Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






ГЛОССАРИЙ. Туризм (франц. тоұрісме, тоұр – серуендеу, жол жүру) – адамның бос уақытындағы саяхаты





Туризм (франц. тоұрісме, тоұр – серуендеу, жол жүру) – адамның бос уақытындағы саяхаты, белсенді демалыстың бір түрі. Туризм – халықтың рекреациялық қажеттілігін (денсаулығын жақсарту, күш-қуатын қалпына келтіру, т.б.) қанағаттандырудың ең тиімді жолы. Туризм адамдардың қарым-қатынасын, танымдық қабілетін арттырып, мәдениет пен өнердің дамуына, ел экономикасының өркендеуіне өзіндік үлесін қосып, ел мәртебесін әлемге танытуға мүмкіндік туғызады. Ел ішінде саяхат жасау ішкі (ұлттық) Туризм, ал шетелге саяхатқа шығу халықаралық (шетелдік) Туризм; саяхат мақсатына қарай: экологиялық, ойын-сауық, танымдық, спорттық, балалар Туризмі; әлеуметтік мақсатына қарай: іскерлік (конгресс, жәрмеңке), этникалық, діни Туризм болып бөлінеді.

Қонақ үй, мейманхана – жолаушылардың уақытша тұруына арналған жай. Ертеде отырықшы қалалы елдерде саудамен жолға шыққан жолаушыларға арнап жеке адамдар керуен сарайлар ұстады. Керуен сарайларда тағам әзірлейтін, қонақтар түнейтін үйлер, жүк сақтайтын, көлік тұратын қора-жайлар болды. Сарай иелері жолаушылардан төлемақы алып тұрды. Дәстүрлі қазақ қоғамында қалыптасқан қонақжайлық арнаулы қонақ үй салуды қажет еткен жоқ. Кейін өндірістік-тауар, сауда қатынастарының дамуына байланысты ірі қалаларда көп бөлмелі, үлкен асханалары, автогараждары, мәжіліс, т.б. тұрмыстық үй-жайлары бар қонақ үй салынды. Кеңестік дәуірде Қазақстанда қонақ үй көптеп салынды. “Жетісу”, “Қазақстан”, “Алматы”, “Достық”, “Рахат-палас”, “Анкара” (Алматы), “Интерконтиненталь”, “Турист”, “Алтын адам” (Астана) әлемдік озық үлгідегі қонақ үйлердің қатарына жатады. Қонақ үйлер қызмет сапасына қарай шартты түрде жұлдыз санына қарай бөлінеді:

екі жұлдызды

үш жұлдызды

төрт жұлдызды

бес жұлдызды

алты жұлдызды

жеті жұлдызды

Гид — саяхат-сапар жасаушыларға қаланың тарихи және көрікті жерлерін көрсетуші адам.

Туристік-рекреациялық ресурстар – туристердің рухани, рекреациялық қажеттілігін қанағаттандыратын, күш-жігерін қалпына келтіріп, сергітетін табиғи (теңіз, көл, өзен жағалауы) және антропогендік (тарихи-архитектуралық көрікті жерлер) нысандар. Туристік-рекреациялық ресурстар қатарына: курортты немесе емдік демалыс (минералды су, тау баурайы, орман іші, теңіз жағалауы), сауықтыру (ландшафты климат жағдайлары, қолайлы жыл мезгілдері, суға түсу маусымы), спорттық-альпинистік (тау тізбегі, қия жарлар, шатқалдар немесе шөлді-шөлейтті, халық сирек орналасқан жерлерге) және экскурссия-туристік (тарихи, мәдени, археологиялық ескерткіштер, табиғаттың көрікті орындары, этнографиялық нысандар, мұражайлар, бірегей таңқаларлық техникалық құрылыстар) нысандар жатады.

Турагент - лицензияның негізінде туристік өнімді ұсыну мен сату жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға.

Туроператор - өзінің туристік өнімін қалыптастыру, ұсыну және турагенттер мен туристерге сату жөніндегі қызметпен айналысу құқығына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензия алған кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлға.

Тур -белгiленген мерзiмдер шеңберiнде белгiлi бiр бағыт бойынша жасалатын саяхатты қамтитын туристiк қызмет көрсетулер кешенi.

Туристік қызмет көрсетуге арналған шарт - өтемдi туристiк қызмет көрсету бойынша туристiк қызметтi жүзеге асыратын тұлға мен туристiң арасындағы келiсiм.

Туристік өнім - саяхат барысында туристiң қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға жеткiлiктi туристiк қызмет көрсетулер жиынтығы.

Туристiк нарық - туристiк қызмет саласындағы тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) мен ақша айналысы.

Туристiк сала - негiзгi қызмет саласы туристiк қызмет көрсету, туристiк өнiм жасау, оларды iшкi және халықаралық нарықтарда ұсыну мен өткiзу болып табылатын экономика саласы.

Рекреация – еңбек ету процесінде жұмсалған күшпен денсаулықты қалпына келтiру.

Туризм инфрақұрылымы – туристiк қызметтердi жүзеге асыруға мүмкiншiлiк беретiн шаруашылық салаларының жиынтығы.

Турист – жиырма төрт сағаттан бiр жылға дейiнгi мерзiм кезеңiнде уақытша болатын елдi (жердi) аралап көретiн және ақылы қызметпен айналыспай сол елде сауықтыру, танымдық, кәсiби-iскерлiк, спорттық, дiни және де өзге де мақсаттарда кемiнде бір рет түнеп шығатын жеке тұлға.

Туристiк аймақ -демалу, оқу процесi немесе денсаулықты сауықтандыру үшiн қызмет көрсету мен қондырғылар орналасқан территориялар. Тәуелсiз болуы үшiн туристердiң тұрақтануына керектi барлық құрылыстар.

Туристiк индустрия – туристердi орналастыру құралдарының, көлiктiң, қоғамдық тамақтандыру объектiлерiнiң, ойын-сауық объектiлерiмен құралдарының, танымдық сауықтыру, iскерлiк, спорттық және өзге де мақсаттағы объектiлердiң, туристiк қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың сондай-ақ экскурсиялық қызмет және гидтер (гид-аудармашылар) қызметiн көрсететiн ұйымдардың жиынтығы.

Туристiк қызмет көрсету – өзiнiң туристiк саяхаты кезенiңде және осы саяхатқа байланысты туристiк қажеттерiн қанағаттандыру үшiн берiлетiн қажеттi қызмет көрсетулер (орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру, экскурсиялар, туризм нұсқаушыларының, гидтердiң (гид-аудармашылардың) қызметкөрсетулерiжәнесапармақсатынабайланыстыбасқа да қызметкөрсетулерi).

Туристiк маршрут – белгiлi бiр уақыт iшiнде туристерге ұсынылған қызмет көрсету бағдарламасы бойынша алдын-ала жоспарланған тасымалдау жолы.

Халықаралық туризм – туристердiң өз елi аумағынан тыс ұйымдастырған туризмнiң түрi. Елге келу және елден кету туристiк процестердiң жиынтығынан тұрады.

Шығу туризмi – бiр елдiң азаматтары басқа елдерге жасаған саяхаты.

Iскерлiк туризм – кәсiби мiндеттердi орындауға байланысты саяхаттар.

Iшкi туризм – бiр аймақ тұрғындарының өз аймағы бойынша жасалған саяхаты.

Экскурсант – бір жерге, бір елдi мекенге, аумаққа немесе сол жерделі басқа елге туризм мақсатында жиырма төрт сағаттан аспайтын уақытқа уақытша келген жеке тұлға.

Экскурсия жүргiзушiсi – уақытша болатын елдегi (жердегi) туристiк ресурстармен таныстыру жөнiндегi туристерге экскурсиялық-ақпараттық, ұйымдық қызмет көрсететiн кәсiби даярланған жеке тұлға.

Экскурсиялық қызмет – азаматтардың уақытша болатын елдегi (жердегi) туристiк ресурстарды танымдық мақсатқа ара лап көруiн ұйымдастыру жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет, ол туристердi орналастыру (түнету) жөнiндегi қызметтi көздемейдi және жиырма төрт сағаттан аспайтын мерзiмдi қамтиды.

Трансфер – туристi көлiк терминалынан қонақүйге, қонақүйден көлiк терминалына жеткiзу қызметi.

Туризм инфрақұрылымы – туристiк қызметтердi жүзеге асыруғ амүмкiншiлiк беретiн шаруашылық салаларының жиынтығы.

Туризм саясаты – туризмнiң дамуына, сонымен қатар, оның қалыптасуына ықпал етушi осы саланың ерекшелiктерiне арнайы оң әсер ету шаралары.

Туризмнiң экономикалық тиiмдiлiгi – бұл мемлекет ауқымында туризмдi ұйымдастырудан түсетiн экономикалық ұтыс; аймақтық туристiк қызмет көрсетуi; туристiк фирманың өндiрiстiк - қызмет ету процесi арқылы қол жеткiзуi мүмкiн.

Ботель – судың үстiндегi жабдықталған кеме ретiнде қолданылатын шағын қонақ үй.

Демалу – шаршауды тоқтату, психикалық, физикалық және интеллектуалдық күштi қалпына келтiретiн психофизикалық процесс.

Курорт – туристерге туристiк қызметтерi мен қатар демалу қызметтерiн көрсетуге маманданған кәсiпорын, сонымен қатар осы кәсiпорындар орналасқан мекеме.

Қонақ үй шаруашылығы – өндiрiстi, мәдени-iскерлiк объектiлердi, қала тұрғысындағы құрылым көрсеткiшiнiң инфрақұрылым элементi. Қонақ үй шаруашылығы – әлеуметтiк таным дамуымен, әлеуметiк-мәдени қатынасты жүзеге асыру интеграциялық процестер жүйесiндегi байланыстарды нығайту тәсiлi.

 

 

Date: 2015-09-24; view: 4196; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию