Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Түраралық қарым-қатынас. КАК И 34 ,перепишите 34





20.Экожүйе түсінігі.Продуценттер,консументтер,редуценттер. Экологиялық жүйе, экожүйе – тірі ағзалар жиынтығының қоректену, өсу және ұрпақ беру мақсатында, белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе пайдалануының тарихи қалыптасқан жүйесі.

Ндірушілер(продуценттер)-бейорганикалық заттардан органикалық заттар жасайтын автотрофты организмдер.Барлық биоценоздағы негізгі өнім өндірушілер-жасыл өсімдіктер.

Тұтынушылар(консументтер) дегеніміз- бұл гетеротрофты ағзалар. Бірінші және екінші қатар тұтынушылары болады. Бірінші қатар тұтынушылары (мысалы, қой және жылқы)өсімдіктермен қоректенеді. Екінші қатар тұтынушылары немесе тұтынушылардың тұтынушылары өсімдіктерді жемейді, жануарлармен қоректенеді. Әдетте бұлар қасқыр, жолбарыс, шиебөрі тәрізді жыртқыштар болып келеді.

Ыдыратушылар(радуценттер)- организмдердің ыдыраған қалдықтарына қоректенетін жануарлар және паразит емес гетеротрофты микроорганизмдер.

21.Биосферадаға заттар айналымы(көміртегі,азот,оттегі,фосфор,күкірт және биогендік катиондар айналымы). Күкірт айналымы – табиғатта үздіксіз айналу құбылысы. Күкірт өзінің оксидтері SО3 пен SО2, күкіртсутек Н2S және бос күкірт күйінде жанартаулардың атқылауы кезінде сыртқы ортаға шығарылады. Азот айналымы. Азот элементтерінің де, өзге элементтер сияқты, айналымы үлкен және кіші циклдерден тұрады. Мұнда ескере кететін жай, бос күйіндегі азот топырақ өсімдіктер бойына сіңірле алады. Фосфор айналымы. Фосфор қосылысқа түсуге өте бейім болғандықтан, оның айналымы көптеген факторлар байланысты. Мысалы, кір жуғанда кір жуғыш заттардың құрамындағы фосфордың үлкен бөлігі, сарқынды сулар барысында фосфор тыңайтқыштарының біршама бөлігі жуылып, сарқынды сулармен қоршаған ортаға келіп қосылады. Оттегі айналымы оттегімен адамдар мен жануарлар тыныс алады, одан басқа жер қыртысындағы минералдар түзіледі. Табиғатта оттегінің қатысуымен тоттану, шіру, aшy сияқты бүліну үдерістері де жүріп жатады.

22.Озон қабатының жұқаруы мен оның салдары. Ұшудың жоғарғы шегін игерген авиалайнерлер отындарының шығарындылары, құрамында озон бұзушы және аэрозольді қоспасы бар ракета қондырғыларының жіберілуі – озон қабатын жұқартуда бірінші орынға ие.

23. Биоценоз, Биогеоценоз,Экожүйе түсініктері. Экологиялық жүйе, экожүйе – тірі ағзалар жиынтығының қоректену, өсу және ұрпақ беру мақсатында, белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе пайдалануының тарихи қалыптасқан жүйесі. Биоценоз деп – мекен ету ортасы бір, бір-бірімен байланысты түрінің жиынтығыК. Мебиус (1877). Биогеоценоз тіршілік ету жағдайлары ұқсас, белгілі аумақта өсетін өзара байланысты түрлердің (популяциялардың) тыныс-тіршілік ортасы. Биогеоценоз терминін 1940 ж. орыс ғалымы В.Н. Сукачев ұсынған.

24. В.И.Вернадскийдің биосфера-ноосфера концепциясы. Экологияның не екенін түсіну үшін В.И. Вернадскийдің ғылыми жетістіктерінің шыңы-биосфера туралы ілімді еске түсіру қажет болады. Биосфера – жердің жұқа қабығы, оның құрамы, құрылымы және энергетикасы негізінен бұрынғы және қазіргі тірі организмдер қызметінен болған. Биосфера шектерінің ішінде олардың биохимиялық қызметінің іздері кездеседі. Атмосфера, су, мұнай, көмір, әк, саз және олардың туындылары (сланцстар, мәрмәр және гранит) планетаның тірі затымен жасалған. Биосферада жүріп жатқан бар өмірлік үрдістердің барлығы экологияның зерттеу нысаны болады. Биосфера тіршілік «тірі зат» дамуының сферасын қамтиды, В.И. Вернадский сөзімен, «тірі зат» геологиялық күш ретінде әрекет жасайтын, жер бетін қалыптастыратын жер айналасындағы кеңістік осымен биосфера шекаралары анықталады. Олар бүкіл биосфераны яғни, сулы қабатты (12 км тереңдікке дейін) және 15 км биікткке дейін атмосфераның төменгі қабатын қамтиды. Биосфераның литосферадағы төменгі қабаты 5 км тереңдікте өтуі деп саналады.

25.Қоректену тізбектері,қоректік торлар және деңгейлер. Биоценозда қоректік торлар - жасыл өсімдіктер жинақтаған энергия мен заттарды бір-біріне беретін организмдердің көптеген қысқа қатарларынан тұрады. Әрбір алдыңғы түр келесіге қорек болатын мұндай қатарлар - қоректік тізбек, ал қ оректік тізбектің бөлек звенолары - қоректік деңгей деп аталады. Қоректік тізбек әрқашан өсімдіктен немесе олардың қалдықтарынан басталады.

26.Фотохимиялық смог. Фотохимиялық смогты тудырушы басты фактор – автокөлік пен өндіріс ошақтарының улы газдары мен түтіндері. Сол себептен де фотохимия- лық смог қазіргі кезде экология үшін өте маң- ызды проблеманың бірі. Денсаулықтың қас жауы.

 

27.Қазақстанның экологиялық проблемалары. Семей, Байқоңыр, Арал 1949 - 1963 жылға дейін жер бетінде сынақтардың зардабы әсіресе мол болды. Семей аймағында тұратын 500 мыңдай адам сынақтан азап шекті.1949 - 1963 жылға дейін жер бетінде сынақтардың зардабы әсіресе мол болды. Семей аймағында тұратын 500 мыңдай адам сынақтан азап шекті.

Арал теңізінің дүниежүзілік мұхиттан 52 метр биіктікте орналасқан. Бұл проблеманың тууына себепші болған - адам әрекеті. Қазіргі таңда 18 метр тереңдікке төмендеп, тартылған теңіз табанынан тұзды, қышқылды шаң - тозаңдар желмен аспанға көтеріліп он мыңдаған шақырымға дейін ұшып барады екен. Теңіздің 1шқ кв. жерінен жылына 80000 тонна тұзды шаң әуеге көтеріледі екен.

 

28.Судың сапасы. Судың сапасы — судың халық шаруашылығында пайдаланылу мақсаттарын (ауыз су ретінде ішуге, тамақ, қағаз, тоқыма, былғары өнеркәсіптерінің техникалықкалық су ретінде, ауыл шаруашылығы дақылдарын суаруға және т.б.) ескере отырып, оның физикалық, химиялық және бактериологиялық көрсеткіштеріне қойылатын талаптар жиынтығы.Судың сапасы - судың сапа көрсеткіштерінің адамдардың қажеттері ненемесе технологиялық талаптарга сай келу дәрежесі.

29.Автотрофтар және гетеротрофтар. Биогеценоздың тірі құрамалары:продуценттер,консументтер және редуценттер.Автотрофтар- циано бактериялар және көкжасыл балдырлар (прокариоттар) одан кейін нағыз балдырлар мен жер өсімдіктері(эукариоттар) пайда болғаннан кейін іске аса бастады.Осы ағзалардың әрекеті биосферада бос оттегінің жиналуына әкеліп соқты.Бұл эволюцияның ең маңызды кезеңдерінің бірі болып саналады.Бұлармен қатар гетеротрофтармен дами бастайды.Бұлардың даму уақыты құрғаққа шығып,құрлықтарда қоныстауынан және адамның пайда болуынан басталады.

Ндірушілер(продуценттер)-бейорганикалық заттардан органикалық заттар жасайтын автотрофты организмдер.Барлық биоценоздағы негізгі өнім өндірушілер-жасыл өсімдіктер.

Тұтынушылар(консументтер) дегеніміз- бұл гетеротрофты ағзалар. Бірінші және екінші қатар тұтынушылары болады. Бірінші қатар тұтынушылары (мысалы, қой және жылқы)өсімдіктермен қоректенеді. Екінші қатар тұтынушылары немесе тұтынушылардың тұтынушылары өсімдіктерді жемейді, жануарлармен қоректенеді. Әдетте бұлар қасқыр, жолбарыс, шиебөрі тәрізді жыртқыштар болып келеді.

Ыдыратушылар(радуценттер)- организмдердің ыдыраған қалдықтарына қоректенетін жануарлар және паразит емес гетеротрофты микроорганизмдер.

Популяцияның статикалық көрсеткіштері.Статикалық көрсеткіштер уақыттың осы кезеңіндегі популяцияның күйін, жағдайын сипаттайды.Популяцияның статикалық көрсеткіштеріне олардың саны, тығыздығы мен құрылымның көрсеткіштері жатады.

31. НООСФЕРА. Ноосфера (гр. νόος – сана және σφαῖρα – орта, шар) немесе Антропосфера (грек. antһropos — адам, spera — қабық) — биосфераның жаңа жағдайға көшкен деңгейі; адамның саналы түрде жүргізген іс-әрекеттерінен туындайтын жер сферасындағы барлық өзгерістер мен олардың дамуын анықтайтын басты фактор;ғаламдағы адамзаттың мекендейтін аясы. Адам баласы уақыт пен кеңістікке қатысты биосфера шегінде және ғарышта өмір сүре алады. Бірақ адамзаттың тұрақты мекені — Жер.

32.Ле-Шателье-Браун ұстанымы. Ле Шателье-Браун принципі, Ле Шателье — Браун принципі, тепе-теңдіктің ығысу принципі — жүйені термодинамикалық тепе-теңдік күйден ауытқытатын сыртқы әсердің салдарынан сол жүйедегі тепе-теңдік осы әсерді әлсірететін (немесе оған қарсы әсер ететін) реакция бағытына қарай ығысатындығын тұжырымдайтын принцип. Ле Шателье принциін 1885 ж. А. Ле Шателье (1850 — 1936) тұжырымдап, ал теорилық тұрғыдан 1887 ж. К.Ф. Браун (1850 — 1918) негіздеген.

33.Экологиялық сукцессия.Біріншілік және екіншілік сукцессия. Экологиялық сукцессия (экология және сукцессия) – бір биоценоздың басқа биоценозбен ауысып отыруы. Экологиялық сукцессия бірнеше кезеңдерден өтеді, солардың барысында биоталық қауымдастықтар бірінен соң бірі алмасып жатады. Экологиялық сукцессия кезінде түрлер алмасуының себебі, популяциялар қоршаған ортаны өзгерте отырып, өзге популяция үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Мұндай жағдай жүйенің биоталық және абиоталық құрауыштарының арасында тепе-теңдік орнағанша жалғаса береді. Экологиялық сукцессия өсу, тұрақтану және климакс сатыларынан тұрады. Өнімділік критериін негізге ала отырып, оларды бір-бірінен былай ажыратады: бірінші сатыда өнім өзінің ең жоғары дәрежесіне дейін өседі; екінші сатыда өнім тұрақты болып қалады; үшіншісінде – жүйенің бұзылуына қарай ең төмен деңгейіне жетеді.

34.Теріс ара-қатынастар.Оң ара -қатынастар.

35.Популяцияныңдинамикалық көрсеткіштері:туылуы,өлімі,популяция өсуінің жылдамдығы. Популяция динамикасы - популяциядағы даралардың сандық мөлшерін және оларды реттеудің механизмдерін зерттейтін популяциялық экологияның бөлімі.
- Популяциядағы туылу саны - белгілі бір уақыт ішінде көбею нәтижесінде популяцияда пайда болған жаңа даралардың саны;
- Популяциядағы өлу саны - белгілі бір кезеңдегі популяциядағы өлген даралар саны;
- Популяция өсімі - популяциядағы даралардың туылуы мен өлуі арасындағы сандық айырмашылық;
- Өсу қарқыны - белгілі бір уақыт ішіндегі популяциядағы орташа өсім.

36.Атмосфераның биосферадағы орны.Атмосфера қабаттары. Атмосферадағы биосфераның жоғары шегі 20 км биіктікке дейін жетеді. Онда микробтардың споралары (өршігіш тұқымы) кездеседі. Бактериялар атмосфералардың азон қабатында да өсіп-өнеді. Биосферада мол кездесетін микроорганизмдер жер бетінен 50-70 метрге дейінгі биіктікке ғана тарайды.
1.Ең төмеңгі қабат – тропосфера, оны ауа-райы түзілетін қабат д/а, жоғарғы шегінде темп -55С, орташа қалыңдығы 11км 2.Стратосфера 50-55км 3.Мезосфера 80-85 4. Термосфера (экзо, ионосфера) 2000-3000км.

37.Экожүйе құрылымдары,биомассасы,энергетикасы. Экожүйе = биоценоз+биотоп. Әлемдік биологиялық айналым үшін энергия ауадай қажет. Оның негізгі көзі – автотрофты (жасыл өсімдіктер) организмдер сіңіретін күн радиациясы. Күн энергиясы биоценозда үнемі әрекет етеді. Күн энергиясының, зат айналымының ерекшелігі сол, ол үнемі жұмсалып отырады. Ал, зат айналымы тек бір деңгейден екінші деңгейге ауысып отаратыны белгілі. Мысалы, күн энергиясының 30 % атмосферада сейілсе,
Биомасса —органикалық заттар мен барлық даралар жиынтығында түзілген энергияның жалпы мөлшері. Негізінен, биомассаны аудан немесе көлем бірлігіне келетін құрғақ заттар есебіндегі масса бірлігінен белгілейді.

38. Экологиялық мониторинг,ұйымдастыру принциптері.Экологиялық мониторинг – қоршаған ортаның жағдайын бақылау және тексеру жүйелері. Лат. "монитор" – сақтандырушы. Ол үш сатыдан тұрады:
- жағдайды бақылау;
- бағалау;
- болатын өзгерістерді болжау.
Экологиялық мониторингтің мақсаты тек қана деректер жинау емес, сондай-ақ, жүргізілетін тәжірибелер, болжамға негіз ретінде алынатын процестердің үлгілері кіреді. Ғаламдық көлемде мониторинг жүргізуге авиациялық, ғарыштық және есептеу техникалары пайдаланылады.

39. ҚР-ның қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдары. 1. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдарының мiндеттерi қоршаған ортаның сапасын жақсарту, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және молықтыру, заңдылық пен құқық тәртiбiн нығайту мақсатымен қоғам мен табиғаттың өзара iс-қимылы саласындағы қатынастарды реттеу болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңнан, табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру және пайдалану туралы заңдардан, сондай-ақ басқа да заң актiлерi мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.

40.Топырақ,ауа және су көздерін қорғау және оны ластаушы көздер. Атмосфералық ауаның ластануының алдын алатын жəне зиянды қалдықтардың мөлшерiн азайтуға мүмкiндiк беретiн iс-шараларды төмендегiдей 3 топқа бөлуге болады:
1. Зиянды қосылыстар түзiлетiн технологиялық процестердi жақсарту жəне мүмкiндiгi нше зиянды заттар аз бөлiнетiн жаңа технологияларды өндiрiске енгiзу.
2. Отынның құрамын, аппараттар мен карбюрацияны жақсарту жəне ауа тазартқыш қондырғылар арқылы ауаға зиянды заттардың түсуiназайту немесе мүлде болдырмау.
3. Зиянды қосылыстарды бөлетiн объектiлердiтиiмдi орналастыру жəне жасыл өсiмдiктердi көптеп отырғызу, егу.
Топырақтың ластануы — топырақта, әдетте, оған тән емес физикалық, химиялық немесе биологиялық агенттердің пайда болуы және енуі. Қазіргі кездегі топырақты ластаушыларының негізгі көздері мыналар:
1. пестицидтер;
2. минералдық тыңайтқыштар;
3. өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы қалдықтары;
4. атмосфераға өнеркәсіп орындарынан бөлінетін газды-түтінді заттар;
5. Мұнай және Мұнай өнімдері.
Топырақ ластануын болдырмау үшін мынадай шараларды жүргізу керек:
1. табиғатты қорғайтын заңдарды бұлжытпай орындау;
2. қоршаған ортаның сапасына бақылау жүргізетін мекемелер қызметін дұрыс ұйымдастыру;
3. топырақты ластаушы заттардың қасиеттерін, жылжу тәртібін, топырақпроцестеріне қатысуын зерттеу;
4. зиянды заттардың шекті мөлшерлерін нормалау;
5. қауіптілігі бойынша пестицидтерді топтастырып, кейбір
6. түрлерінің қолданылуын шектеу;
ауыл шаруашылығында зиянкестермен, арам шөптермен күресу үшін химиялық әдістердің орнына биологиялық әдістерді қолдану және т.б.

Судың негізгі ластану көздері мыналар:
1. өнеркәсіп өнімдерін сақтайтын қоймалар;
2. химиялық заттар және тыңайтқыштар;
3. тұрмыстық қалдықтар;
4. жер асты суларымен жалғанатын құбырлар;
5. ірі құрылыс учаскелері;
6. күзгі алаңдар, бұрғы-скважиналары болып табылады.'
Судың ластануына жол бермеу
1. Суы аз немесе қалдықсыз, оқшауланған суайналымдық және аралық тазалау немесе суды салқындатып, қайтадан іске жарату жүйесі бар технологияларға көшу.
2. қалдық көлемін азайтып, сусызданған қалдықты немесе былғауыштардың қойырланған ерітіндісін жер қойнына көму технологиясын жетілдіру.
3. Өндіріс және тұрмыс қалдықтармен былғанған сулардытазалау әдістерін жетілдіру.
4. Өсімдіктерді аурудан және түрлі зиянкестерден, егістіктерді арам шөптерден қорғауды қамтамасыз етуші биологиялық және басқа да агротехникалық шаралардың пәрменділігі мен қолданыс аясын кеңейте отырып, ауыл шаруашылығы өндірісі мен орман шаруашылығын шектен тыс химияландыруға тоқтау салу.

41.Экологиялық фактор түсінігі.Экологиялық факторлардың жіктелуі. Экологиялык факторлар дегеніміз - организм үшін қажетті немесе теріс әсерін тигізетін ортаның элементтері. Табиғатта экологиялық факторлар жиынтық күйінде әсер етеді. Организмдер болса фактор-лардың әсеріне әр түрлі реакция береді. Шөл-шөлейтті жерлердегі өсімдіктер үшін жоғарғы температура, ылғалдың аздығы қолайлы фактор болса, ал орман өсімдіктеріне бүл қолайсыз факторлар болып табылады.
Факторлар 3 топқа жіктеледі: абиотикалык, биотикалық және антропогендік.
- Абиотикалық - организмдерге әсер ететін бейорганикалык ортаның жиынтығы. Олар – хим. (атмосфераның химиялык кұрамы, теңіз және тұщы сулар) және физ. (температура, қысым, жел, радиация)
- Биотикалық - тірі организмдердің бір-біріне және ортаға жағымды немесе жағымсыз әсер етуі. Ол өсімдік пен өсімдік, жануар мен өсімдік немесе жануарлар мен жануар арасында болуы мүмкін
- Антропогендік - коршаған ортаға тигізетін адам баласы іс-әрекетінің тікелей немесе жанама әсері (ірі кешендер, өнеркәсіп, зауыт, кен байыту)

42. Биоценоз, биотоп, биогеоценоз туралы түсінік. Биоценоз дегеніміз - (био... және гр. koіns — жалпы) — тіршілік жағдайлары азды-көпті біркелкі орта өңірін мекендейтін жануарлардың,өсімдіктер мен микроорганизмдердің жиынтығы.Биотоп дегеніміз - (био... және грек. tpos — орын) — Жер бетінің (құрлықтың не суқойманың) биоценоз мекендейтін орта жағдайлары біртектес өңірі (телімі). Екі мағынада қолданылады: 1) нақтылы, экологиялық жағдаймен сипатталатын, нақтылы биоценоз түрлері мекендейтін аймақ; 2) нақтылы организмдердің немесе олардың қауымдарының тіршілік етуіне барынша ыңғайлы қоршаған орта факторларының жиынтығы.Биогеоценоз дегеніміз - (био..., гео... және гр. koіnos — жалпы) — тіршілік ету жағдайлары ұқсас, белгілі аумақта өсетін өзара байланысты түрлердің (популяциялардың) тыныс-тіршілік ортасы.

43. Организмдердің қоршаған орта жағдайына бейімделуі. Бейімделу - (лат. adapto ) техникалық жүйеніңсыртқы орта жағдайларыныңөзгеруінебайланыстыолтуралыақпаратжинаужәне оны пайдалануарқылыөзқалып-күйлерін (жұмысістеу алгоритмін, параметрін, құрылымын) өзгертуі; ағзалардыңтарихи даму кезеңіндегітіршілікортасынабейімделуі.

44.21 ғасырдың күн тәртібіне атты ауқымды бағдарламасы.ХХІ ғасырдың кун тәртібіне бағдарламасы 1992 жылдың маусым айында Рио-де-Жанейро қаласында өткен БҰҰ-ның қоршаған ортамен даму бойынша өткен конференциясы «Тұрақтыдаму» концепциясын және «ХХІғасырдыңкүнтәртібіне» атты ауқымды бағдарламасын қабылдады.Бұлбағдарламада шешілуі болашақта тұрақты дамуды қамтамасыз ететін жалпы мәселелер қарастырылған.

45. Адам экологиясы.Адам экологиясы, а н т р о п о э к о л о г и я — 1) биосфераның (оның құрамдас бөліктерінің) және адамзаттың (оның түрлі топтары мен жеке тұлғалардың) өзарақарым-қатынасындағы ортақ заңдылықтарды зерттейтін кешенді ғылым саласы; 2) адамның жеке басының қасиеттерін жетілдіріп, өзіндік болмысын қалыптастыру, қорғау туралы пән; 3) жалпы адамзат баласының, соның ішінде этностардың өсіп-өніп, таралуы туралы ғылым саласы.

46.Табиғи ресурстар және олардың жіктелуі. Адамзаттың күн көрісі мен тіршілік етуіне қажетгі заттар және табиғатта кездесетін жаратылыс дүниелері — табиғи ресурстар деп аталады. Су, жер, өсімдік жан-жануар, тау-тас, қазба-байлық және өзге де, тікелей не өнделген күйінде түрмысқа, өндіріске қажетті дүниеліктердің бәрі де Табиғи ресурстарға жатады Табиғи ресурстарды пайдалану нәтижесінде, адамзат — азық-түлік, киім-кешек тұрмыс кажетін өтеуге керекті заттар, жанар-жағар майлар жөне өнеркәсіпке қажетті шикізаттарды алады. Табиғи ресурстар, олардың қолдану саласына қарай — ендірістік, денсаулы сақтауга қажетті, ғылыми, эстетикалык деп бөлінеді. Табиғи ресурстары сарқылмайтын және сарқылатын екіге бөлінеді. Сарқылмайтын қорлар адам баласына тәуелсіз болып келеді. Соның бәрі –су. Жер шарындағы судың үлесі барлық жердің 2/3 алып жатыр. Сондықтан оның қоры үздіксіз айналымға түсіп, қалпына келіп отыр. Ал экожүйелердін таралуы уақыт пен кеңістікке қатысты салыстырмалы түрдегі айлағаны объектілер. Сарқылатын қорлар өз кезегінде қалпына келетін және қалпына келмейтін деп жіктеледі. Мысалы, қазба байлықтар, мұнай, көмір қорлары қалпына келмейтін байлық көзіне жатады. Қалпына келетін қорлар да адамның ақыл-ойына тәуелді болады. Олар – топырақ, өсімдік пен жануарлар әлемі. Табиғат пайдалану қоғамдық өндірістің ерекше саласы ретінде табиғат байлығын кешенді үнемдеп пайдалану арқылы қоғамның материалдық қажетін өтеуге және табиғи ортаға өндірістің зиянды әсерін болдырмауға бағытталған. Өндіріске қатыстырылатын табиғат байлықтары: пайдалы қазба байлықтар (минералдық шикізат),су,ауа,орман,жер,тек қана өндіріс шікізаты емес, сонымен қатар, өндіріс құралы да болып табылады.Өндірістік қатынасқа қосылмған табиғат байлығын да ұлттық байлық ретінде қарап, оның табиғи қалпының сақталуын, сапасының төмендеуін қамтамасыз ету керек. Табиғат байлығын тиімді пайдалану өндірістің дамуын қамтамасыз етіп қана қоймай, табиғи ортаның тазалығын, оның қалпына келетін қорын молайту және табиғи ортаның тепе-теңдігін сақтау болып табылады. Басқаша айтқанда, табиғи орта мен ондағы өндірістің даму тепе-теңдігі сақталуы тиіс.Сондықтан табиғи ортаны, табиғат байлығын қорғау халықтың материалдық, рухани, әлеуметтік мұқтажын үздіксіз өтеуге, табиғат байлығын қалпына келтіруге, молайтуға бағытталуы қажет. Ғарыш қорларына — күн сеулесінің радиациясы, теңіздің тартылуы мен тасуы жатады. Климаттық қорға — атмосферадағы ауа, жел энергиясы, жауын-шашын жатады.

47.Табиғатты қорғау және ерекше қорғауға алынған территориялар (қорықтар).Табиғатты қорғау -бұл табиғи жер және су ресурстарын ұтымды пайдаланып, сақтауды және ұдайы өсіруд іқамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік, қоғамдық, әкімшілік-шаруашылық, техникалық-өндірістік, экономикалық және заңды шаралар жүйесі. Қазақстанның табиғи ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану. Қазақстан Республикасының Мәжілісі жәнеҮкіметінде табиғатты қорғауды күшейтуге, республикамыздың табиғи ресурстарын ұдайы өсіруге бағытталған бірқатар заңнамалық актілер қабылданып, пайдаланылуда. Әрбір облыстардың жанында осы актілердің орындалуын бақылайтын арнаулы мекемелер бар. Республикада табиғат қорғау прокуратурасы құрылды. Ол Қазақстан Республикасының табиғат қорғау туралы заңдарының орындалуын қатаң кадағалайды. Қазақстанда мемлекеттік ұйымдар торабы құрылған, олардың қызметі бірегей құрамды флоралар мен фауналары бар үлкен аумақты барынша ұзақ сақтауға арнайы бағытталған. Бұлұйымдар - қорықтар, ұлттық табиғи саябақтар және ерекше қорғалатын аумақтар. Қазақстан Республикасында 2003 жылы ерекше қорғалатын 25 аумақ бар депесептеледі, олардың қорықтары 10, табиғи ұлттық саябақтары - 10. Бұл табиғат қорғау мекемелері шамамен 3 млн гектар ауданғаорналасқан.

Наурызым қорығы - дала флоралары мен фауналарын қорғау үшін 1934 жылы құрылды. Мұнда бірегей дала қарағайлы орманы бар.
Қорғалжын қорығы - дүниежүзілік маңызы бар суда жүзетін құстардың мекен орны ретінде Теңіз-Қорғалжын көлдерінің табиғи кешенін қорғау үшін 1968 жылы құрылды. Бұл жылыстайтын құстар мен әлемде өте көп ұя салатын қоқиқаздардың тынығу орны болып табылады. Бұл екі қорық әлемдегі жалғыз ғана бірегей үлгі өлшемді (эталон) аумақ болып табылады. Онда сан алуан дала келбеті сақталған.

48.Экологиялық қуыс және бәсекелестік. Экологиялық қуыс (орыс. Экологическая ниша) — организмнің тіршілік ету жағдайларына қатысты шарттардың жалпы жиынтығы, соның ішіне ол орналасқан кеңістік, қоғамдастықта атқаратын функциялық рөлі (мысалы, трофикалық статусы) және оның қоршаған орта факторларына — температураға, ылғалдылыққа, қышқылдылыққа, топырақ құрамына және т.б. жағдайларға төзімділігі кіреді. Экологиялық қуыс дегеніміз — түрдің экожүйедегі энергия тасымалдауында атқаратын рөлі. Егер ресурстардың мөлшері жеткіліксіз болса, қуыстар қабаттасқан кезде бәсекелестік туады. Бәсекелестік нәтижесінде түрлердің бірі жойылады немесе басым түскен түр өз бәсекелесін бейімделушілік аймағының шетіне ығыстырады.

49.Топырақтың құрамы.Топырақтың құрылымы деп, оның массасының әр түрлі үлкенді-кішілі түйіртпекті агрегаттарға бөлінуі қасиетін айтады. Топырақ құрылымы ірі кесекті, кесек дәнді, үлкен-кіші жаңғақты, призмалы т.б. түрлерге бөлінеді. Олар бір-бірімен жабысқан механикалық элементерімен: құм,шаң, балшықпен қосарласа жүреді. Әрбір құрылымдық агрегат біріккен органикалық және минералды бөліктерден тұрады. Жалпы топырақ құрылымның пайда болуы-күрделі биохимиялық және физико-химиялық процесс. Көп жағдайда аралас құрылымды топырақтар кездеседі. Топырақтың құрамында 0,5 мм-лік микроагрегаттартардан бастап одан әлденеше есе үлкен макроагрегаттардан бар.Агрегаттардың көлемі 1мм-ден -10мм-ге дейінгі топырақ бағалы, құнарлы. Өйткені мұндай топырақ ылғалды үнемді жұмсайды, ысырап етпейді, яғни оның бөлшектерінің сіңіру құрамында кальцийдің катионы болады. Ал су ұстамайтын топырақтың құрамында басқа катиондар кездеседі.
Топырақ бөлшектерінің құрылымы.
1. Құрылымы жоқ, шаң-тозаңды,борпылдақ.
2. Құрылымы майда түіртпекті, оқ дәрәсіндей, мөлшері 0,5-1 мм.
3. Дәнді түйіртпекті, диаметрі 1-5мм.
4. Жаңғақоты құрылым, 5-10мм.
5. Майда кесекті құрылым, топырақ бөлшектерінің көлемі бірнеше см-ге жетеді.

50.Табиғи сулардың ластану көздері. Биологиялық ластану: өсімдік,жануар,микроорганизмдер және аш бейім і заттар

Химиялық ластану: уытты және су ортасының табиғи құрамын бүлдіретіндер

Физикалық ластану: жылу-қызу, электр-магниттіөріс, радиоактивті заттар

  • өнеркәсіп өнімдерін сақтайтын қоймалар;
  • химиялық заттар және тыңайтқыштар;
  • тұрмыстық қалдықтар;
  • жер асты суларымен жалғанатын құбырлар;
  • ірі құрылыс учаскелері;
  • күзгі алаңдар, бұрғы-скважиналары болып табылады.

 

51. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қорықтар, резерваттар, саябақтар. Ерекше корғалатын табиғи аумақтарға биосфералық қорықтар, мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар, қорықтық аймақтар, корықшалар жәнет.б. табиғи нысандар жатады. Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғиа умақтар туралы заң 1997 және 2006 жылдары қабылданды.

Мемлекеттік табиғи қорық қоры - қоршаған ортаның табиғи эталондар, реликтілері, ғылыми зерттеулерге, ағарту білім беру ісіне, туризмге және рекреацияға арналған нысандары ретінде экологиялык, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған аумақтарының жиынтығы.

Резерват (лат. reservetus — сақталған) — негізгі қорғалатын нысаны табиғи кешен құрауыштарының бірі болып табылатын қорғалатын табиғи аумақ. Резерваттар міндеті (орман, батпақ, орнитологиялық жәнет.б.) мен режімі бойынша сараланады: басқарылмайтын Резерват — мұнда табиғи процестер адамның ешқандай араласуынсыз өзінен-өзі табиғи негізде реттеледі және басқарылатын Резерват — қорғалу режімі бойынша қорыққа жақындау келеді. Резерваттар Ұлыбританияда, Бирмада, Африкаелдерінде бар. Резерватты кейде қорық және қорықша деп атайды

Ұлттық саябақ дегеніміз – тарихи, ғылыми және демалу мақсатына арналған өсімдіктер мен жануарлардың және табиғи ландшафтардың қоршалған жері. Ұлттық саябаққа – ұлттық қорықтар үшін сақталған жерлер, теңіз саябағы, жергілікті саябақтар, тарихи жерлер, биосфера қорығы, әлемдік мұра тізіміне енген жерлержатады.

52.Атмосфераның табиғи ластануы.Атмосфераның антропогендік ластануы. Атмосфера ластануының ғаламдық салдары. Атмосфераның ластануы — әртүрлі газдардың, қатты және сұйық заттардың немесе табиғи булар мен қалдықтардың ұсақ түйіршіктерінің ауаға қосылуы. Бұлардың ішінде газ тектес заттар атмосфераға шығарылатын ластағыштардың шамамен 90%-інқұрайды. Көптараған атмосфера ластағыштарына күкіртті газ (SO2), азот оксидтері(NO2), кеміртекоксидтері (иіс газы СО), хлор, формальдегид (НСНО), фенол-бенз(а)пирен, шаң-тозаңжатады

Атмосфераның ауасын ластайтын негізгі антропогендік көздер қатарына өнеркәсіп орындарының кейбір салалары, автокөлік, және жылу энергетикасы жатады.

Ғаламдық проблемалар - әлемді тұтас қамтитын табиғи, табиғи-антропогендік немесе таза антропогендік құбылыстар. Осы құбылыстардың даму процесі жаһандану деп аталады. Қазіргі таңда Халықаралық деңгейде мынадай ғаламдық проблемалар бар:

- ресурстар проблемасы;

- азық-түлік немесе ашаршылық проблемасы;

- энергетикалық проблема;

- демографиялық проблема;

- климаттың өзгеруі;

- экологиялық проблемалар;

- «үшінш іәлем» елдерінің артта қалуын жою;

- қауіпті ауруларды жою;

- Әлемдік мұхит пен космосты игеру;

- қылмыспен және терроризммен күрес;

- нарко бизнеспен күрес.

53. Қазіргі кезеңнің әлеуметтік-экологиялық мәселелері:халық санының өсуі,қордың жетіспеуі. Жер үшін ең үлкен проблема - тез өсіп келе жатқан халық саны. Әлеуметтік-экономикалың проблемалар. Азық-түлік тапшылығы. Әлем бойынша астық, ет, балық және басқа тағамт үрлерін адам басына шаққанда өндірілуі 1985 жылдан бері төмендеп келеді. Болжамдар бойынша, 2010 жылға қарай бидай мен күріштің бағасы екі еседен аса қымбаттайды деп күтілуде. Бұл кедей елдерде халықтың жаппай ашаршылыққа ұшырауына алып келуі мүмкін.

Азық-түлік тапшылығының басты себебі - 1956 жылдан бері адам басына шаққанда егістік жерлерінің көлемінің қысқарып, басқа мақсаттарға пайдаланылуы және топырақтың эрозияға ұшырауына байланысты. «Жасыл революцияға» байланысты 1970- ші жылдары жаңа сорттарды енгізу, суғару, тыңайтқыштар мен гербицидтерді пайдалану арқылы өнімнің төмендеуі тоқтатылды. Алайда суғару үшін судың тапшылығына байланысты Австралияда, Африкада бұл әрекеттер іске аспады. Қазіргі таңда суғару жұмыстары үшін судың тапшылығы Азияда, Америкада байқалуда. Сондай-ақ балық қоры да күрт азайды. 1950 жылдан 1989 жылға дейін әлем бойынша балық аулау 19 миллионнан 89 миллионға жетті.

54.Қоршаған орта және адам денсаулығы. Адамның күнделікті тіршілігі қоршаған орта жағдайларымен тығыз байланысты. Тірі ағзаларға тән көптеген касиеттер адам ағзасына да тән. Адамның тыныс алуы, тамақтануы, өсуі, дамуы табиғи орта жағдайын да өтеді. Сондыктан да адам тіршіліктің құрамды бір бөлігі болып есептеледі. Сонымен бірге адам - өзі өмір сүріп отырған қоғамдағы саналы тұлға. Адамның өсуіне, дамуына жөне тұлға ретінде қалыптасуына әлеуметтік жағдайлардың ыкпалы зор. Баска ағзалар белгілі табиғи орта жағдайларында тіршілік етуге бейімделген.

Адам барлық табиғи орта жағдайларында тіршілік ете алады. Өзіне қажетті жағдайларды саналы түрде жасап алуға кабілетті. Жер бетінде өмір сүрген ежелгі адамдар басқа ағзаларсияқты орта жағдайларына тәуелді болды. Қоғамның даму дәрежесіне сәйкес адамның табиғатқа тәуелділігі бірте-бірте бәсеңдей бастады. Адам табиғи мақсатына қарай саналы түрде өзгертті.

55. Топырақ эрозиясы және деградациясы.Ластанған топырақты қайта қалпына келтіру шаралары.Топырақ эрозиясы (латынша erosіo – желіну) – топырақтың беткі ұнтақталған құнарлы қабатының жел күшімен немесе су ағынының шаюы салдарынан құнарының азаюы.

Деградация (лат. degradatio – біртіндеп нашарлау, құлдырау) - біртіндеп жағымды қасиеттердің нашарлауы, төмендеуі немесе жойылуы, құлдырау, жойылу.

Жерді қайта құнарландыру, рекультивация (лат. re — қайта не кері әсерді білдіретін қосымша және cultіvo — өңдеу) — бүлінген жерлердің құнарлылығын қайта қалпына келтіріп, оны халық шаруашылығына пайдалануға беру және қоршаған ортаны жақсарту үшін жүргізілетін кешенді жұмыс.

57. Жел,су эрозиясы. Жел эрозиясы (дефляция) дегеніміз-топырақтың жел әсерінен бұзылып,ыдырап,шаң болып ұшып,бүлінуі.

Жел эрозиясы екі түрге бөлінеді:

1)Шаңды боран)қара дауыл)

2)күнделікті (жергілікті)

Шаңды боран желдің шапшаңдығы 10-20м/сек дәрежеге жеткенде байқалып үлкен ауданды қамтиды,зияны көп болады.

Күнделікті жел эрозиясы шамалы ауданды қамтиды. Топырақ бетінде майда бөлшектерден құралған сырғыма шаңды боран байқалады.

Су эрозиясы дегеніміз -бетінен аққан су әсерінен топырақтың шайылып бүлінуі.

Су эрозиясының пайда болуына аумақта түсетін жауын-шашынның мөлшері және оның түсу мерзімі ықпал жасайды. Су эрозиясы екіге бөлінеді: беткейлік және жыра қалыптастыратын су эрозиясы

Беткейлік –еріген қар,жауған жауын-шашынның саяз суының топырақ бетін құнарлы бетін шайуы.

Жыра қалыптастыру -жер бедері әсерінен топырақ үстінен судың жиналуы және төмен қарай топырақта әуелі кішкене жырашалар,әрі қарай үлкен жыра қалыптастырып ағуы.

58.Табиғатты тиімді пайдалану аз қалдықты технология. Табиғи қорларды пайдалану нәтижесінде адамзат азық-түлік,киім-кешек,тұрмыс қажетін өтеуге арналған заттар,өнеркәсіпке қажетті шикі затты алады және оны тиімді пайдалану үшін қайта өндеудің кешенді пайдалану үнемділігі. Өндірудің озат технологиясын енгізу қажет. Аз қалдықты технология -минералды шикізаттарды неғұрлым тиімді және толығырақ пайдалану мақсатымен әр түрлі процестердің жиынтығы қолданылып жарамсыз қалдық мөлшері барынша азайтылады. Мысалы, кен өңдеуде бірнеше байыту әдістері, немесе байыту әдістерімен қатар металлургиялык, химиялық, процестер қолданулары мүмкін.

59. ҚР тұрақты дамуға көшуі. 14 қарашада 2006 жылы ҚР президентінің жарлығымен еліміз үшін аса маңызды саяси құжат дайындалды. Ол ҚР 2007-2024 жыл арасында тұрақты дамуға өту жөніндегі концепциясы. Тұрақты даму концепциясы ұзақ жылдар бойында жинақталған мәліметтерді талдау, математикалық модельдеу, бекітілген қолайлы параметрлерді есептеу арқылы ғылыми-методологиялық негізде дайындалады. Бұл қабылданған концепция теңсіздіктер мен сәйкестікті жоюға арналған құжат болып саналады. ҚР тұрақты дамуға өтуі бірнеше кезеңдері бойынша жүргізіледі: Дайындық кезеңі(2007-2009жж)-қоғамдық,саяси өмірдің барлық салаларына тұрақты даму принциптерін енгізу, экономиканы диверсификациялау, технологиялық өрлеу үшін қажетті жағдайларды дайындау.
60.Әлемдік саммиттер- бұл бүкіл әлемдік конференция-онда әлемдік проблемалар қарастырылады және шешіледі.

61.Тұрақты даму деңгейлері мен факторлары. Тұрақты дамудың деңгейлері –локальды, аймақтық, ұлттық, мемлекетаралық, ғаламдық. Тұрақты дамудың әр деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін экономикалық, экологиялық, әлеуметтік және саяси факторлар өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған біртұтас процесс ретінде қарастырылады. Экологиялық факторлар -өркениет дамуының шекаралық ауқымын анықтайды. Экономикалық факторлар нарықтық жүйенің қалыптасуын қарастырады. Әлеуметтік факторлар -ауыл-шаруашылығы, адам құқығы, демография мәселелерін қарастырады. Елде қалыптасқан саяси ахуал тұрақтылықтың, конфессияаралық келісімнің, демократия мен қоғамдық институттарды дамытудың үлгісін көрсетуге мүмкіндік береді.

Тұрақты даму факторлары: экологиялық (цивилизация дамитын коридор шекарасы), экономикалық фактор (нарықтық жүйенің түрленуі), әлеуметтік (а\ш, өндіріс, адам құқығы, демография)

62.Шекті рұқсат консентрациясы. Шекті рұқсат етілген концентрация деп - зиянды заттардың қоршаған ортаға және адамға зиянын тигізбейтін, яғни организмде патологиялық өзгерістер, ауру немесе рефлекторлық реакциялар туғызбайтын мөлшерін айтады.

 

крч өз сөздерімен жазындарш!

 

   

 

 

Date: 2015-11-13; view: 1440; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию