Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Гетерофунциональные органические соединения





22. Гидрокси-, оксоқышқылдар. Стереоизомерия, таутомерия. Бір негізді (сүт, g және b-гидроксимай), екі негізді (алма, шарап), үш негізді (лимон) гидроксиқышқылдар. гидрокси-, оксо-, фенолоқышқылдардың реакциялық қабілеті.

23. Гидроксиқышқылдардың және α-аминоқышқылдардың стереоизомериясы. Асимметриялық көміртек атомы хиральді орталық ретінде. Бір хиральді орталығы бар молекулалардың стереоизомериясы (энантиомерия). Оптикалық активтілік. Глицерин альдегиді конфигурациялық стандарт ретінде. Фишердің проекциялық формулалары. Стереохимиялық номенклатураның D- және L- жүйесі. Салыстырмалы және абсолютті конфигурациясы.

24. Екі (шарап қышқылы) және одан да көп хиральді орталығы бар молекулалардың стереоизомериясы: энантиомерия, диастереомерия. Мезоформалар. Рацематтар. Кеңістіктік құрылыстың биологиялық активтілікпен байланысы.

25. Аминоспирттер: аминоэтанол (коламин), холин, ацетилхолин. Аминофенолдар: дофамин, норадреналин. Осы қосылыстардың және олардың туындыларының биологиялық ролі туралы түсінік.

26. Гидрокси- және аминоқышқылдар. альфа-гидрокси- және бета- және гамма-аминоқышқылдардың элиминирлену реакциялары. Лактамдар. Лактондар.

27. Альдегидо- және кетоноқышқылдар: глиоксил, пирожүзім, ацетосірке, қымыздықсірке, a-кетоглутар қышқылдары. b-кетоноқышқылдарджың декарбоксилдену және a-кетоноқышқылдардың тотығып, декарбоксилдену реакциялары. Кето-енолдық таутомерия.

28. Бензол ядросының гетерофункционалды туындылары дәрілік заттар ретінде. Салицил қышқылы және оның туындылары (ацетилсалицил қышқылы, фенилсалицилат). Пара-аминобензой қышқылы және оның туындылары (анестезин, новокаин). Пара-аминобензой қышқылының биологиялық ролі. Сульфанил қышқылы және оның амиді (стрептоцид). Сульфаниламидті препараттар.

α-Аминоқышқылдар. Пептидтер. Ақуыздар.

29. α-аминоқышқылдардың құрылысы, жіктелуі, номенклатурасы. Ақуыздың құрамына кіретін аминоқышқылдар. Құрылысы, номенклатурасы. Стереоизомерия. Қышқылдық-негіздік қасиеттері, биполярлы құрылысы.

30. Әртүрлі белгілеріне байланысты α-аминқышқылдарының жіктелуі: радикалдың және оны құрайтын орынбасарлардың химиялық табиғаты бойынша (алифатты, ароматты, гетероциклді; гидроксилді, карбоксилді немесе амидті топтар, аминотоп; күкірт құрамды); радикалдардың полярлығы; қышқылдық-негіздік қасиеттері бойынша.

31. Кетоқышқылдардан a-аминоқышқылдардың түзілуінің биосинтетикалық жолдары: тотықсызданып аминдеу реакциялары және трансаминдеу реакциясы.

32. a-аминоқышқылдарының химиялық қасиеттері гетерофункционалды қосылыстар ретінде. Ішкі комплексті тұздардың түзілуі. Этерификация, ацилирлеу, алкилирлеу реакциялары, иминдердің түзілуі. Азотты қышқыл мен формальдегидпен әрекеттесуі, осы реакцияларды амин қышқылдарының анализі үшін мәні.

33. a-аминоқышқылдарының биологиялық маңызды реакциялары. Дезаминдеу (тотықтырмай және тотықтырып) реакциялары. Гидроксилдеу реакциялары. a-аминоқышқылдарының декарбоксилденуі – биогенді аминдердің және биореттеуіштердің (коламин, гистамин, триптамин, серотонин, кадаверин, b-аланин, g-аминомай қышқылы) түзілу жолы.

34. Пептидтер. Пептидті топтың электрондық және кеңістіктік құрылысы. Пептидтердің қышқылдық және сілтілік гидролизі.

35. Ақуыздар, құрылысы, жалпы қасиеттері, жіктелуі. Ақуыздардың біріншілік құрылымы. Жартылай және толық гидролиз. Күрделі ақуыздар туралы түсінік.

Көмірсулар.

36. Көмірсулар. Моносахаридтер. Стереоизомерия. Моносахаридтердің жіктелуі. Альдоздар, кетоздар; триоздар, тетроздар, пентоздар, гексоздар.

37. Моносахаридтердің стереоизомериясы. D және L-стереохимиялық қатары. Ашық және циклді формалары. Фишердің формулалары және Хеуорстың формулалары. Фуранозалар және пиранозалар; a- және b-аномерлер. Цикло-оксо-таутомерия. Моносахаридтердің пиранозалық формаларының конформациясы. Пентоздардың (рибоза, ксилоза); гексоздардың (глюкоза, манноза, галактоза, фруктоза); дезоксисахаралардың (2-дезоксирибоза); аминосахаралардың (глюкозамин, маннозамин, галактозамин) маңызды өкілдерінің құрылысы.

38. Моносахаридтердің циклді формаларындағы аномерлі орталықтың нуклеофилді орынбасуы. O- және N- гликозидтер. Гликозидтердің гидролизі. Моносахаридтердің фосфаттары. Аминосахарларды ацилирлеу.

39. Моносахаридтердің тотығуы. Альдоздардың тотықсыздану қасиеттері. Гликон, гликар, гликурон қышқылдары.

40. Моносахаридтердің тотықсыздануы (ксилит, сорбит, маннит, дульцит). Альдоздар мен кетоздардың өзара айналымы (эпимеризация).

41. Олигосахаридтер. Дисахаридтер: мальтоза, целлобиоза, лактоза, сахароза. Құрылысы, цикло-оксо-таутомерия. Тотықтырғыштық қасиеттері. Гидролиз.

42. Гомополисахаридтер: крахмал (амилоза және амилопектин), гликоген, целлюлоза. Екіншілік құрылым туралы түсінік (амилоза).

43. Гетерополисахаридтер: гиалурон қышқылы, хондроитинсульфаттар. Біріншілік құрылым. Гепариннің құрылысы туралы ұғым. Аралас көмірсу құрамды биополимерлер туралы түсінік. Гликопротеиндер.

44. Гексоздардың пиранозалық формаларының конформациясы. О и N-гликозидтер. Гликозидтердің гидролизі. Аминосахарлардың ацилирленуі.

 

Липидтер. Сабындалатын және сабындалмайтын липидтер.

45. Сабындалатын липидтер. Табиғи майлар триацилглицериндердің қоспасы ретінде. Липидтердің құрамына кіретін негізгі табиғи жоғары май қышқылдары: пальмитин, стеарин, олеин, линол, линолен, арахидон қышқылдары. Липидтердің балқу температурасының шамасымен қышқылдардың қанығу дәрежесінің өзара байланысы.

46. Фосфолипидтер. Фосфатидті қышқылдар. Фосфатидилэтаноламиндеры (коламинкефалиндер), фосфатидилсериндер (серинкефалиндер), фосфатидилхолиндер (лецитиндер) – клеткалық мембраналардың құрылымдық компоненттері. Гликолипидтер, түсінігі.

47. Стероидтар. Олардың биологиялық ролі туралы түсінік. Стериндер. Холестерин. Эргостерин. Олардың Д тобының витаминдеріне айналуы. Өт қышқылдары. Хол қышқылы. Гликохол қышқылы. Таурохол қышқылы. Стероидты гормондар (эстрон, тестостерон, кортикостерон, преднизолон) туралы түсінік.

Биологиялық маңызды гетероциклді қосылыстар. Бес – және шалты мүшелі бір және екі гетероатомды гетероциклдер. Алкалоидтар. Нуклеотидтер және олардың туындылары. Нуклеин қышқылдары. Алкалоидтар.

48. Бір гетероатомды гетероциклдер. Пиррол, индол, пиридин, хинолин. Ароматтылық. Қышқылдық-негіздік қасиеттері. Пирролдық және пиридиндік азот атомының злектрондық құрылысы.

49. Бірнеше гетероатомды гетероциклдер. Пиразол, имидазол, пиримидин, пурин. Мысалға имидазолдың таутомериясы. Гидроксипуриндер (гипоксантин, ксантин, несеп қышқылы). Бес – және шалты мүшелі бір және екі гетероатомды гетероциклдердің химиялық қасиеттері. Пиррол, пиразолон туындылары. Пиридиннің биологиялық маңызды туындылары – никотинамид, пиридоксаль.

50. Конденсирленген гетероциклдер. Нуклеин қышқылының құрамына кіретін нуклеиндік негіщздер. Пиримидиндік (урацил, тимин, цитозин) және пуриндік (аденин, гуанин) негіздер. Ароматты қасиеттері. Лактим-лактамды таутомерия. Дезаминдеу реакциялары.

51. Нуклеозидтер. Нуклеидік негіздің көмірсу қалдығымен байланысының сипаты, гликозидті орталықтың конфигурациясы. Нуклеозидтердің гидролизі.

52. Нуклеотидтер. Нуклеин қышқылдарын түзетін мононуклеотидтердің құрылысы. Номенклатурасы. Нуклеотидтердің гидролизі.

53. Нуклеин қышқылдары. Нуклеин қышқылдарының біріншілік құрылымдары. Фосфодиэфирлі байланыс. Рибонуклеин және дезоксирибонуклеин қышқылдары. РНҚ и ДНҚ нуклеотидтік құрамы. Нуклеин қышқылдарының гидролизі.

54. Нуклеозидмоно- және полифосфаттар. АМФ, АДФ, АТФ. Нуклеозидциклофосфаттар (ЦАМФ). Макроэргиялық қосылыстардың және клеткаішілік биореттеуіштердің қызметін орындауға мүмкіндік беретін осы нуклеотидтердің құрылысының ерекшеліктері.

55. Алкалоидтар туралы түсінік. Никотин, кофеин, морфин, хининнің құрылысы туралы ұғым.

 

 

 

«Химия» пәні бойынша практикалық дағдыларды қабылдау

«Жалпы медицина» мамандығы, 1 курс.

Аралық бақылау №1

Практикалық дағдылардың тізімі:

- берілген концентрациядан ерітінді дайындау,ерітіндінің рН және тығыздығын анықтау;

- берілген рН мәндерімен буферлік ерітінділерді дайындау, буферлік сиымдылықты анықтау;

- биогенді элементтердің катиондары мен аниондарына сапалық реакциялар жүргізу.

 

Практикалық дағдыларды жүргізу үшін келесі сұрақтарды шешу қажет:

 

· студенттердің санын анықтау;

· эксперттерді анықтау;

· аудитория дайындау, аудиторияға жауапты оқытушымен лаборантты тағайындау;

· қажетті құрал-жабдықтармен, реактивтермен, приборлармен және и аппараттармен жабдықталған жұмыс орнын ұйымдастыру;

· практикалық дағдыларды қабылдау үшін құжаттар дайындау (тапсыру хаттамасы, әрбір этап бойынша студенттерге арналған тапсырма, эксперттерге арналған ақпараттық парақ, парақта тапсырманың әрбір сатысын бағалау критерийлері мен олардың баллдықбағалары бар).

 

Студентке арналған ақпарат

· студент практикалық дағдыларды тапсыруға дайындалу кезінде тапсырмалардың тізімімен және этаптардың өту жоспарымен танысады;

· студент тіркеледі, эксперттен тапсырманы алады, тапсырмамен танысқаннан кейін этаптардың өту жоспарына сәйкес тапсырманы орындауды бастайды;

· тапсырманы орындағанда студент өз ісінің реттілігін критерийлерге сәйкес қатаң сақтау керек; тапсырманы орындау барысында өз ісін нақты әрі қысқа түсіндіру керек;

· уақытпен санасу керек; тапсырмаға берілген уақыт өтіп кетсе, тапсырманың орындалу немесе орындалмауына қарамай, жұмысты тоқтатады;

  • тапсырманы орындағанда студент химиялық зертханада жұмыс істеу ережесін және қауіпсіздік техникасын сақтау керек;
  • электрлік құрал-жабдықтармен жұмыс істеу ережесін және қауіпсіздік техникасын сақтау керек;
  • студент тапсырманы орындау нәтижесінде 100 балл жинау керек.

Практикалық дағды №1.

Берілген концентрациядан ерітінді дайындау.

Приборлар мени реактивтер: воронка, өлшегіш колба 100 мл-лік, пипеткалар 10 мл және 2 мл, құюға арналған колба, резиналы груша, тұздар өлшемесі, дист Н2О.

Жұмыстың мақсаты: тұздың өлшемесінен берілген концентрациядан ерітінді дайындауды үйрену.

Орындау алгоритмі.

Практикалық дағдыны сатылық әдіспен бағалау Баллдар
  Өлшеуіш колбаны, воронканы дистильденген сумен шайып, жұмысқа дайындайды (Егер воронка құрғақ және таза болса, онда оны шаюдың қажеті жоқ). Берілген концентрациядан жалпы көлемі 100 мл болатын ерітіндіні дайындау үшін қажетті тұзбен судың мөлшерін анықтау.  
  Тұздың қажетті өлшемесін алып, оны воронка арқылы өлшегіш колбаға салады. Жұғыштағы сумен өлшеуіш колбаға толық шайып ағызады. Воронканы колбадан алады.  
  Колбаны араластыра отырып, судың аз мөлшерін колбаға құяды.Тұз ерігеннен кейін суды колбаның шеңбер сызығына дейін 1-2 см қалғанша құйып, қалған суды менисктің төменгі шеті сызыққа жеткенше пипеткамен тамшылатып құяды.  
  Алынған ерітіндінің молярлық, нормальдік концентрациясын және титрін есептейді.  
  Зертханалық жұмысты орындау дұрыстығы және қауіпсіздік техникасын сақтауы. Талдауды игеру және қорытынды жасау.  
Максимальді балл - 100
Тапсырмаға кеткен уақыт - 20мин.

Кесте 1

№1 тәжірибенің жеке тапсырмаларының нұсқасы

Нұсқа №   Тұздардың атауы Массалық үлесі, % Ерітіндінің теориялық тығыздығы, г/см3
  Натрий сульфаты   1,070
  Калий хлориді   1,063
  Натрий хлориді   1,070
  Натрий сульфаты   1,090
  Калий хлориді   1,076
  Натрий хлориді   1,085
  Натрий сульфаты   1,110
  Калий хлориді   1,090
  Натрий хлориді   1,100
  Калий хлориді   1,104
  Натрий хлориді   1,116

 

 

Практикалық дағды №2

Ерітіндінің рН анықтау.

Приборлар мен реактивтер: рН- метр, стакандар, зерттелетін ерітінділер: NaOH, HCl, аспириннің ерітіндісі, дист Н2О, құбыр Н2О, фильтр қағазы, шайғыш.

Жұмыстың мақсаты: зерттелетін ерітіндінің рН анықтау.

Орындау алгоритмі.

Практикалық дағдыны сатылық әдіспен бағалау Баллдар
  рН-метрдің қолдану ережесімен танысу (прибордың құжаты бойынша). рН-метр приборын токқа қосу. MODE басып рН жолағын таңдау.  
  Әрбір өлшеу алдында электродты дистилденген сумен шайып, фильтр қағазымен құрғату керек.  
  25,00 см3стаканға зерттелетін ерітіндіні құяды. Электродты зерттелетін ерітіндісі бар стаканға батырады, оның стаканның түбінен биіктігі 1,5-2 смболу керек. ON тетікшесін басады.  
  рН-метр көрсеткішін жазып алады. OFF тетікшесін басады.  
  Зерттелетін ерітінділердің рН өлшеп болғаннан кейін, OFF тетікшесін басады және приборды токтан ажыратады. Электродтарды дистилденген сумен шайып, 3-4 М КCl ерітіндісі бар стаканға салып қояды.  
  Зертханалық жұмысты орындау дұрыстығы және қауіпсіздік техникасын сақтауы.  
  Талдауды игеру және қорытынды жасау.  
Максимальді балл - 100
Тапсырмаға кеткен уақыт - 20мин.

 

Практикалық дағды №3.

Берілген рН мәнімен буферлік ерітінділерді дайындау, буферлік сиымдылықты анықтау. Буферлік жүйенің рН – ына сұйылтудың әсерін үйрену.

Приборлар мен реактивтер: бюреткасы бар штатив, пробиркалар, «Буферлік жүйелер» кестесі, ерітінділер СН3СООН (0,1 М),СН3СООNa(0,1 М), пипеткалар 10 мл және 2 мл, құюға арналған колба, резиналы груша.

Жұмыстың мақсаты: Берілген рН мәнімен буферлік ерітінділерді дайындау, буферлік сиымдылықты анықтау. Буферлік жүйенің рН – ына сұйылтудың әсерін үйрену.

Орындау алгоритмі.

Практикалық дағдыны сатылық әдіспен бағалау Баллдар
  Пробиркаға рН = 4,74 (рКСН3СООН = 4,74) сәйкес ацетатты буферінің 10 мл ерітіндісін (5 мл сірке қышқылы + 5 мл натрий ацетаты) дайындап оның 2 мл басқа пробиркаға құю керек. Ол үшін 1-ші пробиркаға 4 мл сірке қышқылы және 4 мл натрий ацетатының ерітіндісін, ал 2-ші пробиркаға 1 мл сірке қышқылы және 1 мл натрий ацетатының ерітіндісін құяды.  
  2 мл ерітіндісі бар пробиркаға 6 мл дистилденген су құяды.  
  Әрбір пробиркаға 2 тамшыдан метил қызыл индикаторын тамызып, араластырады.  
  Ерітінділердің түстерін салыстырып қорытынды жасайды.  
  Буферлік сиымдылықтың ацетатты буфердің рН-на тәуелді графигінен максимальді буферлік сиымдылықты анықтайды.  
  Зертханалық жұмысты орындау дұрыстығы және қауіпсіздік техникасын сақтауы.  
Максимальді балл - 100
Тапсырмаға кеткен уақыт - 20мин.

Рис. I. Буферлік сиымдылықтың ацетатты буфердің рН-на тәуелділігі

Практикалық дағды № 4

Берілген рН мәнімен буферлік ерітінділерді дайындау. Буферлік жүйенің рН – ына күшті қышқылдар мен сілтілердің әсерін үйрену

Приборлар мен реактивтер: бюреткасы бар штатив, пробиркалар, «Буферлік жүйелер» кестесі, ерітінділер СН3СООН (0,1 М),СН3СООNa (0,1 М), 0,1 N

НС1, 0,1 N NаОН ерітінділері.

 

Жұмыстың мақсаты: Берілген рН мәнімен буферлік ерітінділерді дайындау. Буферлік жүйенің рН – ына күшті қышқылдар мен сілтілердің әсерін үйрену.

Орындау алгоритмі.

Практикалық дағдыны сатылық әдіспен бағалау Баллдар
  3 пробиркаға 10 мл-ден рН = 4,74 (рКСН3СООН= 4,74) сәйкес ацетатты буферінің ерітіндісін дайындайды.  
  Бірінші пробиркаға 5 тамшы 0,1 N тұз қышқылының НС1 ерітіндісін, екіншіге - 5 тамшы 0,1 N натрий гидроксидінің NаОН ерітіндісін тамызады, үшінші пробирканы салыстыруға қалдырады.  
  Әрбір пробиркаға 2 тамшыдан метил қызыл индикаторын тамызып, араластырады.  
  Ерітінділердің түстерін салыстырып қорытынды жасайды.  
  Зертханалық жұмысты орындау дұрыстығы және қауіпсіздік техникасын сақтауы.  
Максимальді балл - 100
Тапсырмаға кеткен уақыт - 20мин.

Практикалық дағды № 5

Биогенді элементтердің катиондары мен аниондарына сапалық реакцияларды жүргізу. Pb2+, Iиондарының реакциялары.

Приборлар мен реактивтер: пробиркалары бар штатив, Pb2+ тұзының ерітіндісі, калий йодидінің КI ерітіндісі, Н2О (дист), құрғақ спирт шам, қыздырғанда пробирка ұстағыш.

Жұмыстың мақсаты: Биогенді элементтердің катиондары мен аниондарына сапалық реакцияларды жүргізу.

Орындау алгоритмі.

Практикалық дағдыны сатылық әдіспен бағалау Баллдар
  Пробиркаға 3 тамшы Pb2+ тұзының ертіндісін құйып, 1-2тамшы KJ ертіндісін құямыз, PbJ2 тұнбасы түскені байқалады, оның түсін белгілейміз.  
  Алынған тұнбаны 2мл су қосып, тұнба ерігенге дейін қыздырамыз. Ескерту: байқап қыздыру керек, пробирканың аузын өзіңнен, көршіңнен алшақ ұстау керек, пробиркадан тұнба төгілуі мүмкін. Қыздырғаннан және тұнба ерігеннен кейін ертіндіні салқындатып, тұнбаның қайтадан тұнуын байқаймыз, тұнба жарқыраған кристалл (алтын түсті) болады.  
  Жүргізілген химиялық реакция теңдеулерін құру.  
  Зертханалық жұмысты орындау дұрыстығы және қауіпсіздік техникасын сақтауы.  
  Талдауды игеру және қорытынды жасау  
Максимальді балл - 100
Тапсырмаға кеткен уақыт - 20мин.

Практикалық дағды №6

Биогенді элементтердің катиондары мен аниондарына сапалық реакцияларды жүргізу. Ag+, Cl- -иондарының реакциялары.

Приборлар мен реактивтер: пробиркалары бар штатив, AgNO3 ерітіндісі, 2н. НС1, HNO3 ерітінділері және NH3 концентрлі ерітіндісі, Н2О (дист), құрғақ спирт шам, қыздырғанда пробирка ұстағыш.

Жұмыстың мақсаты: Биогенді элементтердің катиондары мен аниондарына сапалық реакцияларды жүргізу.

Орындау алгоритмі.

Практикалық дағдыны сатылық әдіспен бағалау Баллдар
  Төрт пробиркаға 1-2 тамшы AgNO3 және 2н HCl сондай мөлшерден тамызады.  
  Алынған тұнбаның (AgCl) HCl, HNO3 және NH3 концентірлі ертіндісінде ерігіштігін анықтаймыз.  
  Жүргізілген химиялық реакция теңдеулерін құру.  
  Зертханалық жұмысты орындау дұрыстығы және қауіпсіздік техникасын сақтауы.  
  Талдауды игеру және қорытынды жасау  
Максимальді балл - 100
Тапсырмаға кеткен уақыт - 20мин.

 

Практикалық дағды №7

Биогенді элементтердің катиондары мен аниондарына сапалық реакцияларды жүргізу. Ag+ ионының тотықсыздану реакциясы.

Приборлар мен реактивтер: пробиркалары бар штатив, күмістің аммиакты ерітіндісі,10% формальдегид ерітіндісі немесе сірке альдегиді, құрғақ спирт шам, қыздырғанда пробирка ұстағыш.

Жұмыстың мақсаты: Биогенді элементтердің катиондары мен аниондарына сапалық реакцияларды жүргізу.

Орындау алгоритмі.

Практикалық дағдыны сатылық әдіспен бағалау Баллдар
  Пробиркаға 3-4 тамшы AgNO3 ертіндісін құйып түзілген тұнба ерігенше аммиак ертіндісін қосамыз, 1-2 тамшы формальдегид немесе сірке альдегидін қосады.  
  Пробирканы жеңіл қыздырады. пробирканың қабырғасынан металдық күмістің түзілгені байқаладынемесе металдық күміс қара тұнба түрінде болады.  
  Жүргізілген химиялық реакция теңдеулерін құру.  
  Зертханалық жұмысты орындау дұрыстығы және қауіпсіздік техникасын сақтауы.  
  Талдауды игеру және қорытынды жасау  
Максимальді балл - 100
Тапсырмаға кеткен уақыт - 20мин.

 


Практикалық дағды №8

Биогенді элементтердің катиондары мен аниондарына сапалық реакцияларды жүргізу. Zn2+ катионының кобальт нитратымен реакциясы.

Приборлар мен реактивтер: ZnSO4, Co(NO3)2 тұздарының ерітінділері, фильтр қағазы, құрғақ спирт шам, қыздырғанда пробирка ұстағыш, Петри чашкасы.

Жұмыстың мақсаты: Биогенді элементтердің катиондары мен аниондарына сапалық реакцияларды жүргізу.

Орындау алгоритмі.

Практикалық дағдыны сатылық әдіспен бағалау Баллдар
  Фильтр қағазының сызығына 2-3 тамшыдан Zn2+ тұзының ZnSO4 ерітіндісін және кобальт нитратының ерітінділерін біртіндеп құяды. Қағазды кептіріп жағады және күлдің түсін белгілейді, ол СоZnО2 кобальт цинкатының түзілгенін көрсетеді (жасыл түс-Ринман шөбі).  
  Жүргізілген химиялық реакция теңдеулерін құру.  
  Зертханалық жұмысты орындау дұрыстығы және қауіпсіздік техникасын сақтауы.  
  Талдауды игеру және қорытынды жасау  
Максимальді балл - 100
Тапсырмаға кеткен уақыт - 20мин.

 

Практикалық дағды №9

Биогенді элементтердің катиондары мен аниондарына сапалық реакцияларды жүргізу. Fе2+-ионының реакциялары.

Приборлар мен реактивтер: пробиркалары бар штатив, темір (II) тұзының ерітіндісі, 2 н. НС1, K3[Fe(CN)6] ерітіндісі, құрғақ спирт шам, қыздырғанда пробирка ұстағыш.

Жұмыстың мақсаты: Биогенді элементтердің катиондары мен аниондарына сапалық реакцияларды жүргізу.

Орындау алгоритмі.

Практикалық дағдыны сатылық әдіспен бағалау Баллдар
  Екi пробиркаға 2-3 тамшыдан темiрдiң (II) тұзының ерiтiндiсiн 1-2 тамшы 2н НСI және 1-2 тамшы К3[Fе(СN)6]ерiтiндiлерiн құяды. турнбулевой көк түстi Ғе3[Fе(СN)6]тұнбасының түзiлгенi байқалады.  
  Жүргізілген химиялық реакция теңдеулерін құру.  
  Зертханалық жұмысты орындау дұрыстығы және қауіпсіздік техникасын сақтауы.  
  Талдауды игеру және қорытынды жасау  
Максимальді балл - 100
Тапсырмаға кеткен уақыт - 20мин.

 


Практикалық дағды №10

Биогенді элементтердің катиондары мен аниондарына сапалық реакцияларды жүргізу. Zn2+ ионының реакциялары

Приборлар мен реактивтер: пробиркалары бар штатив, мырыш (II) Zn2+ тұзының ерітіндісі, K3[Fe(CN)6] ерітіндісі.

Жұмыстың мақсаты: Биогенді элементтердің катиондары мен аниондарына сапалық реакцияларды жүргізу.

Орындау алгоритмі.

Практикалық дағдыны сатылық әдіспен бағалау Баллдар
  Пробиркаға 3-4 тамшы Zn2+ тұзының ерітіндісін құяды, 5 тамшы К3[Fe(CN)6] ерітіндісін қосады. Сары-қоңыр түсті тұнба түзіледі.  
  Молекулалық және иондық түрде реакция теңдеулерін жазу.  
  Zn3[Fe(CN)6]2 комплекс түзушінің зарядын, лигандаларды, координациялық санды анықтау, К.Қ. атау.  
  Комплексті ион үшін тұрақсыздық константасын жазу.  
  Зертханалық жұмысты орындау дұрыстығы және қауіпсіздік техникасын сақтауы. Талдауды игеру және қорытынды жасау  
Максимальді балл - 100
Тапсырмаға кеткен уақыт - 20мин.

 

Практикалық дағды №11

Биогенді элементтердің катиондары мен аниондарына сапалық реакцияларды жүргізу. Сu2+- ионының реакциялары

Приборлар мен реактивтер: пробиркалары бар штатив, мыс (II) Сu2+ тұзының ерітіндісі, NН4ОН концентрлі ерітіндісі.

Жұмыстың мақсаты: Биогенді элементтердің катиондары мен аниондарына сапалық реакцияларды жүргізу.

Орындау алгоритмі.

Практикалық дағдыны сатылық әдіспен бағалау Баллдар
  Пробиркаға 4 тамшы мыс (II) Сu2+ тұзының ерітіндісін тамызып, үстіне көгілдір тұнба түзілгенше NН4ОН концентрлі ерітіндісін тамшылатып қосады. Алынған тұнбаға ерігенше концентрлі NН4ОН ерітіндісін тамшылатып қосуды жалғастырады.  
  Жүрген реакция теңдеуін жазу.  
  Түзілген [Сu(NH3)4]SO4 комплекс түзушінің зарядын, лигандаларды, координациялық санды анықтау, К.Қ. атау.  
  Комплексті ион үшін тұрақсыздық константасын жазу. Берілген қосылыс КҚ қандай түріне жатады.  
  Зертханалық жұмысты орындау дұрыстығы және қауіпсіздік техникасын сақтауы. Талдауды игеру және қорытынды жасау  
Максимальді балл - 100
Тапсырмаға кеткен уақыт - 20мин.

Практикалық дағды №12

Биогенді элементтердің катиондары мен аниондарына сапалық реакцияларды жүргізу. Ғе3+- ионының реакциялары

Приборлар мен реактивтер: пробиркалары бар штатив, Ғе3+- тұзының ерітіндісі, NН4SСN немесе КSСN ерітіндісі.

Жұмыстың мақсаты: Биогенді элементтердің катиондары мен аниондарына сапалық реакцияларды жүргізу.

Орындау алгоритмі.

Практикалық дағдыны сатылық әдіспен бағалау Баллдар
  Пробиркаға 3-4 тамшы темiрдiң (II) тұзының ерiтiндiсiн құйып, оған NН4SСN немесе КSСN қаныққан ерiтiндiсiн құяды. Қан қызыл түстi [Ғе(SСN)3] комплексiнiң түзiлгенi байқалады.  
  Жүрген реакция теңдеуін жазу.  
  Түзілген [Ғе(SСN)3] комплекс түзушінің зарядын, лигандаларды, координациялық санды анықтау, К.Қ. атау.  
  Комплексті ион үшін тұрақсыздық константасын жазу. Берілген қосылыс КҚ қандай түріне жатады.  
  Зертханалық жұмысты орындау дұрыстығы және қауіпсіздік техникасын сақтауы. Талдауды игеру және қорытынды жасау  
Максимальді балл - 100
Тапсырмаға кеткен уақыт - 20мин.

 

Практикалық дағды №13

Қағаздық хроматография әдісімен катиондарды бөлу.

Приборлар мен реактивтер:3+ мен Сu2+ иондарының қоспасы бар зерттелетін ерітінді, Н2О (дист), К4[Fe(CN)6] ерітіндісі, хроматографиялық қағаз жолағы, стакандар.

Жұмыстың мақсаты: Қағаздық хроматография әдісімен катиондарды бөлу.

Орындау алгоритмі.

Практикалық дағдыны сатылық әдіспен бағалау Баллдар
  Бір стаканға иондарының қоспасы бар зерттелетін ерітіндіні 1см қалыңдықта, екінші стаканға дистилденген суды 1 см қалыңдықта, ал үшінші стаканға К4[Fe(CN)6] ерітіндісін құйып қояды. Ұзындығы 12-15см сүзгіш қағазды алып, бір шетінен бастап 1см, 2см, 6см жерлерін көлденең сызықпен сызып қояды.  
  Қағазды қалыңдығы 1см Fe3+, Cu2+ иондардың қоспасы құйылған стаканға бірінші сызыққа дейін тігінен малып қойыңдар. Қоспа қағаздың бойымен екінші сызыққа өз бетімен көтерілгенде, қағазды дистилденген су құйылған стаканға тағыда тігінен бірінші сызыққа дейін малып қойыңдар. Су қағаздың бойымен үшінші сызыққа дейін көтерілуі керек. Содан кейін қағазды K4[Fe(CN)6] ерітіндісінде үшінші сызыққа дейін 1-2 сек ұстау керек. Қағазда иондар мен K4[Fe(CN)6] реактиві арасында реакция жүріп, түсті зоналар пайда болады. Қорытыңды жасап, хроматограмманың суретін салып алыңдар.  
  Анықталған иондар мен К4[Fe(CN)6] ерітіндісін арасындағы реакция теңдеуін жазу.  
  Сu2+ мен Fе3+ иондарының адсорбциялық қабілеттері туралы қорытынды жасау.  
  Зертханалық жұмысты орындау дұрыстығы және қауіпсіздік техникасын сақтауы. Талдауды игеру және қорытынды жасау  
Максимальді балл - 100
Тапсырмаға кеткен уақыт - 20мин.

 

 

Практикалық дағды №14

Колонкада жүретін акдсорбциялық хроматография.

Приборлар мен реактивтер:3+ мен Сu2+ иондарының қоспасы бар зерттелетін ерітінді, 2/3 бөлігі адсорбентпен толтырылған хроматографиялық колонка (шыны түтікше).

Жұмыстың мақсаты: Колонкада жүретін акдсорбциялық хроматография.

 

Орындау алгоритмі.

Практикалық дағдыны сатылық әдіспен бағалау Баллдар
  2/3 бөлігі адсорбентпен толтырылған хроматографиялық колонканы алып, құрамында Fe3+, Cu2+ катиондардың қоспасы бар 1мл ерітіндіні құяды, штативке тігінен қояды. Қоспа төмен қарай өз бетімен ағып, 15-20 мин кейін түсті зоналар түзеді.зоналардың түстерін белгілеңіз.  
  Қай ионның адсорбциялық қабілеті жоғары екенін көрсетіп, себебін түсіндіріңіз.  
  Зертханалық жұмысты орындау дұрыстығы және қауіпсіздік техникасын сақтауы.  
  Талдауды игеру және қорытынды жасау  
Максимальді балл - 100
Тапсырмаға кеткен уақыт - 20мин.

 

Практикалық дағды №15.

Ерітіндінің тығыздығын анықтау.

Приборлар мени реактивтер: зерттелетін ерітінділер, цилиндр, ареометрлер жиынтығы, анықтама мәліметтері.

Жұмыстың мақсаты: ерітіндінің тығыздығын анықтау.

Орындау алгоритмі.

Практикалық дағдыны сатылық әдіспен бағалау Баллдар
  Құрғақ цилиндрге 150-200 мл ерітінді құйып, ішіне шкаласы 1,00-ден басталатын ареометр салғанда, шкала ертіндінің үстіне шығып кетсе, шкаласы 1.00 – ден артық ареометр алу керек. Егерде бірінші ареометрдің шкаласы ертіндіге толық батып кетсе, шкаласы 1.00 – ден аз ареометр алынады.. Ертіндінің тығыздығы беткі деңгейдің астыңғы менискі бойынша өлшенеді.  
  Берілген кестені пайдаланып, ертіндінің тығыздығы бойынша еріген заттың массалық үлесі алынады. Ерітіндінің молярлық коцентрациясы мен титрін келесі формулалар бойынша есептеледі. 1 л ерітіндідегі еріген заттың массасы (mх): mх = 10·w·d, (г) Ерітіндінің молярлық концентрациясы: моль/л мұндағы: Мх – заттың молярлық массасы, г/моль, w - еріген заттың массалық үлесі, d – зерттелетін ерітіндінің тығыздығы, г/мл.  
  Ерітіндінің титрі: г/мл  
  Талдауды игеру және қорытынды жасау.  
  Зертханалық жұмысты орындау дұрыстығы және қауіпсіздік техникасын сақтауы.  
Максимальді балл - 100
Тапсырмаға кеткен уақыт - 20мин.

«Химия» пәні бойынша практикалық дағдыларды қабылдау

«Жалпы медицина» мамандығы, 1 курс.

Аралық бақылау №2

Практикалық дағдылардың тізімі:

- органикалық қосылыстардың жіктелуі және функционалдық топтарға сапалық реакцияларды жүргізу.

 

Практикалық дағдыларды жүргізу үшін келесі сұрақтарды шешу қажет:

 

· студенттердің санын анықтау;

· эксперттерді анықтау;

· аудитория дайындау, аудиторияға жауапты оқытушымен лаборантты тағайындау;

· қажетті құрал-жабдықтармен, реактивтермен, приборлармен және и аппараттармен жабдықталған жұмыс орнын ұйымдастыру;

· практикалық дағдыларды қабылдау үшін құжаттар дайындау (тапсыру хаттамасы, әрбір этап бойынша студенттерге арналған тапсырма, эксперттерге арналған ақпараттық парақ, парақта тапсырманың әрбір сатысын бағалау критерийлері мен олардың баллдықбағалары бар).

 

Студентке арналған ақпарат

· студент практикалық дағдыларды тапсыруға дайындалу кезінде тапсырмалардың тізімімен және этаптардың өту жоспарымен танысады;

· студент тіркеледі, эксперттен тапсырманы алады, тапсырмамен танысқаннан кейін этаптардың өту жоспарына сәйкес тапсырманы орындауды бастайды;

· тапсырманы орындағанда студент өз ісінің реттілігін критерийлерге сәйкес қатаң сақтау керек; тапсырманы орындау барысында өз ісін нақты әрі қысқа түсіндіру керек;

· уақытпен санасу керек; тапсырмаға берілген уақыт өтіп кетсе, тапсырманың орындалу немесе орындалмауына қарамай, жұмысты тоқтатады;

  • тапсырманы орындағанда студент химиялық зертханада жұмыс істеу ережесін және қауіпсіздік техникасын сақтау керек;
  • электрлік құрал-жабдықтармен жұмыс істеу ережесін және қауіпсіздік техникасын сақтау керек;
  • студент тапсырманы орындау нәтижесінде 100 балл жинау керек.

Практикалық дағды №1.

Альдегидтердің күміс оксидімен тотығуы

Приборлар мен реактивтер: пробиркалары бар штатив, күмістің аммиакты ерітіндісі,10% формальдегид ерітіндісі немесе сірке альдегиді, құрғақ спирт шам, қыздырғанда пробирка ұстағыш.

Жұмыстың мақсаты: органикалық қосылыстардың жіктелуі және функционалдық топтарға сапалық реакцияларды жүргізу.

Орындау алгоритмі.

Практикалық дағдыны сатылық әдіспен бағалау Баллдар
  Пробиркаға 5-6 тамшы күмістің аммиакты ертіндісін құйып, үстіне 1-2 тамшы формальдегид немесе сірке альдегидін қосады. Пробирканы жеңіл қыздырады. пробирканың қабырғасынан металдық күмістің түзілгені байқалады немесе металдық күміс қара тұнба түрінде болады.  
  Химиялық реакция теңдеулерін жазу.  
  Зертханалық жұмысты орындау дұрыстығы және қауіпсіздік техникасын сақтауы.  
  Талдауды игеру және қорытынды жасау.  
Максимальді балл - 100
Тапсырмаға кеткен уақыт - 20мин.

 

Практикалық дағды №2

Альдегидтердің мыс гидроксидімен тотығуы.

Приборлар мен реактивтер: пробиркалары бар штатив, 10% NaOH ерітіндісі, CuSO4 ерітіндісі,10% формальдегид ерітіндісі немесе сірке альдегиді, құрғақ спирт шам, қыздырғанда пробирка ұстағыш,.

Жұмыстың мақсаты: функционалдық топтарға сапалық реакцияларды жүргізу.

Орындау алгоритмі.

Практикалық дағдыны сатылық әдіспен бағалау Баллдар
  Пробиркаға 5-6 тамшы 10 %- тік формальдегидке 2-3 тамшы 10% -тік NаОН ерітіндісін қосып, үстіне ерітінді лайланғанша 5%-тік СиSО4 ерітіндісін қосу керек. Лайланған ерітіндіні ептеп үстінгі жағынан бастап, қыздырғанда алдымен сары, одан кейін қызыл тұнба түзіледі.  
  Химиялық реакция теңдеулерін жазу.  
  Зертханалық жұмысты орындау дұрыстығы және қауіпсіздік техникасын сақтауы.  
  Талдауды игеру және қорытынды жасау.  
Максимальді балл - 100
Тапсырмаға кеткен уақыт - 20мин.

 

Практикалық дағды №3.

Формальдегидтің сулы ерітінділерінде диспропорцирленуі.

Приборлар мен реактивтер: бюреткасы бар штатив, пробиркалар 40% формалин ерітіндісі, 0,2% метил қызыл индикатор ерітіндісі.

Жұмыстың мақсаты: Карбонилдік қосылыстардың реакциялық қабілетін түсіну үшін химиялық қасиеттерін оқып, білімі мен дағдысын бекіту.

Орындау алгоритмі.

Практикалық дағдыны сатылық әдіспен бағалау Баллдар
  Пробиркаға 2- 3 тамшы 40%- тік формалин тамызып, үстіне 1 тамшы 0,2% - тік қызыл метил индикаторын қосады. Қорытынды жасаңыз. Формальдегид қандай қасиет көрсетеді?  
  Химиялық реакция теңдеулерін жазу. Формальдегид қандай қасиет көрсетеді?  
  Зертханалық жұмысты орындау дұрыстығы және қауіпсіздік техникасын сақтауы.  
  Талдауды игеру және қорытынды жасау.  
Максимальді балл - 100
Тапсырмаға кеткен уақыт - 20мин.

Практикалық дағды № 4

Кальций тұзы түрінде қымыздық қышқылын анықтау

Приборлар мен реактивтер: бюреткасы бар штатив, пробиркалар, қымыздық қышқылының натрий тұзы, СН3СООН 10% ерітіндісі, СаС12 2% ерітіндісі, тұз қышқылының 10% ерітіндісі.

Жұмыстың мақсаты: Кальций тұзы түрінде қымыздық қышқылын анықтау

Орындау алгоритмі.

Практикалық дағдыны сатылық әдіспен бағалау Баллдар
  Пробиркаға қымыздық қышқылының натрий тұзының 5-6 тамшысына 2-3 тамшы 2%-тік СаС12 кальций хлоридінің ерітіндісін тамызады  
  Одан кейін тұнбалардың ерігіштігін тексереді. Ол үшін тұнбаны екі пробиркаға бөледі. Бір пробиркаға 5-6 тамшы 10%-тік СН3СООН сірке қышқылын қосады, ал екіншісіне сондай мөлшерде 10%-тік тұз қышқылын қосады. Қандай қорытынды жасауға болады?  
  Химиялық реакция теңдеулерін жазу.  
  Зертханалық жұмысты орындау дұрыстығы және қауіпсіздік техникасын сақтауы. Талдауды игеру және қорытынды жасау.  
Максимальді балл - 100
Тапсырмаға кеткен уақыт - 20мин.

Практикалық дағды № 5

Шараптас қышқылында екі гидрокси топ барын дәлелдеу.

Приборлар мен реактивтер: пробиркалары бар штатив, СuSО4 5% ертіндісі, NaOH 10% ертіндісі, сегнет тұзының ерітіндісі.

Жұмыстың мақсаты: Шараптас қышқылында екі гидрокси топ барын дәлелдеу.

Орындау алгоритмі.

Практикалық дағдыны сатылық әдіспен бағалау Баллдар
  Пробиркаға 5-6 тамшы 10%- тік NаОН және 1-2 тамшы 5% -тік СиSО4 тамызып, үстіне 8-10 тамшы сегнет тұзын қосу керек. Көгілдір Си(ОН)2 тұнба көк түсті ерітінді түзіп, еріп кетеді.  
  Жүргізілген химиялық реакция теңдеулерін құру.  
  Зертханалық жұмысты орындау дұрыстығы және қауіпсіздік техникасын сақтауы.  
  Талдауды игеру және қорытынды жасау  
Максимальді балл - 100
Тапсырмаға кеткен уақыт - 20мин.

Практикалық дағды №6

Шараптас қышқылының орта және қышқыл тұздарын алу.

Приборлар мен реактивтер: пробиркалары бар штатив, шараптас қышқылының 1% ерітіндісі, КOH 5% ерітіндісі, шыны таяқша, NaOH 5% ерітіндісі

Жұмыстың мақсаты: Шараптас қышқылында екі карбоксил топ барын дәлелдеу.

Орындау алгоритмі.

Практикалық дағдыны сатылық әдіспен бағалау Баллдар
  Пробиркаға 5-6 тамшы 1%-тік шараптас қышқылының ерітіндісін тамызып, үстіне 1-2 тамшы 5%-тік КОН ерітіндісін қосып, таяқшамен шараптас қышқылының қышқыл тұзының тұнбасы түзілгенше араластырады. Түзілген тұнбаны натрий гидроксидінін 5%-тік ерітіндісін қосып ерітеді. Ерітіндіде шараптас қышқылының орта калий, натрий қос тұзы – сегнет тұзы болады.  
  Жүргізілген химиялық реакция теңдеулерін құру.  
  Зертханалық жұмысты орындау дұрыстығы және қауіпсіздік техникасын сақтауы.  
  Талдауды игеру және қорытынды жасау  
Максимальді балл - 100
Тапсырмаға кеткен уақыт - 20мин.

 

Практикалық дағды №7

Күкірт құрамды амин қышқылдарының реакциялары

Приборлар мен реактивтер: пробиркалары бар штатив, зерттелетін ерітінді (ақуыздың ерітіндісі), NаОН 30% ерітіндісі, Рb(СН3СОО)2 қорғасын ацетатының 5% ерітіндісі, сіріңке, құрғақ спирт шам, қыздырғанда пробирка ұстағыш.

Жұмыстың мақсаты: Күкірт құрамды амин қышқылдарыныңа сапалық реакция жүргізу.

Орындау алгоритмі.

Практикалық дағдыны сатылық әдіспен бағалау Баллдар
  5 тамшы зерттелетін ерітіндіге (ақуыздың ерітіндісіне) 5 тамшы 30%-тік NаОН, және 1 тамшы 5 %-тік қорғасын ацетатының ерітіндісін (Рb(СН3СОО)2) қосып, қыздырғанда ерітінді қарайып кетеді, күкіртті қорғасын PbS түзіледі  
  Жүргізілген химиялық реакция теңдеулерін құру.  
  Зертханалық жұмысты орындау дұрыстығы және қауіпсіздік техникасын сақтауы.  
  Талдауды игеру және қорытынды жасау  
Максимальді балл - 100
Тапсырмаға кеткен уақыт - 20мин.

Практикалық дағды №8

Ксантопротеиндік реакция.

Приборлар мен реактивтер: пробиркалары бар штатив, зерттелетін ерітінді (ақуыздың ерітіндісі), концентрлі азот қышқылы, концентрлі аммиак ерітіндісі немесе NаОН30% ерітіндісі, сіріңке, құрғақ спирт шам, қыздырғанда пробирка ұстағыш,

Жұмыстың мақсаты: сапалық реакция жүргізу.

Орындау алгоритмі.

Практикалық дағдыны сатылық әдіспен бағалау Баллдар
  Ақуыздың 5 тамшысына 3 тамшы концентрлі азот қышқылын қосып, абайлап қыздырады. Түзілген тұнба бірітіндеп ериді, сары түсті ерітінді түзіледі. Суығанан кейін ерітіндіге концентрлі аммиак ерітіндісін немесе 30%- тік натрий гидроксидінің 5 тамшысын қосқанда тоқсары (оранж) түсті ерітінді түзіледі (пробирканың қабырғасында ерімей қалған түйіршіктер қызғылт-сары түске боялады).  
  Жүргізілген химиялық реакция теңдеулерін құру.  
  Зертханалық жұмысты орындау дұрыстығы және қауіпсіздік техникасын сақтауы.  
  Талдауды игеру және қорытынды жасау  
Максимальді балл - 100
Тапсырмаға кеткен уақыт - 20мин.

Практикалық дағды №9

Date: 2015-09-22; view: 1648; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию