Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Мемлекет құрылымы





Әкімшілік бөлінісі 9 провинциядан және тікелей орталыққа бағынатын 6 қаладан тұрады. Заң шығарушы органы — Ұлттық жиналыс (299 депутаттан тұрады). Конституциясы бойынша, атқарушы биліктің басында Корея Республикасының Президенті тұрады (2013 жылдан Пак Кын Хё). Ол жалпы, тікелей және жасырын сайлау негізінде халықпен сайланады. Президент мерзімі 5 жылмен шектелген және екінші қайтара сайлануға болмайды. Президент өз қызметіна атқара алмаған жағдайда Премьер-Министр барлық міндеттерді өзі атқарады.

Бүгінгі күні қалыптасқан саяси жүйеде Президент негізгі бес қызмет атқарады. Олар:

· Президент халықаралық жүйеде елдің атынан сөйлейді. Басқа елдің дипломаттарын қабылдайды, наградалар мен атақтар береді. Кешірім жасайды.

· Президент атқарушы биліктің басшысы ретінде заң шығарушы органның қабылдаған заңдары мен шешімдерін орындайды, аталған заңдардың жұмыс ңстеуіне қажетті қаулылар мен жарлықтар шығарады. Барлық шенеуніктерді қызметке тағайындайды, соның ішінде Премьер-Министр мен басқа да жоғарғы санатты мемлекет қызметкерлерін.

· Президент Қарулы күштердің жоғарғы қолбасшысы ретінде әскер саласына қатысты барлық мәселеге қатысты шешім шығара алады. Соның ішінде басқа елге соғыс жаоиялау құқығы да кіреді.

· Президент елдің сыртқы саясатын қалыптастырады және басқарады. Елшңлерді тағайындайды немесе қайтарады, шет елдермен келісімшарттарға қол қою арқылы оларды бекітеді.

· Президент мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі ретінде заң шығару процессіне араласады. Ұлттық Жиналысқа заң жобаларын ұсына алады, бірақ Ұлы Жиналысты таратуға құқығы жоқ.

Шаруашылығы:

Кен байлықтары — темір, қорғасын, мырыш, мыс, хром, тас көмір, қоңыр көмір, т.б. Өзендері жиі орналасқан, бірақ шағын келеді. Территориясының 3/4 бөлігі орманды (емен, шаған, шырша, қарағай, самырсын, оңтүстікінде мәңгі жасыл ормандар) және бұталы. Жолбарыс, қабылан, қара және қоңыр аю, сілеусін, ала бұғы, т.б. аңдар, құстардың көптеген түрлері мекен етеді. Жағалауындағы теңіздерде балықтың 35 түрі кездеседі.

Корея өнеркәсіп саласы дамыған 20 мемлекеттің бірі және Азия құрлығының ең бай мемлекеттерінің бірі болып есептеледі. Корея мемлекеті экспорт жағынан дүние жүзінде алғашқы 10ға кіреді және Біріккен Ұлтар Ұйымы, Дүние жүзілік сауда ұйымдарына мүше мемлекет. Корея мемлекетінің Әскери қарулы күштері дүние жүзі бойынша алғашқы 6-ға, әскери шығыны бойынша алғашқы 10-ға кіреді.

Жедел дамыған мұнай химиясы 1980 жылдардың соңында ішкі сұранысты толығымен қамтамасыз ететін дәрежеге жетті. Қазіргі кезде ел дүниежүзілік мұнай химиясы өнімдерінің 5%-ға жуығын береді.

1962 жылы әскери қозғалыспен үкімет билігін алған генерал Пак Чон Хи дың бастауымен Кореяның экономикасы көтерілген және 40 жыл ішінде егін шаруашылығы, балық аулаумен айналысқан мемлекеттен жоғарғы технология өнеркәсіппен айналысқан мемлекетке айналған. Аймақтың 45% немесе 99 678 шаршы шақырымы ауылшаруашылығын жүргізуге жарамды болып саналады.

Оңтүстік Кореяда өнеркәсіп саласынан машина жасау, оның ішінде автокөліктер шығару өндірісі жақсы жолға қойылған. Мұнда жылына 2,5 млн-нан астам автокөлік жасап шығарылады. Оның «Даewoo», «Hyndai» фирмалары шығарған жеңіл автокөліктер мен басқа да техникалық құралдары тракторлар мен экскаваторлары біздің Қазақстанда да үлкен сұраныспен пайдаланылады. 2011 жылы пайдаланылуға берілген Алматы метросындағы локоматив пен вагондарда да арнайы тапсырыспен жоғарыда аталған әйгілі «Hyndai» корпорациясында жасалынып әкелінді. Өйткені, Оңтүстік Кореяда шығарылған автотехникалар сапалы және салыстырмалы түрде арзан болғандықтан әлемдік рынокта үлкен сұранысқа ие болып отырады.

20 ғ-дың 60-жылдарынан бастап Корея экономикасы жағынан жедел дамыды, 1996 ж. дамыған елдер деңгейіне жетті. Бұған үкіметтің өндірісті қолдауы, экспортты дамытуға бағытталған стратегия, ең соңғы технологияны қолдану, жоғары білімді мамандар мен сауатты жұмысшылар даярлау ықпал етті. “Азия жолбарысына” айналған осы ел 1997 ж. қаржы дағдарысына ұшырап, ол 1999 — 2000 жылға дейін созылды. Экономика құлдырап, жұмыссыздық көбейді. Үкімет Халықаралық валюта қорынан көмек ала отырып, ел экономикасын қайта көтере бастады. Кореяның жылдық ұлттық табысы көл. — 485,2 млрд. АҚШ доллары, жеке адамға шаққанда — 13500 долл. шамасында. Сыртқы қарызы — 95,5 млрд. долл. Экспортқа электр тауарлары, киім-кешек, аяқ киім, кеме, химия өнімдерін шығарса, импортқа мұнай мен мұнай өнімдерін, астық және тамақ өнімдерін, химия өнімдеріне қажетті шикізаттар әкелінеді. Негізгі сауда серіктестері: АҚШ, Жапония, Сауд Арабиясы, Австралия, Сингапур, Қытай, т.б. Қазақстанмен Корея арасында дипломатиялық байланыстар 1991 ж. 30 желтоқсанда орнады. 1993 ж. 30 шілдеде Алматыда Корей елшілігі, 1995 ж. мамырда Сеулде Қазақстан елшілігі ашылды. Екі ел арасындағы сауда-экон., мәдени байланыстар біршама жоғары деңгейде. Елдегі қаржы дағдарысына қарамастан Корея Қазақстанға инвестиция салушылардың көш бастаушыларының бірі.

Қазақстан мен Корея арасын­дағы дипломатиялық байланыс 1992 жылдың қаңтарында орнаған. Содан бері екі елдің арасындағы қарым-қатынас барлық салаларда қарқынды дамып келеді. 2008 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Корея арасындағы екіжақты сауда айналымы 750 млн АҚШ долларынан асады. 1993 және 2008 жылдар аралы­ғын­да, яғни 15 жылдың ішінде Ко­рея­дан Қазақстанға салынған тікелей инвестициялардың жиынтығы 3 млрд. долларды құрады. Қазақстанда 300-ге тарта бірлескен қазақ-корей кәсіпорындары жұмыс істейді. Қазақстанда 2011 жыл - Оңтүстік Корея жылы болып жарияланған.

 

 

Date: 2015-12-11; view: 850; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию