Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Ауыл шаруашылық құрылымның індеттік жағдайы жөніндегі кесім





1.1 Тексерілетін пункттің жалпы сипаттамасы

ЖШС «Қайнар» Нұра ауданының Қарағанды облысында орналасқан.Тексерілетін пункттің негізгі мақсаты ол-ветеринарлық-санитарлық талдау жүргізе отырып шаруашылықтағы лептоспирозға қарсы жүргізілетін шаралардың тиімділігін анықтау үшін.

ЖШС «Қайнар» -шаруашылықтың негізгі бағыты болып,ол ірі қара малдарды өсіру,ал егіншілік бағытында ол бидаймен жұмыс жасауда.

Шаруашылық Қарағанды қаласының облыстық орталығынан 250км, Нұра ауданның орталығынан 40 км қашықтықта орналасқан. Шаруашылықтың жалпы ғимараттар мен құрылыстың ауданы 805 шаршы метр.

1. Кесте – Қора ауданының сипаттамасы келесідей:

Ең көп мал басы,бас  
Соның ішінде ірі мал басы  
Жас төл  
1 басқа қажетті қалыпты аудан(ересек мал),м2 7,0
1 басқа қажетті қалыпты аудан (жас мал),м3 3,5
Саууға арналған бөлме,м2  
Сүтті сақтауға арналған бөлме,м2  
Жем сақтауға арналған бөлме,м2  
Қораның жалпы ауданы,м2  

 

 

Шаруашылықта өндірістік қор базасы да орналасқан:жөңдеу шеберханалары,гараждар,бидай сақтайтын қоймалар және де пішен мен сүр шөпті сақтауға арналған бөлімдер.Шаруашылыққа баратын жолы асфалттирленген.Жануарлар жалпы үлгідегі қорада орналасқан,сиырларлар байлауда, 10 күнге әлі толмаған бұзаулар туу бөлмесіндегі арнайы торларында орналасқан,содан кейін оларды бұзау қорасына топ-топқа бөліп орналастырады. Шаруашылықта профилакторий мен туу бөлмелері бар.Жануарларды суаттандыру жүйесі қарапайым арнайы жұмыскерлер ыдыстарға суды құяды.Сиырларды сауу «Молкопровод» деген аппарат арқылы іске асырылады.Желінсаумен ауырған сиырларды,бөлек бөлмелерде сауады.Сиырлар күніне екі рет сауылады.Қорадағы едені бетоннан жасалған,жануарлар астындағы төсеніші үгіндіден жасалынған.Дезинфекция және де басқа санитарлық іс-шаралар үнемі жүргізіледі. Жануарларды күту және азықтандыру жүйесі ЖШС «Қайнар» шаруашылықта дайындалған азықтармен қамтамасыз етіледі.Азықтандыру жүйесі-типтік.Сиырларды күніне екі рет азықтандырады.Азықтардың сапасын бағалаушы арнайы зоотехних маман бар,ол рационды талапқа сәйкес және топ-топша бойынша жануарлардың жасы бойынша беріледі.

Туу бөлмесіндегі арнайы торларда бұзауларды азықтандыру:

1.Сүтті емізікше арқылы беру;

2.Үшінші күннен бастап оларға сүтті шелек арқылы бере бастайды;

3. 10 күннен бастап оларға комбикорм және тұтас сүттің ауыстырғыштары тағайындалады;

Келесі тәсіл бойынша сүттен,сүт ауыстырғышқа көшуі:

1.Бірінше күннен бастап үшінші күнге дейін 2-3 литрлік көлемінде емізікше арқылы сүт береді;

2.Төртінші күннен бастап он сегізінші күнге дейін 3 литр көлемінде шелек арқылы сүт береді;

3.Оныңшы күннен бастап 1 литр сүт ауыстырғышы мен 2 литр сүт береді;

4.20-күннен бастап-1,5 литр сүт ауыстырғышы мен 1,5 литр сүтпен араластыру;

5.22-күннен бастап -3 литр сұт ауыстырғышын.

ЖШС «Қайнар» шаруашылығындағы жалпы ветеринарлық-санитарлық күйі жақсы.

Бірақ жануарлар тұратын бөлмелерге аса көңіл бөлінбейді,оларды мерзімге сай емес жинамайды.Мал өлекселерін шығару арнайы көлік арқылы іске асырылады,ал утилдеу жұмыстары Абай ауданыңда орналасқан утильзаводтта жүргізіледі. Қиды жинау жүйесі механикалық тәсілмен,күніне екі рет қырғыштары бар транспортерлер арқылы. Қиды қорадан шығарғаннан кейін оны етекке шығарады.Шаруашылықта әрдайым дератизация жүргізіледі,сол себептен кеміргіштермен қиыншылқтар болмайды. Вакцинация өз тағайындалған жоспар бойынша іске асады, ЖШС «Қайнарда» осы уақытқа дейін лептоспироз болмаған. Инфекциялық аурулар бойынша шаруашылық сәтті.Жұқпайтын аурулардан көбінесе көп кездесетіні олбұзаулар диспепсиясы мен бронхопневмония,ал сиырларда желінсау және де эндометрит көп кездеседі.

1.2. Ветеринарлық – санитарлық жағдайы

Шаруашылықтағы жұмысшылар:

Специалистер – 9 адам;

Егіншілер – 12 адам;

Қосымша жұмыскерлер – 19 адам;

Уақытша жұмыскерлер – жоқ..

Жалпы шаруашылықта 1 зоотехник, 1 бас вет. дәрігер, 4 ветеринарлық дәрігерлер, 16 малшы жұмыс істейді.

Шаруашылықтың территориясы қоршалған,бір улкен ғимараты,ол екі үлкен бөлімдерге бөлінеді: шөп және малға арнайы.Ал дәрігерлер үшін арнайы бөлімшесі «Ветеринарлық бөлімше» ауданның ортасында орналасқан қосымша аталған мамандардан басқа 1 көлік бар «Нива» және екі санитарлар. Шаруашылыққа кірген қақпадан кейінгі күзетші отырған шағын кепе бар,бірақ арнайы күзетшісі жоқ тек қана сол жерде жұмыс жасайтын мамандар ішінен 2 күнде 1 рет күзетіп отырады.Оларға арнайы графигі бар.

Барлық препараттар мен дәрілер «Арнайы бөлімшеде» сақталады. Бірақ препарат саны көп емес,оны Қарағанды қаласынан алып келеді. Изолятор бар,ол барлық мал шаруашлықта болу керек,онда ауру малды індет ауруына күдік туса бөлек күтіп бағады.Бірақ көбінесе сол шаруашылықта ішкі жұқпайтын аурулар кездеседі.Карантин шаралары шаруашылыққа басқа жақтан келген малды күтіп ұстайды,клиникалық диагностика жүргізеді.Карантинге ең кем дегенде 30 күн бөледі.Карантиндік көңқабылдағыштар сұйық көңді араластыратын,массаның біркелкілігін(гомогендігін)қамтамасыз ететін және дезинфекция үшін қажет құрылғылармен,қоңдырғылармен қамтамасыз етіледі,жабдықталады.Карантиндік көңсақтағыштармен қатар,термиялық және басқа да әдістермен көңді зарарсыздандыруға арналған тұрақты және жылжымалы қоңдырғылары бар.

Қи төккіш мал қорасынан 100 м жерде жасалынған.Қи төккіш мал қорасы жанынан соғатын желдің ық жағында орналасқан.Қи төккіштің айналасында ағаштар көп.Түбі жағы еңкіш болып келеді.

Шаруашылықта дезинфекция шаралары жүйесі қарастырылған.Көп аяқты шаян-құрттарға қарсы жүргізілетін қораларға,ғимараттарға және құрылыс орындарға бірдей профилактикалық жою шаралары жүргізіледі.Кеміргіштерге қарсы шаралар жиынтығы да маңызды.Көбінесе күресу жұмыстары сұр және қара атжалмаң және үй тышқандарынан жүргізеді.

1.3. Індеттік жағдайдың сипаттамасы

Нұра ауданы аймағында лептоспироздың таралуы соңғы 8 жылда тіркелмеген..Бұл шаруашылықтың инфекциялық аурулары жөніңдегі жағдайы қалыпты. Профилактикалық вакцинация жануарларға иммунитет қалыптастыру үшін жүргізілген,нфекциялық ауруға шалдығу мүмкіндігі төмен болу үшін.Вакцинаны сатып алу,алып келу жөніндегі жұмыстарын бас вет дәрігер маман көмекшілерімен бірге жүзеге асырады,олар Қарағанды қаласынан алынады.Бұзауларға 1,5 айда,екі рет егеді,аралығы 3 апта,ал ересек мал басын жылына бір рет егеді. Бұзауларға Бови-шилд Голд вакцинасы,ал ірі қара малдарға Кетлмастер Голд қолданады.Ине мен шприцттерді қолдану алдында қайнатады,инъекциялайтын жерді 70 пайыздық спиртппен өңдейді.Әр мал басына бөлек стерильді ине алынады.

Малды етке союды,тек иммунизациядан кейін 21 күн өткен соң рұқсат беріледі.Бұл шаруашылықта мүмкіндігінше барлық ветеринарлық –санитарлық талаптарға сай жұмыс жүргізіледі,малдың санын мен өнімін көбейті үшін күтімі жақсы.Бірақ та негізінде көптеген шағын қиыншылықтар да болады.Ал бірақ уақытында жүргізілген вакцинация үшін,шаруашылық бұл ауру бойынша қолайлы деп саналған. Жұқпайтын аурларымен қатар инфекциялық аурудың тіркелуі соңғы рет 2010 жылы болған.Бірақ лептоспирозға қатысты емес,ол жердегі ірі қара малдары бруцеллезге шалдыққан.Қарағанды облысы бойынша 2010 жылғы мәлеметі негізінде 150 шақты мүйізді ірі қара мал ауырған жануарлар табылды.Осакаровка районында орналасқан көптеген шаруашлықтағы малдары сол аурумен дерттелінді.Ауырған жануарлар басы толығымен жойылған.Бірақ жою барысында көптеген ауыл адамдары малдарды толығымен жоюға деген шешімімен келіспеді.

Мұндағы шаруашылықтағы және ауыл тұрғындарына лептоспироз ауруларының мүмкін таралу жолдары мен профилактикалық және емдік шаралары жөніндегі түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

 

1.4. Індетке қарсы және дауалау шараларының сипаттамасы

Шаруашылық территориясына инфекциялық қоздырушылары мен жануарлар мен адамдардың инвазиялық аурулары енуіне жол бермес үшін карантиндік шаралар жаңа топ мал басын әкелген кезінде өткізіледі.Карантиндеу кезінде түскен жануарларға ветеринарлық-санитарлық өңдеу,диагностикалық зерттеу және емдік-профилактикалық шаралар жүргізіледі.Карантиндеу ұзақтығы 30күн. 30 күннен кейін белгілі бір жануарлар түрін шығарғаннан кейін,осы бөлмеде дезинфекция мен механикалық тазалау жүргізіледі. Дезинфекция шараларын ластану дәрежесіне қарай жүргізеді,бас ветеринарлық дәрігер қатысуымен мүмкіндігінше айына 1 рет.Химиялық тазалауда көптеген ерітінділер және ұнтақ тәрізді заттарды ДУК,ЖУК бүркуішін қолданады.

Дезтөсеніштерді дезинфекциялық ерітіндімен дымқылдайды,жылдың суық мезгілінде ерітіндіні қайнатады.Осы шаруашылықта 3 пайыздық каустикалық сода қолданылады.

Өлген жануарлар өлексесін утильдеу Абай ауданында орналасқан утильдеу заводында өткізіледі.Мал өлексесін жеткізу арнайы бөлінген көлікпен жүзеге асырылады,ветеринарлық-санитарлық талапқа сай ветерианарлық қадағалау бақылауымен.Өлексе жатқан жерін,апаратын көлігін міндетті түрде өңдейді.

Бұл талаптарды орындамағн кезінде,инфекциялық аурулардың өршуі көбейеді.

 

1.5. Індеттанулық талдау кесімнің қорытындысы

Ауданның эпизотологиялық жағдайын қадағалау және зерттеу инфекциялық ауруларды болдырмауға септігін тигізеді.Профилактикалық шараларды ұйымдастыру кезінде ветеринарлық дәрігер жұмыс жасаған аймақтың,шаруашылықтың,ауданның эпизотологиялық жағдайымен алдын ала танысу керек.Дәл нақты ақпарраты алу үшін,соңғы жылдардағы тіркелген журналымен танысу керек,зертханалардың қорытындысымен және сол сияқты басқа мәліметтерге сүйене отыру керек.Санитарлық нормалардың орындалуын қадағалау және бақылауын аранайы бөлімше атқарады. Ауданның эпизотологиялық жағдайына қарай жыл сайын профилактикалық және эпизоотияға қарсы шаралардың жоспары құрылады.

 

2, Ірі қара малдың лептоспирозына қарсы профилактикалық шаралар жоспары.

№ р/с Шаралардың атауы   Орындалу мерзімі Жауапты тұлға (лауазымы, ФИО)
  Жаңа әкелінген жануарларға 30 күн аралығында карантиндеу және диагностикалық зерттеулер жүргізу Мал түскен уақытынан бастап     Бас мал дәрігері Тусекеев С.С.
  Бұзауларға лептоспирозға қарсы профилактикалық вакцинация жүргізу Бұзауларға 1,5 айда вакцинация жасайды,содан кейінгі ревакцинация 3 аптадан кейін Бас мал дәрігері Тусекеев С.С.
Лептоспирозға бейім жануарларды профилактикалық вакцинация Жыл сайын. Жануар түскеннен бастап Бас мал дәрігері Тусекеев С.С.
  Туу бөлмеде зоогигиеналық талаптарды орындау Бұзаулау кезінде Бас мал дәрігері Тусекеев С.С.
  Азықтардың сапасын бақылау Күн сайын зоотехник Расулхан М. В.
  Механикалық тазалау,қора мен оның айналасын дезинфекциялау Әр апта сайын Бас мал дәрігері Тусекеев С.С.
  Қорада дератизация жүргізу     Квартал сайын     Бас мал дәрігері Тусекеев С.С.
  Ферма аумағында дезбарьер мен дезтөсеніштер орналастыру орналастыру Апта сайын Бас мал дәрігері Тусекеев С.С.
  Жануарлар диспансеризациясы Ай сайын Бас мал дәрігері Тусекеев С.С.
  Өлексені утильдеу және жинау Күн сайын Бас мал дәрігері Тусекеев С.С.
  Көңді жинау Күн сайын Бас мал дәрігері Тусекеев С.С.
  Ауданның індетті күйін бақылау және зерттеу Күн сайын Бас мал дәрігері Тусекеев С.С.
  Мал шаруашылық бөлмелерде микроклиматтың параметрлердің барлауы Күн сайын Бас мал дәрігері Тусекеев С.С.
  Фермаларда қызмет етуші мал дәрігерлмен және тұрғын халықпен жұмыс Жүйелі түрде қажеттілік шара бойынша Бас мал дәрігері Тусекеев С.С.  

 

3.Профилактикалық шаралар жоспарына түсініктеме хат

Жалпы,ЖШС «Қайнар» ветеринарлық-санитарлық талапқа сай,бірақ сонда да кейбір кемшіліктері де бар.

1) Шаруашылықта мысықтардың саны өте көп,

2)Дезинфекция мен механикалық тазалауы бір уақытында емес,жоспарға сай емес,1-2 аптаға созылып кетеді;

Менің ойымша келесідей ұсынысым бар:бұл шаруашылық территориясына қаңғыбас мысықтардың кіріуіне мүмкіндігінше жол бермеу.Дезинфекция шараларын жоспарға сай өткізілуі керек,еш күндерін кешіктірмей.Көңді тазалау және оны залалсыздандыру да талапқа сай ьолу керек.

 

 

Date: 2015-10-19; view: 1209; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию