Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Syllabus

Химия кафедрасы

 

СИЛЛАБУС

Пән Химияны оқыту әдістемесі (3 кредит)

Мамандық 5В011200 - химия

Курс 3

Оқытушы п.ғ.к., доцент Имангалиева Б.С.

2015-2016 оқу жылы

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті

Syllabus

Пән Химияны оқыту әдістемесі (3 кредит)

сабақ өткізілетін орын ауд. уақыты апта күндері оқытушы байл. тел email
Ә. Молдағұлова, №34 №817 830-920 сейсенбі Имангалиева Б.С. [email protected]
Ә. Молдағұлова, №34 №817 830-920 сәрсенбі Имангалиева Б.С. [email protected]
Ә. Молдағұлова, №34 №817 1030-1230 сенбі Имангалиева Б.С. [email protected]

КУРСТЫҢ ҚЫСҚАША СИПАТЫ:

Химияны оқыту әдістемесі курсы болашақ химия мұғалімінің кәсіби даярлығын бекітеді, сақтайды.

Лекция курсының негізгі міндеті – маңызды әдістемелік білім жүйесін жалпыланған түрде беру, студенттерді оларды нақтылау әдістерімен қаруландыру, әр түрлі ақпарат көздерімен жұмыс жүргізу үрдісінде өз бетінше білімін толықтыру дағдысына үйрету.

Химияны оқыту әдістемесі курсы бағдарламасы педагогика ғылымының практикасының жетістіктеріне сәйкес, мектепте химия мен педагогикадан даярлауды ескере отырып құрастырылған.

Мектепте білім берудің мақсатының, ғылым мен практиканың жетістіктерінің өзгеруіне, жоғарғы оқу орындарында оқу-тәрбие үрдісінің жетілдіруіне байланысты химияны оқыту әдістемесі курсы бұрынғымен салыстырғанда біраз жаңаланып, жетілдірілді.

Бұл өзгерістер курстың идеялық әдіснамалық қырының басымырақ болуынан оның мазмұнының ғылыми-теориялық деңгейінің өсуімен, пән іші және пән аралық байланысының көбеюіне,ғылымның мектеп бағдарламасына қарағанда басымдылық функциясының білінуінен көрініс тапты.

Оқушылардың өз бетінше білімдерін толықтыру қабілетін қалыптастыруға қойылатын талаптар күшеюіне сәйкес лекция курсын жоспарлаған кезде студенттердің өзіндік жұмыс түрлерін енгізу қажет,оған шығармашылық элементтерінде кіргізу керек.

Химияны оқыту әдістемесі пәні химия ғылымының барлық салаларының, атап айтқанда,бейорганикалық,органикалық,физикалық,коллоидтық химия және химия-лық технология курстары негізінде психология, педагогика, экология ғылымдарымен тығыз байланыста оқытылады.

КУРСТЫҢ МАҚСАТЫ:

Химияны оқыту әдістемесі пәнінен теориялық және әдістемелік білімдер мен біліктердің жүйесімен қаруландыру, оқыту әдістемесінің жалпы және жеке әдістерін, оқушылардың білімін бақылаудың және есепке алудың әр түрін, химия пәнінен сабақтың конспектісін құра білуін, сабаққа талдау жасай алуын меңгерту.

КУРС ПРЕРЕКВИЗИТІ:

Мектеп курсының химия пәндері,бейорганикалық химия,органикалық химия,аналитикалық химия.

КУРС ПОСТРЕКВИЗИТІ:

Физикалық химия, химиялық технология, биохимия.

ОҚЫТУ ӘДІСІ:

Бұл курс дәстүрлі дәріс, интербелсенді дәріс сабағы әдісін пайдалану арқылы беріледі. Студенттерге аудиториядағы талқылауға белсенді қатысып, бір-бірінен үйреніп және топтың пікірінен өзіне пайдалы пікірлерді алу ұсынылады.

Аудиториялық сабақ дәріс, материалды талқылау, әр түрлі тапсырмалар мен жаттығуларды орындау, есептер шығаруды қамтиды. Студент әр сабаққа негізгі және қосымша әдебиеттер бойынша дайындалуы тиіс.

Әр дәрісте негізгі ұғымдар мен анықтамалар ұсынылып, түсіндіріледі. Сабаққа қатысу мен аталған түсініктерді конспект түрінде жазып отыру әр студентке міндетті. Лабораториялық сабақтарда студенттер тақырып бойынша берілген зертханалық тәжірибелерді жасап, оларды қорытындылап, қорғауға міндетті. Лаборатория сабақтарында студенттерге өзіндік жұмыс тақырыптары мен тапсырмалары ұсынылады. Жеке тапсырмалар ОСӨЖ уақытында қабылданады.

Егер студентке өткен материалдар бойынша сұрақ туындаса, оқытушыдан көмек сұрауына болады.

БІЛІМДІ БАҒАЛАУ:

Ағымдық бақылау: курс барысында бағалау стратегиясы ретінде келесідей бағалау әдістері қолданылады: жазбаша бақылау жұмысы, үй тапсырмасы (тәжірибелердің реакция теңдеулерін құрастыру, лабораториялық жұмысты қорытындалау, жазбаша тапсырмалар т.с.с.), ауызша сұрау, тест тапсырмалары мәнжазба т.с.с.

Аралық бақылау (бақылау жұмысы): бақылау жұмысы курста өткен бөлімдер бойынша теориялық және практикалық (сұрақтарға жазбаша жауап беру, есептер шығару) тапсырмаларды қамтып, меңгерген тақырыптар бойынша студенттердің білімін бағалауға мүмкіндік береді.

Жеке өзіндік жұмыс: курс тақырыптары бойынша жеке тапсырмаларды орындау және есептерді шығару ескеріледі.

Үй тапсырмасы: Ү й тапсырмаларын студенттер міндетті түрде дайындайды және ОСӨЖ сабақтарында кесте бойынша тапсырады. Белгіленген уақыт мерзімінен кейін тапсырылған үй тапсырмаларына баға төмендетіледі.

Коллоквиум: өткен материал бойынша семестрде екі рет студенттен ауызша жауап алу түрінде жүргізіледі. Коллоквиум сұрақтары студенттерге алдын-ала беріледі.

Мәнжазба: оқу бағдарламасына сәйкес және анықталған тақырып бойынша дайындалады, бағалау кезінде тақырыптың мазмұнының ашылуы, ғылыми әдебиеттердің пайдаланылуы, баяндалу стилі, көрнекі құралдардың пайдаланылуы, негізгі әдебиеттерді меңгеру жағдайы ескеріледі.

Аралық бақылау тесттері: өткен материалдар бойынша 10 және одан жоғары тапсырмаларды қамтитын тесттер. Тест семестрде екі рет 6 және 14 апталарда өткізіледі.

Қорытынды емтихан: қорытынды емтихан семестр соңында өткізіледі. Емтихан қабылданатын күн деканаттың емтихан кестесінде көрсетіледі. Емтихан жазбаша тестілеу нысанында жүргізіледі. Тесттер курс бағдарламасының барлық бөлімдері бойынша тапсырмаларды қамтиды. Емтихан уақытында дәріс көшірмелерін, кітаптарды, әртүрлі жазбаларды пайдалануға тыйым салынады. Баға төмен болған жағдайда, оны көтеру үшін, қосымша тапсырмалар берілмейді. Емтиханның өткізілу тәртібін сақтамаған студент, емтиханды тапсырудан босатылып, емтиханды тапсырмаған ретінде есептелінеді.

Қорытынды баға: семестр соңында студенттер барлық пәндер бойынша 100 балл (40 %) көлемінде есептелінетін емтихан тапсырады.

МОДУЛЬ БОЙЫНША ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

№ р/с Модульдың атауы Лекция (сағ) Практикалық (семинар) сабақ (сағ) Лаборат. сабақ (сағ) СӨЖ (сағ)
  Химияны оқу теориясы мен әдістемесінің ғылыми және оқу пәні. Оқытудың принциптері.        
  Химияны оқытудың мақсаттары мен міндеттері.Ғылыми көзқарас қалыптастыру міндеттері.        
  Орта мектептегі химия курcының мазмұны мен құрылысы. Химия оқыту әдістері.Әдістердің жіктелуі.        
  Эксперимент есептерін шығарту әдістері.Сан есептерін шығарту әдістемесі.        
  Химияның тілі-оқыту құралы. Оқушылардың білімін және білігін тексеру.        
  Химияның алғашқы ұғымдарын қалыптастыру.Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары туралы ұғымдардың қалыптасуы.        
  Химиялық реакция туралы ұғымның дамуы.Атом-молекулалық ілім, электрондық көзқарас және иондық теория тұрғысынан химиялық реакция ұғымының дамуы.        
  Ерітінділерді және электролиттік диссоциациялану теориясының негіздерін оқыту әдістемесі. Химиялық элементтерді және олардың қосылыстарын оқып-үйрену        
  Органикалық заттарды оқып-үйрену әдістемесі.        
  Химиядан алған білімді қорытындылау. Қорытындылау сабақтарын өткізу әдістемесі.        
Барлығы        

ЛЕКЦИЯ ТАҚЫРЫПТАРЫ:

Апта   сағаты
  1- модуль  
  Химияны оқу теориясы мен әдістемесінің ғылыми және оқу пәні. Оқытудың принциптері.  
  Химияны оқытудың мақсаттары мен міндеттері.Ғылыми көзқарас қалыптастыру міндеттері.  
  Орта мектептегі химия курcының мазмұны мен құрылысы. Химия оқыту әдістері.Әдістердің жіктелуі.  
  Эксперимент есептерін шығарту әдістері.Сан есептерін шығарту әдістемесі.  
  Химияның тілі-оқыту құралы. Оқушылардың білімін және білігін тексеру.  
  2-модуль  
  Химияның алғашқы ұғымдарын қалыптастыру.Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары туралы ұғымдардың қалыптасуы.  
  Химиялық реакция туралы ұғымның дамуы.Атом-молекулалық ілім, электрондық көзқарас және иондық теория тұрғысынан химиялық реакция ұғымының дамуы.  
  Ерітінділерді және электролиттік диссоциациялану теориясының негіздерін оқыту әдістемесі. Химиялық элементтерді және олардың қосылыстарын оқып-үйрену  
  Органикалық заттарды оқып-үйрену әдістемесі.  
  Химиядан алған білімді қорытындылау. Қорытындылау сабақтарын өткізу әдістемесі.  

Зертханалық сабақ

Апта Лабораториялық сабақтың тақырыптары сағаты
1- модуль
  Қауіпсіздік ережесімен,зертханамен таныстыру.Негіздік мыс (II) карбонатының айрылуы.  
  Оттектің алынуы, қасиеттері.  
  Сутектің алынуы және қасиеттері.  
  Галогендер тақырыбының мазмұны мен әдістемесі.  
  Ерітінділер, концентрациялары.  
2- модуль
  Қышқылдардың металдарға қатысы.  
  Аммиакты алу және олармен тәжірибелер жасау.  
  Тұздар гидролизі.  
  Сутектің мыс оксидімен әрекеттесуі  
  Сілтілердің қышқылдармен әрекеттесуі (бейтараптану реакциясы)  
Барлығы  

СӨЖ тапсырмалары

Бақылау жұмысы

Нұсқа 1

№1 тапсырма

«Атом» және «молекула» сөздерін қажетті септікте пайдаланып төмендегі сөйлемдерді аяқтаңыздар
1) А) Су...құрамына оттек және сутек...кіреді.
2) Б) Ауаның құрамында азот және оттек...бар.
3) В) Хлордың...массасы, оның...массасынан екі есе ауыр
4) Г) Адам және жануарлар тыныс алғанда оттек...пайдаланылады.
5) Д) Қатты қыздырғанда су...сутек пен оттек...ыдырайды.

№2 тапсырма

Мыналарды жай және күрделі заттарға бөліп жазыңыздар: а) су; ә) сынап;

б) оттек; в) қант г) темір; д) ас тұзы; е) көмірқышқыл газы.

№3 тапсырма

Мына құбылыстарға қатысатын заттарды атап, оның молекула немесе атом түрінде болатындығын түсіндіріңіздер: а) жаңбыр жауды; ә) жел соқты; б) сынап буланды; в) көмір тұтанды г) темір таттанды.

Нұсқа 2

1)Атомды құрайтын бөлшек?
А)ядро
б)молекула
в)электрон, протон, нейтрон


2)Су молекуласы құрамы неден тұрады?
А) үш атомнан
б)екі атомнан
в)бір атомнан


3)Денелер неден құралады?
А)заттан
б)молекуладан
в)атомнан


4)Молекулалар өзгеріске ұшырап бұзылады?
А)физикалық құбылыс
б)химиялық құбылыс
5)Атом-молекулалық ілімді дамытып және тұңғыш рет оны химияға қолданған орыс ғалымы?
А)Д. В. Менделеев
б)М. В. Ломоносов
в)Д. Дальтон

 

Нұсқа 3

1.

 

Тест тапсырмалары

Нұсқа 1

1.«Зат» немесе «дене» терминін қойып жазыңыздар

А)______қалыпты жағдайда өзіне тән пішіні мен көлемі бар;

В)______әр түрлі агрегаттық күйде бола алады;

С)______электр өткізгіштік қасиетке ие болады;

2.Заттар нешеге бөлінеді?

А)5

В)3

С)2

3.Ұғымдарды қалыптастыруды неше кезеңге бөлеміз?

А)5

В)4

С)2

4.Денені құраушылар?

А)атом

В)молекула

С)зат

5.Заттардың физикалық құбылыс кезінде өзгеріске ұшырау қасиеті?

А)химиялық қасиеті

В)физикалық қасиеті

С)тығыздығы

Нұсқа 2

1.Жай зат дегеніміз не?

А)денелерді құраушылар

В) молекулалары бір элементтің атомдарынан тұратын заттар.

С)молекулалары әр түрлі элементтің атомдарынан тұратын заттар.

2. Мына қосылыстан КМnО4 марганецтің тотығу дәрежесін анықтаңыздар.

A) -4;

B) +7

C) -3;

3. 3,27г. мырыш жанғанда 173,9кДж жылу бөлінеді. Мырыш оксидінің түзілу жылуы неге тең?

А) 347,7кДж

B) 187,5кДж

C) 506кДж

4.Мына заттардың қайсысы иондық байланысқа жатады?

А) Н2;

В) СІ2;

С) КСІ.

5.Зат мөлшері 0,02моль молекулалық оттекте қанша молекула бар?

А. 1,8· 1023

В. 1,2· 1023

С. 6,02· 1022

Нұсқа 3

1. Массасы 2,45г бертолле тұзы ыдырағанда қанша көлем оттек бөлінеді?

А. 11,2л;

В. 4,5л;

С. 0,672л;

2.Массасы 5,85г NаСІжәне 3,4г АgNО3 бар ерітінділер араластырылады.Түзілген тұнбаның массасы:

А. 16,82

В. 33,61

С. 14,35

D. 17,22

Е. 12,24

3. Массасы 11гҒеS толық ерітуге қажетті 20%-тік НСІ ерітіндісінің массасы:

А. 2,28

В. 4,56

С. 9,12

4.Тотықтырғыш қасиет ең жоғарғы элемент:

А)фторда

В)хлорда

С)бромда

5.Массасы 350г Nа2СО3-нан NаСІ қандай массасын алуға болады?

А. 386г

В. 252г

С. 150

Емтихан бағдарламасы:

Сұрақтар мәтіні
  Химияны оқу теориясы мен әдістемесінің ғылыми және оқу пәні. Зерттейтін мәселелері.Зерттеу әдістері. Оқу пәні.
  Химияны оқыту теориясы мен әдістемесінің ғылыми негіздері. Әдіснамалық негізі.Оқытудың принциптері.Оқыту тәсілдері.
  Химияны оқытудың мақсаттары мен міндеттері.Ғылыми көзқарас қалыптастыру міндеттері.
  Орта мектептегі химия курcының мазмұны мен құрылысы.Химия курсының мазмұнын талдауға және оқытуға қойылатын талаптар.
  Химия оқыту әдістері.Әдістердің жіктелуі.
  Эксперимент есептерін шығарту әдістері.Химиялық құбылысты бақылау және түсіндіру.
  Сан есептерін шығарту әдістемесі. Жіктелуі.Сан есептерін шешу тәсілдері.
  Химияның тілі-оқыту құралы. Химиялық тілді қалыптастырудың теориялық негіздері.Химиялық тілді саналы меңгеру.
  Оқушылардың білімін және білігін тексеру.Тексерудің әдістері мен түрлері.Ауызша сұрақ қою.Жазбаша тексеру.Эксперименттік тексеру.
  Химиядан оқу жұмысын ұйымдастыру.Сабақ,оның жіктелуі,құрылымы.Сабақты талдау, жоспарлау.Топ серуен өткізу. Факультативтік сабақтар.
  Химияның алғашқы ұғымдарын қалыптастыру.Химия пәні.Таза зат және қоспа ұғымдары.Заттардың өзгерістері туралы алғашқы ұғымның қалыптасуы.
  Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары туралы ұғымдардың қалыптасуы. Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыс.
  Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары туралы ұғымның дамуы. Д.И.Менделеевтің периодтық заңын, периодтық жүйесін және атом құрылысын оқып-үйрену әдістемесі
  Химиялық реакция туралы ұғымның дамуы.
  Атом-молекулалық ілім, электрондық көзқарас және иондық теория тұрғысынан химиялық реакция ұғымының дамуы.
  Ерітінділерді және электролиттік диссоциациялану теориясының негіздерін оқыту әдістемесі.
  Химиялық элементтерді және олардың қосылыстарын оқып-үйрену
  Органикалық заттарды оқып-үйрену әдістемесі.Органикалық заттардың құрылысы туралы ұғымды қалыптастыру.
  Оқушыларды химия өндірістері және халық шаруашылығының химияландыру мәселелерімен таныстыру
  Химиядан алған білімді қорытындылау. Қорытындылау сабақтарын өткізу әдістемесі.
  Оқушылардың білімін,білігін және дағдыларын қорытып тексеру және бағалау.
  Заттың құрылысы туралы алғашқы ұғымдардың қалыптасуы. Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары жөніндегі білімді қорытындылау.
  Периодтық жүйедегі заңдылықтарды атом құрылысы тұрғысынан түсіндіру.
  Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары туралы ұғымның қалыптасуы. Электролиттік диссоциациялану туралы білімнің дамуы.
  Негізгі және қосымша топшалардың металдарын оқыту. Атомдардың өзара әсері ұғымының қалыптасуы.
  Химия және табиғатты қорғаудың экологиялық мәселелерімен таныстыру.
  Өндірістік мазмұндағы есептерді шығару әдістемесі. 8-9-сыныпта шығарылатын есептердің типтері.
  10-11-сыныпта шығарылатын есептердің типтері. Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары жөніндегі білімді қорытындылау.
  Периодтық жүйедегі заңдылықтарды атом құрылысы тұрғысынан түсіндіру. Валенттілік,тотығу дәрежесі, химиялық байланыс және заттың құрылымы ұғымдарының арасындағы өзара байланыстар.
  Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары туралы ұғымның қалыптасуы. Электролиттік диссоциациялану туралы білімнің дамуы.
  Негізгі және қосымша топшалардың металдарын оқыту. Атомдардың өзара әсері ұғымының қалыптасуы.
  Химия және табиғатты қорғаудың экологиялық мәселелерімен таныстыру.
  ТМД-да,алыс және жақын шет елдерде,Қазақстанда химияны оқыту әдістемесінің дамуы.
  Химияны оқыту барысында оқушылар берілетін ақыл-ойын дамыту. Орта мектептегі химия курсы мазмұнының қалыптастыру кезеңдері.
  Қазіргі кездегі жаңа технологиялық әдістер.
  Затпен байланысты эксперимент есептері. 8-9-сыныпта шығарылатын есептердің типтері
  Оқушылардың білімін, білігін және дағдыларын қорытып тексеру және бағалау
  Оқу жұмысын ұйымдастырудың басқа да формулалары туралы
  Химия кабинеті,жабдықталуы
  Химия сабағының жоспары мен конспектісі
  Ерітінділерге есептер шығарту әдістемесі
  Сан есептерін шығару әдістемесі
  8-сыныпта шығарылатын есептердің типтері
  9-сыныпта шығарылатын есептердің типтері
  10-сыныпта шығарылатын есептердің типтері
  11-сыныпта шығарылатын есептердің типтері
  Валенттілік,тотығу дәрежесі, химиялық байланыс және заттың құрылымы ұғымдарының арасындағы өзара байланыстары.
  Оқушылардың химиялық тіл жөніндегі білімін қорыту.
  Оқу жұмысын ұйымдастырудың сабақтан басқа формалары туралы.
  Химиядан қазақша терминдердің қалыптасуы және оқытылуы.
  Оқытудың мәні және екі жақтылығы туралы көзқарас,ғылыми жаратылыстық негізі.

ОҚУ ПӘНІНІҢ САЯСАТЫ:

Бұл курс дәрісті талқылау дәстүрлі әдісін қолдану арқылы оқылады. Топтың өзара әрекеттесуінен пайдалы нәтиже шығаруға және бір-бірінен үйренуге мүмкіндік алу үшін,білім алушыларға аудиториядағы талқылауға белсенді қатысуына ұсыныс жасалады.

Аудиториялық уақыт дәріс, семинар (практикалық), лабароториялық сабақтарды қамтып, материалды талқылау, әр-түрлі тапсырмалар мен жаттығуларды орындау, есептер шығаруды қамтиды.

Әр дәрісте негізгі ұғымдар мен анықтамалар түсіндіріліп, ұсынылады.Осы ұғымдарды жазып отыру әр білім алушының міндеті,өйткені оқытушы дәріс материалын әрбір білім алушыға жеке ұсынбайды.

Семинар (практикалық), лабораториялық сабақтарында білім алушыларға өз бетінше орындауға тақырыптар бойынша тапсырмалар беріледі және дәріс материалдары бойынша ауызша сұралады. Жеке тапсырмалар ОСӨЖ уақытында тапсырылады.

Егер білім алушыға кейбір жәйттар түсініксіз болса, онда ол оқытушыдан қосымша түсіндірме, кеңес алуы керек.

Әр сабаққа білім алушы негізгі және қосымша әдебиеттер бойынша дайындалады.

Студент барлық сабаққа қатысып, аудиторияға уақытында келуге міндетті.Қатысым семестр бойына тексеріледі.Жіберіп алған материалдарды игеру студенттің міндеті болып табылады.

Студент өзінің жағымсыз қылықтарымен оқытушыға сабақ жүргізуге және басқа студенттерге оқу бағдарламасын игеруге кедергі келтірмеуі тиіс. Академиялық қызметтің ойдағыдай орындалуына кедергі келтіретін кез-келген тәртіп орынсыз болып есептелінеді.

  • Студенттер сабаққа уақытында келулері тиіс. 10 минуттан артық кешіккен жағдайда,оқытушының ол студентті сабаққа кіргізбеуге құқы бар.
  • Аудиторияға кірген кезде жұмыс уақытында сабаққа кедергі келтіретін ұялы телефон мен басқа да электронды құрылғыларды сөндірілуі тиіс.

 

Курсты бағалау критериі

Бақылау түрлері апта мах балл
                             
  Сабаққа қатысымы * * * * * * * * * * * * * * *  
  Ағымдық бақылау * * * * * * * * * * * * * * *  
  Аралық бақылау: мәнжазба, бақылау жұмысы, өзіндік жұмысты тапсыру, коллоквиум, тест, жоба және т.б.             *               *  
  Қорытынды бақылау (емтихан)                                
  Барлығы                                

 

БАҒАЛАУ ШКАЛАСЫ:

Баға Коэффициент %
А 4,0 95-100%
А- 3,67 90-94%
В+ 3,33 85-89%
В 3,0 80-84%
В- 2,67 75-79%
С+ 2,33 70-74%
С 2,0 65-69%
С- 1,67 60-64%
Д+ 1,33 55-59%
Д 1,0 50-54%
Ғ   0-49%

СТУДЕНТТЕРДІҢ АУДИТОРИЯДА ӨЗІН-ӨЗІ ҰСТАУ ЕРЕЖЕСІ:

Студент барлық сабаққа қатысып, аудиторияға уақытында кіруге міндетті. Қатысым семестр бойына тексеріледі. Жіберіп алған материалдарды игеру студенттің міндеті болып табылады.

Студент өзінің жағымсыз қылықтарымен оқытушыға сабақ жүргізуге және басқа студенттерге оқу бағдарламасын игеруге кедергі келтірмеуі тиіс. Мысалы: ылғи келіспей отыру, өзге студенттердің сөзін бөлу, теріс пікір білдіру, сонымен қатар қорқыту, күш көрсету, мезгілсіз телефонды пайдалану, біреудің арына тиісу, тапсырманы орындаудан бас тарту т.б.

Студенттер сабаққа уақытында келулері тиіс. 10 минуттан артық кешіккен жағдайда, оқытушының ол студентті сабаққа кіргізбеу құқы бар.

Аудиториямен жұмыс уақытында сабаққа кедергісін келтіретін ұялы телефон мен басқа да электронды құрылғыларды сөндіріп қою қажет.

Кейбір материалдар дәріс барысында оқуға берілуі мүмкін, сондықтан студенттер кітапхана қорының кітаптарын пайдаланулары тиіс.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер

  1. Зайцев О.С. Методика обучения химии. Просвещение, 1998 г.
  2. Методика преподавания химии/под.ред. Н.Е. Кузнецовой. М.: Просвещение, 1984 г.
  3. Чернобельская Г.М. Основа методики обучения химии. М.: Просвещение, 1984 г.
  4. Нұғыманов И., Шоқыбаев Ж.Ә., Өнербаева З.О. Химияны оқыту әдістемесі. “print-s”, Алматы. 2005 ж.
  5. Ж.Ә. Шоқыбаев, З.О. Өнербаева. Химияны оқыту әдістемесі. – Алматы, 2004.

Қосымша әдебиеттер

  1. Справочник по химии. Пособие для учащихся. 7 изд. М.Просвещение.2002
  2. Справочные материалы. Книга для учащихся. М.Просвещение. 2004
  3. В.А.Рабинович, З.Я.Хавин. Краткий химический справочник. Л.Химия. 2004
  4. З.О. Өнербаева Педагогикалық практика әдістемесі (химия пәні негізінде). Оқу құралы. Алматы, 2006. – 288 бет.
  5. Б.А. Мансұров. Органикалық химиядан тест тапсырмалары жинағы. 10 сынып. Алматы, 2002.

Анықтамалық әдебиеттер

  1. Игнатьева С.Ю. Химия нетрадиционные уроки 8-11 классы. Волгоград. «Учитель». 2007 г.
  2. Балабекова Г. Дидактикалық материалдар. Алматы – 2002 ж.
  3. А. Мырзабаев, Н. Тұрбекова. «Химиядан кластан тыс жұмыстар және танымдық ойындар». Алматы, 1996.
  4. Нұрахметов Н.Н. Химия, Оқулығы, 8 сынып. Алматы,Мектеп, 2004.
  5. Нұрахметов Н.Н. Химия, Оқулығы, 9 сынып. Алматы,Мектеп, 2005.
  6. Нұрахметов Н.Н. Химия, Оқулығы, 10 сынып. Алматы,Мектеп, 2006.
  7. Цветков Л.А. Преподавание органической химии в средней школе. М.: Просвещение, 1984 г.
  8. Д.М. Кирюшкин, В.С. Полосин. Химияны оқыту әдістемесі. Издательство «мектеп», 1984 ж.
  9. Мансуров Б.А. Органикалық химия.10-11 сынып оқулығы. Алматы мектеп. 2005.
  10. Сейтжанов Ә.Ф. Органикалық химия. Алматы. 1993 ж.
  11. Пірәлиев С.Ж., Бутин Б.М., Байназарова Г.М., Жайлау С.Ж. Жалпы химия.-Алматы, 2003. 1-том.
  12. Шардарбеков Д. Химиядан әдістемелік нұсқау. – Алматы: 2001.
  13. Мырзабаев А. Химияның қызығы. – Алматы: 1995.
  14. Өнербаева З.О. Номенклатура мен символиканың өзара байланысы арқылы оқушылардың химиялық білімін жетілдіру. Алматы. Оқу құралы 2003.
  15. Сарманова К.А. Химия сабағында аймақтық материалды пайдалану. Алматы 2002.

Нормативтік әдебиеттер

1. Энциклопедический словарь юного химика.

2. Қазақша – орысша, орысша – қазақша терминологиялық сөздік. Алматы. «Рауан». 2000.

3. Нұғыманов И. Химия есептерін шығару әдістері. Алматы, 2001 ж.

4. Кузьменко Н.Е., Еремин В.В. Химия. 2400 задач для школьников и поступающих в вузы. – Москвы, 1999.

5. Словарь иностранных слов. – М., 2000.

Интернет-көздері


<== предыдущая | следующая ==>
Список таблиц и схем для защиты на СРСП | Державне економічне регулювання первинних суб'єктів господарювання

Date: 2015-09-24; view: 1186; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию