Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тіл және әдебиет» білім саласы





 

«Тіл және әдебиет» білім саласындағы пәндердiң негiзгi ерекшелiгi - оқушының алдағы уақытта оқу әрекетін меңгеруіне негіз болатын коммуникативтік немесе тілдік дағдылардың алғашқы нышандарын қалыптастыру. Олар:

1) тыңдалым;

2) айтылым;

3) жазылым;

4) оқылым дағдылары.

Осылардың ішінде басқа дағдыларды қалыптастырудың негізгі алғышарты – тыңдалым және айтылым дағдылары болып табылады. Тыңдалым дағдысының адамның ойлау қабілетінің дамуына ықпалы зор. Оқушы айтылған немесе техникалық құралдарға жазылған сөздерді, сөйлемдерді, аудиомәтіндерді тыңдап, қабылдап және оны түсінуге үйренбейінше, басқа дағдыларды жеткілікті деңгейде меңгере алмайды.

Сондықтан сауат ашу кезеңінде, ең алдымен, тыңдалым дағдысына ерекше көңіл бөлген жөн. Яғни оқушы ауызша сөйлеуде немесе мәтін оқуда сөйлеушінің немесе мұғалімнің сөзін аяғына дейін зейін қоя тыңдай білуі, ақпаратты дұрыс қабылдауы, негізгі ойды түсінуі, жауап беруге дағдылануы қажет.

Айтылым дағдысының дұрыс қалыптасуының да адам үшін маңызы өте зор. Өйткені оқушы сөйлеуге, яғни айтар ойын жеткізе білуге үйренуі керек. Оның мектепте оқытылатын барлық пәндерден жақсы нәтижеге қол жеткізуі осы айтылым дағдысына , яғни белгілі бір мәселеге (тақырыпқа) байланысты өз ойын, пікірін немесе қандай да бір ақпаратты түсінікті, толық, жүйелі жеткізе білуіне байланысты.



1-сыныпқа келген оқушы тыңдауға үйреніп қана қоймай, сөйлеуге, яғни өз ой-пікірін айтуға, қойылған сұрақтарға жауап беруге, сөздерді, дыбыстарды анық, дұрыс айтуға, мағынасын түсініп, орынды қолдануға, тілдік қарым-қатынасқа, диалогқа қатыса білуге, сөйлеу мәдениеті нормаларын сақтауға дағдыланады.

Баланың мектеп табалдырығын аттауымен байланысты жаңа әрекет – «жетекші әрекет» (А.Н. Леонтьев), яғни оқу әрекеті пайда болады. Бұл кезеңнің басты ерекшелігі – бала ауызекі сөйлеу тілімен қатар, осы кезеңде пайда болатын «жаңа түзілімдер» (Л.С. Выготский) оқуды және жазуды меңгереді.

Оқылым, біріншіден, ой мен мидың бірлескен жұмысына байланысты болады, екіншіден, жазылған графикалық таңбалардың тізбегін дұрыс танып білуге қатысты. Үшіншіден, мұнда осы таңбалардың ішкі мән-мағынасын дұрыс түсінудің рөлі зор.

Осындай ерекшеліктер іске асқан жағдайда ғана оқылған материалдан керек ақпараттар жинақталып алынып, оқушының қажетіне жарайды.

Оқылымның мақсаты – мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты әртүрлі деңгейде қабылдауы және түсіне білуі, тілдің айтылым заңдылықтарына сәйкес оқи алуы.

Оқылым бойынша біліктілік деңгейін анықтау және бағалау келесі нәтижелермен айқындалады:

- түсініп оқуы;

- зерттеп оқуы;

- шолып оқуы;

- мәселені сын тұрғысынан бағалауы;

- негізгі аргументті анықтап, дәлелдеуі.

Жазылым да айтылым сияқты қарым-қатынас құралы. Бұл екеуінің атқарар қызметтері ұқсас болғанымен, екеуі екі басқа психикалық процесс: «оның айырмашылығы – жазба сөздің ерекшелігінде, оның психологиялық құрылысында», – дейді академик Т. Тәжібаев.

Тағы бір ерекшелігі – жазбаша сөйлеу кезінде әңгімелесуші адам болмайды, сондықтан ойды жазып білдірудің мазмұны жүйелі, логикалық байланысы берік және ауызша сөйлескендегіден толығырақ болуы тиіс. Оған қоса, «ол өте қиын, саналы, әдейі, бір мақсатпен жұмсалады». Сондықтан жазылым дағдыларын қалыптастыруға алғашқы күннен бастап ерекше мән берілуі керек. «Жазылым» «ойыңды басқа біреуге түсінікті болу үшін қағаз бетінде сауатты жеткізе білу» дегенді білдіреді.



Жазылымның ерекшелігі – оқушыларды жазу кезінде дене мүшелерінің қимыл-қозғалысын, қолдың, саусақтың іс-әрекеті, көз бен бастың қозғалысы дұрыс игеруді үйретуді, т.б. ескеріп отыруды қажет етеді.

Жазылымда: сөз ішіндегі әріптерді дұрыс байланыстырып, үздіксіз әрі ырғақты жазу; шағын мәтінді дұрыс көшіріп жазу; есту арқылы жатқа жазу, көргенін есте сақтау арқылы сөздерді, сөйлемдерді, шағын мәтіндерді жатқа жазу; жазғанын өздігінен тексеру; көркем, таза, қатесіз, сауатты жазу дағдыларының қалыптасуына мән беріледі.

 

Сауат ашу (оқу, жазу)

Пәннің басты мақсаты – оқушылардың оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру, қарапайым грамматикалық ұғымдармен таныстыру, айтатын ойын толық, түсінікті, жүйелі жеткізе білуге, байланыстыра сөйлеуге үйрету, ауызша, жазбаша тілін дамыту, сөздік қорын байыту және белсендіру.

«Сауат ашу» (оқу, жазу) пәнін оқытудың мiндеттерi:

әлiппеге дейiнгi кезең:

- тыңдалым, айтылым дағдыларын қалыптастыру, лексикалық тақырыптар, сюжетті суреттер бойынша байланыстырып сөйлеу тiлiн дамыту, сөздiк қорын байыту;

- сөйлем құрауға үйрету, сөйлемнен сөзді, сөзден бөліп алуға, сөзді буынға бөлуге, буынды дыбысқа ажыратуға машықтандыру; дыбыстық талдау (сөздегi дауысты және дауыссыз дыбыстардың саны мен ретiн табу) жасауға, дыбыстық сызба құруға дайындау, оны «оқу»; жазуға даярлау: жазу жолын сақтай отырып, әрiп элементтерiн (әртүрлi сызықтар, өрнектер мен таңбалар) жазуға үйрету.

әлiппе кезеңi: жаңа әрiппен таныстыру (әрiптiң баспа түрi және жазба түрi, бас әрiп және кiшi әрiп); сөзге дыбыстық-әрiптiк талдау; сөздiң дыбыстық-әрiптiк сызбасын құру; буынды, сөздi, сөйлемдi оқу; байланыстырып сөйлеу тiлiн дамыту; сөздiк қорын байыту; мәтiндi дұрыс, саналы, түсініп оқуға дағдыландыру; сауатты, көркем жазуға үйрету.

Әлiппеден кейiнгi кезең: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын жетілдіру, оқушының тiлін дамытып, алғашқы грамматикалық мәліметтер беру.

«Сауат ашу (оқу, жазу)» пәні бойынша жазба жұмыстары

1 жартыжылдықтың соңында:айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді (3-5 сөз), екі-үш сөзден тұратын сөйлемдерді тыңдау арқылы жазу; баспа әріптермен берілген мәтінді (10-15 сөзден артық емес) көшіру жұмыстарын орындай алуы тиіс.

2 жартыжылдықтың соңында:1) күрделі, айтылуы мен жазылуы әртүрлі сөздерді, құрмында л – р, н– ң, с – з, с – ш, ж – ш, п – б дыбыстары кездесетін сөздерді тыңдау арқылы жазу (барлығы 8-10 сөз); 2) үш-төрт сөзден тұратын сөйлемдерді, шағын мәтіндерді (10-15 сөзден аспайтын) тыңдау арқылы жазу; 3) сұрақтарға жауап жазу арқылы мазмұндама жазу (15-20 сөз көлемінде); белгілі бір тақырыпқа сөйлемдер құрап жазу (2-4 сөйлем мөлшерінде)
(2-кестені қараңыз) жұмыстарын орындай алуы керек.

Ескерту: 1-сыныпта шығарма жазылмайды.

 

2-кесте - Жазба жұмыстарының оқу тоқсандары бойынша бөліну үлгісі

 

Тоқсан /жұмыс түрлері диктант мазмұндама шығарма
І - - -
ІІ - - -
ІІІ -
IV -
Жылдық - -
Барлығы -

 

«Сауат ашу (оқу, жазу)» пәніне оқу жылы бойында аптасына
7 сағат берілген, барлығы 231 сағатты құрайды, оның ішінде: әлiппеге дейiнгi кезең – 14 сағат; әлiппе кезеңi – 98 сағат; әлiппеден кейiнгi кезең – 119 сағат.






Date: 2015-11-14; view: 824; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2019 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию