Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Нейропсихизм





Ойын туралы теориялар (5 автор, теориялар).

А) Жануарлардың төлі мен адам баласының ойынының арасындағы айырмашылықты жоққа шығарды (К.Гросс)

Ә) Ойын-баланың артық энергиясын сыртқа шығаратын тәсіл (Г.Спенсер)

Б) Ойын-жай рақат табудың көзі (К.Бюлер)

В) Бала ойыны үлкендер еңбегімен байланысын, оның маңызы тарихи-әлеуметтік сипат алады (Г.В. Плеханов).

35) Оқу дегеніміз не? Кәсіби іс-әрекетті меңгеруге байланысты және адамның жалпы танымдық сферасын дамытуға бағытталған әрекеттер.

36) Еңбек әрекеті дегеніміз не? Адам психикасын қалыптастыруда шешуші роль атқаратын әрекет.

37) Қажеттілік деген не? Адамның өмір сүруі үшін міндетті түрде керек ететін қажетсінулер.

38) Қызығушылық деген не? Адамның қызығатын затқа тартымдылық деңгейіне қарай өзіндік талғамы.

39) Материалдық қажеттіліктер. Баспана, тамақ, киім.

40) Рухани қажеттіліктер. Білім, таным.

41) Қоғамдық қажеттіліктер. Еңбек, қарым-қатынас.

Антропопсихизм.

Нейропсихизм.

44) Панпсихизм. Барлық заттарға тән психология.

45) Психиканың даму көрсеткіштері. Іс-әрекет, іс-әрекеттің түрлері, орындау тәсілдері, нәтижелері.

46) Психиканың даму сатыларына не жатады? Адам психикасы дамуының сапалы өзгерістері.

47) Психиканың даму кезеңдеріне не жатады? Адам психикасының дамуын уақыт кесінділеріне бөлу.

48) Рефлекс анықтамасы. Сырттай немесе іштей келетін тітіркенушіліктерге организмнің қайтаратын жауап реакциясы.

49) Психиканың ең төменгі формасы. Тітіркендіргіш

50) Психиканың ең жоғарғы формасы. Сана

51) Қозу мен тежелу процесі. Қозу- әр түрлі тітіркендіргіштердің әсері нәтижесінде нерв жүйесінің қызмет жасап тұрған белсенді күйі, тежелу-нерв жүйесін тыныштандыратын процесс.

52) Динамикалық стереотип. Үнемі қайталанып отыратын тітіркендіргіштерге организмнің төселуі.

53) Тітіркенушілік. Психиканың ең төменгі формасы.

54) «Ми рефлекстер» еңбегінің авторы. И.М.Сеченов

55) Жануарлардағы дағды. Инстинктке қарағанда өзгермелі, мінез-құлықтың икемді түрі;бірнеше қайталанудың негізінде қалыптасқан қайталаулар.

56) Жануарлардағы интеллект. Жануарлар психикасының ең икемді түрі; жануарлардың өз қажеттерін қанағаттандыру іс-әрекеті.

57) Сана адамға ғана берілген психиканың ең жоғарғы формасы.

58) Жануарлар мен адамдардың психикасының ерекшеліктері.(5) адамда сана бар,жануарларда сана жоқ.

59) Жануарлар іс-әрекетінің адам іс-әрекетінің өзгешеліктері.(5) жануарларда биологиялық сипатта болады; жануарлар табиғи заттармен ғана әрекет жасайды; адам іс-әрекеті міндетті түрде мақсатқа бағытталады; адам іс-әрекетінің орындалу тәсілі таңдалады; адам іс-әрекетінің нәтижесі жемісті болады, яғни қандайда бір өнім болады.

60) Зейін- адам санасының белгілі бір объектіге бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылыс.

Ушинский: «Зейін- білімді миға жіберіп отыратын есік»;

Титченер: «Зейін сыртқы әсердің негізінде ішкі түйсінуден пайда болады»;

Узнадзе: «Зейін- адамның бағыт-бағдарынан тұрады».

61) Түйсік- сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерін қандай да бір сезім мүшесі арқылы жүйке жүйесін бейнелеу процесі.

62) Қабылдау - заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуі.

63) Қиял - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік образдарын қайта жаңғыртып, өңдеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән процесс.

64) Ес - адамның сыртқы дүние заттарымен құбылыстарының мида бейнеленіп, қайта жаңғыртылып, танылып, ұмыту процесі.

65) Ойлау -жоғары таным процесі, шындықтың қайта өңделуі, жаңа білімді творчестволы бейнелеудің белсенді формасы, бар білімдердің творчестволы қайта өңдеу, дәл қазіргі уақытта шындықта жоқ және субъектінің өзінде де болмайтын нәтижені тудырады, заттар мен құбылыстардың мәнін түсіндіретін идеялардың туындысы, теориялық және практикалық әрекет сипаты.

66) Зейіннің түрлері: ырықты (ерікті), ырықсыз (еріксіз), үйреншікті.

67) Түйсіктің түрлері:

А) экстрорецепт (дененің сыртында)—көру, есту, дәм сезу, иіс сезу, тері, сипап сезу.

Ә) интерорецепт (дененің ішінде)—органикалық түйсіктер.

Б) проприорецепт (бұлшық етте, сіңірде)—вибрациялық, кинестезиялық, статикалық түйсіктер.

68) Қабылдаудың түрлері: кеңістікті қабылдау, уақытты қабылдау.

69) Естің түрлері (20)

А) Есте сақталатын материалдың мән-мағынасына байланысты: логикалық, моторлық;

Ә) Материалдың мақсатына қарай: ерікті, еріксіз;

Б) Объектілерге қарай: образдық, сөз, логикалық, қимыл-қозғалыс, эмоциялық;

В) Материалдық мерзіміне қарай: оперативті, бірсәттілік (1-2 сағ-тан – 1-2 күнге дейін), қысқа мерзімді (1-2 күннен – 1-2 жылға дейін), ұзақ мерзімді, генетикалық;

Г) Анализаторлардың қызметіне байланысты: көру, есту, аралас, моторлық.

70) Ойлаудың түрлері: практикалық, теориялық.

71) Қиялдың түрлері: актив (арман, қайта жасау, творчестволық); пассив (түс көру).

72) Зейіннің қасиеттері:

-тұрақтылығы: адам санасының белгілі бір объектіге ұзағырақ бағытталуын білдіреді.

-бөлінушілігі: адам санасының бір мезгілде екі немесе одан да көп объектілерге тұрақты қалуы.

-ауыспалығы: адам санасының бір объектіден екінші объектіге ауысып отыру қасиеті.

-көлемі: қандай да бір мерзім ішінде адамның зейінің тұрақтататын объектілер саны.

-алаңболушылық: адам санасының қажетті объектіге зейінің тұрақтата алмауы.

73) Түйсіктің заңдылықтары: сезгіштік (абсолютті, айырма), бір ізді образдар түйсігі (оң, теріс), адаптация (көру, иіс сезу, есту, сезім мүшелері), сенсибилизация, синестезия, түйсіктердің өзара байланыс заңдылығы.

74) Қабылдаудың ерекшеліктері: барлық қасиеттерін анықтайды, көп анализатор қатысады, адамдар мен жоғарғы сатылы жануарларға тән.

75) Қиялдың жасалу жолдары: аглюцинация, гипербола, схематизация.

76) Ойлаудың формалары: ұғым (дара, күрделі), ой қорытындысы (индукциялық, дедукциялық, аналогиялық), пікір (ақиқат, жалған).

77) Ой тәсілдері: анализ, синтез, абстракция, анализ бен синтез негізіндегі салыстыру, нақтылау, жалпылау.

78) Синестезия- түйсіктердің қосарланып жүруі.

79) Адаптация- бейімделу.

80) Сенсибилизация - түйсіктердің артып кетуін көрсететін көрініс.

81) Сезгіштіктің түрлері: абсолют, айырма.

82) Бір ізді образдар -тітіркешдіргіш әсерінің тоқталғанына қарамай, аз ғана уақыт болса да түйсіктің өз күйінде қалатын кездері.

83) Сезгіштік -адамдардың түйсіне алу қабілеті.

84) Бір ізді образдар түйсік түрлері: оң, теріс.

85) Айырма сезгіштік- сезім мүшелерінің тітіркендіргіштердің арасындағы болмашы айырмашылықты түйсіне алуы.

86) Абсолют сезгіштік- өте әлсіз түйсіктердің сезім мүшелерін түйсіне алуы.

87) Проприорлық рецептор бұлшық етте, сіңірде болады. вибрациялық, кинестезиялық, статикалық түйсіктер.

88) Эктрорецепторлы түйсіктер (дененің сыртында)—көру, есту, дәм сезу, иіс сезу, тері, сипап сезу.

89) Интерорецепторлық түйсіктер (дененің ішінде)—органикалық түйсіктер.

90) Кинестезиялық түйсіктер дененің жеке мүшелерінің бір күйдегі қалпын, қозғалысын білдіреді.(Қозғалыс түйсігі).

91) Органикалық түйсіктер ашыққанда, шөлдегенде, жүрек айнығанда, іш ауырғанда болатын сезінулер.

92) Статикалық түйсіктер адамның тең тұруын бейнелейді.

93) Вибрациялық түйсіктер қозғалған дененің ауаны толқытуын бүкіл өң бойымызбен сезінген кезде болады.

94) Диссонанс- құлаққа жағымсыз естілетін дыбыстар.

95) Консонанс- құлаққа жағымды естілетін дыбыстар.

96) Хроматикалық түстер: қызыл, қошқыл сары, жасыл, көгілдір, көк, сары, күлгін.

97) Ахроматикалық түстер: ақ, қара, сұр.

98) Уақыт пен кеңістікті қабылдау

Кеңістікті қабылдау-заттар мен құбылыстардың көлемін, тұрқын, түрін, аумағын, бағыт-бағдарын қабылдау.

Уақытты қабылдау-заттар мен құбылыстардың болатын өзгерістердің санаға әсер етіп қалдыратын бейнесі.

99) Қабылдаудың мағыналығы объектілердің мазмұнын жақсылап түсінбейінше белгілі тұжырымдар мен сөз арқылы аталмайынша, толық қабылдамайды.

100) Дегустация- дәмін тату, байқап көру.

101) Апперцепция қабылдаудың адамның жалпы психикалық тұрмысы мен өткен тәжірибесінің мазмұнына байланыстылығын айтамыз.

102) Апперцепцияның түрлері: тұрақты, уақытша.

Х103) Уақытша апперцепция

Х104) Тұрақты апперцепция

105) Қабылдаудың тұрақтылығы (константтылығы)- сыртқы жағдайдың өзгеруіне қарамастан, заттардың кейбір қасиеттерінің бір қалыпты болып қабылдануы.

106) Қабылдаудың тұтастығы заттардың қасиеттерден, жеке бөліктерден тұрғанымен, біз оларды бүтіндей, тұтастай қабылдаймыз.

107) Иллюзия- түрлі себептерге байланысты объектілерді қате қабылдау.

108) Естің психофизиологиялық негізі Эббингауз зерттеген.

109) Түйсіктің психофизиологиялық негізі тітіркендіргіштердің күшімен адам түйсігінің арасындағы байланысты заң түрінде тұжырымдамасы. Вебер, Фехнер.

110) Қабылдаудың психофизиологиялық негізі тітіркендіргіштердің жиынтығы мен олардың қарым-қатынасында пайда болатын уақытша нерв байланыстары.Павлов.

111) Зейіннің психофизиологиялық негізі тітіркендіргіштердің біреуі миға көбірек әсер етеді де, мидың бір алабын қаттырақ, күштірек қоздырады, осындай алапты доминанта деп атаған.Ухтомский.

112) Анализаторлар дегеніміз не? Талдағыш

113) Анализатор бөлімдері: рецептор, жүйке талшықтары, жүйке орталығы.

114) Анализаторлар авторлары (кім және нешеге бөлді) Павлов 3-ке бөлген.

115) Рецептор (сезім мүшесі), сырттан келетін тітіркендіргіштерді нервтік қозуға айналдырып отыратын жер.

116) Жүйке талшықтарының қызметі қозуды ми бөліктеріне жеткізу.

117) Жүйке орталығының қызметі тітіркендіргіштерді нәзік айыра білу.

118) Доминантты теориясы, авторы: 111 сұрақ. Ухтомский.

119) Зейін туралы Ушинский ілімі: адам санасынан қорытылып өтетін барлық ойды аңғартатын, адам жанының жалғыз ғана есігі, есікте ілімнің бірде-бір сөзі соқпай өте алмайды, егер де соқпай өтсе, онда баланың санасында ештеңе де қалмайды.

120) Ассоциация, түрлері

Ассоциация- ес процесінің негізі болып табылатын байланыстар. Түрлері: қарапайым, күрделі.

121) Қарапайым және күрделі ассоциациялар

Қарапайым ассоциация: іргелестік, ұқсастық, қарама-қарсылық;

Күрделі ассоциациялар: мән-мағынасына байланысты, уақытына байланысты.

122) Іргелестік, ұқсастық, қарама-қарсылық ассоциациялар

Іргелестік –бір зат туралы елес өзімен бірге оған қатысы бар екінші зат жөніндегі елес;

Ұқсастық-бір заттың елесі сол затқа ұқсас басқа затты елестетеді;

Қарама-қарсылық-екінші затты еске түсіреді.

123) Амнезия- естің бұзылуы.

124) Ес туралы алғаш зерттеген ғалым Эббингауз

125) Аутизм- ойлаудың бұзылуы.

126) Ой қорытындысы- бірнеше пікірден жаңа бір пікір шығару тәсілі.

127) Индукциялық, дедукциялық, анологиялық (3)

Индукция- жекеден жалпыға, дедукция- жалпыдан жекеге, аналогиялық-ұқсас ой бойынша.

128) Ұғым- заттар мен құбылыстар туралы ой.

129) Дара және күрделі ұғым (2) дара ұғымдар: «Астана қаласы», Ғ.Мұратбаев; күрделі ұғым: кітап, адам, жұлдыз.

130) Пікір- бір зат туралы мақұлдау не оны бекерге шығаруда көрінетін ойлаудың формасы.

131) Ақиқат және жалған пікір (2) ақиқат пікір:Астана-Қазақстан Республикасының астанасы.

Жалған пікір: Алматы-Қазақстан Республикасының астанасы.

 

132) Анализ – ой арқылы түрлі заттар мен құбылыстардың мәнді жақтарын жеке бөліктерге бөлу.

133) Синтез- ойдың, құбылыстың барлық элементтерінің біріктірілуі.

134) Абстракция- заттар мен құбылыстарды жалпылау арқылы оның елеулі қасиеттерін басқа қасиеттерінен ойша бөліп алу.

135) Жалпылау- заттар мен құбылыстардың ортақ қасиеттерін оймен біріктіру.

136) Нақтылау- абстракциялық ұғымды соған сәйкес келетін жеке ұғымдармен түсіндіру.

137) Салыстыру (анализ бен синтез нәтижесі) заттардың ұқсастық, айырмашылық қасиеттері айқындалады.

138) Кәсіби сенсибилизация- белгілі бір мамандыққа байланысты сезгіштіктің артуын ғана көрсететін құбылыс.

139) Конпенсациялық сенсибилизация- орнын толықтыратын сезгіштіктің артуын ғана көрсететін құбылыс.

140) Түсіну- ұғу, мағынасын түсіну.

141) Вебер, Фехнер заңы түйсіктің психофизиологиялық заңы.

142) Көп деңгейлері депривация теориясының авторы

143) Температуралық контраст мысалы: судың бірқалыпты салқындығына дене тез уақыт ішінде төселеді де, адамның терісі суыққа тітіркенбец болады.

144) Негативті толық адаптация

145) Ес процестері есте қалдыру, қайта жаңғырту, ұмыту.

Date: 2015-10-21; view: 1097; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию