Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Экономика глоссарий





Абсолютті рента - жер иелерінің жердің құнарлы не құнарсыздығына қарамастан барлық учаскеден бірдей алатын рентасы (табысы).

Абстрактылы еңбек - тауар айырбасы кезінде көрінетін жалпы адам еңбегі (еңбек шығыны), яғни құн жасайтын еңбек.

Акционерлік қоғам - бірнеше жеке капиталдың бірігуі арқылы акция шығарып, оны сатудан түскен қаражат арқылы шаруашылық ұйымдастыру формасы

Акция - иесінің акционерлік қоғам капиталына белгілі бір мөлшерде үлес қосқандығын куәландыратын құнды қағаз. Ол дивиденд түріндегі пайданың бір бөлігін алуға құқық береді.

Актив - мүліктік құқықтар жиынтығы, бухгалтерлік баланстың бір бөлігі, онда осы кәсіпорынға тиесілі барлық материалдық құндылықтардың есепті кезеңнің басындағы және аяғындағы жиынтығы.

Амортизация - негізгі қорлардың құнын солардың көмегімен өндірілетін тауарларға бірте-бірте көшіру; ақша қаражатын мақсаты түрде жинақтау және оны тозған негізгі қорлардың орнын толтыру үшін пайдалану.

Баға индексі - тауар бағасының орташа деңгейінің уақытқа байланысты салыстырмалы өзгеруін білдіреді.

Баж – мемлекеттің кәсіпорындар мен мекемелерден, азаматтардан оларға көрсетілген қызметтің белгілі бір түрлері үшін алатын ақшалай алымы.

Банк пайызы (проценті) - банктің қарызға ақша бергені үшін алатын төлемі.

Банк активтері - банк балансының актив бөлігі онда қысқа және ұзақ мерзімді несиелер, банктегі кассалық және валюталық қолма-қол ақша, акциялар, т.б. көрсетіледі.

Бәсеке - өнім өндіру мен өткізудің экономикалық бағынан неғұрлым тиімді жағдайлары үшін тауар өндірушілер арасындағы жарыс.

Бизнес жоспар - кәсіпорынды (кәсіпкерлікті) белгілі бір кезеңде дамыту жоспары. Өндірісті жетілдіріп, дамытуға бағытталған инвестиция тарту үшін әзірленеді.

Бюджет тапшылығы - мемлекеттік бюджет бойынша шығындардың табыстан артып кетуі.

Валюта - 1. елдің ақша бірлігі; 2. шетелдің ақша белгісі, халықаралық есеп айырысуда қолданылатын төлем құжаттары

Валюталық бағам (курс) - екі валютаның айырбас кезіндегі құндық ара салмағы; бір елдің ақша өлшемінің – екінші бір елдің ақша өлшеміне шаққандағы бағасы.

Вексель – төлем және несие құралы; кәсіпкердің несиеге алған тауарларға белгілі бір уақыттан кейін ақша төлеуге берген міндеттемесі.

Венчур - өнімнің жаңа түрлерін жасауға өндірісті игеруге, енгізуге, жаңа технологияларды қолдануға маманданған шағын коммерциялық ғылыми-техникалық ұйым.

Дәстүрлі экономика - сирек кездесетін шектеулі табиғат ресурстарын кеңінен пайдалануды дәстүрлер мен ғұрыптар айқындайтын экономикалық жүйе.

Дебитор – кәсіпорынның біреуге қарыздар берешек болуы.

Девальвация - қағаз ақша құнын өзінің тұрақты қалпына түсіру; тұрақты валютамен немесе халықаралық шот өлшемдерімен салыстырғанда елдің валюта бағамының төмендеуі.

Демпинг - тауарларды ішкі нарықтағы бағаға қарағанда сыртқы нарықта неғұрлым төмен бағамен сатылуы.

Деноминация- ақшаның құны күрт төмендеп кеткен кезде оның айналысын реттеп, есептеуді жеңілдету мақсатымен ақшаның белгіленген көрсеткішін кеміту арқылы өзгеріс жасау.

Депозит – белгілі бір шартты мерзімге сақтау орындарына сақтауға берілген ақша немесе құнды қағаз.

Дивиденд –акционерлік қоғамның пайдасы есебінен әр акция үшін акционерлерге төленетін ақы.

Дифференциалды рента І-ші - жер иесінің жердің табиғи құнарлығы мен жер учаскесінің жақсы орналасуына байланысты алатын рентасы (жол ақысы)

Дифференциалды рента ІІ-ші - жер иесінің жердің құнарлылығын жасанды жолмен жақсарту арқылы алынатын қосымша пайдасы.

Еркін экономикалық аймақтар - ұлттық және шетелдік кәсіпкерлер үшін жеңілдікті экономикалық жағдайлар жасалған аймақтар.

Жалпы ішкі өнім - статистиканың жинақтап қорытатын макроэкономикалық көрсеткіші; ел ішінде өндірілген тауарлар мен қызметтердің белгілі бір кезеңдегі нарықтық құны.

Жалпы ұлттық өнімнің - номинальды ЖҰӨ-нің нақты ЖҰӨ-ге дефляторы қатысын көрсетеді.

Жалпы ұлттық өнім – статистиканың жинақтап қорытатын макроэкономикалық көрсеткіші, яғни ел ішінде және сондай-ақ басқа да шет елдерде белгілі бір мерзімде өндірілген тауарлар мен қызметтердің жиынтық нарықтық құны

Жиынтық сұраныс (АД) - бұл графикте көрсетілген кисық сызық, оның мағынасы: қоғамдағы барлық тауарлар мен қызметтердің жиынтық көлемі, яғни тұтынушылардың, кәсіпорындардың және үкіметтің бағаның әрбір деңгейінде нақты жалпы өндірілген тауарлар мен қызметтерді сатып алу қажеттілігінің көрінісі.

Жиынтық ұсыныс (АS) - бұл графикте көрсетілген модель, яғни бағаның әрбір мүмкіншілік деңгейінде өндірілген нақты жалпыұлттық өнімнің көрінісі.

Инновация - жаңа техникаға, технологияға еңбекпен басқаруды ұйымдастырудың жаңа нысандарына қаражат жұмсау.

Инновациялық бактер - өнер, табысқа, ғылыми-техникалық талдамаларды кеңінен қолдануға жәрдемдесі үшін коммерциялық негізде құрылатын банктер.

Инфляция - айналыстағы қағаз ақшаның құнсыздануы.

Капитал - тауар мен қызмет өндіруге пайдалану мақсатымен өндірілген құрал-жабдықтар.

Конвенция - халықаралық келісімшарт.

Концессия - ұлттық экономиканы қалпына келтіру мен дамыту, табиғат байлықтарын игеру мақсатымен кәсіпорындарды, жерді, жерқойнауын, т.б. белгілі бір талаптар негізінде жеке кәсіпкерлерге, шетелдік фирмаға пайдалануға беру жөніндегі мемлекетпен жасасқан шарт; осындай шарт негізінде құрылған кәсіпорынның өзі.

Кооператив - меншікті, жалға алынған немесе тегін пайдалануға берілген мүлік негізінде қандайда болсын қызметті бірлесіп жүргізу үші ерікті түрде біріккен азаматтардың ұйымы.

Корпорация - меншіктің акционерлік нысаны, меншікті (капиталды) келісіп иелену, кәсіпорынды басқару міндететрін кәсіпқой басқарушы-лардың (менеджерлердің)жоғары тұрған буындарының қолына шоғырландыру.

Қаржы - ақшалай қаражаттың құралуы, бөлінуі, пайдалану барысында экономикалық қарым-қатынас жүйесі.

Құн - тауардың бағасы немесе тауарларды, негізгі құрал-жабдықты сатып алуға, жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге, игіліктерді сатып алуға жұмсалған ақшалай шығын.

Лаффердің қисығы - салық өсімі мен салық түсімі арасындағы байланыстың графиктегі көрінісі.

Лизинг - заңды (жеке) тұлғаның еңбек құралдарын меншігіне сатып алудың орнына басқа фирмалардың меншігін пайдалануы; ұзақ мерзімде пайдалануға құрал жабдықтарды несиеге беру.

Лицензия - ұйымдардың немесе жеке адамдардың патенттермен қорғалған өнертабысты, техникалық білімді, тәжірибені, өндірістік құпияларды және т.б. пайдалануына арнаулы рұқсат (келісім).

Макроэкономика - экономиканы тұтас алып зерттейтін экономикалық ғылым бөлімі. Макроэкономикада зерттелінетін негізгі мәселелер: жиынтық өндіріс, жұмыссыздық, бағаның жалпы деңгейі (инфляция), экономикалық саясаттың басты мақсаттары.

Меншік - өндіріс құрал-жабдықтары мен өндірілген өкімдерді иемденуге байланысты адамдар арасында туындайтын экономикалық қатынастар.

Микроэкономика - экономика ғылымының кәсіпорын (фирма) мен саланы, үй шаруашылығын, сондай-ақ жекелеген нарықтарды, нақты бағаны, тауарлар мен қызметтерді зерттейтін бөлімі.

Монополистік бәсеке - нарық көптеген сатушылардың ұқсас, бірақ әртекті өнімді сатуынан құралады.

Несие - бір тұлғаның екінші тұлғаға қарыз түрінде ақша немесе тауар – материалдық беруі туралы келісім.

Номиналдық жалақы - жалақының ақшалай сомасы

«НОУ-ХАУ» - патенттілік құқы жоқ қандай да болсын міндетті шешу үшін қажетті техникалық білімдер, тәжірибе, технологиялардың құпиялары.

Облигация - құнды қағаз, ол иесінің ақшалай қаражат салғанын куәландырады.

Өнімнің өзіндік құны - өнімді өндіру процесінде пайдаланатын табиғат ресурстарының, шикізаттың, метариалдардың, отынның, энергияның негізгі құралдардың, оларды дайындау мен өткізуде көрсетілетін қызметтер шығындарының ақшалай сомасы.

Өндіріс шығындары - материалдық заттар мен қажетті еңбек шығынының жиынтығы. Ақшалай тұлғада ол өнімнің өзіндік құны.

Пайда - табыстың шығыннан ақшалай есептегі артуы.

Пассив - бухгалтерлік баланстың бөлігі, оң жағы. Ол қаржының қайдан келіп түсетінін және қандай мақсатқа жұмсалатынын көрсетеді.

Патент - 1) өнертапқышқа ашқан жаңалығын пайдалануға құқық беретін куәлік қағаз; 2) саудамен, кәсіппен айналысуға құқық беретін рұқсат қағаз.

Ревальвация - ұлттық валюта бағамын ресми түрде жоғарылату.

Рента - жерден, мүліктен, капиталдан т.б. заттардан меншік иесінің еңбексіз табыс алуы.

Сальдо - табыс пен шығын арасындағы айырмашылық.

Серіктестік - жеке кәсіпкерлердің күш-жігер мен қаражатты біріктіру, мұнда екі не одан көп тұлға пайда табу мақсатымен кәсіпкерлікпен бірлесіп айналысады.

Стагфляция - өндірістің тоқырауымен, инфляцияның бір мерзімде өршуімен сипатталатын экономиканың жағдайы.

Синдикат - кәсіпорындар бірлестігі, бұл бірлестіктер барлық сауда қызметтерді (баға белгілеу, тауар өткізу, т.б.) жүзеге асырады, ал өнім өндіру жауапкершілігін кәсіпорындар өз мойнына алады.

Статистика - әлеуметтік – экономикалық құбылыстар дамуының сандық көрсеткіштері мен оларды есептеу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Табыс - жеке тұлғалардың, кәсіпорындардың белгілі бір уақатта қандай да болсын қызметтің нәтижесінде алатын ақшалай қаражаты.

Таза ұлттық өнім - өндірілген өнімнің өнім шығару барысында тозған өндіріс құрал-жабдығын ауыстыру (амортизация) үшін қажет бөлігін шегеріп тастағандағы жалпыұлттық өнім.

Трестке қарсы заң - еркін бәсекеге бөгет жасайтын монополистік бірлестіктер құру жолы мен капиталды орталықтандыру процесін реттеу үшін мемлекетте қолданылатын заң актілері.

Франчайзинг - ұсақ және ірі фирмалардың орналасуы; ірі компанияның өзінің фирмалық таңбасымен тауар өндіруге (қызмет көрсетуге) лицензиясын пайдалану құқығын ұсақ фирмаларға келісімшарт арқылы береді.

Фьючерстік келісім - тауар мен қор биржасындағы мәліме түрі, мерзімдік келісім; тауарды (қызметтерді) құнды қағаздарды келісім жасалғаннан кейін өзара шартта көрсетілген бағамен төлеу, сатып алу немесе сату жөніндегі биржа мәселесі. Оның мақсаты – акциялардың бағасындағы немесе бағамындағы мәміле аяқталған кезде пайда болатын айырманы алу.

Хайринг (ағыл.-жалға беру) - негізгі құрал жабдықты жалдаудың орта мерзімдік шарты. Қысқа мерзімдік жалгерлік – рентинг, ұзақ мерзімге

Холдинг - тәуеліді және еншілес компаниялар акцияларының бақылау пакеттерін иеленуші басты компания, заңды тұлға.

Чартер - көлік құралын немесе оның бір бөлігін белгілі бір мерзімге не сапарға жалдау туралы шарт.

Шетелдік инвестициялар – шетелдік меншік иелерінің өнеркәсіпке, ауылшаруашылығына, көлікке және экономиканың басқа да салаларына ұзақ мерзімге капитал бөлуі.

Экстраполяция - құбылыстың бір бөлігін бақылаудан алынған қорытындыларды оның басқа бөлігіне қолдануға негізделген ғылыми –зерттеу әдісі; мысалы, экономикада өткен кезеңде болған тенденциялардың болашақта да дамуы туралы болжам болып табылады.

Экспорттық–импорттық – импорт пен экспортқа сан және құн квота шектеулері, жекелеген тауарлар мен қызметтер, жекелеген елдер бойынша белгілі бір мерзімге енгізіледі.

Эмбарго - тыйым салу, валюталарды, алтынды, тауарларды, құнды қағаздарды елге әкелуге немесе елден әкетуге мемлекеттің тыйым салуы.

Date: 2015-09-22; view: 1167; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию