Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Мемлекеттің салық салу жүйесініңқұрылу қағидасын және негізгі салықтың түрлерін көpceтіңіз





Салықтар дегеніміз мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде және мерзімде түсетін міндетті төлемдер болып табылады.
Салық салу қағидалары:
Салық салу механизмінің қызметі белгілі бір қағидаларға сүйеніп іске асырылады. Қазақстан Республикасының Салық Кодексі салық ісін мынадай қағидаларға негізделіп жүргізілуін талап етеді:
Салық салудың міндеттілік қағидасы бойынша салық төлеуші салық заңдарына сәйкес салықтық міндеттін толық көлемде және белгіленген мерзімде орындауға тиіс.
Салық салудың нақтылық қағидасы бойынша Қазақстан Республикасындағы бюджетке төленетін төлемдер мен салықтар нақты болу тиіс. Салық салу нақтылығы салық төлеушінің салық міндеттемелері туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібін салық заңдарында белгілеу мүмкіндігін білдіреді.
Салық салудың әділеттілік қағидасы бойынша Қазақстан Республикасында салық салу жалпыға бірдей және жалпыға міндетті болып табылады, жеке түрдегі салық жеңілдіктерін жасауға рұқсат етілмейді.
Салық салудың біртұтастылық қағидасы бойынша Қазақстан Республикасы аумағында жалпыға бірдей салық жүйесі қолданылады.
Салық заңдарының жариялылық қағидасы бойынша салықты реттеуші нормативтік құқықтық кесімдер ресми басылымдарда жарық көреді.
Төлем жасау, қабілетіне байланысты салықтар тікелей және жанама болып бөлінеді.
Тікелей салықтар төлем қабілеттігіне тікелей пропорционалды болады. Осыған жататындар:
Азаматтарға салынатын табыс салығы және корпарациялардың (фирмалардың) пайдасына салынатын салық;
Мүлік салығы осының ішінде меншікке (жерге, қозғалмайтын мүлікке) әлеуметтік сақтандыруға, жалақы қорына және жұмысшы күшіне (әлеуметтік жарнамалар деп аталатындар) салынатын салықтар пайданы шетелге аударған үшін салынатын салықтар;.
Жанама салықтар — бұл белгілі тауарлар мен қызметтерге салынатын салықтар. Жанама салықтар бағаға үстем жасалып алынады (мысалы акциздар). Бұлар жарым — жартылай немесе толық тауар қызметтер бағасына адарылады.
Жанама салқтардың негізгі түрлері:
Үстеме құнға салынған салық акциздер (тауар немесе қызметтердің бағасына қосылатын салықтар).
Мұрагерлік салық.
Жылжымайтын мүліктермен және құнды қағаздармен жасалатын келісімдерге салынатын салық және басқалар.

43. Жалақының формалары мен мәнін ашып көрсетіңіз.

Нарықтық экономика жағдайында жалақының мәні төмендегі аспектілерден құралады:
жалақы — еңбек нарығындағы жұмыс күшінің бағасы;
жұмыс күші бағасының материалдық, заттық көрінісі болып тұтыну заттарының бағалары (азық-түліктік және азық-түліктік емес тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, салықтардың және басқа төлемдердің бағалары); олар жұмыс күшінің ұдайы өндірісін, олардың физикалық және рухани қажеттіліктерін қамтамасыз етеді (жұмыс күшінің өзінің және оның асырауындағы адамдардың жұмыс қабілетін қалпына келтіреді);
жалақы еңбектің саны, сапасы және нәтижесіне байланысты;
жалақы ұжымдық еңбектің нәтижесіне де байланысты.Қазіргі кезде шаруашылықты жүргізуде жалақыны ұйымдастыру төмендегі қағидаларға сәйкес жүргізіледі:
еңбекке қарай бөлу қағидасы (еңбек ақыны, сыйлықтарды және т.б. уақтылы төлеу);
өндіріс тиімділігінің артуы негізінде еңбек ақының деңгейін,жағдайын көтеру;
еңбек ақыны еңбек нәтижесіне және шығындарына қарай төлеу;
жұмысшыларды еңбек тиімділігін арттыруға материалдық жағынан ынталандыру;
еңбек өнімділігінің өсу қарқыны жалақының өсуіне қарағанда артық болуы.
Әртүрлі меншік формасындағы кәсіпорындарда еңбек ақы төлеудің екі негізгі формасы кең таралған. Олар:кесімді - өнімнің әрбір бірлігіне, немесе жасалған жұмыстың көлеміне байланысты төленетін жалақы;
мерзімді – тариф жүйесінде көрсетілген календарлық емес, нормативтік жұмыс уақытына төленетін жалақы.
Кесімді жалақыны қолдану жағдайлары:


А) Жеке жұмысшының нақты еңбегіне тәуелді жұмыстың сандық көрсеткіштерінің бар болуы;

Б) Орындалған жұмыс көлемін дәл анықтау мүмкіндігінің бар болуы;

В) Нақты учаскедегі жұмысшылардың жұмыс көлемін немесе шығаратын өнім көлемін ұлғайту мүмкіндігінің бар болуы;

Г) Нақты өндіріс учаскесінде жұмыс көлемін немесе шығаратын өнім көлемін ұлғайту қажеттілігінің бар болуы;

Д) Еңбекті техникалық нормалау мүмкіндігінің бар болуы.

Мерзімді жалақыны қолдану жағдайлары:

А) Өнім шығару көлемін арттыру мүмкіндігінің болмауы;

Б) Өндіріс үдерісі қатаң шектелген;

В) Жұмысшының атқаратын қызметі тек технологиялық процесті бақылау ғана болғанда;

Г) Өндірістің конвейерлік және ағымдық типтері қолданылғанда;

Д) Өнім өндіру көлемін ұлғайту өнімнің сапасын кемітуге әсер еткен жағдайда.

44. Жұмыссыздық дегеніміз не? Жұмыссыздық түрлері және себептері. Жұмыссыздыққа қарсы пайдаланатын әдістер.
Жұмыссыздық – бұл жұмыс істегісі келетін еңбекке жарамды халықтың өндірісте жұмыспен қамтылмауы. Жұмыспен қамтылмау өндірістің тиімділігін арттыруы, сонымен бірге жұмысшы күшінің бір бөлігін жұмыстан босатуға мүмкіндік жасайтын немесе оның құрылымына, сапасына жаңа талаптар қоятын ғылыми – техникалық прогресстің салдары болуы мүмкін. Нарықтың экономикада жұмыссыздық дағдарыстар кезінде көбейеді. Нарық жоқ жағдайда жұмыссыздықтың көбею себебі мемлекеттің өндіргіш күштерді орналыстырудағы бұрыс құрылымдық саясаты болуы мүмкін.
Жұмыссыздықтың типтері:


1. Фрикциондық жұмыссыздық – еңбек нарығында жұмыссыздықтың қашан болмасын, адамдардың бір орыннан екінші орынға қозғалысымен және бір кәсіпорыннан екіншісіне ауысуымен байланысты белгілі бір дәрежесін сипаттайды. Фрикциондық жұмыссыздық мына жағдайлармен байланысты: бар вакансия туралы толық ақпарат болмағанда немесе осы ақпарат тым қымбат болғанда, жұмыскерлер мен бос жұмыс орындарының арасында әрдайым белгілі бір сәйкессіздік болады.

2. Құрылымдық жұмыссыздық – экономикадағы құрылымдық өзгерістердің нәтижесінде бос жұмыс орындары мен жұмыссыздардың арасындағы кәсіби-біліктілік пен аумақтық сәйкессіздік құрылымдық жұмыссыздықтың себебі болады. Олар: жаңа технологиялар, жаңа тауарлардың пайда болуы. Осының нәтижесінде жұмыс күшінің кәсіби-біліктілік құрылымында өзгерістер орын алып отырады. Экономиканың бір секторынан құрылымдық өзгерістердің нәтижесінде жұмыстан айрылған жұмыскерлер басқа саладағы бос жұмыс орындарына орналаса алмаған жағдайда құрылымдық жұмыссыздық орын алады.

3. Маусымдық жұмыссыздық — өндірістің кейбір салаларындағы өндіріс көлемінің маусымдық ауытқуымен байланысты болады: ауыл шаруашылығы, құрылыс және т.с.с. Бұларда жыл бойында еңбекке сұраныс елеулі өзгеріп отырады.

4. Циклдық жұмыссыздық. Мұның негізін экономикалық құлдырау мен экономиканың бір секторындағы немесе аймақтағы жұмыс күшінің артуы басқа жерде оның жеткіліксіз болуымен қатар жүреді. Ол экономикалы коньюктураның өзгеруімен анықталады. Ол циклдық өрлеу кезінде азайып, дағдарыстар кезінде көбейіп отырады.


Жұмыссыздық негізгі себептері:

Неоклассикалық теория. Жұмысшылардың табыспен келіспеуі, төмен жалақымен жұмыс істеуден бас тарту.

Кейнтік теория. Жұмысбастылық жиынтық ұсынысқа, тұтыну бейімділігіне және инвестициялар көлеміне байланысты.

Маркстік теория. Қорланған капиталдың қажетті нәтижесінде, жанды еңбекте машина мен жабдықтарға қарағанда аз өседі.

 

45. «Несие» экономикалық категориясына талдау жасаңыз. Несиенің қағидалары мен қызметі қандай.

Несие (лат. creditum — несие, credo — сенемін, сенім білдіремін), несие белгілі-бір мерзім бойы пайдаланып, қайтарылу үшін әдетте, пайыз төлеу шартымен ақшалай немесе тауар түрінде берілетін қарыз. Оның қозғалысы кезінде несиелер мен қарызгер арасында белгілі бір экономикалық қатынастар қалыптасады.
Несиенің берілу процесі — бұл қоғамдағы экономикалық өзара байланыстарды алып жатқан күрделі құбылыстарды білдіреді. Сондықтан да, несиенің экономикалық категория ретіндегі мәнін тереңдей ұғыну несиелеудің негізгі қағидаларын анықтап білмейінше жеткіліксіз болып саналады. Несиелеуді ұйымдастыру негізі мынадай қағидаларға сүйенеді:

несиенің мақсаттылығы;

несиенің мерзімділігі немесе қайтарымдылығы;

несиенің ақылылығы;

несиенің қамтамасыз етілуі;

несиенің сый ақылылығы.

Жалпы несие экономикалық категория ретінде төмендегідей қызметтерді атқарады:

қайта бөлу;

айналыс шығындарын үнемдеу;

айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру;

капиталдың шоғырлануын жеделдету;

ғылыми-техникалық прогресті жеделдету.

Несиенің қайта бөлу қызметі, кез келген елдің ұлттық экономикасының толыққанды жұмыс жасауына өз үлесін қосады. Несиенің бұл қызметінін, көмегімен экономикалық жүйенің бір саласынан екінші бір саласына капитал ағымы болады. Несиенің бұл қызметінің, қаржының қайта бөлу қызметінен айырмашылығы қаржының бөлінуі әкімшілік негізде жүргізілсе, ал салалар мен аймақтар арасындағы капитал ағымы несие арқылы, яғни ол нарыктық механизм негізінде жүзеге асырылады.
Несиенің айналыс шығындарын үнемдеу қызметінің іс жүзіне асуы несиенің экономикалық мәнінен туындайды. Шаруашылық субъектілеріндегі ақшалай қаражатгардың түсуі мен жұмсалуы арасындағы уақытша болатын алшақтық кей жағдайларда қаржылай ресурстарға деген қажеттілікті туындатады. Міне, сондықтан да мұндай жағдайларда қарыз алушылардың барлық категориялары өздерінің меншікті қаражатқа деген жетіспеушіліктің орнын толтыру үшін несиені пайдаланады.
Ал, келесі қызметі, яғни несиенің айналыстагы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыруы. Қазіргі несиелік шаруашылықта мұндай орын алмастыруға толық мүмкіндік бар. Бұл қызметтің іске асу үдерісінде тек қана тауар айналысын емес, сондай-ақ нақты ақшалардың уақытша орнын ауыстыра отырып, ақша айналысын да жылдамдатады. Несиенің бұл қызметі несиелік ақшалар: чектер, вексельдер, несйелік карточкалар көмегімен жүзеге асырылады. Несиенін, бұл қызметі арқылы ақша айналысының жылдамдығы мен қатар, айналыстағы ақша массасына жене телем айналымына да ықпал етеді.
Капиталдың шоғырлану процесі қызметі экономиканың тұрақты дамуына жағдай жасау үшін маңызды болып табылады. Мұндай міндеттерді шешуде несиенің бұл қызметі өндірістің ауқымын ұлғайта отырып, пайда алуға мүмкіндік береді.







Date: 2015-10-22; view: 1078; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.01 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию