Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Онкологиядан ЖТД мамандығы бойынша интерндерге арналған тест сұрақтары 5 page
/ сүт безінен сүт пайда болуы ! Ағзадан тыс, ішастар сырты ісіктерін анықтау үшін ең мәліметтілігі жоғары тексеру әдісі - бұл: / ішті 2,3 рет контрастылай отырып рентгенологиялық зерттеу / УДЗ / сканирлеу / эндоскопиялық зерттеу / қан мен зәрдің зертханалық тексеру ! Бүйрек үсті безі ісіктері... жолмен емделеді. / оперативтік / сәулелік / химиотерапиялық / үйлестірілген / кешенді ! Бүйрек ісіктерінің негізгі белгілері - бұл: / гематурия, қолға ілінетін ісік, ауырсыну / зәрдің тежелуі / зәр құрамындағы глюкозаның аса жоғарылауы / дене қызулауы, лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы / сарғаю, асцит ! Қуық қатерлі ісік кезінде... ем қолданылады. / кешенді (операция, сәулелік, химиотерапия) / оперативтік / сәулелік / сәулелік, гормональді,химиотерапиялық / паллиативті ! Аталық безде ең жиі кездесетін ісік - бұл: / семинома / саркома / остеома / хондрома / лимфома ! Өкпе қатерлі ісігі... жаста жиі кездеседі. / 51-60 және одан жоғары / 30-40 / 41-50 / кез келген жаста / балалық ! Өкпе қатерлі ісігінің клиникаға дейінгі кезеңі... созылады. / 5 жылдан аса / 6 айдан аса / 1 жылдан аса / 3жылдан аса / 3 айдан аса ! Өкпе қатерлі ісіктерінің арасында... гистологиялық түрі жиірек кездеседі. / жалпақ жасушалы / безді / аденокарцинома / ұсақ жасушалы / ірі жасушалы ! Эндобронхиальді қатерлі ісігінің ерекшелігі – бұл: / бронхтың тез арада бітеліп қалуы / ұзақ уақыт белгілері болмауы / тез және ерте таралуы / жиі қайта өрістеуі / бауырға жиі таралуы ! Өкпе қатерлі ісігін анықтаудың... көмектеседі. / қақырықты цитологиялық зерттеу / зәр талдауы / қанның биохимиялық талдауы / асқазан сөлінің талдауы / қанның жалпы талдауы ! Өкпені рентгенологиялық зерттеулер ішіндегі ең мәліметі жоғарысы – бұл: / компьютерлік томография / жалпы рентгенограмма / бүйірлік рентгенограмма / бронхограмма / үлкен кадрлы флюорограмма ! Оңтүстік-Қазақстан облысында өкпе қатерлі ісігі жиілігі жағынан... орын алады. / бірінші / екінші / үшінші / төртінші / бесінші ! Плевра мезателиомасын емдеу үшін... емі жүргізіледі. / плевра ішілік химиотерапия / хирургиялық операция / химиотерапия / сәуле / кешенді ! Өңеш аурулары ішінде оның қатерлі ісігі... орында. / бірінші / екінші / үшінші / төртінші / бесінші ! ... өңеш қатерлі ісігі ең жиі кездесетін белгісі. / дисфагия / диспепсия / сарғаю / анемия / асқазан қыжылы ! Өңеш қатерлі ісігі радикалды емдеу мүмкін болмаған жағдайда... операциясы жүргізіледі. / гастростомия / эзофагостомия / еюностомия / сигмостомия / гастроеюноанастомоз ! Асқазан шырышты қабатының ішектік метаплазиясы-бұл: / шырышты қабықтың ішек эпителиіне ұқсап өзгеруі / шырышты қабықтың атрофиясы / ішек жиырылуының күшеюі / асқазан жұмысының өзгеруі / пролиферацияның өзгеруі ! Пернициозды анемия... жатады. / факультативті қатерлі ісік алды ауруына / облигатты қатерлі ісік алды ауруына / ісік алды емес ауруға / себебі белгісіз ауруға / қарт адамдарда қатерлі ісік ауруына ! Асқазан жарасы... жағдайда малигнизацияланады. / 10-12% / 1-2 % / 0 % / 100% / 25 % ! Асқазан қатерлі ісігінің имплантациялық метастазы... таралады. / ішастарға / жүрекке / өңешке / бүйрекке / өкпеге ! Асқазан қатерлі ісігі көбінесе... ажырату қажет. / асқазан жарасынан / бауыр қатерлі ісігінен / өкпе қатерлі ісігінен / тек ішек қатерлі ісігінен / спленомегалиядан ! Метастаздың қатерлі ісіктер алғашқы ісіктерге қарағанда... есе артық кездеседі. / 50-60 / / 6-7 / / ! Бауыр қатерлі ісінін... көмегімен ерте сатысында анықтауға болады. / иммунодиагностика (Абелев- Татаринов реакциясы) / эндоскопия / асқазан сөлінің, қандағы билирубиннің талдауы / қан талдауы, биохимиялық талдаулар / рентгеноскопия ! Бауыр қатерлі ісігі кезінде қызулау, қалтырау: / науқастардың көп бөлігінде кездеседі, ұзақ сақталады / кездеспейді / өте сирек кездеседі / ағып терлеумен бірге болады / сирек, көбіне түнгі уақытта болады ! Ұйқы безі... өндіреді. / трипсин, липаза, амилаза / пепсин / песиноген, муцин / өт, билирубин / тұз қышқылын, фибриноген ! Ұйқы безі қатерлі ісігі кезінде сарғаюдың пайда болуы... белгісі. / ісіктің ұйқы безінің басында орналасуының / / ісіктің асқынып кетуінің / гепатит қосылуының / асқорыту бұзылысының / уланудың ! Ұйқы безі басының қатерлі ісігі кезінде қанның биохимиялық талдауында... байқалады. / тура билирубиннің аса жоғарылауы / билирубиннің біркелкі жоғарылауы / лактатдегидрогенезаның аса жоғарылауы / АЛТ, АСТ тез жоғарылауы / холестериннің азаюы ! Креаторея... кезінде кездеседі. / ұйқы безі қатерлі ісігі / асқазан қатерлі ісігі / тоқ ішек қатерлі ісігі / тік ішек қатерлі ісігі / бауыр қатерлі ісігі ! Жіңішке ішекте... жиірек кездеседі. / лимфоретикулосаркомалар / миосаркомалар / ангиосаркомалар / хондросаркомалар / эндотелиалды саркомалар ! ... тоқ ішек қатерлі ісігінің ісік алды ауруы. / аденоматозды полип, таралған полипоз / қарапайым колиттер / гиперпластикалық колиттер / Крон ауруы / созылмалы колит ! Тоқ ішек қатерлі ісігі... жиі асқынады. / ішек өтімсіздігімен / сарғаюмен / энтероколитпен / асқазан жарасымен / ұлтабар жарасымен ! Тоқ ішек қатерлі ісігін емдеуде... препараттар жиі қолданылады. / 5-фторурацил, кампто / тио-тэф / сарколизин / винкристин, винбластин / адриамицин, адрим ! Емхана жағдайында тік ішекті тексерудің ең қолайлы әдісі - бұл: / саусақпен тексеру / УДЗ / рентгенография / сканерлеу / фиброколоноскопия ! Егер мойын лимфа түйіндері, бауыр, көк бауыр зақымданса, бұл лимфогранулематоздың... сатысы. / төртінші / екінші / үшінші / бастапқы / висцералды ! Балаларда лимфогранулематоз кезінде иммунитет: / төмендейді / жоғарылайды / өзгермейді / өзгерісі анықталмаған / қызылшаға қарсы төмендейді ! Лимфогранулематоз кезінде зақымданған аймақты сәулелеудің жалпы дозасы: / 45-50 Гр / 30-40 Гр / 10-30 Гр / 50-80 Гр / 60-90 Гр ! Жүйке жүйесінің ісігіне күдік туындағанда міндетті түрде... жүргізу қажет. / жұлын, сүйек кемігінің пункциясы / қанның жалпы талдауын / мидың сканерлеуін / бас сүйектің рентгенографиясын / УДЗ ! Балалардың бас терісінде пайда болған... облигатты қатерлі ісік алды ауруы саналады. / пигментті ксеродерма / пигментті қал / гемангиома / лимфангиома / папиллома ! Ретинобластоманың I-II сатысында... қолданылады. / көздің энуклеациясы / сәуле терапиясы / химиотерапия / симптоматикалық ем / гормонотерапия ! Балалар арасында көкірек аралық... жиі кездеседі. / нейрогенді ісіктер, тимома / саркома / қатерлі ісіктер (рак) / тератома / хондрома ! Нефробластома -... ісігі. / бүйрек ісігі / дәнекер ұлпа / шеміршек ұлпа / сүйекті ұлпалар / аралас ұлпалар ! Тератома - бұл: / құрамында әр түрлі элементтер кездесетін киста / тері туындыларынан дамитын қатерсіз ісік / дәнекер ұлпадан дамитын қатерсіз ісік / аралас ұлпадан дамитын ісік / құрамында қан элементтері бар киста ! Балалар арасында ішастар сырты кеңістігінде... жиі кездеседі. / нефробластома, нейробластома / бүйрек үсті безі ісіктері / несеп ағар ісіктері / лимфа түйіндері ісіктері / қан тамырлары ісіктері ! Асқазан қатерлі ісіктері арасында... гистологиялық түрі жиі кездеседі. / аденокарцинома / дәнекер ұлпалы / лимфоидты / жалпақ жасушалы / безді ! Өңештің ең жиі кездесетін қатерлі ісік алды ауруы – бұл: / ахалазия / дамудың ауытқулары / дивертикул / созылмалы эзофагит / жедел эзофагит ! Бауырда... қатерлі ісіктер жиі кездеседі. / екінші реттік / алғашқы / саркома / гамартома / липома ! Эндобронхиалды қатерлі ісік... өседі. / бронх қуысына қарай / өкпе ұлпасын кеулей / бронхыны қоршап / плевра қуысына қарай / бөлік аралық саңылауға қарай ! Сүт безін міндетті түрде әйелді... пальпациялайды. / тұрғызып қойып және жатқызып / жатқызып / тұрғызып қойып / жартылай отырғызып / Көлбеу ! Рентген суретіндегі дөңгелек пішінді, әркелкі құрылымды, шеттері тегіс емес және анық емес дақ... тән көрініс. / өкпенің шеткері қатерлі ісігіне / өкпенің орталық қатерлі ісігіне / өкпенің бөліктік қатерлі ісігіне / өкпенің қатерсіз ісігіне / пневмонияға ! Альфа-фетопротеинге тексерудің оң нәтижесі... тән. / бауырдың алғашқы қатерлі ісікке / бауырға таралған қатерлі ісікке / бауырдың қатерсіз ісігіне / гепатитке / циррозға ! Ұйқы безі қатерлі ісігі кезіндегі сарғаю салдарынан нәжістің түсі: / ағарады / қара-қоңырланады / әдеттегідей / сарғаяды / ашық қызыл ! Ұйқы безі аймағының қатерлі ісігінің негізгі клиникалық белгісі – бұл: / механикалық сарғаю / дене қызулауы / жүдеулік / бел ауыруы / әлсіздік ! Жатыр мойны қатерлі ісігі гистологиялық құрылысы бойынша көбінесе... / жалпақ жасушалы / солидті / фиброзды / безді / өткелі жасушалы ! Өкпе қатерлі ісігі кезінде дауыстың өзгеруі ісік үрдісінің... таралуының белгісі. / оралма жүйкеге / көмей қабырғасына / көк ет жүйкесіне / дыбыс жалғамаларына / симпатикалық жүйкеге ! Горнер синдромы... қатерлі ісігіне тән белгі. / өкпе ұшының / көкірек аралықтың / оң өкпенің жоғарғы бөлігінің / өңеш / медиастиналды өкпе ! Трахеоэзофагеалді жыланкөзді анықтау үшін... тексеру қолданылады. / сұйық барий ерітіндісін ішкеннен кейінгі рентгенологиялық және бронхоскопиялық / сұйық барий ерітіндісін ішкеннен кейінгі рентгенологиялық / өңештің тыныс алу кезіндегі полирентгенографиялық / бронхоскопиялық / қою барий ерітіндісін ішкеннен кейінгі рентгенологиялық ! Асқазанның түбі мен күмбезі ісікпен зақымданған кезде бірінші кезекте оның... қызметі бұзылады. / қан жасау / резервуарлық / секреторлық / бактерицидтік / моторлы-эвакуаторлық ! Асқазанның пилороантралді бөлігі ісікпен зақымданған кезде бірінші кезекте оның... қызметі бұзылады. / моторлы-эвакуаторлық / резервуарлық / секреторлық / бактерицидтік / қан жасау ! Асқазанның дене бөлігі ісікпен зақымданған кезде бірінші кезекте оның... қызметі бұзылады. / резервуарлық / моторлы-эвакуаторлық / секреторлық / бактерицидтік / қан жасау ! Асқазанның... бөлігі ісікпен зақымданған кезде одан қан кетуі жиірек орын алады. / түбі, денесі, иіндері / кардиалді / шыға беріс / үлкен иіні / кіші иіні ! Остеогенді саркомаға тән рентгенологиялық белгі - бұл: / «күнқағар» белгісі, ине тәрізді периостит / теңбіл остеопороз (остеомиелит кезіндегідей) / сужение костного канала / пияз тәрізді суреті бар периостальді реакция / түтікті сүйектердің диафизарлық бөлігінің зақымдануы ! Сүт безі ұлпасының атрофиясы оның... түріне тән. / сауыт тәрізді / түйінді / ісінулі-инфильтративті / мастит тәрізді / барлық ! Аналық бездің қатерлі ісігі анықталған жағдайда қосымша... жасау көрсетілген. / жатырдаң қосалқыларымен бірге қынап үстілік ампутациясын / үлкен шарбының резекциясын / химиотерапия курсын / гормон терапиясын / өмір бойы диспансерлік бақылау ! Хориокарциноманы мезгілінен кеш анықтаудың негізгі себептерінің бірі – бұл... мән бермеу. / жатырдан алынған қырындыны гистологиялық жолмен тексеруге / иммунологиялық тексеруге / радиоиммунологиялық тексеруге / биологиялық тексеруге/ / аспиратты цитологиялық зерттеуге ! Юинг ісігі... жиі дамиды. / сүйек өзегінде / түтікті сүйектердің эпифизінде / түтікті сүйектердің метафизінде / үлкен түтікті сүйектердің диафизінде / майда түтікті сүйектерде ! ... Юинг саркомасына тән рентгенологиялық белгі. / сүйек өзегінің кеңеюі / сүйектің ісінуі, құрылымы өзгеруі, периосталды жамалулардың болмау / Кодмен күнқағары / сүйекті спикулалар / сүйектің жиектері тегіс емес ақаулары ! Бауыр қатерлі ісіктің I-II сатысында... радикальды операция саналады. / гемигепатэктомия / бауырдың сына тәрізді резекциясы / бауырдың сегментарлық резекциясы / ісікті сылып алып тастау / билиодигестивті анастомоз қалыптастыру ! Сүйектердің қатерлі ісіктері кезіндегі орган сақтаушы операцияларға... жатқызылады. / трансплантатпен ауыстырылған сегментарлық резекция / аяқ, қолдың ампутациясы / белдеу сүйектерінің экзартикуляциясы / сүйектің сына тәрізді резекциясы / сүйектің қабық астынан резекциясы ! Аяқ-қолдардың қатерлі ісігі кезінде жасалатын ампутация деңгейін таңдау... байланысты. / ісіктің орналасуына / ісіктің мөлшеріне / ісік үрдісіне жұмсақ ұлпалар мен тамырлардың қатысына / алда тұрған протездеу мақсатына / науқастың жалпы жағдайына ! Қатерлі ісіктің паренхимасын... құрайды. / ісік жасушалары / дәнекер ұлпасы / қан және лимфа тамырлары / строманың жүйкелік және жасушалық элементтері / май ұлпасы ! Халықаралық TNM жүйесі... жіктеу үшін қолданылады. / қатерлі ісіктерді / рабдомиомаларды / ісіктердің болжамы мен емін / ісік алды жағдайларын / қатерсіз ісіктерді ! Қатерлі ісіктердің Халықаралық жіктелуінің негізгі мақсаты - бұл: / клиникалық мәліметтер туралы біртұтас көзқарас қалыптастыру / қатерлі ісіктерді емдеу жолдарын унификациялау / клиникалық онкологияның даму жолдарын анықтауға ұмтылыс / науқасты емдеуге кететін қаржылық шығындар мөлшерін есептеу / қатерлі ісіктердің алдын-алу шараларын қарастыру ! TNM жіктелуіндегі "Т" символы... сипаттау үшін қабылданған. / алғашқы ісікті / аймақтық лимфа түйіндерін / алшақ мүшелерге метастаз беруін / ісіктің гистологиялық құрылысын / аурудың болжамын ! "М" символы... көрсету үшін қабылданған. / алшақ мүшелерде метастаз бар-жоғын / лимфа түйіндерінде метастаз бар-жоғын / пункцияланған лимфа түйіндерін / операция кезінде алып тасталған лимфа түйіндерін / ісіктің қатерлілігін ! Нефробластоманың II сатысына байланысты үйлестірілген ем алған науқаста аурудың қайта өрістеу және метастаз беру белгілері анықталмаған жағдайда... клиникалық топпен үйіне шығарылады. / III / I / IIа / II / IV ! TNM жіктеу жүйесіндегі цифрлар... көрсетеді. / ісік үрдісінің таралу дәрежесін / аурудың болжамын / аурудың немен аяқталатынын / алғашқы ісіктің орналасуын / ісік үрдісінің сатысы ! Асқазан эпителиінің дисплазиясын анықтау үшін... қолданылады. / цитологиялық, гистологиялық зерттеу / рентгенологиялық зерттеу / УДЗ / Компьютерлік томография / эндоскопия ! Асқазан жарасының малигнизацияланғанын дәлелдеу үшін... қолданылады. / эндоскопия және биопсия / УДЗ және КТ / Date: 2015-10-18; view: 583; Нарушение авторских прав |