Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Туризм дамуының болжамы және артықшылық бағыттары





Сұлу табиғатымен ерекшеленетін Қазақстан үшін туризмды дамыту тиімді қызмет саласы болмақ. Ертеден қалыптасқан пікір бойынша, көп оқулықтарда Қазақстан Республикасының туристік ресурстары туралы ештеңе жазылмаған, соларды оқып, бұл қателікті түзету керек деген ой туындайды. Ол үшін біз өзінің сапасымен, өзектілігімен ерекшеленетін жаңа туристік өнім ұсынуымыз керек. Сол турөнім арқылы басқа мемлекеттерде Қазақстан жайлы мәліметтер пайда болар деген ойдамын. Еліміздегі туризмның болашағы зор.

Қазақстанның бизнес-туризм сегментінде белгілі бір болашағы бар. Бұл ең алдымен Астана, Алматы, Атырау қалалары. Себебі елдегі саяси жағдай мен табиғи шикізат-ресурстары Қазақстанға бизнес және халықаралық конференцияларға қатысу мәселелері бойынша келушілер бизнес туристер санын көбейтеді деген болжам жасауға мүмкіндік береді. Бұл қалалардың инфрақұрылымы негізінен халықаралық стандарттарға келеді. Алматы қаласы ертеден қалыптасқандықтан, республика үшін стратегиялық қақпа деп айтуға болады. Әртүрлі жиындар өткізуге қолайлы ғимараттарынан және қонақ үйлерінен басқа, қалада ойын-сауық құру үшін барлық жағдайлар жасалған. Сонымен қатар қала маңында тамаша рекреациялық аймақтар орналасқан. Ел ордасы Астана да осындай стратегиялық аймақ. Жаңадан салынып жатқан,жас астанамыз адамдардың күннен-күнге қызығушылығын арттыруда, бұл қалада халықаралық және ішкі туризмді дамытуға мүмкіндік беретін болады.

Туризм индустриясының маңызды бір саласы- көлік. Туристерді қазақстанға алып келуде авиа қатынас басты рөл атқарады. Сондықтан, рынокта авиа тасымалдаушының жағдайын күшейту және дамыту маңызды мәселе болып табылады.

Туристік жағынан дамыған көпшілік елдерде туризмнен түскен жалпы табыстың 30-дан 50-ге дейінгі пайызын ішкі туристік рынок құрайды. Бұл ретте Қазақстанның болашағы зор. Сонымен бір мезгілде, қазіргі кезде еліміздегі ішкі туризм дұрыс ұйымдастырылмаған. Аздаған курорттар, санаторийлер және туристік базалар ғана жұмыс істеуде. Туризмнің осы түрін дамытуға тиісті көңіл бөлінбей отырғандықтан, мемлекеттің бюджеті қыруар соманы ала алмауда, мәдени-тарихи ескерткіштердің көбіне әлі де болса назар аударылмауда.

Болашақта ұлттық туристік өнім және оны дамытудың әлеуетіне сәйкес маркетинг стратегиясын әзірлеу қажеттілігі бар.

Маркетинг стратегиясын іске асыру мақсатында мемлекет мынадай міндеттер белгілеп отыр:

-Сапалы туристік қызмет көрсетуді ұсынатын туристік орталық ретінде Қазақстан туралы туристер жіберілетін негізгі елдерде жағымды пікір қалыптастыру;

-Қазақстанды ерекшелейтін сипаттамаларға және артықшылықтарға негізделген маркетингтік іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру;

-Қосымша мүмкіндіктер бере отырып, төлем қабілеті жоғары деңгейдегі туристерді тарту;

-Жеке сектордың маркетингтік жұмысына қолдау көрсету;

-Германия,АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Ресей, Қытай, Жапония және тағы басқа туристер ағынының дәстүрлі рыноктарына ұлттық туристік өнімнің енгізілуін күшейту;

-Рыноктың жаңа сегменттерін айқындауға бағытталған зерттеулер жүргізу;

-Ел аумағында орналасқан көрнекті туристік орындар мен объектілердің бүкіл ауқымын әлемдік рынокқа жылжыту;

-Ғылыми негізделген өткізу әлеуетін ескере отырып, республика аумақтарына туристік ағынның теңдестіре бөлінуін қамтамасыз ету;

-Жыл ішінде туристік инфрақұрылымның бірқалыпты жүктемесін қамтамасыз етуге бағытталған маркетингтік және бағалық тәсілдерді қолдану арқылы туризмнің маусымдық жылжытылуын күшейту;

-Ұлттық туристік өнімді жылжытудың жаңа ақпараттық технологияларын пайдалану;

-Туризмді дамытудың тұрақты сипатын насихаттау қажет.

Қазақстандық туризм болашағының әлеуеті өте зор, оған жету үшін елдің туристік ұсынысын, өнімін, бейнесін қалыптастыру керек. Себебі болашағы жарқын болу үшін, Қазақстан туристік бағыт ретінде әлемге әйгілі болуы керек.

Жерлері Ұлы Жібек жолының учаскесінде сан алуан тарихи оқиғалардың ғасырлар бойы куәгері ретінде Қытай мен Еуропаны жалғастырып жатқандығына қарамастан, Қазақстан жайлы білетіндер шамалы.

Қазақстанның тартымды туристік беделін құру тиісті кең ауқымды шаралар кешенін әзірлеуді талап етеді. Беделді көтерудің негізгі іс-шаралары Қазақстанның туристік фирмалары мен агенттіктерінің халықаралық туристік көрмелерге, жәрмеңкелер мен конференцияларға, оның ішінде ДТҰ тарапынан өткізілетіндеріне қатысуы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында осыған ұқсас іс-шаралар ұйымдастыру болуға тиіс. Қазақстанды Еуразияның қоғамдық және мәдени құбылыстар орталығына айналдыруға ықпал ететін конгрестік туризмдідамытудың маңызы зор

Туризмдегі халықаралық ынтымақтастық ЮНЕСКО және ДТҰ – ның Ұлы Жібек жолына байланысты жобаларын әзірлеу мен іске асыруға қатысу, шет мемлекеттермен екіжақты және көпжақты келісімдер жасасу арқылы жүзеге асырылады.

Елдің туристік беделін қалыптастыруда республика аймақтарында және шет елдерде туристік ақпараттық орталықтарды ұйымдастыру да маңызды рөл атқарады. Туристік ұйымдар мен Қазақстан Республикасының шет елдердегі дипломатиялық өкілдерінің өзара бірлескен іс-қимыл жасау тәжірибесін пайдалануға лайықты назар аудару керек. Елдің туристік әлеуетін жарнамалауда ұлттық авиатасымалдаушы мен басқа да көлік кәсіпорындары пәрменді көмек көрсете алады.

Шетелде Қазақстан туралы сапасы жоғары полиграфиялық және аудиобейне жарнама материалдарын шығару мен белсенді түрде тарату қажет.

Қазақстанға туристерді тартуға өлкетану жарияланымдары, жарнама-баспа қызмет, оның ішінде туристік фирмалар мен қонақ үйлердің жарнама-баспа қызметі өз ықпалын тигізеді. Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануға, оның ішінде Интернет жүйесінде Қазақстанның туристік фирмаларының WEB –сайттарын құруға айрықша мән беру қажет.

Туристік ағынды жөнелтуші елдердің туристік агенттіктері мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріңе арнап Қазақстан бойынша танысу саяхаттарын ұйымдастырудың тиімділігі мол болады.

Қолайлы туристік беделді құруға Қазақстанда халықаралық дәрежеде әртүрлі мәдени, спорттық және туристік іс – шаралар өткізу ықпал етеді.

Қазақстанның туритік беделін калыптастыруда есепке алудың компьютерлендірген бірыңғай жүйесін іске қоса отырып, республика аумағына шетелдік азаматтардың кіруі, шығуы мен болуы тәртібін, визалық және кедендік рәсімдерді оңайлатудың зор мәні бар.

Сондай-ак, қонақжай республика беделін жасауға туристер жиі болатын орындарда қазақша, орысша мәтіндеріне латын транскрипциясымен қоса берілген ақпараттық тоблолар мен жазбалардың жасалуы мен орнатылу өз септігін тигізеді.

Елде халықаралық туризмді одан әрі дамытуды ынталандыру, мемлеенттің туристік әлеуетінің әлемдік туристік рыноктағы тұсаукесерін өткізу жөніндегі жұмысты күшейту Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 26 қазандағы № 1604 қаулысымен бекітілген Қазақстанның туристік беделін қалыптастыру жөніндегі 2000 – 2003 жылдарға арналған іс – шаралар жоспарына іске асыруды қамтиды.

Оған Қазақстанға туристер тарту жөніндегі көпжақты қызмет және халықаралық туристік рынок жүйесіндегі елді интеграциялау кіреді.

Туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Қауіпсіздік туризмді дамытуға, ең алдымен келушілер ағынын көбейтуге немесе азайтуға әсер ететін басты фактор.

Туристің қауіпсіздігі мемлекет саясатына, турфирмалар қабылдайтын шараларға, сондай-ақ туристің жеке басының іс-әрекетіне тікелей байланысты. Тұтынушыға туристік сапар барысында қорғау мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде ақпарат беру оған қауіпсіздікті басқа да тауарлар мен қызмет көрсетулермен бірге қауіпсіздік пен сапа, баға тұрғысынан алып қарағанда, маңызды элемент болып саналатын және салыстыруға тұрарлық туристік өнімнің ажырамас бөлігі ретінде ұғынуға көмектеседі.

БТҰ сарапшыларының болжамы бойынша, туризмның әлемдік индустриясы саяхаттар көлемі мен экскурсиялардың әрдайым арту кезеңіне енуде. Осымен қатар туристік өнімдерді қолданатын, ол жайлы жақсы хабардар тұтынушылыр көбеюде. Қазіргі заман туристері өз назарын ұсынылған туристік өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне аударады. Туристік өнімнің айтылған соңғы қасиеті өте өзекті, себебі туризм өте жақсы дамып, тіпті «ғарыштық турист» ұғымы пайда болғанмен де, әлемде әлі күнге дейін қарақшылық мәселесі бар. Бұған дәлел, 1999 жылы қарақшылардың 285 шабуылы тіркелді, бұл көрсеткіш 1998 жылдан (202 оқиға) 40 % және сегіз жыл бұрынғы көрсеткіштен үш есе артық (1991 жылы 107 оқиға). Әлемдік теңіз бюросының жыл сайын берілетін баяндамасында, ең қауіпті аймақ ретінде Оңтүстік-Батыс Азия, әсіресе Индонезия және Бангладеш бойындағы сулар аталады.

Сарапшылардың болашаққа болжамына келетін болсақ, атап өтетін мәселе, бұл әлемдік туристік нарықтың дамуы жаңа енгізілген ақпараттық технологиялармен анықталады.

Әлемде тағы бір атап өтетін мәселе

 

 

Date: 2015-09-24; view: 688; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию