Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Химия кабинетінің техникалық құралдары





 

Тәжірибе жасау барысында құралдар мен аспаптарды дұрыс пайдалан білу, химия кабинетінде еңбекті ғылыми ұйымдастырудың аса маңызды міндетерінің бірі болып саналады. Олардың көмегімен оқыту құралдарын тиімді пайдалану әрбір химия мұғалімінің міндеті.

Химия кабинеті осы заманның талабына сай техникалық құралдармен жабдықталуы тиіс.Кабинеттік оқу жүйесінде әр түрлі техникалық құралдар пайдаланылады.

1. Химия кабинетіне техникалық құралдарды тұрақты (стационарлы) орналастыру. Мұндай жағдайда кабинеттегі ақпараттарды пульт арқылы белгілі арақашықтықтан басқаруға болады, ол оқушыларға да, мұғалімге де тиімді. Аппараттарды басқа кабинеттерге алып барып пайдалануға болмайды.

2. Тасымалды жүйе. Оқу үйінің бір қабатында орналасқан бір кабинеттегі техникалық құралдардың барлық түрімен жабдықталып, басқа кабинеттерге тасымалдауға болады. Бұл жағдайда арақашықтықтан басқару пульті тұрақты орналастырылмайды, ал техникалық құралды арнаулы жылжымалы арбаға жалғастырады.

3. Құрамдас жүйе. Бұл жағдайда кейбір аппараттарды белгілі кабинеттерге тұрақты орналастырады, ал кейбіреулерін тасымалдауға болады.

4. Техникалық орталық. Мұндай орталықтың көмегімен мұғалімдердің тапсырыстары бойынша кабинеттегі дыбыс хабарымен (информациясымен) қатар кинофильмдерді, диапозитивтерді, транспоранттарды, телехабарлар мен бейнежазбаларды да беруге, мектептің өз студиясын құруға да болады. Кейбір кабинеттерде киноқондырғыны кабинеттің сынып бөлмесінің артқы қабырғасына әдейі жасалған құрылғыға орналастырады, ал диапроекторларды, эпидоскоптарды тағы басқа техникалық құралдарды тасымалдау арбаларына орналастырады. Қабырғаның алдыңғы қатарына тақтаның бетіне экран қойылады. Химия кабинетінде техникалық құралдар мен қондырғылардың мынадай түрлері болады: ЛЭТИ-60, Альфа 35-50 диапроекторлары, Радуга, Волна кинопроекторлары, Лектор-2000 графопроекторы, көрнекі көрстеу үстелінің артында кері шағылысатын және жарық өткізетін экрандар, теледидарлар, т.с.с. Теледидарды бөлменің жоғарғы қабырғасына арнаулы құрылғымен бекітіп, асып қоюға немесе қосалқы қабырғаға бекітуге болады.

Кабинеттегі басқа оқыту құралдары. Бұл оқыту құралдарына сабақ барысында хабар беретін, оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастыратын, сабақ барысында тексеру жұмыстарын жүзеге асыратын оқу жабдықтары жатады. Оларды мына төмендегідей топтарға бөлуге болады:

1. Баспасөз әдісімен жасалған оқулықтар, анықтамалықтар, есептер жинағы, дидактикалық нұсқаулар, плакаттар, картотекалар, оқыту бағдарламалары, кестелер, сызбанұсқалар, диаграммалар, т.б.

2. Экранды құралдар – диапозитивтер, диафильмдер, бейне жазбалар, телехабарлар.

3. Көлемді құралдар – нақты обьектілер, нақнұсқалар, макеттер, жинақтамалар,құралдар, ұсталық жабдықтар, т.т.

4. Дыбысты құрладра – грамжазбалар, радиохабарлар, магнит таспасындағы жазбалар.

Оқушылардың өз бетімен істейтін жұмыстарын ұйымдастыруда оқыту құралдарының көмегі аса үлкен орын алады. Мысалы, картотекалар, тесттер, оқулықтар, есептер мен жаттығулар жинағы, дидактикалық материалдар пайдаланылады.

Date: 2015-11-13; view: 2789; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию