Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Кембрийге дейінгі кезеңде және палеозой эрасындағы Жер табиғатының эволюциялық дамуы





Архей эрасы. Архей жыныс қабаттары арасында шегінді, әсіресе магмалық жыныстар бар. Олардың барлығы дерлік жоғары температура мен қысым кеселінен күшті метаморфизмге ұшыраған. Жыныстары ішінен микроскопта ғана көзге ілінетін балдырлар мен бактериялар табылды. Олардың ең байырғылары Оңтүстік Африкадан табылған, абсолюттік жасы 3,2 млрд жыл екен. Архей эрасы бұдан 4,5 млрд жыл бұрын басталып, 2,6 млрд жыл бұрын аяқталды.

Протерозой эрасының жыныстары археймен салыстырғанда кемірек метаморфталған және түрлі-түрлі. Қабаттары ішінде балдырлар қалдықтарынан түзілген әктастар, көмір, темір тектес жыныстар бар. Олар сол кезде бактериялардың, көк жасыл балдырлардың кен тарағанының айғағы.

Жоғарғы протерозойды рифей (Орал тауының байырғы атауы) деп атайды, сол кезде балдырлар үдере дамыған. Олардың қалдықтарына қарап рифей қабаттарын уақ бөлшектерге жіктеуге мүмкіндік болды.Венд қабаттарының табаны астыңғы жыныстардан ұдайы шалыс жатады. Жыныстары да, организм қалдықтары да әр қилы. Олардың арасынан радиолярийлер, губкалар, медузалар, таспа құрттар, буынаяқтылар кездеседі. Осыларға қарағанда венд кезеңі протерозойдан палеозойға жақын сияқты. Дегенмен табылған мақлұқаттардың сауыты мен скелеті болмаған, тек жыныс бетінде таңбалары сақталған. Біраз өлкелерде, соның ішінде Жоңғар Алатауында, Қаратауда, Ұлытауда мұзарт шөгінділері—тиллиттер табылды. Ас тұзы мен сульфаттар кездеседі. Ендеше, атмосфера мен гидросфера қалыпқа келіп, қазіргі іспетті климаттық белдеулер болғаны.

Палеозой эрасы. Кембрий кезеңінде скелетті мақлұқаттар — археоциаттар, трилобиттер, губкалар, иінаяқтылар т. б. дүниеге келді, балдырлар кең жайылды (3.2-сурет). Жетекші жануарлар болған солар арқылы кембрий қабаттарын жіктеп, әр құрлықтардағыларын өзара салыстыра аламыз. Нұсқамалар әр топтардың даму шегін көрсетеді: 1-қазірге дейінгілері, 2-бір кезеңде өшкендері.

Қаратаудағы кембрий қабаттары қазірде жер жүзіне эталон болып, сол жерде геологиялық заказник ашылды.

Кембрий кезеңінен бастап Жердің магниттік полюстерінін алмасуы байқалады.

.Бұл құбылыс та кембрий жыныстарымың стратиграфийсын құруға жөн береді. Ордовик кезеңінде құрлықтар едәуір төмен майысып, фанерозой эонындағы теңіздердін ең көп жайылған заманы болды.

Сол себептен кезең кезінде теңіз мақлұқаттары мен өсімдік дүниесі басым: трилобиттер мен граптолиттер кемеліне келді (3.2-сурет), коралдар, моллюскалар кластары тарады, кезен, ішінде алғашқы өсімдіктер (псилофиттер) құрлыққа шықты.

Силур кезеңінде теңіз лала гүлдері өрби түсті, алғашқы омыртқалы жануарлар (балықтар) пайда болды. Бұрынғыша граптолиттер, иінаяқтылар, коралдар кең тарады. Девон кезеңінде құрлық бой түзеп, теңіздер кейін шегінді. Қайтқан теңіздер жағалауында жалпақ шығанақтар қалып, олардың түбінде эвапориттер шөкті.

Климат қуаң тартып, ауқымды аймақтарда қызыл түсті шөгінділер көп тарайды. Осыншама күрделі құбылыстан организм дүниесі де өзгеріске ұшырады. Құрлықта псилофиттер кен, өріс алды да соңынан папоротниктер тарады. Мақлұқаттардан насекомдар, өрмекшілер, құршаяндар пайда болды. Кезең бойында балықтар — сауыттылар, саусақ қанаттылар, қос тыныстылар тез дамып, девон кезеңін балықтар «ғасыры» деп атайды. Кейінгілерден жоғарғы девон дәуірінде қос мекенді жануарлар шықты. Теңіз жануарлары силур дәуіріндегідей, тек трилобиттер мен граптолиттердің түрлері кілт азаяды. Таскөмір кезіңінің ортасынан бастап қатпарлы таулар көтерілді, теңіздер шегінді. Климат жағдайы ылғалды болып, батпақты кең ойпаттар тарады да ну орманды жазықтар үстемдік алды.


 

4.2-сурет. Жануарлар мен өсімдіктердің жер тарихындағы даму сызбасы

Оларда ағаш тәрізді папоротниктер, плаундар, қырықбуындылар, жаланаш тұқымдылар өсті. Кейінгілерден кезең соңында қылқан жапырақтылар пайда болды.

Бауырымен жорғалайтын жануарлар дүниеге келді, шеміршекті, бара келе сүйекті балықтар өрбіді. Кезең бойында граптолиттер, трилобиттер, көне коралдар, сауытты балықтар, псилофиттер құрып кетті. Бұрынғыдай иінаяқтылар, төрт сәулелі коралдар, теңіз лала гүлдері, қарапайым форамин-иферлер отряды теңіздерде үстемдік құрды. Моллюскалар теңізбен қатар құрлықты да жайлады, насекомдар өрбіп, алып инеліктер аспанға ұшты. Таскөмір кезеңінің орта шегінен бастап оңтүстік жартышардағы құрлықтарды қалың мұз басты.

Пермь кезеңінде жер үстінде құрлық үстем болды. Солтүстік жартышарда климат құрғақ болып, әсерінен эвапорит және қызыл түсті шөгінділер кең аймақтарда тарады. Оңтүстік жартышарда таскөмір кезеңіндегі мұзарттар әрі өріс алды. Пермь кезеңінде таскөмір кезеңінің мақлұқат-өсімдік дүниесі бұрынғысынша кең жайылды. Теңіздерде фораминиферлер, йінаяқтылар, теңіз лала гүлдері, мүк тәріздестер жетекші орынға шықты, аммониттер отряды дами бастады. Құрлықты аң іспетті рептилиялар жайлап-төстеді. Жоғарғы пермь дәуірінде палеозой эрасына тән барлық ағзалар тобы өшіп, құрыды. Олар: коралдардың, мүк тәріздестердің ірі топтары, теңіз лала гүлдері, иінаяқтылар, амфибиялар, өсімдік дүниесінен — ағаш пішіндес папоротниктер, плаундар. Сейтіп, тірі дүниенің келесі сатысы — мезозой эрасы басталды.







Date: 2015-11-13; view: 2594; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию