Главная
Случайная страница
Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Нормативтiк құқықтық актiлер туралы
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213 Заңы
Ескерту. Бүкiл мәтiнi бойынша "әкiмият" деген сөз тиiстi жалғаулары ескерiле отырып "әкiмдiк" деген сөзбен ауыстырылды - ҚР 2004.06.16 N 566 Заңымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) заң - аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтiн, Қазақстан Республикасы Конституциясы 61-бабының 3-тармағында көзделген түбегейлi принциптер мен нормаларды белгiлейтiн, Қазақстан Республикасының Парламентi, ал Қазақстан Республикасы Конституциясы 53-бабының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының Президентi қабылдайтын нормативтiк құқықтық акт; 1-1) заң техникасы – нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу тәсілдерінің, талаптары мен қағидаларының жиынтығы; 2) заңнамалық акт - конституциялық заң, Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар жарлығы, кодекс, заң, Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар жарлығы, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қаулысы, Сенат пен Мәжiлiстiң қаулылары; 3) заңға тәуелді нормативтiк құқықтық актiлер - заңнамалық және өзге де сатысы бойынша жоғары тұрған нормативтiк құқықтық актiлер негiзiнде және (немесе) орындау үшін және (немесе) одан әрі іске асыру үшін шығарылатын, заңнамалық болып табылмайтын өзге де нормативтiк құқықтық актiлер; 4) заңнама - белгiленген тәртiппен қабылданған нормативтiк құқықтық актiлердiң жиынтығы; 5) кодекс - осы Заңның 3-1-бабында көзделген бiртектес аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтiн құқықтық нормалар бiрiктiрiлiп, жүйеге келтiрiлген заң; 6) Конституциялық заң - Қазақстан Республикасы Конституциясында конституциялық деп аталған, Қазақстан Республикасы Конституциясы 62-бабының 4-тармағында белгiленген тәртiппен қабылданатын заң; 7) Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмi - нормативтiк құқықтық актiлердiң реквизиттерiн және осы актiлер туралы ақпараттық-анықтамалық сипаттағы басқа да мәлiметтердi қамтитын Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерi мемлекеттiк есебiнiң бiрыңғай жүйесi; 8) Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкi - олар туралы мәлiметтер Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген нормативтiк құқықтық актiлердiң (өзгерiстерi мен толықтыруларын қоса) қағазға басылған мәтiндерiнiң жиынтығы; 9) Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзетiн заң - Қазақстан Республикасы Конституциясы 62-бабының 3-тармағында белгiленген тәртiппен қабылданатын заң; 10) құқық нормасы - реттелетін қоғамдық қатынастар шеңберiнде көп мәрте қолдануға есептелген, жеке дара айқындалмаған тұлғалардың тобына қолданылатын, тұрақты немесе уақытша сипаттағы жалпыға мiндеттi жүріс-тұрыс қағидасы; 11) нормативтiк құқықтық акт - референдумда қабылданған не уәкiлеттi орган немесе мемлекеттiң лауазымды адамы қабылдаған, құқықтық нормаларды белгiлейтiн, олардың қолданылуын өзгертетiн, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгiленген нысандағы жазбаша ресми құжат; 11-1) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімі – мемлекеттік органдардың осы Заңның 36-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген, Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу нөмірі және деректемелері қамтылған жазбаша түрдегі тізбе; 12) нормативтiк құқықтық актiлердiң ресми мәтiндерiн кейiннен жариялау - Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне сәйкестiк сараптамасынан өткен нормативтiк құқықтық актiлердi баспа басылымында жариялау; 12-1) нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі – Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін, ескірген және сыбайлас жемқорлықты тудыратын құқық нормаларын анықтау, олардың іске асырылуының тиімділігін бағалау мақсатында Қазақстан Республикасы заңнамасының жай-күйі туралы ақпаратты жинау, бағалау, талдау, сондай-ақ оның даму динамикасын және қолданылу практикасын болжау бойынша тұрақты негізде жүзеге асырылатын мемлекеттік органдардың қызметі; 13) нормативтiк құқықтық актiнiң деңгейi - нормативтiк құқықтық актiнiң нормативтiк құқықтық актiлер сатысындағы өзiнiң заң күшiне қарай алатын орны; 14) нормативтiк құқықтық актiнi ресми жариялау - нормативтiк құқықтық актiнiң толық мәтiнiн ресми және мерзiмдiк баспа басылымдарында жалпы жұрттың назарына салу үшiн жариялау; 15) уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда, сондай-ақ сол органдар мен лауазымды адамдардың құқықтық мәртебесiн айқындайтын заңнамада белгiленген өз құзыретiне сәйкес нормативтiк құқықтық актiлер қабылдауға хақылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен лауазымды адамдары (Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Парламентi, Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы, орталық атқарушы органдар, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi, өзге де мемлекеттiк органдар); 16) уәкілетті ұйым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары әзірлеген және Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізуге жататын заң жобалары бойынша қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндердің тең түпнұсқалығы бөлігінде ғылыми лингвистикалық сараптаманы жүзеге асыру жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ұйым. Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.12.29 N 209 Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.06.29 N 271, 2008.07.04 N 57, 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.04.01 N 425-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
2-бап. Осы Заңның қолданылу саласы
1. Заң актiлерi мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу мен табыс ету, қабылдау, тіркеу, күшiне енгiзу, өзгерту, толықтыру, олардың қолданылуын тоқтату немесе тоқтата тұру, оларды жариялау ерекшелiктерi олардың деңгейiне сәйкес, нормативтiк құқықтық актiлер қабылдайтын мемлекеттiк органдардың қызметiн реттейтiн заң актiлерiмен, осы органдардың құқықтық мәртебесiн айқындайтын актiлермен, соның iшiнде олар туралы ережелермен және олардың регламенттерiмен, басқа да нормативтiк құқықтық актiлермен айқындалады, бұған Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілетін заңнамалық актілердің жобаларына қатысты Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен айқындалатын ерекшеліктер қосылмайды. 2. Осы Заң Қазақстан Республикасы Конституциясын қабылдау, өзгерту және оның қолданылуын тоқтату тәртiбiн реттемейдi. 3. Осы Заңмен халықаралық шарттарды дайындау, жасасу, орындау және күшiн жою тәртiбi реттелмейдi. 4. Осы Заңда заңдарға сәйкес қабылданған, бiрақ осы Заңның 1-бабының 11) тармақшасында келтiрiлген талаптарға сай келмейтiн және құқықты iске асыру және құқық қолданушылық мәнi бар нормативтiк құқықтық актiлердi, атап айтқанда: 1) мемлекеттiк емес ұйымдардың, оның iшiнде қоғамдық бiрлестiктер мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының нормативтiк актiлерiн; 2) уәкiлеттi орган болып табылмайтын мемлекеттiк ұйымдардың нормативтiк актiлерiн; 3) техникалық және технологиялық нормалар қамтылған нормативтiк актiлердi әзiрлеу, табыс ету, қабылдау, күшiне енгiзу, қолдану, жариялау, өзгерту, толықтыру және олардың қолданылуын тоқтату тәртiбi белгiленбейдi. Осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген нормативтік актілер құқық нормаларын қамтымауға тиіс. Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2002.03.06 N 298 (2002.01.01 бастап күшіне енеді), 2004.06.16 N 566, 2006.12.29 N 209, 2008.07.04 N 57, 2011.04.01 N 425-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
3-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзгi және туынды түрлерi
1. Нормативтiк құқықтық актiлер негiзгi және туынды актiлер болып бөлiнедi. 2. Нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзгi түрлерiне мыналар жатады: 1) Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар; 2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық Заң күшi бар Жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзге де нормативтiк құқықтық Жарлықтары; 3) Қазақстан Республикасы Парламентi мен оның палаталарының нормативтiк қаулылары; 4) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк қаулылары; 5) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің нормативтік қаулылары; 6) Қазақстан Республикасының министрлерi мен өзге де орталық мемлекеттiк органдар басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары; 7) орталық мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық қаулылары; 7-1) Алынып тасталды - ҚР 2007.07.27 N 315 Заңымен. 8) мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері. 3. Нормативтiк құқықтық актiлердiң туынды түрлерiне мыналар жатады: 1) регламент - қандай да бiр мемлекеттiк орган мен оның құрылымдық бөлiмшелерi қызметiнiң iшкi тәртiбiн реттейтiн нормативтiк құқықтық акт; 1-1) техникалық регламент - Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес әзiрленетiн және қолданылатын өнiмдерге және (немесе) олардың өмiрлiк циклiнiң процестерiне қойылатын мiндеттi талаптарды белгiлейтiн нормативтiк құқықтық акт; 1-2) Алынып тасталды - ҚР 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен; 1-3) мемлекеттік қызметтер көрсету стандарты - мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің, нысанының, мазмұны мен нәтижесінің сипаттамасын қамтитын көрсетілетін мемлекеттік қызметке қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық акт; 1-4) мемлекеттiк қызмет көрсету регламентi – мемлекеттiк қызмет көрсету стандартының сақталуын қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды белгiлейтiн және орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының, лауазымды адамдардың, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттiк қызмет көрсету жөніндегі қызмет тәртiбiн айқындайтын нормативтiк құқықтық акт. Мемлекеттік қызмет көрсету регламенті мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдары мен өзге де жеке және заңды тұлғалардың іс-қимылының (өзара іс-қимылының) сипаттамасын да белгілейді; 1-5) мемлекеттiк қызметтер көрсету тiзiлiмi – көрсетілетін мемлекеттiк қызметтердi алушылар, олардың көрсетiлуiн қамтамасыз ететiн орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдар көрсетіле отырып, республикалық және жергiлiктi деңгейлерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң үнемі жаңартылып отыратын тiзбесiн және басқа да сипаттамаларды қамтитын нормативтiк құқықтық акт; 2) ереже - қандай да бiр мемлекеттiк органның мәртебесi мен өкiлеттiгiн белгiлейтiн нормативтiк құқықтық акт; 3) қағида - қандай да бiр қызмет түрiн ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртiбiн белгiлейтiн нормативтiк құқықтық акт; 4) нұсқаулық - заңдардың қоғамдық қатынастардың қандай да бiр саласында қолданылуын егжей-тегжейлi көрсететiн нормативтiк құқықтық акт. Қазақстан Республикасының заңдарында туынды түрдегі нормативтік құқықтық актілердің өзге де нысандары көзделуі мүмкін. 4. Туынды түрлердегi нормативтiк құқықтық актiлер негiзгi түрлердегi нормативтiк құқықтық актiлер арқылы қабылданады немесе бекiтiледi және олармен бiр тұтастық құрайды. Туынды түрдегi нормативтiк құқықтық актiнiң нормативтiк құқықтық актiлер сатысында алатын орны негiзгi түрдегi актiнiң деңгейiмен анықталады. 5. Орталық атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың аумақтық органдарының, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын, әкім уәкілеттік берген жергілікті атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілер шығаруға құқығы жоқ. 6. Мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қабылдайтын жеке қолданылатын құқықтық актілер нормативтік құқықтық актілер болып табылмайды. Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2002.03.06 N 298 (2002.01.01 бастап күшіне енеді), 2004.06.16 N 566, 2006.12.29 N 209, 2007.06.18 N 262, 2007.06.29 N 271, 2007.07.27 N 315 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.04.01 N 425-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
3-1-бап. Қазақстан Республикасының кодекстерiмен реттелетiн қоғамдық қатынастар
Қазақстан Республикасының кодекстерi:
1) бюджеттiк;2) азаматтық;3) азаматтық iс жүргізу;4) неке-отбасы;5) экологиялық;6) су;7) жер;8) орман;9) салық;10) кеден;
11) алып тасталды - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;12) еңбек;13) қылмыстық жазаларды орындауға байланысты;14) әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартуға байланысты;15) қылмыстық жауапкершiлiкке тартуға байланысты;16) қылмыстық iс жүргiзу;17) денсаулық сақтау саласы сияқты біртектес аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттеу мақсатында қабылданады. Ескерту. 3-1-баппен толықтырылды - ҚР 2004.06.16 N 566 Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.06.29 N 271, 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 4-бап. Нормативтiк құқықтық актiлер сатысы1. Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары заң күшi бар. 2. Конституцияны қоспағанда, өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң заң күшiнiң арақатынасы мынадай төмендей беретiн деңгейлерге сәйкес болады:1) Конституцияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзетiн Заңдар;2) Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар Жарлықтары;2-1) Қазақстан Республикасының Кодекстерi;
3) Қазақстан Республикасының Заңдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлықтары;
4) Қазақстан Республикасының Парламентi мен оның палаталарының нормативтiк қаулылары;5) Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк жарлықтары;6) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк қаулылары;
7) Қазақстан Республикасының министрлерi мен орталық мемлекеттiк органдардың өзге де басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары, орталық мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық қаулылары, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің нормативтiк қаулылары; 7-1) (алып тасталды - ҚР 2007.07.27 N 315 Заңымен); 8) мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері.3. Төменгi деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлердiң әрқайсысы жоғары деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлерге қайшы келмеуге тиiс.
4. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулылары аталған сатыдан тыс тұрады.5. Әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер мәслихаттарының нормативтiк құқықтық шешiмдерi, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары мен әкiмдерiнiң нормативтiк құқықтық шешiмдерiнiң сатысы Қазақстан Республикасының Конституциясымен және жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы заң актiлерiмен белгiленедi.
6. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң нормативтiк қаулылары тек Қазақстан Республикасының Конституциясына ғана негiзделедi және барлық өзге нормативтiк құқықтық актiлер оларға қайшы келуге тиiс емес. Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2001.10.17 N 248, 2002.03.06 N 298 (2002.01.01 бастап күшіне енеді), 2004.06.16 N 566, 2007.07.27 N 315 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.04.01 N 425-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.5-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң тiкелей қолданылуы1. Егер нормативтiк құқықтық актiлердiң өздерiнде немесе оларды күшiне енгiзу туралы актiлерде өзгеше айтылмаса, барлық нормативтiк құқықтық актiлер тiкелей қолданылады.2. Қолданысқа енгізілген нормативтiк құқықтық актiлердi қолдану үшiн қандай да болсын қосымша нұсқаулар талап етiлмейдi.3. Егер нормативтiк құқықтық актiнiң өзiнде оның қандай да бiр құқық нормасы қосымша нормативтiк құқықтық акт негiзiнде қолданылатындығы көрсетiлсе, онда бұл норма негiзгi және қосымша нормативтiк құқықтық актiге сәйкес қолданылады. Қосымша нормативтiк құқықтық акт қабылданғанға дейiн тиiстi қатынастарды бұрын реттеп келген нормативтiк құқықтық актiлер қолданылады. Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.06.29 N 271 Заңымен.6-бап. Әр түрлi нормативтiк құқықтық актiлердiң құқық нормаларының қайшылықтары1. Әр түрлі деңгейдегі нормативтік актілердің нормаларында қайшылықтар болған кезде неғұрлым жоғары деңгейдегі актінің нормалары қолданылады.2. Заңдар нормаларының Қазақстан Республикасы кодекстерінің нормаларымен алшақтығы болған жағдайларда олар кодекстерге тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін ғана қолданылуы мүмкін.3. Бір деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің нормаларында қайшылықтар болған кезде қолданысқа кейінірек енгізілген актінің нормалары қолданылады.Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда - ҚР 2002.03.06 N 298 (2002.01.01 бастап күшіне енеді) Заңымен.2-тарау. Нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын дайындауды жоспарлау
7-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын дайындау жоспарлары.1. Нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын дайындау жоспарлары бiр жылға жасалатын ағымдағы және неғұрлым ұзақ мерзiмге жасалатын перспективалық жоспарлар болып бөлiнедi. Перспективалық жоспарларда неғұрлым маңызды нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ дайындау уақыты бiр жылдан астам мерзiмге жоспарланатын нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу көзделедi.2. Дайындау жоспарларында:1) нормативтiк құқықтық актiнiң деңгейiн, нысаны мен реттеу мәнiн бейнелейтiн атауы;2) дайындау мерзiмдерi;3) жобаны әзiрлеуге жауапты мемлекеттiк органдар мен ұйымдар көрсетiледi.3. Егер осы Заңда және басқа заңдарда өзгеше көзделмесе, нормативтiк құқықтық актiлердi дайындау жоспарларын тиiстi актiлердi қабылдауға құзыреттi мемлекеттiк органдар жасайды және бекiтедi.4. Нормативтiк құқықтық актiлер жобаларын дайындау жоспарларын жасаған кезде мемлекеттiк және өзге де органдар мен ұйымдардың, оның iшiнде ғылыми ұйымдардың ұсыныстары, сондай-ақ өзге де мүдделi тұлғалардың ұсыныстары ескерiледi.5. Нормативтiк құқықтық актiлер жобасын дайындау жоспарларын жасайтын және бекiтетiн мемлекеттiк органдар жоспарларға осы актiлердiң дайындалуын бейнелейтiн басқа да көрсеткiштер енгiзуi мүмкiн.6. Осы баптың талаптары Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілетін заңнамалық актілердің жобаларын дайындауға қолданылмайды.Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.07.04 N 57 Заңымен.8-бап. Қазақстан Республикасының Президентi шығаратын нормативтiк құқықтық актiлердi дайындауды жоспарлау.Қазақстан Республикасының Президентi шығаратын нормативтiк құқықтық актiлер жобаларын дайындауды жоспарлаудың тәртiбi мен нысандарын Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейдi.9-бап. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң заң актiлерiн дайындауды жоспарлауҚазақстан Республикасының Парламентi қабылдайтын заң актiлерiнiң жобаларын дайындауды жоспарлаудың тәртiбi мен нысандарын Парламент пен оның палаталары Қазақстан Республикасының Конституциясы 61-бабының 3-тармағында белгiленген өз құзыретiне сәйкес айқындайды.10-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заң жобасы жұмыстарын жоспарлау1. Қазақстан Республикасы Үкiметi заң жобасы жұмыстарының перспективалық және жыл сайынғы жоспарларын жасайды.2. Жоспарлардың жобаларын Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi әзiрлейдi.3. Үкiметтiң заң жобалаушылық жұмыстарының жоспары Қазақстан Республикасының Президентiмен келiсiледi.11-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық актiлер дайындау жөнiндегi тапсырмаларыЕскерту. 11-бап алып тасталды - ҚР 2011.04.01 N 425-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.12-бап. Орталық атқарушы органдардың Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Қазақстан Республикасының өзге орталық органдары құрамына кiретiндерiнiң де, кiрмейтiндерiнiң де, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жобаларын дайындауды жоспарлау ерекшелiктерiҚазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының Қазақстан Республикасы Үкiметi құрамына кiретiндерiнiң де, кiрмейтiндерiнiң де, сондай-ақ жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жобаларын дайындауды жобалаудың ерекшелiктерiн осы органдардың әрқайсысы айқындайды.3-тарау. Нормативтiк құқықтық актiлердің жобаларын әзiрлеу және ресiмдеуЕскерту. 3-тарау жаңа редакцияда - ҚР 2011.04.01 N 425-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.13-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердің жобаларын әзiрлеушілер1. Президент Әкімшілігі, Үкімет, өзге де мемлекеттік органдар, олармен келісім бойынша ұйымдар және азаматтар Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына негізделген Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамашылығы тәртібімен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілетін заңнамалық актілердің жобаларын әзірлеушілер бола алады.Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының заң шығару бастамашылығы тәртібімен дайындалатын заң жобаларының әзірлеушілері Парламент депутаттары болып табылады.2. Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамашылығы тәртібімен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілетін заң жобаларын әзірлеу туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына оның Әкімшілігі, Үкімет, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, сондай-ақ ұйымдар және азаматтар енгізе алады.3. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, уәкілетті органдар өз бастамасымен немесе жоғары тұрған мемлекеттік органдардың тапсырмалары бойынша әзірлейді.4. Өзге де мемлекеттік органдар, ұйымдар және азаматтар нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөнінде ұсыныс енгізуге немесе мұндай актілердің бастамашылық жобаларын уәкілетті органдардың қарауына беруге құқылы. Уәкілетті органдар оларды өздері әзірлейтін нормативтік құқықтық актілердің жобалары үшін негіз ретінде қабылдауы немесе олардың одан әрі әзірленуін және жобалардың қабылдануын орынсыз деп тануы мүмкін.14-бап. Нормативтiк құқықтық актінің жобасын әзiрлеу тәртiбi1. Нормативтiк құқықтық актінің жобасын әзiрлеушi уәкiлеттi орган жобаны дайындау жөнiндегi жұмыс тобын құрады немесе оны дайындауды жұмыс тобының функцияларын атқаратын өз бөлiмшелерiнiң бiрiне тапсырады. Нормативтік құқықтық актінің жобасын дайындауға жобаны дайындайтын органның заң бөлiмшесi қызметкерлерiнiң қатысуы мiндеттi.Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Депу-таттары заң жобасын дайындау жөнiндегi жұмыс тобының жұмысына кез келген сатыда қатысуға құқылы.2. Заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк құқықтық жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық қаулыларының жобаларын, ал қажет болған жағдайда – басқа да уәкiлеттi органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жобаларын дайындауға әртүрлi бiлiм салаларының мамандары, ғылыми мекемелер мен ғылыми қызметкерлер, қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi тартылуы мүмкiн.3. Бiр деңгейдегi уәкiлеттi органдардың заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлерінің жобаларын бiрнеше уәкiлеттi орган әзiрлеуі, ал қажет болған жағдайда – қабылдауы мүмкiн.Бiрнеше уәкiлеттi органның заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлерінің жобаларын олар осы Заңда көзделген тәртiппен бiрлесiп әзiрлейдi және олар уәкiлеттi органдардың басшылары қол қоятын бiрлескен бұйрықтар немесе қаулылар түрiнде қабылданады.Бiрлескен нормативтiк құқықтық актiлердiң туынды түрлерi (осы Заңның 3-бабының 3-тармағы) туынды нормативтiк құқықтық актiнi қабылдаған уәкiлеттi органдардың негiзгi нормативтiк құқықтық актiлерi арқылы бекiтiлiп, онда туынды актiнi қабылдауға арқау болған негiзгi нормативтiк құқықтық актiлер көрсетiледi.Заңға тәуелді нормативтiк құқықтық актiлердi келiсудiң тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.4. Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамашылығы тәртібімен заңнамалық актінің жобасын әзірлеу тапсырылған Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі немесе Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдары заңнамалық актінің жобасын әзірлеуді, егер Қазақстан Республикасының Президенті немесе оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы өзгеше мерзім белгілемесе, бір ай мерзімде жүзеге асырады.5. Мемлекеттік органдардың осы Заңның 36-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген нормативтік құқықтық актілерін қоспағанда, егер осы актiлер жалпыға мiндеттi маңызға ие болса, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қатысты болса немесе кәсiпкерлiк қызметтi реттесе, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша заң сараптамасын жүргiзедi.6. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгiленбесе, уәкiлеттi орган нормативтiк құқықтық актінің жобасын дайындауды өзiне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға тапсыра алады немесе бөлiнген бюджет қаражаты мен гранттарды осы мақсаттарға пайдалана отырып, шарттық негiзде мамандарға, ғылыми мекемелерге, жекелеген ғалымдарға немесе олардың ұжымдарына, оның iшiнде шетелдiктерге де оны дайындауға тапсырыс бере алады.7. Уәкiлеттi орган нормативтік құқықтық актілердің балама жобаларын дайындауды бiрнеше мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға тапсыруға немесе оларды әзiрлеудi шарттық негiзде, оның iшiнде конкурс бойынша бiрнеше ғылыми мекемелерге немесе ғалымдарға тапсыруға құқылы.8. Егер Қазақстан Республикасы заңнамалық актiсінің, Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк құқықтық жарлығының, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық қаулысының дайындалып жатқан жобасының құқық нормаларын іске асыру үшiн бір деңгейдегі немесе төменгі деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерге өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу қажет болса, онда нормативтік құқықтық актiнiң негiзгi түрінің жобасымен бiр мезгiлде көрсетiлген өзгерiстерімен және (немесе) толықтыруларымен бірге актiлердiң жобалары дайындалуға немесе тиiстi органдарға осындай актiлер дайындау туралы тапсырмалар берiлуге тиiс.9. Әзірленген заңдардың жобалары мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберіле отырып, бір мезгілде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобалары уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады.Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.15-бап. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеудiң және қабылдаудың ерекшелiктерi1. Орталық мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар жеке кәсіпкерлік субъек-тілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасын сараптамалық қорытынды алу үшін, оның ішінде осы нормативтік құқықтық актінің жобасын мүдделі мемлекеттік органдармен келесі әрбір келісу кезінде міндетті түрде түсін-дірме жазбаны қоса тіркей отырып, сараптамалық кеңестер арқылы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне жібереді.Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасына сараптамалық қорытынды ұсыну үшін мемлекеттік органдар белгілейтін мерзім жоба жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне түскен кезден бастап он жұмыс күнінен аз болмауға тиіс.Нормативтік құқықтық актінің жобасына осы тармақтың екінші бөлігіне сәйкес мемлекеттік орган белгілеген мерзімде сараптамалық қорытынды ұсынылмаған жағдайда нормативтік құқықтық актінің жобасы ескертулерсіз келісілді деп есептеледі.2. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiнiң жобасына түсiндiрме жазбада нормативтiк құқықтық актiнiң қолданысқа енгiзiлуiне байланысты жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi шығындарының азайғанын және (немесе) ұлғайғанын растайтын есептеулердің нәтижелерi қамтылуға тиiс.3. Сараптамалық қорытындылар жеке кәсiпкерлiк субъектiлерінің аккредиттелген бiрлестiктерi мүшелерiнiң жиынтық пiкiрiн бiлдiредi, ұсынымдық сипатта болады және нормативтік құқықтық акт қабылданғанға дейiн, оның ішінде осы жобаны мүдделi мемлекеттiк органдармен кейінгі әрбiр келiсу кезiнде оның жобасына мiндеттi қосымша болып табылады.Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері сараптамалық қорытындыны қазақ және орыс тілдерінде ұсынады.4. Мемлекеттiк орган сараптамалық қорытындымен келiскен жағдайда нормативтiк құқықтық актiнiң жобасына тиiстi өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзедi.Мемлекеттiк орган сараптамалық қорытындымен келiспеген жағдайда он жұмыс күні ішінде жеке кәсiпкерлiк субъектiлерінің аккредиттелген бiрлестiктеріне келiспеу себептерiн негiздеп, жауап жiбередi, ол нормативтiк құқықтық акт қабылданғанға дейiн оның жобасына мiндеттi қосымша болып табылады.Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша ескертпелері бар бір сараптамалық қорытынды ұсынған және осы бірлестік сараптамалық кеңестің отырысын өткізуді табанды түрде талап еткен жағдайда, осындай отырыстың өткізілуі міндетті болып табылады.Бұл ретте сараптамалық кеңестің отырысы сараптамалық кеңес мүшелерін тікелей шақыру арқылы не нақты уақыт режимінде интернет-конференция өткізу арқылы өткізілуі мүмкін.5. Жеке кәсiпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтiк құқықтық актiнi қолданысқа енгiзудiң мерзiмдерi жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленетін талаптарға байланысты жүзеге асыруға дайындалуы үшiн қажеттi мерзiмдердi негiзге ала отырып белгiленуге тиiс.Нормативтiк құқықтық актiлерді қолданысқа енгiзудiң тәртiбi мен мерзiмдерi жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне залал келтiрмеуге тиiс.6. Осы бапта көзделген рәсiмдер жеке кәсiпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлерді қабылдаудың мiндеттi шарты болып табылады.7. Жеке кәсiпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердің жобалары оларды тиiстi органда немесе сарап-тамалық кеңестiң отырысында қарағанға дейiн, интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында мiндеттi түрде жариялануға (таратылуға) тиiс.Ескерту. 15-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.16-бап. Нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын мүдделiмемлекеттiк органдармен және ұйымдармен келiсу1. Нормативтiк құқықтық актiнiң дайындалған жобасы, ал қажет болған жағдайда – оны дамыту үшiн қабылданатын басқа да нормативтiк құқықтық актiнiң жобасы мүдделi мемлекеттiк органдармен және ұйымдармен келiсуге жiберiледi. Мемлекеттік кірістерді қысқартуды немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларына қаржы-экономикалық есептеулер қоса беріледі.Егер заң жобасында қамтылған құқық нормаларын іске асыру үшін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді қабылдау қажет болса (егер ондай қажеттілік болмаса, онда ол ілеспе хатта көрсетіледі), заң жобасына заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобалары қоса беріледі. Егер заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлеу басқа мемлекеттік органның құзыретіне жататын болса, онда осы мемлекеттік орган заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің тиісті жобасын заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік органға ұсынады.
2. Қазақстан Республикасының Президентi актiлерiнiң жобаларын және Қазақстан Республикасының Президенті немесе Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары заң шығару бастамашылығы тәртiбiмен енгiзетiн заң актiлерiнiң жобаларын қоспағанда, нормативтiк құқықтық актiлердiң жобалары мiндеттi түрде келiсiлуге тиiстi мемлекеттiк органдардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.3. Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастама-шылығы тәртібімен дайындалған заңнамалық актілердің жобалары, Қазақстан Республикасының Президенті немесе оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы айқындайтын жағдайларда Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келісіледі.4. Нормативтік құқықтық актінің жобасы келісілуге жібе-рілген мемлекеттік органдар мен ұйымдар, егер уәкілетті орган өзгеше, неғұрлым қысқа мерзім белгілемесе, – оны алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, ал Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамашылығы тәртібімен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілетін заңнамалық актілердің жобалары келісілген жағдайда, егер Қазақстан Республикасының Президенті немесе оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы өзгеше, неғұрлым қысқа мерзім белгілемесе, он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша өз ескертпелері мен ұсыныстарын дайындауға немесе олардың жоқтығы туралы нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлеген органға хабарлауға тиіс.Мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша ескертпелері кемшіліктерді жою жөніндегі ұсыныстарды қамтуға, сондай-ақ оның құзыретіндегі мәселелерге тікелей қатысты болуға, негізделген және түпкілікті болуға, жазбаша нысанда ұсынылуға тиіс.5. Алынған ескертпелер бойынша нормативтік құқықтық актінің жобасын, қажет болған жағдайда, нормативтік құқықтық актіні әзiрлеген орган пысықтайды, ал жұмыс тобы қабылданған және қабылданбаған ескертпелер туралы, ескертпелердiң қабылданбау себептерi туралы анықтама жазады. Бұл анықтама жұмыс тобын құрған мемлекеттiк органға нормативтiк құқықтық актінің жобасымен бiрге берiледi.6. Жұмыс тобын құрған мемлекеттiк орган нормативтік құқықтық актінің жобасына жұмыс тобымен бiрлесiп талқылануға тиiсті өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуi немесе нормативтік құқықтық актінің жобасын жұмыс тобына пысықтауға қайтаруы мүмкiн.
17-бап. Нормативтiк құқықтық актiнiң реквизиттерiНормативтiк құқықтық актiлердiң мынадай реквизиттерi болуға тиiс:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы;2) актiнiң нысанын көрсету: Қазақстан Республикасының консти-туциялық заңы; Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар жарлығы; Қазақстан Республикасының кодексі; Қазақстан Республикасының заңы; Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар жарлығы; Қазақстан Респу-бликасы Парламентiнiң қаулысы; Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының қаулысы; Қазақстан Республикасы Парла-ментi Мәжiлiсінің қаулысы; Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы; министрдің бұйрығы; орталық мемлекеттік орган басшысының бұйрығы; орталық мемлекеттiк органның қаулысы; мәсли-хаттың шешiмi; әкiмдiктiң қаулысы; әкiмнiң шешiмi; осы Заңда көзделген нормативтік құқықтық актінің өзге де нысаны;
3) осы нормативтiк құқықтық актінің реттеу нысанасын бiлдiретiн тақырып;4) нормативтiк құқықтық актiнiң қабылданған жерi мен жылы, күнi, айы;5) нормативтiк құқықтық актiнiң тiркеу нөмiрi;6) нормативтiк құқықтық актiге қол қоюға уәкiлеттік берiлген адамның немесе адамдардың қолтаңбалары;7) Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуден өткен нормативтiк құқықтық актiлерде нормативтiк құқықтық актiнiң мемлекеттік тiркелген күнi мен нөмiрiн көрсету;8) елтаңбалы мөр.Ескерту. 17-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.18-бап. Нормативтiк құқықтық актiнiң құрылымы1. Нормативтiк құқықтық актiнiң негізгі құрылымдық бөліктері құқық нормаларын қамтитын абзац, бөлік, тармақша, тармақ және бап болып табылады.Нормативтік құқықтық актінің бабының, тармағы мен тармақшасының ішінде бөлік – құқықтың қисынды аяқталған, бас әріптен басталатын азат жол арқылы бөлініп көрсетілген жеке нормасы болуы мүмкін.Мәтіннің мағыналық жағынан тұтас, бірінші жолда азат жол арқылы бөлініп көрсетілетін және кіші әріппен басталатын бөлігі, бөліктің бас әріппен басталатын бірінші абзацын қоспағанда, абзац деп саналады. Абзацтар (бөліктің бірінші және соңғы абзацтарынан басқасы) нүктелі үтірмен аяқталады.Заңнамалық актілер, әдетте, «бап» деген атауы бар баптардан тұрады, олар бөлікті, тармақты, тармақшаны және абзацты қамтуы мүмкін.Өзге де нормативтiк құқықтық актiлер олардың атауы «тармақ» деген сөзбен жазылмайтын тармақтардан тұрады, олар тармақшаларды, бөліктерді, абзацтарды қамтуы мүмкін.2. Көлемi қомақты нормативтiк құқықтық актiлердiң мазмұны жағынан жақын баптары (тармақтары) тарауларға бiрiктiрiлуi мүмкiн. Мазмұны жағынан жақын бiрнеше тарау – бөлiмдерге, ал бөлiмдер нормативтiк құқықтық актiнiң бөлiктерiне бiрiктiрiлуi мүмкiн. Көлемi үлкен тараулар мен бөлімдерде тиісінше параграфтар және кіші бөлімдер бөлiніп көрсетілуі мүмкiн.Нормативтік құқықтық актілердегі параграф-тар мен кіші бөлімдер тиісінше «параграф» және «кіші бөлім» деген сөздермен белгіленеді.3. Кодекс, әдетте, «бөлік» деген сөзбен жазылмайтын бөліктерге бөлінетін баптардан тұрады, олар араб цифрларымен нөмірленеді.4. Нормативтiк құқықтық актiнiң әрбiр тармағы, бабы, параграфы, тарауы, кіші бөлімі және бөлімі араб цифрларымен нөмiрленедi. Нормативтiк құқық-тық актiнiң баптары, тараулары, бөлімдері және бөліктері тұтастай нөмірленеді. Нормативтiк құқықтық актiнiң әрбір тарау-ындағы параграфтар және әрбір бөлімдегі кіші бөлімдер дербес нөмірленеді.5. Тармақтардағы тармақшалар және бап-тардағы тармақтар тиісінше дербес нөмірленеді. Тармақтардағы тармақшалардың нөмірленуі жақшамен жабылған араб цифрларымен мынадай түрде белгіленеді: 1), 2), 3) және одан әрі қарай.6. Заңды қабылдаудың мақсаттарын және оның алдында тұрған негізгі міндеттерді түсiндiру қажет болған жағдайларда құқық нормаларын жазудың алдынан кiрiспе бөлiм (кіріспе) берiледi.Кiрiспе бөлiм (кіріспе) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы заң жобаларында жазылмайды.7. Нормативтiк құқықтық актiде пайдаланылатын терминдер мен анықтамаларды нақтылау қажет болған жағдайда, онда олардың мәнiн түсiндiретiн бап (тармақ) берiледi. Қазақ тіліндегі нормативтік құқықтық актідегі терминдер мен анықтамалар әліпбилік ретпен орналастырылады. Орыс тіліндегі нормативтiк құқықтық актiдегі терминдер мен анықтамалар қазақ тілінде жазылған ретпен сәйкес келуге тиіс.Нормативтiк құқықтық актiде пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар біртектес қоғамдық қатынастарды реттейтін жоғары деңгейдегі нормативтік құқықтық актіде қолданылатын терминдер мен анықтамаларға сәйкес келуге тиiс.8. Нормативтік құқықтық актінің құры-лымдық бөлігі тиісті нұсқауларды нормативтік құқықтық актінің мәтінінде құқық нормасының мағынасына нұқсан келтірмей жазу мүмкін болмаған кезде ескертпемен толықтырылуы мүмкін.9. Пайдалануға ыңғайлы болуы үшін нормативтiк құқықтық актiнiң әрбiр тарауы, бөлiмі, бөлiгі, сондай-ақ тараудың параграфы мен бөлiмнің кіші бөлiмінің тақырыптары болуға тиiс. Заңнамалық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы заңнамалық актілерді қоспағанда, заңнамалық актілер баптарының тақырыптары болуға тиіс.Нормативтік құқықтық акт бөліктерінің, бөлімдерінің, кіші бөлімдерінің, тарауларының және параграфтарының тақырыптары алдыңғы мәтіннен – екі, ал келесі мәтіннен бір жоларалық интервалмен бөлінеді.10. Кодекстiң құрылымына мазмұн кіреді.11.Нормативтік құқықтық актінің құрылымына қосымшалар енгізілуі мүм-кін.19-бап. Нормативтiк құқықтық актi мәтiнiнiң мазмұны мен жазылу стиліне қойылатын талаптар1. Мемлекеттiк орган-дар-дың қоғамдық қатынастарды мемлекеттiк реттеу саласындағы құзыретi, функциялары мен мiндеттерi Қазақстан Республи-касының әкімшілік рәсімдер туралы заңнамасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттiк басқару деңгейi бойынша аражігі айқын ажыратылып белгiленуге тиiс.Мемлекеттік органдардың типтік функцияларын айқындау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.2. Нормативтік құқықтық актінің мәтіні бірыңғай қаріппен басылуға тиіс.3. Нормативтiк құқықтық актiнiң мәтiнi әдеби тіл нормалары, заң терминологиясы және заң техникасы сақтала отырып жазылады, оның ережелері барынша қысқа болуға, нақты және әртүрлі түсіндіруге жатпайтын мағынаны қамтуға тиіс. Нормативтік құқықтық актінің мәтінінде мағыналық және құқықтық жүктемесі жоқ декларативтік сипаттағы ережелер қамтылмауға тиіс.Көнерген және көп мағыналы сөздер мен сөз орамдарын, эпитеттердi, метафораларды қолдан-уға, сөздердi қысқартуға жол берiлмейдi. Нормативтік құқықтық актінің құрылымдық бөлігінде жазылған құқық нормасы дәл осы актінің басқа құрылымдық бөліктерінде қайталап жазылмайды.4. Нормативтік құқықтық актілердегі тапсырмалар мемлекеттік органдардың не, қажет болғанда, олардың басшыларының атына жолдануға тиіс.Тапсырма беруші адамға бағынысты емес мемлекеттік органдарға қатысты нормативтік құқықтық актілердегі тапсырмалар ұсынымдық нысанда не олармен келісім бойынша жазылуға тиіс. Келісілген жағдайда мемлекеттік органның атауынан кейін «(келісім бойынша)» деген белгі көрсетіледі.5. Нормативтік құқықтық актінің мәтінінде мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың атаулары ресми атауына сәйкес толық және бүкіл мәтін бойынша бірізді жазы
Date: 2015-10-19; view: 408; Нарушение авторских прав Понравилась страница? Лайкни для друзей: |
|
|