Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Техника және басқа өндіріс құралдарын пайдалануды ұйымдастыру

1) Шаруашылықтың тракторлар және басқа да ауылшаруашылық машиналарына қажеттілігін анықтау.

2) Шаруашылық ішкі көлікті ұйымдастыру.

3) Мұнай өнімдері және электр шаруашылығын ұйымдастыру.

4) Машиналарға техникалық қызмет көрсету және жөндеуді ұйымдастыру.

5) Техника және басқа өндіріс құралдарын пайдалану тиімділігін арттыру резервтері және көрсеткіштері.

Тракторлар және басқа ауыл шаруашылық машиналары кәсіпорынның табиғи-өндіріс жағдайына, мамандануы мен салалар үйлесімділігіне сәйкес келуі қажет. Тек қана осы жағдайда техниканы толықтай жыл бойы жүктеуге, жұмыстың өнімділігін арттырып және өзіндік құнын азайтуға болады.

МТП-ның көлемі мен құрылымын негіздегенде табиғи-өндірістік жағдайды, салалар даму болашағын талдайды, техникаларды пайдалану деңгейіне әсер ететін факторларды (топырақтың өңдеуге кедергілігі, танаптың ұзындығы мен ені, танаптардың көлемі, алқаптың бедері, метереологиялық жағдай және т.б.).

Шаруашылықтың техникаға қажеттілігін дақылдарды өсіру және жинау технологиялық картасы негізінде, машина-тракторлық агрегаттардың әртүрлі процесстерді орындаудағы салыстырмалы экономикалық бағалау, механикаландырылған жұмыстың жиынтық жоспары, календарлық жыл бойына машиналарды пайдалану жоспар-графигі негізінде анықтайды.

Технологиялық картаны әрбір дақылға және аяқталмаған өндіріске жасайды. Олар жалпы процесстерді жақсы ұйымдастыруға, экономикалық тиімді агрегаттарды таңдап алуға, еңбек шығыны және оны орындауға кеткен шығынды күрт азайтуға жағдай жасайды.

Дақылды өсіру және жинау технологиялық картасы мынаны қарастырады: топырақты өңдеуден бастап өнімді жинаумен аяқталатын толық жұмыс тізбегін; олардың түрлерінің көлемін; календарлық уақыты мен жұмыс атқару күндерінің саны; агрегаттардың құрамы, сменадағы оның өнімділігі; жеке процесстерді жүргізуге және жалпы дақыл бойынша еңбек және энергетикалық құрал-жабдықтардың тура шығыны болып табылады.

Картаны шаруашылықтағы техниканың бар және нақты әкелу жоспары негізінде жасалады. Бұнда техниканы максималды жүктелуін қарастырады, өйткені негізгі жұмыстар жақсы уақыттарда орындалуы тиіс. Қауырт жыл кезеңінде (көктемгі егіс, өнімді жинау, жер жырту) МТП-ны екі немесе ұзартылған бір сменада пайдалану қажет.

Жұмыс түрінің көлемін, олардың календарлық уақытын егіс көлемдерінің жоспарына, өнімділікке, жалпы шығымдылыққа және көзделген агротехникаға байланысты анықтаймыз. Уақытты созу шығымдылыққа кері әсерін тигізеді, ал жұмыс күндерін неғұрлым қысқарту техниканың қажеттілігін арттырады, негізделмеген қосымша шығынға әкеліп соғады.

Жұмыстың әрбір түрін орындау үшін неғұрлым тиімді машиналар мен құралдарды таңдап алады. Машина-тракторлық агрегаттарды пайдаланудың салыстырмалы-экономикалық тиімділігін анықтау көрсеткіштері: сменадағы немесе 1 сағат жұмыс уақытындағы өнімділік, га; 1 га шаққандағы еңбек шығыны, адам-сағат; 1га-да істелген жұмыстың өзіндік құны.


<== предыдущая | следующая ==>
Комментарий юридического отдела Центра Госсанэпиднадзора | Мастурбация у женщин

Date: 2015-10-21; view: 448; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию