Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Түрлі –түсті доптар» жаттығуы
Мақсаты: оқушылардың есту арқылы есте сақтауын дамыту Қағаз бетіне екі кішкентай қызыл және жасыл доп, қызыл доп пен жасыл доптың ортасына үлкен көк доп сал, ал жасыл доптың жанына кішкентай сары доп сал.
«Мен басқаның көзімен» Ортаға бір оқушыдан кезекпен шығып,қалған қатысушылар ол жайлы қандай ой- пікірде екенін айтады. Оқушы өзін басқаның көзімен қандай адам екенін анықтайды.
«Атомдар мен молекулалар» Әр қатысушы- жеке атомдар.Жүргізушінің айтуы бойынша атомдар қозғалысқа түседі, бір-бірімен жеңіл қақтығысқа түседі. Жүргізуші қанша атомның қосындысынан молекула құралатынын айтады, сол кезде сол санға сай бірігіп тұра қалу керек. Молекула құрамына кірмей қалғандар ойыннан шығады.
Афирмациялар «Ол жасаған іс менің де қолымнан келеді»,«Мен жетістіктің адамымын»,«Менің жағдайым күннен –күнге жақсаруда»
Таңғажайып дорба» ойыны Дорбада бірнеше жеміс, көкөніс бөліктері бар.Бала көзі жабылып, дорбадағы заттың дәмін татып, оның қай жеміс екенін,дәмі, исі, формасы, түсі жайында ажырата баяндайды.
Мен қандай адаммын? Әр қатысушы өзінің жағымды, жағымсыз қасиеттерін айтады. Сол бойынша қорытынды жүргізіледі. Менің қиыншылықтарым Қатысушылар бастарынан өткен қиыншылықтарды естеріне түсіріп, ортаға салады, өзгелермен ой бөліседі.
Састық шегі Қатысушылар жұптасып отырады. Жұбына қарап, ұқсастықты тауып жазады.Ұқсастығын оқып, ой бөліседі
Сиқырлы сөздер» ойыны Мұғалім кез-келген өтінішті айтады, ал оқушы оны әдепті түрде айтуы керек. Мысалы: Айнаш, дәптерді бер. «Айнаш, өтінемін дәптерді берші» Ізеттілік туралы ертегі тыңдау
Ең жақсы» ойыны Қатысушылар екі топқа бөлінеді. Әр топқа мынадай нұсқау беріледі.Берілген мінездеме қай мамандыққа сай екендігін айту қажет. Ең ақшалы, ең жасыл, ең тәтті, ең күлкілі, ең ұсқынсыз, ең қарым-қатынасы күшті, ең жауапты, ең салмақты Ассосация «Жанұя» Психолог допты лақтыру арқылы ата-анаға сұрақ қояды, олар жауап береді.
Date: 2015-10-21; view: 1862; Нарушение авторских прав |