Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Тапсырма. 1. Қоржынды тексеріңізде, оны тазалаңыз
1. Қоржынды тексеріңізде, оны тазалаңыз. 2. Дефрагментациялау Defrag программасын іске қосыңыз. Тағайындалған параметрлерді анықтаңызда, екі дискетті бірінен кейін бірін дефрагментациялаңыз. 3. D: қатты дискіні дефрагментациялаңыз. Одан кейін қатты дискінің Қасиеттер командасы арқылы бос орынның бар екендігіне көз жеткізіңіз. Студенттің өзіндік оқытушымен жұмысының тапсырмалары 1. Архивтеу программасын іске қосыңыз. Графикалық редакторда салынған сурет және WordPad программасында құрылған файлдардың көшірмесін дискетке жазыңыз. 2. Көшірмесін алған файлдардың дискіден өшіріңіз. 3. Өшірілген файлдарды дискеттен қайта қалпына келтіріңіз. 4. Менің құжаттарым бумасындағы бірнеше мәтіндік файлдың көшірмесін Архив-бума көшірмесінен өшірілген 5. С дискісіндегі Архив-бума көшірмесінен өшірілген файлдарды өз орнына қалпына келтіріңіз. Бақылау сұрақтары: 1. Компьютерлік вирустар деген не? 2. Компьютерлік вирустарды қандай белгілеріне қарай топтарға жіктеуге болады? 3. Желілік вирустарға түсініктеме беріңіз. 4. Резидентті, резидентті емес вирустардың айырмашылықтары неде? 5. AVP антивирус программасның қандай мүмкіндіктері,ерекшеліктері бар? 6.Дискіні тазалау қалай жүргізіледі? 7.Дефрагментациялау программасы қалай іске қосылады? Бұл программа не үшін қажет? 8.Дефрагментация жасағаннан кейін қандай өзгерістер болады? Ол компьютердің жұмыс істеуіне ықпал ете ме? 9. Архивтеу деген не? Ол не үшін қажет? Windows жүйесінде архивтеу үшін қандай программа қолданылады? 10. Архивтеу программасы қалай іске қосылады?
Зертханалық жұмыс №8. Тақырып: MS Word мәтіндік редакторы туралы негізгі мәліметтер. Мәтінді форматтау. (4 сағат зертханалық жұмыс,1 сағат СӨОЖ) Мақсаты: Word мәтіндік редакторын іске қосу, Word терезесінің стандартты элементтерімен танысу, Файлдармен жұмыс, құру, сақтау, құжаттағы мәтін бөлігін қиып алу, көшірмесін жасау, енгізу, ауыстыру, автомәтін жасау және қолдану, құжаттарды көру режімдері және саймандар тақтасын жасау және орнату, тізімдерді нөмірлеу, маркерлеу, мәтінді бағаналарға бөлу, мәтіннің жиегін белгілеу, бояу, автоматизациялау құралдарымен жұмыс жасуды үйрену; мәтінді форматтау, қаріптерді өзгерту, сызу, интервалдар. Айнымалы ақпараттарды қоюға болатын, мысалы, фамилиясы, аты, адресі т.б.с.с. сериялы құжаттарды құруды үйрену. Мәтіндік редактор MsWord Microsoft Word мәтіндік редакторы құжаттарды даярлауға, редакциялауға, пішімдеуге, баспаға шығаруға арналған. Word редакторын іске қосу. Орнатылған Word редакторын іске қосу бірнеше жолмен орындалады: 1. Басты менюдің Іске қосу – Программалар – Microsoft office – Microsoft Word қатарында тышқанды шерту арқылы. 2. Windows жүйесінің Менің компьютерім немесе Сілтеуіш (проводник) терезелерінің бірін пайдалану арқылы (Program Files – Microsoft office – Winword бумасы Winword файлы) 3. Жұмыс үстеліндегі Word редакторының жарлығында тышқанды екі рет шерту арқылы (жарлық болмаса, басқа тәсілді қолдану керек) т.б. Word редакторымен жұмыс жасауды аяқтау. Редактормен жұмысты аяқтау (доғару) кез келген стандартты тәсілдермен жүргізіле береді, мысалы: 1. Файл – Шығу (Выход) меню командаларын таңдау арқылы; 2. Редактор терезесінің тақырып жолынан оң жақ жоғарғы бұрышындағы Жабу батырмасын (X) басу арқылы; 3. Тікелей Alt + F4 пернелерін басу арқылы т.б.
1.1-сурет. Word программасының терезесі. Word программасының терезесінде Windows жүйесіндегі стандартты көптеген элементтер бар. Word – ң терезесі тақырып қатары, меню қатары, саймандар тақтасы, форматтау саймандар тақтасы, қалып-күй қатары, сызғыш, жұмыс аймағы, айналдыру жолақтарынан тұрады. Жұмыс жасау барысында басқа да саймандар тақтасын орнату қажет болса, оны да қосуға болады. Тақырып қатарында құжаттың аты және терезе өлшемдерін реттеуші үш батырма тұрады.
1.2-сурет. Терезе өлшемдерін реттеуші батырмалар. Меню қатары Word-ң негізгі командаларынан тұрады. Тышқанды шертсек, осы менюге кіретін командалар тізімін ашып береді.
1.3-сурет. Меню қатары. Саймандар тақтасында жиі қолданылатын меню командалары батырма түрінде бейнеленеді. Саймандар тақтасы “стандартты”, “форматтау” деген бөліктерден тұрады.
1.4-сурет. Саймандар тақтасы. Саймандар тақтасынан кейін сызғыш орналасқан. Сызғыш құжаттың өрісі мен азат жолдарын реттеу үшін қолданылады. Егер экранда сызғыш көрінбесе, оны Түр – Сызғыш командасының көмегімен шығарып алуға болады. Жұмыс аймағанда құжаттың негізгі мәтіні бейнеленеді. Мәтінді енгізу, форматтау, графиктік объектілерді енгізу және кестелерді жасау осы жұмыс аймағында жүргізіледі. Қалып-күй қатары - экранның төменгі бөлігінде орналасқан. Онда құжаттың ағымдағы күйі жайлы мәліметтер келтірілген. Жаңадан құжат дайындау және сақтау Жаңадан құжат даярлау Файл – Құру – Жаңа құжат (Новый документ) командасымен орындалады. Құжат компьютердің оперативті жадысында дискіде файл түрінде сақталынады. Сақталынған құжатты өз атауымен немесе басқа атаумен және басқа орынға сақтауға болады. Құжатты сақтау Құжатты сақтау Файл – Сақтау немесе <Shift> + <F12> пернелер комбинациясын басу арқылы орындалады. Құжатты жаңа атаумен сақтау үшін Файл –... деп сақтау (Файл – Сохранить как...) – дискіні таңдау – файл атын енгізу - сақтау амалын орындау арқылы жүзеге асырылады. Word программасында сақталынатын құжатты басқа форматта сақтауға да болады. Ол үшін Файл –... деп сақтау терезесінен немесе <F12> пернесін басу арқылы файлдың типі тізімінен форматын таңдау қажет. Құжатты жабу Құжатты жабу үшін: Файл – Жабу (Закрыть) немесе Жабу батырмасына шерту, <Alt> + <F4> пернелер комбинациясын басу қажет. Егер құжатқа өзгертулер енгізілген болса, онда Word-ң өзгертулерді сақтау мүмкіндігі бар. Дайын құжатты ашу Word ортасында дайын құжатты ашу “Құжатты ашу” сұхбат терезесі арқылы орындалады. “Құжатты ашу” сұхбат терезесін ашу үшін төмендегі тәсілдердің бірін қолданыңыз: - Файл – Ашу (Открыть) командасын таңдау; - пернетақтадан < Ctrl>+<0> басу; - стандартты саймандар тақтасындағы ашу батырмасына шерту. Құжатты форматтау Мәтінді форматтау формат менюінің немесе форматтау тақтасының құралдарымен іске асырылады. Негізгі форматтау тәсілдері: қаріп түрін таңдау және өзгерту, қаріп өлшемін, қаріптің түсі мен жазылуын, туралау әдістерін таңдау. Қаріпті таңдау Формат – Қаріп командасының көмегімен орындалады. Мәтінді жылдам форматтау үшін саймандар тақтасын қолдануға болады.
1.5-сурет. Қаріп сұхбат терезесі. Абзац – Enter пернесін басқандағы мәтін бөлігі. Азат жол параметрлерін Формат – Абзац командасын немесе сызғыш арқылы орнатуға болады. Беттерді форматтау. Беттерді форматтау: парақ өрістерінің көлемін орнату, парақ бағытын таңдау. ¤ріс – беттің 4 қырынан орын қалдыратын негізгі мәтін орналасатын аудан. Құжат өрісін екі жолмен өзгертуге болады: Файл – Параметры страницы немесе сызғыш арқылы. Тапсырмалар: 1. Word мәтіндік редакторын қосудың үш түрлі жолын көрсетіңіз. 2. Оң жақ жоғарғы бұрыштағы басқару батырмалары арқылы мәтінді кішірейтіңіз, үлкейтіңіз, жасырып (бүктеп), қалпына келтіріп қойыңыз. 3. Файл менюінің командалары арқылы жаңа құжатты ашып, сол құжатты өз атыңызбен сақтаңыз. 4. Құжаттың оң жағынан 2 см, сол жағынан 1,5 см ал жоғарғы және төменгі жақтарынан 2 см қалатындай орналастыр. 5. Осы құжатқа өмірбаяныңызды теріп жазыңыз. 6. Әр азат жолды әр түрлі қаріппен және қарайтылған, қисайтылған, асты сызылған етіп сол (оң) жаққа туралауды қолданыңыз. Құжат мәтінін редакциялау Құжатты көру режімдері Құжатты көрудің бірнеше режімдері бар. Кәдімгі режімде құжаттың тек мазмұндық бөлігі қарастырылады. Құрылымдық (структура) режімінде тек құжаттың тақырыптары көрсетіледі. Бетбелгі (разметка страницы) режімінде құжаттың экранда көрсетілуі толығымен баспа түріне сәйкес болады. Бұл режім баспаға шығаруға арналған құжаттар үшін өте қолайлы. Негізгі құжатты көру режімі көлемі үлкен құжаттарды даярлау жұмысын жылдамдатады. Бүкіл экранда көру режімі тек құжаттың өзін ғана қарауға мүмкіндік береді. Осы аталған режімдердің барлығында да құжаттағы мәтінді енгізуге, редакциялауға, форматтауға болады. Алдын ала көру режімі бір мезгілде бірнеше бетті қарауға мүмкіндік береді, бірақ құжатты редакциялауға болмайды. Осы жоғарыда айтылған режімдердің біреуін таңдау үшін меню жолындағы Түр (Вид) командасына кіру керек немесе көлденең айналдыру жолағының сол жағында орналасқан көру режимдерін басқару батырмасына басу қажет. Мәтіннің көрсетілу масштабын Түр (Вид) ® Масштаб командасының көмегімен өзгертуге болады. Мәтін бөлігін редакциялау Мәтіннің бөлігін жылжытқанда, қиып алғанда, көшірмесін жасағанда бөлік арнайы жады ауданы алмасу буферіне түседі. Мәтін бөлігін ерекшелеу тышқанның сол жақ батырмасы және пернелер тақтасындағы <Shift> пернесін басу арқылы да орындалады. Жылжыту (Көшірме жасау) Түзету (Правка) ® Қиып алу, көшіру қайда жылжыту (көшірме жасау) қажет орынға курсорды қойып, Түзету ® Енгізу командасын орындау қажет. (Тышқанның оң жақ батырмасын басулы күйінде орындауға да болады). Құжаттың белгілі бір бөлігіне көшу Құжаттың белгілі бір бетіне көшу. Түзету (Правка) ® Перейти (Көшу) командалары арқылы жүзеге асады. Автомәтін – бұл мәтіннің бөлігін автоматты түрде енгізуге арналған режім. Ол екі қызмет атқарады: автоаяқтау, автомәтін. Мәтіндік процессорда автомәтіннің сөздігі болады. Мұнда құжатты даярлауда жиі кездесетін сөздер мен сөз тіркестері сақталады. Сөздікке жаңа сөз енгізу – бұл да автомәтіннің функциясы. Ол үшін экрандағы мәтінді ерекшелеп алып, Енгізу – Автомәтін – Құру – ОК командасын орындаңыз. Автомәтін элементі автомәтін атымен енгізіледі. Автомәтінді енгізу үшін автомәтін атын теріп <Alt + F3> пернесін басамыз.
2.1-сурет. Автомәтін сұхбат терезесі. Саймандар тақтасы - басқару элементтері. Жиі қолданылатын меню командалары саймандар тақтасында батырма түрінде бейнеленеді. Жиі қолданылатын командаларға жылдам енуге мүмкіндік береді. Word іске қосылғаннан кейін стандартты басқару тақтасы шығады. Командалар мен іс-әрекеттерді жылдам орындау үшін ең ыңғайлы жағдай жасайды. Саймандар тақтасын алып тастау және орнату Түр – Саймандар тақтасы командасы және таңдап алынған саймандар тақтасының атына тышқанды шерту арқылы орындалады. Жаңадан саймандар тақтасын жасау Түр (Вид) – Саймандар тақтасы (Панели инструментов) – Баптау (Настройка) –Жасау (Создать) командасымен орындалады. Саймандар тақтасына батырманы енгізу үшін Командалар сұхбат терезесіне көшіп, қажет батырманы саймандар тақтасына тышқан курсорының көмегімен жылжыту қажет. Date: 2015-11-13; view: 771; Нарушение авторских прав |