауатты өмір салты және адам гигиенасы бойынша білімдерін практикада пайдаланады; өмірдің мәнін ең жоғары дәрежедегі құндылық ретінде түсінгенін көрсете біледі.

9-сынып биология пәнінің «Жалпы биология негіздері» бөлімін оқытумен ерекшеленеді. Биологияны оқытудың негізі - тірі организмдердің жалпы құрылымдық ұстанымдарын меңгеру, жердегі тіршіліктің пайда болуы туралы түсінік қалыптастыру, эволюция ілімі, генетика және селекция негіздері, организмдер мен ортаның арақатынасы туралы білім беру, сонымен қатар тірі организмдердің негізгі құрам бөліктері және қасиеттері туралы біліктіліктерін қалыптастыру, тірі организмдер жасушасының құрылысы мен қызметі, реттелуі және гомеостаз, көбейуі мен дамуы ұғымдары бойынша Жалпы биология білімдерін оқушылар меңгереді.

Биология пәнін оқыту арнайы кабинетте, оқу-көрнекілік құралдар мен жабдықтар, көрсетілімдік және зертханалық аспаптар ғаламтор, техникалық оқыту құралдармен жабдықталған жағдайда жүзеге асырылады.

Білім берудің негізгі орта деңгейінде оқушылардың жеке дамуы жалғасады, игерген білімдерін табиғатты тиімді пайдалануға және табиғатты қорғауға медицина, айыл шаруашылығы, биотехнология салаларында пайдалануы іске асырылады. Оқушылар тәжірибе жүзінде салауатты өмір салты және адам гигиенасы бойынша білімдерін пайдаланады; тіршіліктің мәнін ең жоғарғы құндылық ретінде түсінгенін көрсетеді.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мақсатында келесі бағыттағы жұмыстарды орындау ұсынылады:

- оқытуды оқу материалын дидактикалық материалдар мен мультимедиялық ресурстарды пайдаланып игеруге бағыттап ұйымдастыру;

- түрлі ақпарат дерекнамаларымен: қосымша оқу және анықтамалық әдебиеттермен, мәліметтердің электрондық базасымен өздігінен жұмыс істеп үйренуді дамыту;

- диаграммалар, сызбанұсқалар, талдап жинақталған қорытынды кестелер құрастырып, оқу материалын суреттеп, сипаттап, салыстырып, талдап үйренуді қалыптастыру;

- оқытуды өмірмен, биологиялық процестермен, экологиялық аспектілермен байланыстыру және салауатты өмір салтын сақтау;

- зертханалық тәжірибелерді, практикалық жұмыстарды және зерттеу жобаларын, шығармашылық тапсырмаларды өздігінен орындауды ұйымдастыру;

- оқыту процесінде аймақтық құрамдас бөліктерді пайдалану, жергілікті флора мен фаунаны сақтау;

- оқушылардың сөздік және терминологиялық қорын байыту үшін жүйелі жұмыстар жүргізу, қажетті дәлелдемелер жүргізу, қорытынды жасау және жалпылама қорыту.

Сонымен қатар, оқушылардың ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын дамыту аясында биологиялық білімді өмірлік тәжірибеде, оқу және оқудан тыс әртүрлі жағдаяттарда қолдана білу біліктілігін қалыптастыруға бағытталған практикалық тапсырмаларды сабақта пайдалану ұсынылады. Бұл тапсырмаларды әзірлеу және сабақта пайдалану барысында PISA, TIMSS халықаралық салыстырмалы зерттеулерінің тапсырмаларына сүйену қажет.

Осы тұрғыда мұғалімдерге көмекші ретінде «PISA, TIMSS зерттеулерінің тапсырмалары негізінде оқушылардың ғылыми жаратылыстану сауаттылықтарын дамыту» әдістемелік құралы әзірленіп, Академия сайтында орналастырылған (www.nao.kz). Әдістемелік құралда PISA, TIMSS зерттеулерінің тапсырмалары негізінде оқушылардың ғылыми жаратылыстану сауаттылығын дамыту бойынша әдістемелік ұсыныстар берілген. Оқушылардың білім жетістіктерін зерттеуде қолданылған тапсырмалардың үлгілері көрсетілген.

Ескерту. 6-9-сыныптарда зертханалық жұмыстар оқылатын тақырыппен бірге жұмыс дәптеріне орындалады. Оқушылардың зертханалық жұмысты орындауын бағалау мұғалімнің шешімі бойынша бағаланады және сынып журналына қойылады.

6-сыныптың оқу материалын оқып білуде бірінші жартыжылдықта 6-сынып оқулығының «Өсімдіктер» бөлімі, ал екінші жартыжылдығында 7-сынып оқулығының «Өсімдіктер» бөлімі оқытылады.

7-сыныптың оқу материалын оқып білуде бірінші жартыжылдықта 6 сынып оқулығының «Жануарлар» бөлімі, ал екінші жартыжылдығында 7-сынып оқулығының «Жануарлар» бөлімі оқытылады.

Бұл биологиялық заңдылықтарды зерттеудің бұзылған бірізділігін, түсініктілігін түзетуге, бағдарламалық материалдың сызықтық жоспарлануын ескере отырып қарапайым биологиялық ақиқаттылықтан күрделіге ауысуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар замануи қоғамның ақпараттандырылған жағдайында пән мұғалімі қосымша материалдарды (қосымша эвристикалық әдебиеттерді, электрондық ресурстарды, арнайы әдебиеттерді, анықтамаларды және өзінің шығармашылығын) пайдалануы және оқушылардың пән бойынша ақпараттарды табу, өңдеу біліктерін қалыптастыруы қажет.

Үлгілік оқу жоспарына сәйкес биология пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 6-сыныпта аптасына 2 сағат, барлығы 68 сағат; 7-сыныпта аптасына 2 сағат, барлығы 68 сағат; 8-сыныпта аптасына 2 сағат, барлығы 68 сағат; 9-сыныпта аптасына 2 сағат, барлығы 68 сағат.

 

Физика

«Физика» пәнін 7-9-сыныптарда оқытудың мақсаты – функционалдық сауаттылықты дамыту негiзінде оқушылардың ғылыми дүниетаным негіздерін, танымдық қызығушылығын, сын тұрғысынан ойлауын, зияткерлік және шығармашылық қабілетін қалыптастыру.

Осы мақсатқа жету үшін мынандай міндеттерді шешу қамтамасыз етіледi:

- қазіргі заманғы әлемнің физикалық бейнесінің негізін беретін физикалық құбылыстар, ұғымдар, заңдылықтар және теориялық қорытынды туралы білімдерді, табиғаттың ғылыми таным әдістері туралы білімдерді, құбылыстарды бақылау, эксперименттік тапсырмаларды орындау, болжау және жобалауды жүзеге асыру біліктілігін меңгерту;

- физикалық экспериментті орындау дағдысын, зерттеушілік қабiлетін, өмірлік, тәжірибеде мәні бар есептерді шешу үшін игерген білім және білігін қолдану үдерісінде танымдық қызығушылығын, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту;

- оқу және зерттеу жұмысына жауапкершілікпен қарау, қоршаған ортаны қорғау және табиғат құндылықтарын тиімді пайдалану, қоғам және адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету,

- базалық білім негізінде экономикалық және саяси, әлеуметтік, мәдени қызметтерге ат салысу дағдысын тәрбиелеу.

«Физика» пәнін 7-9-сыныптарда оқытқанда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламасындағы талаптардың ерекшелiктеріне, яғни оқушылардың өздік жұмыстары практикалық және жобалық жұмыстардың орындалуына назар аударылады.

Функционалдық сауаттылықты жобалық және iздену, зерттеушiлік іс-әрекетті ұйымдастыру арқылы қалыптастыру ұсынылады. Жобалық жұмыстарды орындау үшiн оқушының зерттеу қызметiн ұйымдастыруға арналған жұмыс дәптерiн (С.В. Ударцева, М. Ударцев дайындаған) пайдалану керек. Мұғалiм өзі дайындап қарапайым физикалық құралдарды жасауға негізделген практикалық жұмыстарды қолдануына болады. Сонымен бірге теориялық мәліметтерді және білім алушылардың практикалық дағдысын қалыптастыруға уақытты тиімді бөлу маңызды. Уақыттың 30% жуығын көрсетілім, практикалық және лабораториялық жұмыстарды орындауға бөлу керек. Оқушылардың білімiн тексеру үшін уақыттың 10% қарастырылады. Оқу процесiн ұйымдастыру, оқу процесiн ұйымдастырудың әр түрін пайдалану, қазiргi оқыту әдiстерін және педагогикалық технологияларды енгiзу және жергiлiктi жердің жағдайын ескеруге (5%) оқу уақытының бос қорынан 10 сағат көлемiнде уақыт бөлінуі есерілуі тиіс.

7-9-сыныптарға арналған «Физика» пәнінің базалық оқу материалының мазмұны оқушылардың негізгі игерген білімдерін тәжірибеде көбірек қолдануға бағыттап және қазіргі қоғамда өмірлік жағдаяттарға бейімделуге негізделеді.

7-сыныпта физикалық ұғымдар, өлшеу және есептеу дағдыларын дамытуға басты назар аударылады. Масса және тығыздық ұғымы 7 сыныптың физика бағдарламасында шаманың мөлшері ретінде «Заттың құрылысы» бөлімінен бастап оқытылады.

7- сыныптар үшін ұсынылатын жобалық жұмыстардың тақырыбы: Қазіргі әлемдегі нанотехнология; Су құбыры; Су көлiгi; Ауада ұшу; Ең қуатты машиналар; Тiрi табиғаттағы қуат және жұмыс.

8-сыныптың оқу бағдарламасына енген жаңа тақырыптарды (Электр тогының жылулық әсері, Электр тогының химиялық әсерi, Электр тогының магниттік әсері) В.М. Ударцева және С.В. Ударцевтың авторлығымен шыққан «Физика және астрономия» жұмыс дәптерін қолданып тереңірек қарастыруды ұсынамыз.

8-сыныптар үшін ұсынылатын жобалық жұмыстың тақырыбы: Табиғаттағы және техникадағы жылу берілу; Жылу берудегі конвекцияның орны; Жылу құбылысының тірі организмдегі ролі; Суық кездегі адам; Жылу қозғалтқыштарының энергетиканың дамуындағы рөлi; Жылу қозғалтқыштары және оның адам өміріндегі маңызы; Жылу машиналары және табиғатты қорғау; Жылу машиналарын пайдаланудағы экологиялық мәселелер; Айдағы, Марстағы, Шолпандағы термодинамикалық жағдайлар; Көз - оптикалық жүйе; Көздiң көру кемістігі және олардың түзету әдiстері; Оптикалық аспаптар.

9-сыныпта «Механикалық толқындар және тербелiстер» тақырыбы кеңейтіліп беріледі. Оны оқытқанда бұл тақырыптың 11-сыныпта толық ашылмайтынына назар аудару керек. Осы сыныпта мұғалiм физика кабинетіндегі оқу жабдықтары, құрылғылар және электрондық оқу құралдарының мүмкіндігіне қарай өзі практикалық және зертханалық жұмыстарды, физикалық практикумды таңдауға құқығы бар.

9-сыныптар үшін жобалық жұмыстың тақырыбы: Э. Циолковскийдің ғылыми еңбектерінің маңызы; Зымыран; Ғарыш саласының қазіргі жетістігі; Күн мен жұлдыздардың энергиясы; Радиактивтi изотоптар; Радиактивтi изотоптарды қолдану; Радиактивті сәулелерден қорғану.

TIMSS, PISA халықаралық салыстырмалы зерттеуіне қатысатын Қазақстандық жалпы білім беретін мектеп оқушыларының ғылыми жаратылыстану сауаттылығының нәтижесін жақсарту және физика пәнінен білім сапасын арттыру мақсатында физика сабағында меңгерген білім, біліктілігін тәжірибеде және күнделiктi өмiрде пайдалана білуге негізделген практикаға бағдарланған тапсырмаларды пайдалану ұсынылады.

Бұл тапсырмаларды әзiрлеу және қолдану кезінде PISA, TIMSS халықаралық салыстырмалы зерттеулердiң тапсырмаларының жүйесіне негіздеу керек. Осы тұрғыда мұғалімдерге көмек ретінде «PISA, TIMSS зерттеулерінің тапсырмалары негізінде оқушылардың ғылыми жаратылыстану сауаттылықтарын дамыту» әдістемелік құралы әзірленіп, Академия сайтында орналастырылған (www.nao.kz). Бұл әдістемелік құралда PISA, TIMSS зерттеулерінің тапсырмалары негізінде оқушылардың ғылыми жаратылыстану сауаттылығын дамыту бойынша әдістемелік ұсыныстар берілген. Оқушылардың білім жетістіктерін зерттеуде қолданылған тапсырмалардың үлгілері көрсетілген.

Үлгілік оқу жоспарына сәйкес «Физика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 7-сыныпта аптасына – 2 сағат, оқу жылында 68 сағат; 8-сыныпта аптасына – 2 сағат, оқу жылында 68 сағат; 9-сыныпта аптасына – 2 сағат, оқу жылында 68 сағат.

 

Химия

Жаратылыстану ғылымы білім беру жүйесінде химия оқу пәнінің маңызы әлемнің ғылыми көрінісін қалыптастырудағы, адамзаттың жаһандық проблемаларды шешудегі, табиғат заңдарын танып білудегі рөлімен анықталады.

Оқу пәні ретінде химия оқушыларды күнделікті өмірге, өндірістік іс-әрекеттерге, білім алуды жалғастыруға, қоршаған ортада өзін дұрыс ұстауға қажетті химиялық білімдермен қаруландыруға міндетті.

Жалпы білім беруді жетілдірудің басым міндеті оқушылардың білім, білік және дағдыларды меңгеру ғана емес, маңызды құзыреттіліктерін қалыптастыруды да талап ететін білім берудің қазіргі жаңа сапасы мен тиімділігіне қол жеткізуболып табылады.

Химиялық білім берудің мазмұнын жүзеге асыру келесі қағидаларға негізделеді:

- химиялық білім беруді ізгілендіру, оқытудың экологиялық бағыттылығын, оның тәрбиелеу және әлеуметтендіру әлеуетін күшейту;

- химиялық білім берудің мазмұнының тұтастығы, жаратылыстану ғылымы саласына жататын басқа пәндермен мазмұндық сабақтастығы;

- оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын, мультимедиялық және цифрлық білім беру ресурстарын пайдаланып оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, функционалдық сауаттылығын және өздігінен білім алу дағдыларын дамыту;

- оқытуды саралап жіктеу және жекелеу, бағдарлы оқыту жүйесінде оқушылардың жеке білім алу траекторияларын қалыптастыру;

- химиялық білім беру мазмұнының тәжірибелік және қолданбалы бағыттылығын арттыру арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту;

- іргелі білімдердің ғылымилық, көрнекілік, түсініктілік, жүйелілік дидактикалық қағидалары мен тәжірибелік-бейімделген және қолданбалы аспектілермен тиімді арақатынасын сақтау.

8-9-сыныптарда химияны оқытудың мақсаты қоршаған әлем туралы химиялық білім мен жаратылыстануғылыми түсініктердің біртұтас жүйесін қалыптастыру, химиялық технология саласында жүйелі-шығармашылықпен ойлау және тәжірибелік қабілеті бар, сондай-ақ қоршаған жанды және жансыз табиғатқа экологиялық-гуманистік қарым-қатынасты функционалды сауатты және шығармашыл тұлғаны тәрбиелеу болып табылады.

Оқыту міндеттері:

- әлемнің химиялық жаратылыстану-ғылыми көрінісі туралы білімді меңгерту және олардың функцияларын (танымдық, кіріктірілген, түсіндірмелі, болжау) қолдану;

- заттардың құрамы, құрылысы, қасиеттері мен қолдану арасындағы себеп-салдарлы байланыстарды анықтау;

- химиялық терминологияны, химиялық элементтердің таңбаларын, заттардың формулаларын сауатты түрде пайдалану білігін қалыптастыру;

- заттарды танудың химиялық әдістерін меңгеру;

- заттардың сандық және сапалық құрамын анықтауда және олардың қасиеттерін зерттеуде реактивтер, қыздыру құрылғыларымен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік техникасының талаптарын сақтай отырып, химиялық тәжірибелер жүргізудің әмбебап дағдылары мен зерттеу біліктіліктерін дамыту;

- адамзаттың экологиялық, азық-түлік, өндірістік, энергетикалық мәселелерді шешудегі химияның өскелең мәні мен гуманистік бағыттағы рөлін ашу;

- өмірлік және экологиялық мәселелерді шешуде алған білімді пайдаланудың функционалдық қабілеттіліктерін арттыру;

- мультимедиалық сандық білім беру ресурстарын қолдану, презентация мен жобалау жұмыстарын жасауда коммуникативті-ақпараттық біліктіліктері мен дағдыларын дамыту;

- негізгі мектепті бітірушінің ары қарай оқу бағытын таңдау дайындығы мен өз білімін жетілдіруге деген құлшынысын дамыту.

Химиялық білімнің мазмұны инвариантты және вариативті бөліктерден тұрады. Инвариантты бөлік «Химия» оқу пәнінің базалық мазмұнына сәйкес келеді. Мазмұнның инвариантты өзегі жанды және жансыз табиғаттың құбылыстарын түсіндіруге қажетті негізгі химиялық ұғымдар, заңдар, теориялар, фактілерден тұрады. Вариативтік құраушысы адамгершілік, тарихи-дүниетанымдық, эстетикалық, өнер танушылық, қолданбалы, экологиялық, аймақтық компоненттерді жүзеге асырушы химияның мектеп курсы мазмұнының гуманитарлық аспектісін көрсетеді.

Химия пәні бойынша дамытушы білім беру үдерісі, оқушылардың қоршаған әлем туралы базалық жаратылыстануғылыми білімдерінің дамуын, қоғамның әлеуметтік-экономикалық жетілуіндегі химиялық ғылым мен технологияның рөлін түсінуін және оқу мен практикалық іс-әрекетте химиялық білімдерін қолдану бойынша функционалдық сауаттылығының дамуын, біртұтас экология-гуманистік дүниетанымға тәрбиелеуін қамтамасыз етуі тиіс.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығының дамуына, олардың өздігінен оқу-танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыруына, оқудағы және өмірдегі әр түрлі жағдайларда алған білімдері мен меңгерілген әрекет ету тәсілдерін қолдана білулерін дамытуға ерекше кәңіл бөлінеді. Осыған байланысты зертханалық және тәжірибелік жұмыстар, химиялық эксперименттер жүргізу, ғылыми жобаларды орындау оқушылардың жаңа білім алу, танымдық мәселелерін кеңейту және тәжірибелік дағдыларға ие болуда, химияны оқу себебін дамытуда кеңінен қолданылуы тиіс. Оқушылардың дербестігін, белсенділігін, ой өрісін және тәжірибелік дағдыларын, олардың химияға қызығушылықтарын дамытатын оқытудың проблемалы-іздеушілік, интерактивтік, коммуникациялық және ойын әдістерін, жобалау әдістерін қолдану ұсынылады. Өздігінен орындалған оқушылардың жобаларын таныстыруды, әрбір тоқсан аяғында оқу жетістіктерін бағалау түрі ретінде өткізіп тұру ұсынылады.

Химия пәнінен білім беру үрдісін ұйымдастыруда төмендегі әдістемелік тәсілдерді қолданған тиімді:

- оқытуға жүйелік іс-әрекеттік, практикаға бейімделген тәсілдер басымдылығы;

- химиялық эксперименттің, жобалау-зерттеу іс-әрекеттерінің рөлі мен орнын күшейту;

- қазақстандық және аймақтық компоненттерін кеңейту;

- оқу әрекетінің репродукциялық түрлерінен дербес іс-әрекет жасауға, іздеу-зертеушілік жұмыс түрлеріне, аналитикалық әрекеттерге басымдық беру, осыған байланысты оқушылардың бойында аналитикалық қабілеттер, түйінді құзыреттіліктер қалыптастыру ерекше көңіл бөлу;

- оқытудың интерактивті түрлерін, қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.

Химия пәні бойынша оқу үдерісі «Кабинет паспорты», «Техника қауіпсіздігі ережелері», «Техника қауіпсіздігі журналы», қышқылдар, сілтілер, органикалық заттар, жылыту құралдары, шынылармен жұмыс істеуге арналған нұсқаулық карточкалар, сонымен қатар химиялық реактивтер (сақталу тобы бойынша), зертханалық және демонстрациялық құралдар, баспа құралдары, мультимедиалық құралдар мен электрондық оқулықтар және басқа да оқыту құралдарымен жабдықталған кабинетте жүзеге асырылады. «Прекурстар тізбесіне» (калий перманганаты, күкірт және тұз қышқылдары және т.б.) енетін заттарды қолдануға тыйым салынады.

Химия бойынша жазбаша орындалатын үйрету мақсатындағы жұмыс түрлеріне тапсырмалар, тестер, есептер, презентациялар, конспект- жоспарлар, тірек сызбалар, талдамалық және қорытындылаушы кестелер, зертханалық тәжірибелер, практикалық және бақылау жұмыстары жатады.

Үйрету мақсатындағы жұмыстардың түрін, мазмұнын және көлемін оқу бағдарламасы, сонымен қатар мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары талаптарын ескере отырып, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдартағы тапсырмалар негізінде мұғалім анықтайды.

Білім алушыларда 3 дәптер болуы тиіс (сынып, үй тапсырмалары және зертханалық тәжірибелер үшін дәптер; практикалық жұмысқа арналған дәптер және бақылау жұмыстары дәптері).

Сынып журналына барлық демонстрациялық және зертханалық тәжірибелер оқып отырған тақырыппен бірге жазылады (Оттегін алу, №3 дем., №4 зертх.) және мұғалім оқушылардың жұмыстарын таңдауы бойынша тексеріп, бағалайды. Барлық оқушылардың тәжірибелік жұмыстары (№ … пр. ж. «Тақырып») мен бақылау жұмыстары (№ … бақылау жұмысы) толық бағаланып, журналға жазылады.

Үйрету мақсатындағы жұмыс дәптеріне оқушылар сабақ бойынша бақылау жұмысы аясында алынатын өздік жұмыстары нәтижелерін, ал бақылау жұмысы дәптеріне тақырыптық бақылау мен тест жұмыстары аясында алынатын өздік жұмыстарын көрсетуіне болады.

Практикалық және бақылау жұмыстарын арналған дәптерлер оқу жылы көлемінде сақталады және олар оқушылардың сол жұмыстары орындауы үшін беріліп отырады.

Бақылау жұмыстары бойынша талдау жұмыстарын оқушылар бақылау жұмысынан кейінгі сабақта (сынып журналына жазылмайды) орындайды, сонымен қатар практикалық жұмыстарды талдау мұғалімнің қалауы бойынша және қажеттілігіне қарай үйрету жұмыстарынан кейін сәйкес дәптерге орындалады.

Білім алушылардың зерттеушілік мәдениеті мен танымдық-ойлау белсенділігін дамыту мақсатында белгілі бір тарауды аяқтаған соң кіші жобаларды қорғау, шығармашылық жұмыстар байқауы сияқты қорытындылаушы дәстүрден тыс сабақтарды жүйелі түрде өткізіп отыру қажет.

Алған білімдерін тәжірибеде қолдану дағдыларын дамыту үшін зертханалық тәжірибелер мен демонстрациялық жұмыстарды орындауда бейне тәжірибелермен мультимедиалық құралдарды қолдану тиімді.

Мектептегі химия білімі жүйесі алдында қойылған міндеттерді орындауды оқу процесін технологияландыру және жобалау арқылы жүзеге асыруға болады.

8, 9-сыныптардағы алғашқы сабақта арнайы журналға белгілей отырып Техникалық қауіпсіздік ережесі бойынша кіріспе нұсқау беру сабағы өткізіледі.

Оқу жоспарының жылжымалы бөлігі есебінен элективтік қолданбалы курстар,факультатив сабақтары өткізу ұсынылады.

Сабақтан тыс жұмыстар:

- зерттеу жобаларын дайындау және қорғау;

- олимпиадалар,конкурстер,тақырыптық кештер;

- таңдау боыйынша элективтік курстер;

- он-лайн режиміндегі конференциялар мен қашықтан жүргізілетін сабақтар, білім байқаулары;

-химиялық ғылым мен өндіріс нысандарына таным-жорықтар түрінде өткізіледі.

Үлгілік оқу жоспарына сәйкес 8-9 сыныптардағы «Химия» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

8-сыныпта аптасына 2 сағаттан, оқу жылында барлығы 68 сағат;

9-сыныпта аптасына 2 сағаттан, оқу жылында барлығы 68 сағат.

 

 

Date: 2015-11-14; view: 1418; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию