Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Психика ұғымы және оның даму сатылары
Психиканың пайда болуы және оның дамуы туралы мәселелер өзара тығыз Тітіркендіргіштік - бұл тірі ағзаның сыртқы әсерге өзінің жағдайы мен қозғалысының өзгерістерімен жауап беру қасиеті. Материяның ерекше қасиеті ретінде бейнелеудің психикалық түрінің шығуы қарапайым жүйке жүйесімен байланысты. Осындай жүйке жүйесі жәндіктерде алғаш рет пайда болды. Бұл жүйке жүйесі өзара бір-бірімен байланысты денеден өсіп тұрған жекелеген жүйке жасушаларын қарастырады, оны диффуззия деп атайды. Жүйке жүйесі эволюциясының келесі кезеңі ганглиоздық (белгілі нүктелерге топтасқан) жүйке жүйесінің пайда болуымен (ең алдымен-құрттарда) байланысты. Мұндай жүйке жүйесі жоғары омыртқасыздарда, соның ішінде жәндіктерде күшті дамыды. Ганглиоздық жүйкенің туындауы және оның көмегімен күрделі әрекет-қылықтардың қалыптасуы - тіршілік эволюциясындағы өте маңызды ілгерілеу болды. Тітіркендіргіштік дегеніміз тірі ағзаның биологиялық (биотикалық) ықпалдарга жауап беру қабілеттілігі. Элементарлық тітіркендіргіштік ортаның әсеріне қозғалыспен жауап беретін карапайымдыларда, бірклеткалы тірі ағзаларда байқалады. Ортаға биотикалық ықпал етеді, соның нәтижесінде тірі ағзаның протоплазмаларының қасиеттері өзгереді. Биотикалық факторларға ерекше қозғалыстармен жауап беру тәсілдері тропизмдер немесе таксис деп аталады. Органикалық материяның кейінгі даму сатыларында жаңа қасиет - сезгіштік пайда болды. Сезгіштік дегеніміз ағзаның түйсіне білу қабілеті, яйғни ағзаға әсер еткен заттар мен құбылыстарды бейнелей білу қасиеті.Алғашқы түрінде бұл түйсінебілу қабілеті жануарлардың жүйке жүйесінің алғашқы қалыптаса бастаған кезінде, тіпті одан да ерте пайда болуы мүмкін. Дамудың жоғары сатысында сезім мүшелері, жүйке жүйесінің талдау қабілеті дами бастайды. Биологиялық дамудың жоғары сатысында кейбір жануарлардың түрлерінде жекелеген сезім мүшелері ерекше сезгіштікке, сезімталдыққа жетеді, мысалы қыранның көруі, иттердің иіс сезуі және т.б. Әр уақытта да адаммен қарым-қатынаста, оның қасында болу үй жануарларының қылықтарын сондай жабайы жануарларға қарағанда тез өзгертеді, қолға бейімделеді. Жәндіктерге тән психикалық бейнелеу психика дамуылы - сенсорлық кезеңі деп аталады. Орталық жүйке жүйесінің пайда болуымен психикалык бейнелеудің жаңа түрі - психика дамуының перцептивтік кезеңі пайда болды. Бұл кезеңде жануарлар үшін бірнеше тітіркендіргіштерді бір мезгілде бейнелеуге болады. Жануарлардың мінезінің туа біткен түрлері және өмірге келгеннен кейін қалыптасқан түрлері кездеседі. Бірақ туа біткен және өмірге келгеннен кейін қалыптасқан (дара) мінез түрлерік бір-біріне карсы қоюға болмайды. Жануарлар психикасынын туа біткен басты түрі инстинктер (соқыр сезім) болып табылады.
Date: 2015-09-24; view: 3530; Нарушение авторских прав |